Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Германияда

Бейсенбі, 05 Желтоқсан 2019, 20:45:10

Германияға ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Германия канцлері Ангела Меркельмен,   ГФР экс-канцлері Герхард Шрёдермен, Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді, неміс бизнесінің және жетекші компанияларының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель келіссөз жүргізді

Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі Федералдық канцлердің ведомстволық ғимаратының алдында өтті. Қазақстанның, Германияның және Еуропалық Одақтың тулары көтеріліп, Бундесвердің бас оркестрі екі мемлекеттің әнұрандарын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ангела Меркель Құрмет қарауылын аралап шықты. Содан кейін екі елдің ресми делегациясының құрамы таныстырылды. 

Салтанатты рәсімнің соңында Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Келіссөздер барысында екіжақты байланыстарды жандандыруға және стратегиялық экономикалық серіктестік орнату перспективаларына баса мән берілді.

Сондай ақ білім, ғылым және мәдениет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі сөз болды.

Қазақстан Президенті мен Германия Канцлері БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді

Қазақстан Президенті Германия Канцлеріне қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, Меркель ханымның екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын айтты. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы сабақтастықты сақтап, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын жалғастыра беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде Еуропа одағы бойынша алғашқы ресми сапарын Германиядан бастағанын айтып, Қазақстан үшін осы елмен ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл сапардың басты мақсаты екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен саяси ықпалдастыққа жаңа серпін беру екенін жеткізді.

«Германия экономикалық әлеуеті жағынан әлемдегі төртінші мемлекет болғанымен, бізге тікелей инвестиция салып отырған елдердің ішінде 12-орында. Қазақстан әртүрлі саладағы 700-ден астам жобаны жекешелендіретін болады. Бұл неміс инвесторлары мен компанияларына жақсы мүмкіндік туғызады деп санаймын. Неғұрлым инвестиция көп тартылса, соғұрлым екі ел үшін де тиімді болмақ», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Германия инвесторлары үшін арнайы жеңілдіктер ұсынып отырғанын, бұл екі тарапқа да өте тиімді болатынын айтты.

Баспасөз мәслихаты барысында журналистер Германияға экспортталатын тауар көлемінің соңғы 8 айда 21,4%, яғни 2,258 миллиард еуроға төмендеп кеткенін, сарапшылар мұның себебін мұнай нарығындағы жағдаймен байланыстырып отырғанын сұрады.

«Расында, мұндай үрдіс бар. Бүгінгі сапарымның басты мақсаты – осы жағдайды мейлінше өзгерту. Сондықтан келіссөздер барысында Канцлер ханымға бірнеше нақты ұсыныстарымды жеткіздім», – деп жауап берді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысына дуальді білім беру саласына қатысты екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасына байланысты да сұрақ қойылды.

«Дуальді білім беру жүйесінде неміс тәжірибесін қолданып келеміз. Алдағы уақытта білім беру саласында ынтымақтастықты жалғастыра береміз», – деді Президент.

Германия Федеративтік Республикасының Канцлері Ангела Меркель Қазақстанмен арада берік ынтымақтастықтың орнағанын, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өзара түсіністікте жұмыс істегенін атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың екі ел арасындағы ықпалдастықты

Мемлекет басшысы Германияның экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында ГФР-дің экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың аясын кеңейту және екі елдің іскерлік байланыстарын нығайту мүмкіндіктері талқыланды.

«Германия әлемде төртінші ірі экономика болып саналады. Алайда, біздің елге салынған инвестиция көлемі бойынша 12-орында. Қазақстанға инвестор ретінде келетін неміс кәсіпкерлеріне арнайы жеңілдіктер жасауға ниеттіміз. Бізде арнайы экономикалық аймақтар бар. Сондықтан оларға ерекше  жағдай жасаймыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Герхард Шрёдер Қазақстанның инвесторлар тартуға бағытталған шараларына оң баға беріп, экономиканың нақты секторындағы бірлескен бизнес-жобаларды жүзеге асыру жөнінде өз ұсынысын айтты. Белгілі саяси қайраткердің пікірінше, Қазақстан немістің ірі компанияларына ғана көңіл бөліп қоймай, сондай-ақ, Германияның шағын және орта бизнесінің әлеуетін де ескеруі қажет.

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді

Берлинде ресми сапармен жүрген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.

Сәлемдесу және суретке түсу рәсімінен кейін Мемлекеттер басшылары «Бельвю» мемлекеттік резиденциясына барды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.

Содан кейін екі елдің президенттері келіссөз жүргізіп, өзара қызығушылық тудыратын ауқымды мәселелерді қарастырды.

Қазақстан Президенті екі мемлекетті достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтіп,  Еуропа одағына мүше мемлекеттер ішінде өзінің алғашқы ресми сапарын Германиядан бастағанын айтты.

Франк-Вальтер Штайнмайер аталған сапары үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін жүргізілген келіссөздердің маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бизнес өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Берлинге сапары барысында неміс бизнесінің бірқатар өкілдерімен кездесті.

«CLAAS Group» компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзермен кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. «CLAAS Group» компаниясы біздің елімізге «CT Agro» дистрибьюторлық желісі арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын әкеліп, сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

«Біздің негізгі стратегиямыз – елімізге тартылатын инвестицияларды әртараптандыру. Инвестиция тұрғысынан Германияның негізгі стратегиялық серіктесі болғымыз келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанның ірі компаниялармен ғана емес, сондай-ақ, орта деңгейдегі компаниялармен де ынтымақтастық орнатуға ниетті екеніне ризашылық білдірді.

«Linde AG» компаниясының атқарушы вице-президенті Кристиан Брухпен кездесу барысында кәсіпорынның Қазақстанда жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалары мен алдағы жоспарлары туралы сөз болды.

«Канцлер Ангела Меркельмен және Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен жүргізілген бүгінгі келіссөздер жоғары деңгейде өтті. Осы келіссөздер екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

Кристиан Брух өз компаниясының 2013 жылы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ базасында техникалық газ өндіру жобасын іске асырғанын атап өтіп, оған 95 миллион евро көлемінде инвестиция салғанына тоқталды.

«Бүгінде «Linde AG» компаниясы жобаның екінші кезеңін қолға алды. Жаңа жобаға шамамен 80 миллион еуро инвестиция салуға ниеттіміз», – деді Кристиан Брух.

Сонымен қатар германиялық компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

Қазақстан Президенті «Schaeffler Group» компаниясының Бас директоры Клаус Розенфельдпен кездесу кезінде өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Автомобиль жасау, өнеркәсіп және ғарыш салалары бойынша қосалқы бөлшектер шығаратын кәсіпорын басшысы Клаус Розенфельд Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірістік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.

«Siemens Healthineers» компаниясының Бас директоры Бернд Монтаг Мемлекет басшысына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынатын онкологиялық орталықтың жобасын ұсынды. Кәсіпорын басшысы еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға септігін тигізетін ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтты.

Қазақстан Президенті неміс компаниялары басшыларының алдында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев жетекші неміс компаниялары өкілдеріне арналған іскерлік дастархан басында Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы әңгімеледі.

Қазақстан Президенті Еуропа одағына мүше мемлекеттердің ішінде Германияның Қазақстан үшін негізгі сауда-экономикалық серіктес екенін атап өтіп,  еліміздің ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

«Қазақстан Президенті ретінде Германиядан елімізге инвестиция мен кәсіпкерлерді тартуға және бизнес өкілдерінің  өздерін қауіпсіз сезініп, табысты дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Біз неміс кәсіпкерлері үшін ерекше жағдай жасауға дайынбыз», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстанның өз стандарттарын жақсартуға, болашақта Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының толыққанды мүшесі болу үшін заңнамаларды осы ұйым деңгейіне дейін көтеруге ұмтылатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қолайлы географиялық жағдайы мен орнықты сыртқы экономикалық саясаты шетелдік инвесторлар үшін зор мүмкіндіктерге жол ашатынына назар аударды.

«Қытаймен, Ресеймен және Орталық Азия елдерімен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Біз Шығыс пен Батыс арасындағы маңызды көлік хабы болып табыламыз. Барлық трансқұрлықтық бағыттағы жолдардың  70 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі жүк тасымалына кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік береді. Биыл Қытайдың Сиань қаласынан Германияға тасымалданатын жүк небәрі он күнде жеткізіліп, ректордтық көрсеткішке жетті», – деді Президент.

Оның айтуынша, «Volkswagen», «Mann», «Siemens», «Knauf», «Bayer», «METRO» секілді жетекші неміс концерндері Қазақстанда белсенді жұмыс істеп жатыр. «Heidelberg Cement» және «Linde Group» корпорациялары ел экономикасына ірі көлемде қаржы құйып, табысты экономикалық ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев неміс кәсіпкерлерін агроөнеркәсіп кешені, жоғары технологиялар мен цифрландыру салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысына атсалысуға шақырды. 

Іс-шараға 20-дан астам неміс компаниясының жетекшілері қатысты. Атап айтқанда, «WILO», «CLAAS Group», «SMS Holding GmbH», «Schaeffler AG», «Airbus Defence and Space», «Linde AG», «Mangold Consulting GmbH», «Herrenknecht AG», «Knorr-Bremse AG», «Euler Hermes», «Siemens Healthineers», «John Deere», «Deutsche Bank AG», «Tönnies Holding», «BAUER COMP Holding» және т.б.

Неміс іскер топтарының өкілдері Қазақстан нарығында жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы жоспарлары мен ұсыныс-тілектерін айтты.

«Біз үшін сізбен әңгімелесу зор ғанибет. Сіздің бүгінгі сапарыңыз саяси қатынастарымызға ғана емес, экономикалық байланыстарымызға да оң ықпал ететініне сенімдіміз. Қазақстан үшін Германия бизнесі сенімді серіктес екеніне сендіремін. Болашақ ынтымақтастығымыз бен Қазақстан экономикасындағы неміс инвестициясын арттыру үшін бізге зор мүмкіндіктер ашылады деп есептеймін», – деді «WILO» компаниясының басшысы Оливер Гермес.

Кездесу  соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды неміс бизнесінің қатысуымен жүзеге асыруда ынтымақтастық орнатуға Қазақстанның дайын екенін мәлімдеді.

«Біз барлық мәселенің оң шешілуіне көмектесуге мүдделіміз. Бүгінгі сіздердің баяндамаларыңызда айтылған жобалар Үкіметіміздің ерекше назарында болады. Қазақстанда сіздердің бизнестеріңіз жүзеге асырып жатқан бірлескен жобаларға қолдау көрсетуге баса мән береміз», – деді Мемлекет басшысы.  

 


Жаңалықтар тізбегі
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.