26 Маусым 2019, 16:08
Бейсенбі күні, 27 маусымда, сағат 11:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ҚР Президентінің борыш жүктемесін азайту туралы Жарлығын іске асыру бойынша баспасөз конференциясы өтеді.
Шара спикерлері:
ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов;
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г. Әбдіқалықова;
ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары О. Смоляков;
ҚР индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр;
ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов;
ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Сапаров;
«Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев.
Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан, Фейсбук, «Вконтакте», Твиттер, Перископ әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонның мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу