25 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 25 ақпанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

  • Орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы;
  • Бизнес ахуалды жақсарту шаралары.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың және ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громовтың қатысуымен су тасқыны кезеңіне дайындық туралы баспасөз конференциясы өтеді. 

Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.KZ порталынан, YouTube ресми арнасынан, Aitube.kzFacebookTwitter«ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу