25 Қазан 2021, 10:50
Сейсенбі күні, 26 қазанда, сағат 09:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.
Күн тәртібінде:
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай;
Халықты жұмыспен қамту шаралары.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау 25 қазан күнгі сағат 14:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік, вакциналау паспортын немесе ПТР-тестілеудің 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесін тіркеу қажет.
Әрбір БАҚ: телевизиялық арнадан – 1 телеоператорды және 1 журналисті, ақпарат агенттігінен – 1 журналисті, баспасөз басылымынан – 1 журналисті аккредитациялай алады.
Отырыстың тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Mail.kz, Aitube.kz порталдарынан, YouTube ресми арнасынан, Twitter, «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінен көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу