«Алтын сапа», «Парыз» және «Қазақстанның үздік тауары»: ҚР үздік кәсіпорындарын марапаттау рәсімі қалай өтті

Жұма, 13 Желтоқсан 2019, 18:45:40

Қазақстан астанасында Тәуелсіздік күніне орай ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының жеңімпаз-лауреаттары және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанттары, сондай-ақ «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы республикалық байқауы, «ALTYN OIMAQ» дизайнерлердің ұлттық байқауы, «Бизнес Кемелділік», «ІСКЕР», «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» байқауларының жеңімпаздарын марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті.

Шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Премьер-Министр Асқар Маминнің, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың, сонымен қатар ҚР Парламенті депутаттарының, орталық мемлекеттік органдар және республикадағы кәсіпорындар басшыларының қатысуымен өтті.

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов екінші индустриялық бесжылдықтың қорытындылары және 2020-2025 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ИИДМБ) іске асыру жоспарлары туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, Бағдарламаны іске асыру жылдары өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 43 трлн теңгеге өнім шығарған. 2018 жылдың қорытындысы бойынша саланың еңбек өнімділігі $35,3/адамға жеткен. Аталған кезеңде саланың негізгі капиталына инвестициялар ағыны 4,5 млрд астам теңгені құраған. 

«Қазақстандық кәсіпорындар $70 млрд сомасына өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін экспорттады (2015 жылдан бастап 2019 жылдың 10 айына дейін). 2015 жылдан бастап инвестициялар көлемі шамамен 5 трлн теңге болатын Индустрияландыру картасының 500-ден астам жаңа индустриялық жобасы енгізілді. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының дамуын жаңа деңгейге шығарды», — деді Б. Атамқұлов.

Мәселен, металлургияда өндіріс көлемі 2,2 есеге артты. Соның нәтижесінде, салада экспортқа бағытталған жаңа тауарлар пайда болды — бұл алюминий профильдері, автомобиль дискілері, ферросилиций.

Индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында машина жасау саласындағы өнім көлемі 1,2 есеге ұлғайып, саладағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 26% дейін артты. Мұнымен қоса, шығарылатын өнімдер қатары да кеңейтілген, атап айтсақ: инфокоммуникациялық жабдық, модемдер, бұрандалы сорғылар, жарықтандыру құрылғылары мен электр қуатын таратқыш аппаратура, орталық ауа баптағыштар. Экспортқа бағдарланған тоңазытқыш вагондардың өндірісі жолға қойылды.

Қазақстан қуаттылығы 500 мегаваттқа жететін аса қуатты трансформаторлар өндірісін Орталық Азияда алғашқы болып қолға алды. Химия өнеркәсібі, фарминдустрия, жеңіл өнеркәсіп қарқынды түрде дамып жатыр.

«Индустрияландыру құзіреттілікті дамытуға, қосылған құны жоғары өнім шығаруға мүмкіндік беріп, ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Біз барлық сыртқы экономикалық күйзелістерді жоспарлы түрде еңсеріп, ел дамуының жаңа траекториясын айқындадық. Индустрияландырудың екі кезеңі артта. Қателіктеріміз мен жинаған тәжірибемізді ескеріп, өзіміз таңдаған еңбек өнімділігін арттыруға, өнімдерімізді сыртқы нарықтарға шығаруға бағдарланған бағытымызды жалғастырамыз», – деді министр.

2020 жылдан бастап Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының Бағдарламасын іске асыру бастау алады, онда негізгі басымдық — жоғары технологиялы өнімдер экспортының номенклатурасын кеңейтуге бағытталған индустриялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ өндіріске еңбек өнімділігінің өсіміне ықпал ететін цифрлық технологиялар мен инновацияларды енгізу болады.

Бағдарламаның негізгі тәсілдері анықталған:

  • Бірінші, ішкі нарықты сапалы өніммен қанықтыруға және экспортқа шығаруға бағдарланған өңдеу секторының тиімді кәсіпорындарына баса назар аударылған; 

  • Екінші, мемлекеттік қолдаудың жеке-жеке құралдарынан дамуды кешенді ынталандыруға көшу;

  • Үшінші, бизнестің қарсы міндеттемелері мен жауапкершіліктерін қабылдау;

  • Төртінші, салалық қағидаттан нақты басымдықты тауарларды анықтауға көшу;

  • Бесінші, құнды қалыптастырудың жаһандық тізбегін проактивті құруға баса назар аудару.

Б. Атамқұловтың айтуынша, осы ретте қазіргі таңда отандық тауарлардың әлеуетін анықтауға бағытталған тиісті талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан кейін ірі трансұлттық компаниялар Қазақстанға тікелей тартылады деп жоспарланған. 

Бағдарламаны іске асыру өңдеу өнеркәсібіндегі келесі нәтижелерге қол жеткізуге жол ашады:

  • еңбек өнімділігін $56 мың/адамға арттыру;

  • экспорт көлемін 2025 жылы $30 млрд-қа дейін өсіру;

  • негізгі капиталға салынған ивнестицияларды – 9,3 трлн теңгеге дейін ұлғайту.

Марапаттауға қайта оралсақ, ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығының екі жүзден астам үміткері ішінен сарапшылық комиссия 14 бизнес субъектісін үш категория және 4 аталым: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша іріктейді.

Сонымен қатар «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарына: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» үш аталым бойынша марапаттар табысталды. 

Салтанатты іс-шара аясында Қазақстанда алғаш рет өткен «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлтттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 6 аталым бойынша анықталды: «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген аксессуардың үздік дизайны», «Спорт аяқ киімінің үздік дизайны».

Сонымен қатар, іс-шара аясында алдағы индустриялық бесжылдыққа жаңа бағыттар жарияланды, атап айтқанда тиімді кəсіпорындарды ынталандыру, саланың басымдылығынан нақты жəне орташа өңдеудің нақты тауарларын анықтауға көшу, мемлекеттік ынталандыруы бар кəсіпорындарға кері міндеттемелер енгізу, сондай-ақ əлемдік құн тізбегіне белсенді интеграциялау.

«Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Мағжан және К» ЖШС (Қызылорда обылсы), «МИЛХ» ЖШС (Қостанай облысы), «Good Look» сауда үйі» ЖШС (Жамбыл облысы) жеңімпаз атанды. 

Жеңімпаз атанған «Мағжан және К» компаниясы биыл күріштен рекордтық өнім алды: 90 мың гектарға жуық егістік алқаптан 530 мың тонна күріш. Компания директоры Дархан Ерәлиев бұл Елбасының ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған нақты тапсырмаларын іске асырудың арқасында мүмкін болғанын айтты.

«Елбасының өңірдің күріш саласын дамытуға қосқан үлесі өте зор. Ең тиімді шара минералды тыңайтқыштарға, жоғары өнімді тұқымдарға, жанар-жағар май материалдарына жеңілдетілген субсидиялардың бөлінуі болды. Осылайша, біз әр гектардан 70 центнер күріш алып, рекордтық деңгейге жеттік, 3 қайта өңдеу зауытын ашып, өніміміздің 60%-ын шет елдерге экспорттап жатырмыз. Сонымен қатар, жергілікті “Сыр сұлуы” және “Айгерім” күріш сұрыптарын өсіре бастадық. Осындай жоғары марапатты алу үшін сапалы жұмыс жасау керек. Біз шаруашылықта ең жаңа технологияларды қолдануға тырысамыз. Бұл марапат бізді жаңа жетістіктерге жетелейді», — деді Д. Ерәлиев.

«Қызмет көрсететін үздік кәсіпорындар» болып «ТрансАвиа» ЖШС (Алматы қаласы), «Caspian engineering&research» ЖШС (Маңғыстау облысы), «KAZTECHNOLOGY инжиниринг компаниясы» ЖШС (Нұр-Сұлтан қаласы) танылды.

«ТрансАвиа» ЖШС бас директоры Виктор Матвеев компанияның бұл марапатты алу үшін 20 жылдай қызмет еткенін айтты.

«Біз осындай жоғары көңіл үшін алғыс айтамыз. Біз туризм саласында қызмет көрсетумен айналысамыз. Бұл – кәсіпорын мен мемлекеттің мүдделері Қазақстандағы туристік индустрияны дамыту аясында тоғысқан жағдай. Компанияның ерекшелігі, біз Қазақстанның барлық аймақтарында бармыз. Біз елімізде тревел-индустрияда және шетелде қызмет көрсететін жалғыз компаниямыз. Біздің Қазақстанда, Беларусьте және Украинада филиалдарымыз бар. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдайды, бұл бизнесті жеңіл дамытуға мүмкіндік береді», — деді В. Матвеев.

«Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» атағын «KПK ZETA» ЖШС (Алматы облысы), «Құдайбергенов Ф. Т.» ЖК (Түркістан облысы), «Роза киіз илеу комбинаты» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы) алды.

Іс-шара кулуарында «KПK ZETA» компаниясының бас директоры Мақсұт Омарбаев компания 24 жылда алғаш рет «Алтын сапа» сыйлығын алуға конкурсқа қатысқанын атап өтті.

«Тәуелсіздік күні қарсаңында “Алтын сапа” сыйлығының лауреаты болу біз үшін үлкен мәртебе. Біз 4 мыңнан астам өнім түрін шығарамыз. Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия елдеріне тауарларды экспорттаймыз. Бұл жиһаз ғана емес, сонымен қатар пластиктен жасалған бұйымдар. Біз жұмысшыларды өзіміз дайындаймыз және олар бізде қалады. Егер 1996 жылы бізде 50 адам болса, биыл 2,5 мың адам жұмыс істейді. Біздің басты міндетіміз — не істей алатынымызды көрсету. Сондықтан алдағы уақытта да осындай сыйлықтарға ұсыныламыз», — деді М. Омарбаев.

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» төртінші номинациясында «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ (Алматы қаласы), «Орал трансформатор зауыты» ЖШС (Батыс Қазақстан облысы), «АZАМ-КС» ЖШС (Ақмола облысы) жеңімпаздар атанды.

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС басқарма төрағасы Олжас Есіркеповтің айтуынша, өндіріс бес жыл бұрын бастау алған.

«Орал трансформатор зауыты 2014 жылы Индустрияландыру күні іске қосылды. Бүгінде зауыт ойдағыдай жұмыс істеп тұр және үлгілі кәсіпорындардың бірі. Шығарылатын өнімнің 96%-ы ТМД елдеріне экспортталады. 2019 жылы 10 мың трансформатор экспортталды. Зауытта еуропалық брендтердің соңғы буын жабдықтары орнатылған. Келешекте өндірісті 30%-ға арттыруды жоспарлап отырмыз», — деді О. Есіркепов.

«АZАМ-КС» ЖШС өкілі Аязбек Мусиннің айтуынша, кәсіпорын астық өңдейтін жабдықтар шығарумен айналысады.

«Біздің кәсіпорнымыз шетелдік және басқа аналогтардан сапасы мен техникалық сипаттамасы бойынша төмен түспейтін өнімдер шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Біз астықты қайта өңдейтін жабдықтар шығарумен айналысамыз. Біз үшін бұл марапат – өте үлкен жетістік, бұл біздің бүкіл ұжымның жетістігі. Біз бұл жолда жеті жылдай еңбек еттік. Біздің компания да осыншама жыл қызмет істеп келеді. Бізді “Атамекен” ҰКП, ҚР Президентінің атап өткеніне өте ризамыз», — деді А. Мусин.

Сондай-ақ, «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары «Бёмер Арматура» ЖШС (Қарағанды облысы) және «СКЗ-U» ЖШС (Қызылорда облысы, Жаңақорған ауылы) берілді.

Арнайы сыйлық иелері марапатты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды.

Іс-шара аясында Қазақстанда алғаш рет өткен ALTYN OIMAQ дизайнерлер байқауының жеңімпаздарына марапаттар тапсырылды. Бір қызығы, номинациялардың бірін 10 жасар қыз жеңіп алды. Ұлттық ою-өрнек элементтері бар балалар киімінің ең үздік дизайны үшін марапат Айгерім Мұратқызына табысталды. Қыздың анасы Айнагүл Мазинова қызының дизайнерлер байқауына қатысуы туралы айтып берді.

«Осы жылдың наурыз айында біз өз жұмысымызды “Атамекен” ҰКП жариялаған конкурсқа жібердік. Айгерім әлі 16 жасқа толмағандықтан, мен “Ai Kerim style and design» фирмасының негізін қалаушы ретінде қызымның жұмыстарын өзімнің атымнан жібердім. Қазылар алқасы оның жұмысын өте жақсы бағалады. Айгерім жеңді деп айтқан кезде біз сенбедік. Бүгін жетекші дизайнерлермен қатар менің қызым да наградаға ие болды», — деп А. Мазинова өз әсерлерімен бөлісті.

Дизайнер Алина Данилова марапатты Премьер-Министр Асқар Маминнің қолынан алды. Оның жұмыстары «Ұлттық ою-өрнек элементі бар спорттық киімнің үздік дизайны» номинациясында үздік деп танылды. А. Данилова аталған жоба оны өзі таңдаған бағыттың дұрыстығына сендіргенін айтты.

«Байқау маған өз бағытымды таңдауға деген сенімділікті арттырды, енді мен үлкен арманымның біз ойлағаннан әлдеқайда жақын екенін білемін», — деп бөлісті дизайнер.

ALTYN OIMAQ дизайнерлер байқауының барлық жеңімпаздары:

  • Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны — Айнагүл Мазинова;
  • Спорт аяқ киімінің үздік дизайны — Айбибі Әбуова;
  • Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны — Евгения Жандарбаева;
  • Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны — Эльмира Битуреева;
  • Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген аксессуардың үздік дизайны — Сәкен Қаржаубаев;
  • Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны — Алина Данилова.

«Бизнес Кемелділік» – «Деловое совершенство» халықаралық сыйлығымен «Адили» ЖШС, «ТемірМаш» Павлодар зауыты» ЖШС марапатталды. 

«Айсберг ПВ» ЖШС, «Нәтиже» Сүт Фабрикасы» ЖШС, «Шахтерское» ЖШС, «Семирамида» тігін фирмасы» ЖШС, «Grand Miks» ЖК, «Байтемирова Р.С.» ЖК, «СКФ Отделстрой» ЖШС, «Уразбаева А SU_KZ» ЖК, «Дана-Дель» ЖК, «Султанов С.Т.» ЖК «ІСКЕР» сыйлығын алды.

«Уразбаева А SU_KZ» ЖК директоры Айсұлу Оразбаева да журналистермен өз әсерімен бөлісті.

«Бүгін бізде керемет іс-шара өтіп жатыр. Үкіметке, “Атамекен” ҰКП-ға бізді, жеке кәсіпкерлерді, қолдағаны үшін өте ризамын. Бүгін “Іскер” сыйлығына ие болғаныма қуаныштымын. Бұл біздің алдағы жұмысымызға үлкен серпін береді. Біз Қазақстанның одан әрі дамуына, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына үлкен ынтамен жұмыс істеуге дайынбыз. Біздің кәсіпорын халық үшін жұмыс істейді. Біз халықты қолжетімді бағамен әдемі киіндіргіміз келеді», — деді А. Оразбаева.

«Дана-Дель» компаниясының директоры Бақытгүл Тоқтабаева марапат компанияны жаңа жетістіктерге жетуге ынталандыратынын атап өтті. 

«Біз бірінші рет, бірінші жылы “Іскер” сыйлығының жеңімпазы атандық. Бұл біз үшін үлкен жеңіс, бұл компаниямызды одан әрі жеңістер мен табыстарға жетелейді. Бұл зор перспектива. Біз бүкіл Қазақстан үшін сахналық киімдер шығарамыз. Биыл сахналық киім тігу бойынша ұсынылдық. 2018 жылдан бастап компания Ресей мен Италияға экспорт жасай бастады», — деді Б. Тоқтабаева.

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» қолшатыр бренді сыйлығының жеңімпаздары: «Абай Дәулет» ЖШС, «Премиум Ойл Транс» ЖШС, «GOOD LOOK сауда үйі» ЖШС.

2019 жылы «Қазақстанның үздік тауары» атағына ие болғандар:

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында: «Шыныпластикалық құбырлары зауыты» ЖШС, «БатысАльянсСтрой» ЖШС, «Глобал Спецодежда» өндірістік бірлестігі» ЖШС;

  • «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында: «ПЭРИ» ЖШС, «AГФ групп» ӨК» ЖШС, «MARAI E7 Group» ЖШС;

  • «Үздік азық-түлік өнімдері» номинациясы бойынша: «ВИЗиТ алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС, «Қазетөнімі» ЖШС, «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС.

Сонымен қатар іс-шара аясында «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқауды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бері өткізіп келеді және 4 номинациядан тұрады: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық келісімшарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін». Әрбір номинация бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері санаты бойынша үш сыйлық беріледі.

Биыл байқауға қатысуға 446 өтінім келіп түсті, соның ішінде: 141 кәсіпорын – ірі кәсіпкерлік субъектісі, 305 кәсіпорын – шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі.

Байқау қорытындысы бойынша республикалық комиссия 25 жеңімпазды анықтады.

«Парыз» ұлттық байқауындағы жылдың ең әлеуметтік жауапты компаниясы ретінде ERG (Еуразиялық топ) танылды.

Шара кулуарында Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич жеңіс туралы өз әсерімен бөлісті.

«Бұл біздің бірінші марапатымыз емес, және соңғысы емес деп үміттенеміз. Біз алға ұмтыламыз, бір орында тоқтап қалмаймыз және компаниямыздың әрдайым жақсырақ бола түсуіне тырысамыз. Біз өзіміздің марапатымызды мақтан тұтамыз, біз ең үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорынбыз, адамдардың болашаққа сенімді екенін, олар үшін өмір сүру деңгейін құрайтын пакет бар екенін және олар оны лайықты деп санайтынын көреміз. Біз адамдар, ауруханалар, демалыс, жұмыс жағдайлары туралы ойлаймыз. Біз үшін бұл дұрыс жолда екенімізді көрсететін үлкен өлшемдер», — деді А. Машкевич.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында Қызылорда облысынан «Абзал және К» ТС, Қарағанды облысынан «Ютария» ЖШС және Ақтөбе қаласынан «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС лауреат атанды. Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында: Солтүстік Қазақстан облысынан «Ильинское» ЖШС, Ақмола облысынан «Темірлан» ЖШС және Павлодар қаласынан «Павлодар политехникалық жоғары колледжі» ЖШС.

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында лауреаттар: Алматы қаласынан «С. М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, Маңғыстау облысынан «Каz М-I» ЖШС және Шығыс Қазақстан облысынан «Силикат» ЖШС. Орта және шағын бизнес субъектілері арасында: Маңғыстау облысынан «Мұнайгазқұрылыс» ЖШС, Қарағанды облысынан «АлбаСтройДор» ЖШС және Атырау облысынан «Сапа Строй Сервис және К» ЖШС.

«Үздік ұжымдық шарт» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында лауреаттар: БҚО-дан «Ақсайгазсервис» АҚ, Қостанай облысынан «Қостанай минералдары» АҚ және Нұр-Сұлтан қаласынан «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ. Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында: Ақмола облысынан «Поиск» агрофирмасы» ЖШС, Қостанай облысынан «Қарқын» агрофирмасы» ЖШС және Қызылорда облысынан «Жаңақорған шипажайы» АҚ.

«Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында ірі кәсіпкерлік субъектілерінің лауреаттары: Қызылорда облысынан «Байкен-U» ЖШС, Шығыс Қазақстан облысынан «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және Алматы облысынан «Филипп Морис Қазақстан» ЖШС. Орта және шағын бизнес субъектілері арасында: Батыс Қазақстан облысынан «Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС, Жамбыл облысынан «Амангелді газ» ЖШС және Солтүстік Қазақстан облысынан «Изолит» ЖШС.

Директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов «Ақсайгазсервис» АҚ өзінің өндірісі мен қызметін кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданы тұрғындарының өміріне де, әлеуметтік ұжымдық өмірге де әлеуметтік жауапкершілік үлесін арттырып жатқанын атап өтті.

«Бұл марапат компанияның басшылығының бастауымен біздің ұжымның еңбегі, ол өз қызметкерлеріне ғана қамқор болып қоймай, күн сайын аймақтағы әлеуметтік мәртебе туралы ойлайды, адамдарға қамқорлық жасайды: халық қалай өмір сүріп жатыр, денсаулығы қалай екенін қарайласады, демалыста бос уақытты өткізуін қамтамасыз етеді. Компанияда көптеген адамдар жұмыс істейді. Өңір шалғайда орналасқан. Адамдар сол жерде өмір сүріп, дамуға қызығушылық таныту үшін жақсы өмірді қамтамасыз ету керек. Олар мектепке дейінгі мекемелермен, мектептермен, ауруханалармен, санаториймен қамтамасыз етілген», — деді Ф. Махмудов.

«Амангелді газ» ЖШС бас директоры Еркен Қасеев өз әсерлерімен бөлісті.

«Біз жеңеміз деп күткен жоқпыз. Біз сауалнаманы толтырдық, өткен аптада олар бізге қоңырау шалып, байқаудың лауреаты екенімізді айтты. Біз өте қуаныштымыз, өйткені біздің ұжым газды үздіксіз, апатсыз жеткізуге және өндіруге ерекше назар аударады. Біз “Парыз” сыйлығын қоршаған ортаға қосқан үлесіміз үшін алдық, менің ойымша, бұл лайықты түрде берілді, өйткені біз экологияны қорғауға аса мән береміз. Бүгінгі таңда біз жылына 350 млн текше метрден астам газ өндіреміз», — деді «Амангелді Газ» ЖШС бас директоры Еркен Қасеев.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы төрт аталым: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» бойынша өтеді.

Әр аталым бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъетілері категориялары бойынша беріледі.

«Алтын сапа» байқауына 216 кәсіпорын өтінім берді, соның ішінде 107 кәсіпорын ғана тиісті құжаттарды өткізе алды. 107 кәсіпорын ішінде: шағын кәсіпкерлік субъектілері – 39 кәсіпорын, орта кәсіпкерлік субъектілері – 44 кәсіпорын, ірі кәсіпкерлік субъектілері – 24 кәсіпорын. 

«Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша – 35 өтінім, «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша – 17 өтінім, «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша – 35 өтінім, «Азық түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімін шағыратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша – 20 өтінім түсті. 

2018 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалды.

Байқаудың «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтарының дипломдары мен белгілерін Мемлекет басшысы табыстайды. 

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы республикалық байқауын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2008 жылдан бері өткізіліп келеді. 

Естеріңізге салайық, 2008 жылдан бастап «Парыз» байқауына 5 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі қатысты, 284 кәсіпорын лауреат атағын алды. 

Бас жүлдені корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерлерге беріледі. Бас жүлдені 2008 жылы – «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, 2009 жылы – «Торғай Петролеум» АҚ, 2010 жылы – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, 2011 жылы – «Теңізшевроил» ЖШС, 2012 жылы – «ҚазТрансОйл» АҚ, 2013 жылы – «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, 2014 жылы – «СП «Қазгермұнай» ЖШС, 2015 жылы – «Самұрық Энерго» АҚ, 2016 жылы – «Ақсайгазсервис» АҚ, 2017 жылы – «Еуразиялық топ» ЖШС, 2018 жылы – «Қазмырыш» ЖШС алды.


Жаңалықтар тізбегі
19 Ақпан 2020, 18:54
2020-2022 жылдары Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді 
19 Ақпан 2020, 17:27
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 17:25
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Ақпан 2020, 16:43
Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды 
19 Ақпан 2020, 15:07
Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 11:35
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
30 Қаңтар 2020, 19:20
А. Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:43
А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:05
«Туған жер» жобасы, музей экспонаттарының цифрлық каталогын және ұлттық электрондық кітапхана құру  — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда
30 Қаңтар 2020, 14:29
Қазақстанда жоғарғы технологиялар мектебі ашылады — Кваме Ямгнанемен сұхбат
30 Қаңтар 2020, 11:13
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 19:38
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 16:01
ҚР Үкіметі жанындағы ВАК ҚР-да коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады
29 Қаңтар 2020, 12:43
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
28 Қаңтар 2020, 20:40
Президенттің тапсырмаларын орындау, Су ресурстарын басқару жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау, халықты коронавирустан қорғау немесе Үкімет отырысы қалай өтті
28 Қаңтар 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.01.2020
28 Қаңтар 2020, 18:45
Е. Біртанов: коронавирусқа қатысты тек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенген жөн
28 Қаңтар 2020, 18:13
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанның автоөнеркәсібінің 2020 жылға даму жоспары туралы баяндалды
28 Қаңтар 2020, 16:17
ҚР СІМ ҚХР-дағы қазақстандық студенттер үшін арнайы бортты ұйымдастыру мәселесін пысықтауда
28 Қаңтар 2020, 15:31
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
28 Қаңтар 2020, 14:46
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустық инфекцияны таратпау және оның алдын алу бойынша шаралар кешенін қабылдады 
28 Қаңтар 2020, 13:06
2020 жылы инвестициялар экономикалық өрлеудің негізгі қозғаушы күшіне айналады — Р. Дәленов 
28 Қаңтар 2020, 11:03
2020 жылы ақпанда банк жүйесі активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталады — М. Әбілқасымова
28 Қаңтар 2020, 10:46
Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі Ақша-несие саясаты стратегиясының жобасын әзірлейді
28 Қаңтар 2020, 10:14
Су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша 500-ге жуық гидротехникалық құрылыс реконструкцияланады — М. Мырзағалиев
28 Қаңтар 2020, 09:51
Үкімет ҚР Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті
28 Қаңтар 2020, 09:42
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады
28 Қаңтар 2020, 09:29
Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел әрі мұқият пысықтау қажет — Р. Дәленов
28 Қаңтар 2020, 01:27
Қазақстан Президенті «Уахат әл-Карама» мемориалды кешеніне барды
27 Қаңтар 2020, 21:47
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 21:36
Қазақстан Президенті БАӘ-нің бизнес өкілдері қатысқан жиында сөз сөйледі
27 Қаңтар 2020, 21:31
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-ға сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:34
Б. Сапарбаев ҚР аумағында коронавирустың пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:28
Роман Скляр республикалық автожолдардағы ТЖ мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді
27 Қаңтар 2020, 18:47
Жанат Элиманов ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды
27 Қаңтар 2020, 16:20
Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді
27 Қаңтар 2020, 14:29
28 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қаңтар 2020, 15:28
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №45
26 Қаңтар 2020, 14:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықты коронавирустан қорғау мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
24 Қаңтар 2020, 20:12
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар әкімдерді қабылдады
24 Қаңтар 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 24.01.2020
24 Қаңтар 2020, 18:40
Б. Сапарбаев зейнетақы жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді
24 Қаңтар 2020, 18:37
Қазақстан Президенті әкімдермен кеңес өткізді
24 Қаңтар 2020, 17:16
2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының ЖӨӨ көлемі 7,2%-ға өсті — А. Көлгінов
24 Қаңтар 2020, 16:28
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысын өткізді
24 Қаңтар 2020, 15:58
2019 жылы Алматы облысында 48 мыңнан аса жұмыс орны ашылды
24 Қаңтар 2020, 15:26
О. Оразалин: 2019 жылы Ақтөбе облысында өңір үшін рекордты көрсеткіш — 1 млн ш.м. жуық тұрғын үй пайдалануға берілді
24 Қаңтар 2020, 15:01
2019 жылы 136 мың отбасы мұқтаждық деңгейінен шығарылды — Б. Сапарбаев
24 Қаңтар 2020, 14:42
2019 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО-да барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны қамтамасыз етілді
24 Қаңтар 2020, 12:46
Теңгені нығайту және ұлттық валютадағы депозиттерді ұлғайту: Е. Досаев 2019 жылдың қорытындысы бойынша қаржы секторының жай-күйі туралы баяндады
24 Қаңтар 2020, 11:30
Үкімет 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарып, 2020 жылға міндеттер қойды
24 Қаңтар 2020, 10:56
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
23 Қаңтар 2020, 17:16
Елбасы Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады
23 Қаңтар 2020, 17:13
Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
22 Қаңтар 2020, 15:26
Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі