Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Биылғы 9 айдағы ӘЭД аралық көрсеткіштері, нан бағасы, валюта нарығындағы жағдай немесе Үкімет отырысы қалай өтті

Дүйсенбі, 14 Қазан 2019, 19:22:15

Биылғы 14 қазанда өткен кезекті Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі республикалық бюджеттің орындалуы және әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, сондай-ақ астық жинау науқанының қорытындысы шығарылды. Үкімет кулуарында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері өзекті сұрақтарына жауаптар алды, отырыс қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті, онда спикерлер ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов және «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ басқарушы директоры Нұрбек Дайырбеков болды. 

Бірінші мәселені қарау барысында ҚР Премьер-Министріне осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ЖІӨ өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3% құрағаны баяндалды. Ұлттық қордың активтері 2,4%-ға $59,4 млрд дейін ұлғайды, республикалық бюджет кірістері – 7677,6 млрд теңгені (жоспардың 100,8%), өсім қарқыны 112,6% құрады. 

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 2019 жылғы қаңтар-шілдеде 686 мың теңгені құрады және 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы мәнінде 10%-ға, нақты мәнінде 4,7%-ға өсті.

Өнеркәсіп өндірісі а.ж. 9 айда 3,3%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібі мен кен өндіру өнеркәсібі өсудің драйверлеріне айналды. 

Өңдеу саласында ең жоғары өсуге жеңіл өнеркәсіпте, машина жасауда, сусындар өндірісінде және фармацевтикада қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 3,5%-ға ұлғайды. Көрсетілетін қызметтер саласында өсім 4,4%-ды құрады. Көтерме сауда есебінен сауда көлемдері 7,6%-ға өсті. Жүк айналымының есебінен көлік қызметтері 5,5%-ға өсті. Биылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 1,8%-ға өсіп, $62,1 млрд құрады. Экспорт көлемі $37,6 млрд құрады. Импорт $24,5 млрд құрады. Негізгі көрсеткіштер бойынша өңірлердің көбінде өсімнің оң серпіні байқалады. 

9 айдың қорытындысы бойынша экономика өсімінің негізгі базалық көрсеткіштері бойынша Асқар Мамин Атырау, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Павлодар облыстары әкімдіктерінің оң жұмысын атап өтті және өңір басшыларына аталған жағдайды қысқа мерзім ішінде түзеуді тапсырды.

Үкімет басшысы әкімдердің жергілікті қамту бойынша бекітілген индикаторларды орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет екенін, сондай-ақ, заңнама, индустриялық сертификат және СT-KZ сертификаты талаптарының орындалуын қамтамасыз ету қажет екенін айтты.

Премьер-Министр Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарының әкімдіктерінің сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін арттыру жұмысындағы жақсы көрсеткіштерін атап өтті. Үкімет басшысы «Атамекен» ҰКП пен Қаржы министрлігіне әкімдіктермен мемлекеттік сатып алуды жүргізу бойынша дұрыс жұмыс атқару тұрғысынан қосымша семинарлар өткізуді тапсырды.

«Осы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша өңірлер басшыларының жұмысы бағаланатынын тағы да атап өтемін», — деп түйіндеді А. Мамин.

Екінші мәселені қарау кезінде Премьер-Министрге қазіргі таңда жалпы 15,2 млн га дәнді дақыл алқабының 15,1 млн га жиналғаны баяндалды, бұл 99,2% құрайды. Орташа өнім алу 12,6 ц/га болғанда, 19,1 млн тонна астық бастырылды. Алдын-ала есептер бойынша биыл дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының өнімділігі бункерлік салмақта шамамен 19 млн тоннаны құрауы мүмкін, бұл 2018 жылғы өніммен салыстырғанда 2 млн тоннаға кем.

«Биыл ауа райының жайсыз болуына байланысты біз өткен жылмен салыстырғанда бункерлік салмағында 2 млн тоннаға кем астық жинадық. Ауыл шаруашылығы министрлігіне нанға бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен астықты уақытылы сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырамын», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстандағы ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, жиналған астықты сақтап қалу үшін барлық шараны қолға алу, нан қабылдау кәсіпорындары астықты сақтауды, сондай-ақ ылғал астықты өңдеу мен кептіруді уақытылы қабылдауды қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті. 

Премьер-Министр ауыл шаруашылығы құрылымдарының келесі жылға жиын-терім тұқымдарына қажеттілігін және олардың сапасын тексеруді қамтамасыз етуді, жаңа жиын-терім астығын экспорттау бойынша дайындық жұмыстары аясында логистика мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғарғы ылғалдылығын ескерумен биылғы қазан-қараша айларында астық пен тұқымды кептіруді жүргізу үшін облыстарға дизельді отынның қосымша көлемін бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды. 

ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы баспасөз конференциясы өтті. 

Өз сөзінде С. Омаров қолданыстағы 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылға қарай аумағы 610 мың га болатын жаңа жерлерді айналымға енгізу көзделгенін хабарлады. 

Қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында МЖӘ тетігі арқылы жеке әріптестіктің қатысуымен жаңа суармалы жерлерді дамыту бойынша жобаларды іске асыру және ирригациялық желілерді салу үшін әлеуетті инвесторларды анықтау бойынша жұмыстар жандандырылуда. 

«Жоғарыда аталған шараларды іске асыру 2030 жылға қарай суармалы жерлер көлемін 3 млн гектарға дейін арттыруға мүмкіндік беріп, ауыл шаруашылығы өнімдері көлемінің 4,5 есе өсімін қамтамасыз етеді», — деді министр.

Министрлік ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарып алу бойынша Жол картасын әзірледі. Осы Жол картасы аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерге салынатын салық мөлшерін кезең-кезеңмен көтеру жоспарланған. 

Сонымен қатар С. Омаров жерді пайдаланушыларды тексерудің басталуы мен нәтижелері туралы СМС хабарламалар арқылы хабардар ету тетігін әзірлеу жайлы айтып берді. 

Қазір Жол картасының жобасы мемлекеттік органдардың талқылауында жатыр. Ол қосымша жұртшылықпен талқыланатын болады. Осы заң аясында ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесінің тәсілдері өзгертіледі: міндетті сақтандырудан ерікті сақтандыруға көшу жүзеге асырылады, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға көшу қолға алынады. 

Сонымен қатар әкімдіктер мен кедендік органдардан бақылау-қадағалау функциялары Ауыл шаршуалығы министрлігіне қайтарылады, сондай-ақ кәсіпкерлерді инновацияларды енгізуге тарту үшін ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бойынша бизнес шығындарының бір бөлігін субсидиялау қарастырылады. 

Журналистердің нанның бағасы туралы сұрақтарына жауап бере отырып, С. Омаров нан бағасының аздап өсуі күтіліп отырғанын, дегенмен Азық-түлік келісімшарт корпорациясында бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін астық жеткілікті екенін айтты. Оның айтуынша, нан бағасының қалыптасуы тек бидайға ғана байланысты емес, басқа да қосымша шығындар бар. Бұл энергияны тұтыну, жалақы, жанармай және т.б.

«Мұның бәрі нарықтағы жағдайға байланысты. Бүгінгі таңда элеваторларға барлығы 2,9 млн тонна астық жеткізілді. Қараша айының соңына қарай барлық астық элеваторларда болады, содан кейін біз бағаның қандай болатындығын түсінеміз. Нанның бағасы тек бидайға ғана байланысты емес, нан бағасының қалыптасуында бидай шамамен 54% құрайды. Қалғаны басқа қосымша шығындарға байланысты. Нан бағасының күрт көтерілмеуі үшін біз жұмыс істейміз. Қазір нанның бағасы өңірге байланысты 75-78 теңге аралығында. Менің ойымша, шамалы өсім болады», — деп нақтылады С. Омаров.

Өз кезегінде, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов бүгінгі таңда Азық-түлік келісімшарт корпорациясының тұрақтандыру қорында 350 мың тонна астық бар екенін, оған қоса келісімшарт жасалған 70 мың тонна астық бар екенін айтты, бұл шамамен 400-420 мың тонна астық. Бұл көлем ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін жеткілікті. 

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басқарушы директоры Нұрбек Даирбековтың айтуынша, қазіргі уақытта жалпы сақтау сыйымдылығы шамамен 12,2 млн тонна болатын 187 лицензия берілген нан қабылдау кәсіпорны бар, олар әкімдіктер берген лицензия негізінде қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетеді.

«Бүгінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы республика бойынша нан бағасына мониторинг жүргізуде. Біз қандай сападағы бидай жиналғанын, қанша көлемде жиналғанын қараймыз. Осы сандарға сүйене отырып, біз өзіміздің іс-қимылдарымызды жасаймыз. Егін жинау нәтижелеріне қарай біз толық баға беріп, азық-түлік корпорациясының тұрақтандыру қорларын қалыптастыру мақсатында нарыққа жаңа ұсыныстар енгіземіз, осылайша 2020 жылы күзгі-көктемгі кезеңде бағаны төмендетуге қажеттілік туындаған жағдайда, ішкі нарықтағы бағаны тұрақтандыруға құралдар болады», — деді Н. Даирбеков.

Сонымен бірге, бүгінде бидайдың экспорттық әлеуеті шамамен 6 млн тоннаны, арпа бойынша ‒ 2 млн тоннаға жуық және басқа дәнді дақылдар бойынша шамамен 300 мың тоннаны құрайды. Осылайша, 2019 жылғы егіннен барлығы 8,3‒8,5 млн тонна астық экспортталады деп күтілуде.

Үкімет кулуарларында ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласына қатысты бұдан кейінгі іс-шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, қала тұрғындары үшін қазір тікелей қауіп-қатер жоқ. Қала толық тазартылды. Негізгі жұмыстар жарылыс болған әскери бөлім аумағында жүргізіліп жатыр. 

«Бізде Жоғарғы Қолбасшының тапсырмасы бар, мемлекеттік қажеттілік бар, Арыс тұрғындарының талаптары бар, барлық қалған оқ-дәріні жылдам шығару керек. Біз қазір бұл жұмыстарды жүргізіп жатырмыз», — деді Н. Ермекбаев.

Оның айтуынша, бұл үшін қажетті әскери қызметкерлер саны — 700 мыңнан аса адам тартылған. Алайда, бұл жұмыстарға әскерге шақырылғандар, мерзімді әскери қызметтегілер тартыла алмайды. Тек біліктілігі жоғары, дайындалған саперлер мен инженерлер, әскери полицейлер тартылады. 

«Қаланы оқ-дәріден босату міндетін тек кәсіби әскерилер ғана орындайтын алады. Бұл әрине, қатерлі іс. Әскери қызметкерлер Арыс тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін саналы түрде қауіп-қатерге барып, алдарына қойлыған міндетті атқарады. Әскери қызметкерлерден басқа мұндай жұмыстарды ешкім атқара алмайды. Ол үшін біліктілігі жоғары, дайындалған кәсіби мамандар қажет», — деп қосты қорғаныс министрі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Кендірлі–Қаясан қорығы аумағында Қызыл кітапқа енгізілген дуадақтарды аулауға рұқсат беретін жағдайлар туралы айтып берді. Оның айтуынша, мұндай рұқсат тек екі елде бар – Катар және БАӘ елдерінің Қазақстанмен тиісті келісімдері жасалған. Министрдің айтуынша, бұл елдер Қазақстан аумағындағы табиғатты қорғау шараларын қаржыландырады. Сонымен қатар Түркістан облысында перзентханалар, мектептер мен балабақшалар, емханалар салу тәрізді түрлі әлеуметтік жобаларға $350 млн-ға жуық қаржы салған. 

«Араб тарапы бұл бағдарламаны айтарлықтай ерте – 10 жылға жуық уақыттан бері жүргізіп жатқанын түсіну керек. Осы жылдар ішінде олар $61 млн қаражатқа түрлі табиғатты қорғау шараларын қаржыландырды, яғни бұл дуадақты дамыту орталығын салу, материалдық-техникалық қамсыздандыру және т. б. Жыл сайын табиғатқа дуадақтар шығарылады, биыл 6 мыңға жуығын шығарамыз деп болжап отырмыз. Осы жылдар аралығында 20 489 дуадақ шығарылды, 969-ы – ауланды», — деді М. Мырзағалиев. 

Оның айтуынша, Қызыл кітапқа енгізілген басқа да жан-жануарларды ғылыми тұрғыдан зерттеу мен зерделеуге қажетті мәселелерден өзге жағдайда табиғаттан ажыратуға тыйым салынған. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.