Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде

Жұма, 05 Маусым 2020, 17:29:04

2019 жылы 29 қазанда Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Қазақстан Президенті қаладағы алма бақтарын жөн-жосықсыз кесуге тыйым салу туралы тапсырма берді. Сонымен қатар Үкіметке заңсыз кесілген әр ағаш үшін отырғызылатын 5 ағаштың көлемін 80 ағашқа дейін арттыруды жүктеді. «Біздің қаламыздың басты символы – аңызға айналған апорт пен ботаникалық бақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деп тапсырған еді осы кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Президент «Көктөбе бөктерінде шашылып жатқан алма ағашының көшеттеріне қатысты оқиға еш сын көтермейтіндігін» де атап көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта осы тапсырманы орындау бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Соңғы жылдары қолға алынған апорт алмасын жаңғырту жұмыстары қандай нәтижесін беруде? Алманың отаны саналатын Алматы өңірі Қазақстан халқын алма өнімдерімен толық қамтамасыз етіп отыр ма? Алма өнімдері бойынша импортқа тәуелділікті жою үшін не істелуде? Бұл туралы Рrimeminister.kz шолу материалынан оқыңыздар.  

Қазақстан тарихы порталының мәліметі бойынша, Алматының апортын алғаш рет Мәскеуге Романовтар әулетінің 300 жылдығына қазақтың үш жүзінен барған ақсақалдар алып барып, апорттың бұл түріне Ресей патшасының құрметіне “Александр” атауын берген. Сөйтіп, әрқайсының салмағы 1,2-1,3 келі шыққан апорттың даңқын бүкіл әлемге жайған. Қазір Қазақстанда апорт алмасының 19 түрі өсіріледі.  

Жарты ғасыр бұрын Алматы облысында апорт алмасы өсірілген бақтардың аумағы 6,2 мың гектардан асқан, ал бүгінде оның аумағы небәрі 1,5-2 мың гектарды құрайды, өйткені 1990-шы жылдары көптеген алма бақтары қараусыз қалып, оталып, тіпті жойылып та кетті. Тек арада 20 жыл өткен соң жергілікті кәсіпкерлер алма бақтарын қайта жаңғыртуды қолға ала бастады.  

Бүгінгі таңда Алматы облысында апорт сортын өсіретін алма бақтарының жалпы аумағы 2 мың гектарды құрап отыр, оның ішінде жеміс беретіндері - 743 га. 2019 жылы бір гектардан 88,5 центнер алма алынып, жалпы өнім көлемі 6,6 мың тоннаға жетті.  

Қазақ жеміс-көкөніс ғылыми-зерттеу институтының мәліметінше, 1970 жылы Алматы облысында 3,3 млн апорт алмасының ағашы болса (бүкіл республикадағы алманың 80%), 1984 жылғы санақ бойынша небәрі 1,4 млн астам ағаш қана қалған. Ал бүгінгі таңда олардың саны 150-200 мың түп ағаш қана, әрі, жемістері де ұсақталып, өзіне ғана тән ерекше дәмі мен иісін жоғалта бастаған. 

 

Алма бақтарының аумағын ұлғайту 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2019 жылы күзде Алматы облысына жұмыс сапары кезінде алма бақтарымен танысып, облыста өсірілетін апорт алмасының бақтарының аумағын ұлғайтуды тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау аясында Алматы облысында жеміс бақтарын жаңғырту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ескі бақтардың орнына және басқа да жерлерге жаңадан көпжылдық екпе ағаштары отырғызылуда.

 

2019 жылдың қортындысы бойынша Алматы облысында жеміс-жидек, жүзім және жаңғақ ағаштары егілетін жер көлемі 23,7 мың гектарға, оның ішінде жеміс беретіндері 18,7 мың гектарға жеткізіліп, одан алынған жалпы өнім көлемі 129,6 мың тоннаны құрады, оның ішінде 86,8 мың тонна алма жиналды. 

Бақ отырғызу жұмыстары биыл да жалғасын табуда. Алматы облысының аудандарының ауыл шаруашылығы бөлімдері берген мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күнге облыс бойынша барлығы 996,1 гектар жерге жеміс егілген, оның ішінде 402,8 га – шекілдеуік, 203 га – интенсивті бақ, 0,4 га – апорт ағашы және 431,2 га - сүйекті жеміс, 161 га - жидек, 1 га – жаңғақ, 0,08 га - жүзім ағашы отырғызылды.

Алматы облысы бойынша апорт сортты алма ағашы егілген 2 мың га жерден жеміс беретіні 730 га құрайды. Көшет саны - 416 мың дана.

Жалпы, Алматы облысы бойынша 10 аттестатталған көшет өндіруші шаруашылық субъектілері қызмет атқарады. Олар жылына 615 мың дана көшет өндіреді. 

Биылғы жылдың көктемінде 403 гектар (оның ішінде 203 га интенсивті) алма бағы отырғызылды. Отырғызу схемаларына қарай пайдаланылған көшеттер саны орта есеппен 650 мың дананы құрады. Сонымен қатар кейбір шаруашылық субъектілері өздерінің қажеттілігіне қарай шетелдік көшеттерді әкеліп отырғызады.

Алма бақтарын өсіру үшін қолайлы климат, үнемі ылғал, температура режимі т.б. жағдайлар жасау қажет. Алматы облысының аумағындағы алма бақтары ылғал сақтау, тамшылатып суару арқылы және қарапайым түрде суарылады.

Сондай-ақ жеміс ағаштарын зиянкестерден қорғау бойынша іс-шаралар аясында аумақтық инспекция және фитосанитария орталығы зиянкестермен күресуі жұмыстарын жүргізеді.

Алматы өңірі барлық алманың отаны деп әлем ғалымдары мойындағанымен, қазір Қазақстан алмамен өзін өзі толық қамтамасыз ете алмай отыр, алманың көбі біздің елімізге шетелден, негізінен Қытайдан, Польшадан әкелінеді.  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінен Қазақстан өзін 80% қамтамасыз етеді,  тек алты тауар:  алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік, сүзбе, қант және құс еті бойынша импорт тәуелділігі сақталуда. Министрлік 4 жыл ішінде шетелден импортталатын осы ауыл шаруашылығы өнімдерін отандық өнімдермен алмастыруды жоспарлап отыр. Ол үшін биылдан бастап жылына 105 мың тонна сүт өндіретін 25 тауарлық сүт фермасы, 3 ет комбинаты, қуаттылығы 73 мың тонналық 8 құс фабрикасы, жылына 200 мың тонна қант өндіретін 2 қант зауыты салынатын болады, 2 мың гектарға алма бағын отырғызу жоспарланған. Аталмыш шаралар ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдері импортының жалпы үлесін 36,2%-дан 31,2%-ға дейін қысқартуға, ал 2024 жылға қарай елдің ішкі нарығын отандық азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, сонымен қатар биыл Қырғызстан мен Өзбекстанда енгізілген карантинге жатқызылған өнімдерден, атап айтқанда, алма және құрмадан карантиндік объект Комсток сымыры  (Pseudococcus comstocki (Kuwana) зиянкесінің анықталуы жиілеп кеткен, сондықтан бұл елдерден алманың әкелуіне тыйым салынды. 

2020 жылы Алматы облысында 139,0 мың тонна өнім, оның ішінде алма бақтарынан 91,8 мың тонна жеміс жинау жоспарлануда. 

Атап айтқанда, Панфилов ауданына қарасты «Жаркент-Фрукт» ЖШС (1004 га интенсивті бақ) биылғы жылға жеміс беретін 730 гектар (оның ішінде 530 га шекілдеуік, 200 га сүйекті жемістер) алқаптан 10 700 тонна өнім, оның ішінде: 530 га алма бағынан 9 700 тонна (200 ц/га), 200 га сүйекті жемістер бағынан 1000 тонна өнім алу жоспарланған. Алынған өнімнің 60%, 6 420 тоннасын ішкі нарыққа, 40%, 4 280 тоннасын экспортқа шығару көзделген. 

Бұл жоспар бойынша Алматы облысының алма өнімдеріне деген сұранысы 100% (51,0 мың тонна), Алматы қаласының қажеттілігі  72,4% (47,4 мың тонна) өтеледі. 

Жалпы жоспарланған 91,8 мың тонна алма өнімі еліміздің қажеттілігін 19,6% (466,7 мың тонна) өтейді. Жиналған алма өнімдерінің 85,3 мың тоннасы Алматы облысы және Алматы қаласының сауда орындарына өткізіледі, ал 6,5 мың тоннасы алма шырынын жасауға жіберіледі.

2022 жылға дейін алманың өнімділігін 170 мың тоннаға дейін немесе 1,4 есеге жеткізу жоспарланған. 

 

Қарқынды алма бақтарын өсіру

Қазақстанда алманың импортын азайту үшін өнім көлемін арттыру мақсатында ескі қарапайым бақтардың орнына жаңа заманауи технология бойынша қарқынды бақтар отырғызылуда. Қазіргі таңда алға қойылған негізгі мақсат - өнімділігі жоғары интенсивті бақтардың егіс алқабын көбейтіп, ішкі және сыртқы нарықты алмамен толық қамтамасыз ету. 

Интенсивті бақтың басты ерекшелігі – аласа бойлы алма ағаштары екінші жылдың өзінде-ақ 30%, ал үшінші жылы 80-85% өнім береді. Әрі, мұндай жеміс ағаштарынан өнім жинау жеңіл, адам күшін көп қажет етпейді.

Биылғы жылы қарқынды алма бақтарынан 18,9 мың тонна, ал 2022 жылы 31,5 мың тонна алма жинау жоспарлануда. Жалпы, облыс бойынша бүгінгі күні 2222 гектар алқапқа егілген интенсивті алма бағы тіркелген, 2022 жылы оның көлемін 2600 гектарға жеткізу көзделген. 

Қарқынды алма бақтарында Фуджи, Голден Делишес, Гала, Гренни Смит, Старкримсон, Айдаред, Золотой превосходный және т.б. алма сорттары өсіріледі.

Интенсивті бақтарды өсірумен айналысатын шаруашылық субъектілері алма бақтарын отырғызуға 4 млн теңгеден аса қаражат салған. Олар интенсивті бақ отырғызудың барлық технологиялық үрдісін қатаң сақтайды, тамшылатып суару жүйесін іске қосқан. Бұдан бөлек, бақтарға табиғаттың төтенше жағдайларынан қорғайтын, қатты ыстықта 30%-ға дейін көлеңке беретін және құстардан сақтайтын биік қадағалар орнатылған.

Алматы облысында алма бақтарын өсіруде Италия, Германия, Сербия, Польша, Голландия, Түркия мемлекеттермен алма өсіру технологияларын қолдану, отырғызу материалдары бойынша ықпалдастық жұмыстары мен тәжірибе алмасу жүргізілуде.

 

Апорт алмасын жаңғырту 

Біршама уақыт бұрын Алматы облысы Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп апортты жаңғырту туралы меморандумға қол қойды. Алманың апорт сортын жаңғырту бағдарламасы аясында Алматы қаласының таулы аймақ аудандарында жеміс бақтарын отырғызу жұмыстары жүргізілді.

«Апортты  жаңғырту» бағдарламасы бойынша Алматы қаласы әкімдігінің тарапынан «AppleWorld» ЖШС-ға 2016 жылы жалпы алаңы 75,4 гектар болатын жер телімдері 49 жылға жалға берілді: Бостандық ауданы, Алатау ауылында - 18 га, Нұрлытау шағын ауданында - 17 га, Медеу ауданы, Бутаковка шағын ауданында – 40 га.  2016-2017 жылдар аралығында «AppleWorld» ЖШС алма бағын жасарту және жер телімдерін қайта өңдеу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізіп, 34 000 дана Алматы апортының көшеттерін отырғызды. Бұл ағаштар алғашқы жемістерін 8-9 жыл уақыт өткен соң, яғни 2024-2025 жылдары беретін болады. 

Алматы қаласының аумағында жер телімдерінің жоқтығы салдарынан алма бағын өсіру жұмыстарының басым бөлігі Алматы облысының аумағында іске асырылатын болады.

Бұдан басқа, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты апортты жаңғырту бойынша ондаған жылдардан бері ғылыми жұмыстар жүргізуде. Көпжылдық жұмыстың нәтижесі ретінде апорттың 115 түрінің коллекциясы жасалды, оның ішінде ең төзімділері таңдап алынды. 

Институт ғалымдары апорттың аласа және жартылай аласа түрлерін іріктеді. Соның арқасында, Алматы өңірінде орташа алма ағашының «Жетісу-5» атты түрі өсірілетін болды. 

Сондай-ақ алма ағаштарын отырғызу оңтайландырылды, алма бағын тыңайтқышпен тыңайту жүйесі жасалды, сыздықтатып суару қолға алынды, зиянкестерден қорғалды.

Сонымен қатар аталмыш институт жердің, климаттың, су ресурстарының, өсімдіктердің бағалы түрлерін, инфрақұрылымды ескере отырып, ауқымды жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, теңіз деңгейінен 950-1200 метр биіктікте әрі 28-32 градус тиімді температурада осы алма ағашының түрлері жақсы өсіп, өнімді жеміс беретінін анықтады. Мұндай алма бақтары үшін Алматы облысындағы Іле Алатауының және Жоңғар Алатауының баурайларындағы жерлер қолайлы және құнарлы.

Апортты жаңғырту мақсатында институт Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы теңіз деңгейінен 900-950 метрден 1200-1300 метр биіктікке дейінгі бос жатқан жерлерді түгендеуге алып, топырағының сапасы мен құрамына химиялық анализ жасауды, ылғалдылығын анықтауды ұсынады. Сондай-ақ шаруашылық тұрғысынан құндылығы бар апорт формаларының, Александр апортының, қызыл апорттың көшеттерін зерттеу қажет. Соның арқасында апорт көшеттерінің түрлерін іріктеп, шаруашылық құндылығы зор апорт көшеттерінің өндірісін жолға қою ұсынылады. 

Институт сонымен қатар апорт алмасын вирусты инфекциядан сауықтыру және апорттың Сиверс алмасынан жапсарлас-жертөле комбинацияларын биологиялық зерттеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Институт жүргізген зерттеулер бойынша бірқатар нәтижелерге қол жеткізілді:  

  • Ұлпаларды дақылға енгізу кезеңінен бастап жабық топырақ жағдайында микроклондалған өсімдіктердің бейімделуіне дейін апорт сортын клональды микро көбею технологиясы модификацияланған.
  • Апорттың клональды микро көбею мәселелері бойынша инновациялық патент алынды, апорттың клональды микро көбеюі бойынша зертханалық регламент және IF қоса 30 ғылыми мақала жарияланды.
  • Молекулярлық маркерлердің көмегімен Іле және Жоңғар Алатауының популяцияларында апортқа арналған жертөле ретінде Сиверс жабайы алмасының полиморфизмі зерттелді. Апорт сортының іріктелген клондарымен ДНК профиліне ең жақын m.sieversii аналық ағаштары анықталды.
  • Апорт клондары үшін ең жақсы тұқымдық телім ретінде 11 m.Sieversii формасы іріктелді. Бұл формалардан апорттың, оның ішінде in vitro көшеттері алынды, олар 2015 жылы әрі қарай зерттеу үшін эксперименталды бақшаға (5 га алаң) отырғызылған.
  • 2015 жылы помологиялық бақшада Сиверс алмасының 11 түрінде егілген апорттың эксперименталды бақшасы салынды.
  • 2015-2017 жылдары Сиверс жабайы алма ағашының іріктелген түрлеріне егілген апорт эксперименталдық бақшасында карантинді қоса алғанда, негізгі аурулар мен зиянкестерге өнімділік және тұрақтылық әлеуетін іске асырудың биологиялық ерекшеліктері зерттелді.
  • 2018-2020 жылдары Сиверс алмасының 11 формасындағы апорт эксперименталдық бақшасында жеміс-жидектің негізгі зиянкестері мен ауруларына сортты-жертөле комбинацияларының өнімділігі мен тұрақтылығы әлеуетін жүзеге асыру зерттеледі.

 

Алма өсіретін кәсіпкерлерді қолдау 

Алма бағын өсіруімен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау және ынталандыру мақсатында оларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде. Атап айтқанда, 2012-2018 жылдар аралығында 728,8 гектар жерге апорт сортын отырғызған 214 шаруашылық субъектісіне көпжылдық көшеттерді отырғызу және өсіру шығындарының құнын ішінара (40%-ына дейін) субсидиялау мақсатында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 670,4 млн теңге субсидия берілді. Қазіргі кезде 2007 жылмен салыстырғанда апорт алмасы егілген бақ көлемі 842 гектардан 1645 гектарға немесе 53%-ға өсті.

Сонымен қатар «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты сатып алған элиталық көшеттерінің ішінара (50%) шығындары (шекті бағадан) өтеледі.

Алма бағын өсіруге «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 бұйрығының №18 «5 гектардан бастап қарқынды алма бағын отырғызу» жобасының паспортына сәйкес шығындардың 25%-на дейін субсидиялау қарастырылған.

Атап айтқанда, Алматы облысы бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (оның ішінде алма бақ өсірумен айналысатын шаруашылықтарға) «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау» және «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» бағдарламалары бойынша мемлекет тарапынан қолдау қарастырылған.

Былтыр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі А. Баталов апорт алмасының қайта жаңғыртылғанын айтқан болатын. Осы ретте, Алматы облысы бойынша алманың «Апорт» сортын көптеп өсіру жөнінде жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берілді. Алайда, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңынан «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» бағыты алынып тасталуына байланысты, алма ағаштарын отырғызу жұмыстары бәсеңдеп қалды. Өйткені, апортты отырғызуға және ол ағаштар алғашқы өнімін бергенге дейін 8-9 жыл бойы күтіп-баптауға жұмсалатын шығындар көп, сондықтан шаруашылықтардың апорт ағашын отырғызуға ниет төмен. Осы орайда, кәсіпкерлер тарапынан «Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау» бағдарламасын қайта жаңғыртуды сұраған өтініштер келіп түсуде. 

 

Алма бағын өсіруде халықаралық ықпалдастық

2019 жылы қазан айында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Нидерландыға жасаған сапары кезінде Қазақстан және Нидерланды премьер-министрлері Қазақстан-Голландия форумында инвесторлар Алматы облысы Талғар ауданында 14 голландиядық компания қарқынды бақтарды өсіруде қолдау көрсететіні туралы келісімге келген болатын. Осы келісімді іске асыру мақсатында 2020 жылдың 22 мамырында Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Андре Карстенс Алматы облысы, Талғар ауданы, Байбұлақ кентінде орналасқан «Агроуниверситет» оқу-тәжірибелік шаруашылығына барды.

Қазіргі уақытта бұл оқу тәжірибе шаруашылығында «Dutch Fruit Solutions Kazakhstan» мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін ұсынатын компаниялар тобы мен Қазақ ұлттық аграрлық университеті арасындағы Консорциялық келісім шеңберінде жеміс-жидек дақылдарының таныстырылымдық бағын құру жөніндегі бірлескен жоба тиімді іске асырылуда. 

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Т. Есполовтың айтуынша, 2019 жылы шілде айында ҚазҰАУ-да нидерландтық мамандармен кездесу өтіп,  онда жеміс және жидек дақылдарының таныстырылымдық бағын құру мәселесі талқыланған. Соның нәтижесінде, биыл наурыз айында екіжақты келісімге қол қойылды. Бүгінгі күні осы келісім өз нәтижелерін беруде.

Бұл жоба жеміс шаруашылығын дамытудың мемлекетаралық Қазақстан-Нидерланды бағдарламасының құрамдас бөлігі саналады. Жоба аясында Қазақстанда тиімді және тұрақты жеміс шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету мақсатында Нидерланды Корольдігі Үкіметі 14 компаниядан тұратын топ құрды. Топ саланың өнімділігін, азық-түлік қауіпсіздігі мен өнім сапасын арттыруға ықпал ететін жеміс және жидек дақылдарының өнімін өңдеудің, сақтаудың және өңдеудің заманауи отырғызу материалымен және түпнұсқалық технологияларымен қамтамасыз етуге дайын.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Байбұлақ кентіндегі ҚазҰАУ-дың «Агроуниверситет» оқу-тәжірибе шаруашылығы базасындағы «Жеміс және жидек дақылдарының таныстырылымдық бағы» университеттің жеміс шаруашылығы, агрономия, су ресурстары, экология және т. б. саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыру бағытында білім алушылардың оқу-өндірістік тәжірибеден өтетін орны болып табылады. Жеміс және жидек дақылдарының таныстырылым бағында алманың перспективалы 12 сорты, алмұрттың 4 сорты, алхорының 10 сорты, шиенің 12 сорты,  көкжидектің - 7 сорты, сондай-ақ Нидерландыдан келген құлпынай, қызыл қарақат және аспарагустың перспективалы 12 сорты сертификатталған отырғызу материалымен 1,5 га алаңға егіледі.

Бірлескен инновациялық жоба - Нидерланды университеті мен ҚазҰАУ ғалымдары арасында сорттарды аудандастыру Қазақстанның әр түрлі табиғи-климаттық аймақтары үшін технологияларды жетілдіру бойынша ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Инновациялық бағыттағы бірлескен жобалар нәтижелері екі ел үшін де тиімді болмақ.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Шілде 2020, 17:39
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
14 Шілде 2020, 15:59
ҚР Үкіметінің отырысы, 14.07.2020
14 Шілде 2020, 15:31
Қазақстан оқушылары үшін жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады - ҚР БҒМ
14 Шілде 2020, 13:12
2020 жылы электрондық еңбек биржасы арқылы 281 мыңға жуық қазақстандық жұмысқа орналасты
14 Шілде 2020, 12:54
Індет кезінде Қазақстанда 22 млн астам электронды қызмет көрсетілді - ЦДИАӨМ
14 Шілде 2020, 12:46
Қазақстанда суармалы жерлер көлемін 2030 жылға дейін 3 млн га жеткізу жоспарланған
14 Шілде 2020, 12:17
Қазақстанда импорттаушы елдер нарығына егжей-тегжейлі шолумен «экспорттық гидтер» типтік жүйесін енгізу жоспарлануда — ҚР АШМ
14 Шілде 2020, 12:02
2020 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті — ҚР ИИДМ
14 Шілде 2020, 11:33
2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұру үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады
14 Шілде 2020, 11:07
Іссапарлар мен өкілдік шығындарды қысқарту — Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың шығындарын қалай оңтайландырады
14 Шілде 2020, 10:59
Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықты қолдау бойынша бірлескен жоспары қабылданады
14 Шілде 2020, 10:50
Биыл шілдеден бастап ай сайын 600 мыңнан аса қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету көзделген — ҚР ДСМ
14 Шілде 2020, 10:28
Үкімет шектеу шараларын а.ж. 2 тамызға дейін ұзартып, табысынан айырылуы бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады
13 Шілде 2020, 18:46
14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Шілде 2020, 18:28
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
13 Шілде 2020, 17:57
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды
13 Шілде 2020, 11:31
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:15
Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:07
Қанат Баитов ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
13 Шілде 2020, 10:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.