Брифинг: Серік Жарасбаев пен Андрей Крюков ҚР Ұлттық құрамасының Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы мен қатысуы туралы баяндады

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дайындық және ҚР Ұлттық құрамасының қатысуы бойынша брифинг өтті. Іс-шараға ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков қатысты.

XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылғы 4-20 ақпан аралығында Бейжің қаласында (Қытай) өтеді. Олимпиадаға әлемнің 95 елінен 4000-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда. Жарыс бағдарламасында спорттың 15 түрі бойынша 109 медаль жиынтығы ойнатылады. Қолда бар инфрақұрылымды ескере отырып, жарыстар негізгі үш жерде – Яньцин, Чжанцзякоу және тікелей ҚХР астанасы – Бейжің қаласында өткізілетін болады. 2022 жылдың 4 ақпанында Бейжің уақытымен 20:00-де Бейжің ұлттық стадионында XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, ал 2022 жылдың 20 ақпанында XXIV қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.

Серік Жарасбаев Қазақстан құрамасының Олимпиада ойындарына дайындық барысы және жеңіп алған лицензиялар туралы айтып берді.

«Биылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан құрамасында спорттың 8 түрінен 87 лицензия (биатлон, шаңғымен жарыс, шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл (могул, акробатика), таушаңғысы спорты, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты) бар. Олимпиадада ел құрамасының сапында 34 спортшы бақ сынайды. Оның ішінде ШҚО – 9, Алматы қаласы – 8, Ақмола облысы – 4, Павлодар облысы – 3, Нұр-Сұлтан қаласы – 3, БҚО – 1, СҚО – 1, Шымкент қаласының 1 спортшысы бар», — деді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі.

Андрей Крюковтың айтуынша, егер спортшыларымыз қатысатын дисциплиналар саны бойынша алатын болсақ, онда бұл көрсеткіш өзгерген жоқ – 87 лицензия. Сонымен қатар нақтылау әлі де жалғасуда және келесі аптада басқа дисциплиналар бойынша нақтылау күтілуде. Лицензиялардың көпшілігін шаңғышылар – 35, конькимен жүгірушілер – 12 және биатлоншылар – 12 жеңіп алды. Қалған лицензиялар – шорт-трекерлер – 9, фристайл-могулистер – 6, фристайл-акробаттар – 4, шаңғымен секірушілер – 4, тау шаңғысы спортшылары – 3, шаңғы қоссайысы – 3.

Ол сондай-ақ қазіргі уақытта барлық спортшылар дайындықтың соңғы кезеңінен өтіп жатқанын айтты. Олардың барлығы карантиндік аймақтарда, оның 2-уі Қазақстанда, 3-уі шетелде. «Алау» сарайының базасында (Нұр-Сұлтан қ.) шорт-трек және конькимен жүгіру спорты бойынша спортшылар бар, Алматыда жабық аймақта фристайл-могул, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы спорты, трамплиннен шаңғымен секіру өкілдері тұрады және жаттығады.

Андрей Крюков өткен Олимпиада ойындарына 46 қазақстандық атлет қатысқанын, олардың 91 лицензиясы болғанын еске салды. Бүгінгі таңда лицензиялардың көпшілігін шаңғышылар – 35, 12-ден биатлоншылар мен конькимен жүгірушілер жеңіп алды.

«Айта кетейік, Пхенчханмен салыстырғанда биатлоннан спортшылар саны мен лицензиялар саны екі есеге жуық аз. 2018 жылы Кореяда 10 спортшы және 21 дисциплина болды. Қалған лицензиялар — шорт-трек – 9, фристайл-могул – 6, фристайл акробатика – 4, трамплиннен шаңғымен секіру – 4, тау шаңғысы спорты – 3, шаңғы қоссайысы – 2. Олимпиадалық квоталарды халықаралық федерациялардың қайта үлестіруінің арқасында жақында екі лицензия қосылғанын айтқан болатынбыз, сондықтан қазір соңғы біліктіліктерімізді жабамыз. Қазіргі уақытта барлық спортшылар дайындықтың соңғы кезеңінен өтуде: карантиндік аймақтарға орналасқан, олардың екеуі Қазақстанда, үшеуі шетелде. Фристайл-могулдың өкілдері, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы спорты, шаңғымен трамплиннен секіру бойынша Шымбұлақ базасында Чжанцзякоу трассасына ұқсас трасса жасалды. Спортшылар мен жаттықтырушыларда жақсы нәтиже бар, бұл біздің спортшыларымызға жолға бейімделуге және қиындықтарды түсінуге көмектеседі деп ойлаймыз», — деді ҰОК өкілі.

Оның айтуынша, олимпиадашыларды КВИ-ден қорғау үшін тек спортшылар мен жаттықтырушылар ғана емес, барлық қызметкерлер карантинге алынды. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істейді, жағдайға талдау жасайды және спортшылармен байланыста.

Андрей Крюковтың айтуынша, шаңғы жарысында екі ер адам және бес әйел адам ойнайды. Олар үлкен эстафетадан басқа әртүрлі дисциплиналарда өнер көрсетеді.

«Өкінішке орай, өткен жаттығу мен жарыс маусымында команда карантиндік шектеулерге байланысты өнер көрсеткен жоқ, тек Германияда өткен әлем чемпионатына ғана қатысты. Осы маусымда бар күш-жігерімізді салып, жеті лицензия жеңіп алдық. Биатлоннан тәжірибесі бар Галина Вишневская, Александр Мухин, Владислав Киреев, могулистер – Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхард, Павел Калмаков бағын сынайды. Барлық спортшылар өте танымал және жеке таныстыруды қажет етпейді. Бұл Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарындағы басты үмітіміз. Бір қызығы, бүкіл команда қазақстандық могулшылар үшін даму орталығына айналған Өскемен қаласынан. Командада қиындықтар болды, өкінішке орай, бір спортшы визаның болмауына және ұйымдастырушылардың логистикалық проблемаларына байланысты лицензияға қол жеткізе алмады. Жалпы, команда өте қиын іріктеуден өтті, бүгінгі таңда нәтижелері жақсы деуге болады. Олимпиада ойындары қарсаңында фристайл акробатикасында команда көшбасшысы Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева және Шерзод Әшірбаев 4 квота алды. Коньки тебушілер арасында Халықаралық федерация бүгінгі таңда 12 лицензияны растады. Осы маусымда команда әлем кубоктарына, барлық кезеңдерге қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Кейбір спортшылар Олимпиадалық жарысқа бірнеше қашықтық бойынша қатысады», — деді ҰОК өкілі. 

Шорт-тректен Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Ольга Тихонова күш сынасады. Шаңғы спортында екі дисциплинада – слалом және алып слаломда Захар Кучин, әйелдер арасында Александра Троицкая өнер көрсетеді. Шаңғымен трамплиннен секіру бойынша Сергей Ткаченко, Данил Васильев, Шыңғыс Ракпаров шаңғы қоссайысына қатысады.

«Жалпы делегация 100 адамнан тұрады. 34 атлеттен басқа Бейжіңге 20 жаттықтырушы, жеті сервисмен, штабтың жеті қызметкері, кешенді ғылыми топтардың 10 қызметкері (дәрігерлер мен массажшылар) барады. Барлығы нақтыланады, ковидтік шектеулер бойынша үлкен талаптар қойылған, сондықтан 100-ден кем болуы мүмкін», — деп хабарлады ҚР ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.

Андрей Крюков Бейжің Олимпиадасына қатысу үшін бюджетте 228 млн теңге ($518 мың) қаражат қарастырылғанын айтты.

Қазақстан ҰОК бас хатшысы қазақстандық атлеттердің жаңа форманы қалай қабылдағаны туралы да айтып берді.

«Тарихта алғаш рет қазақстандық команда еліміздің атауы қазақ тілінде жаңа орфографияда латын қарпімен жазылған киімде өнер көрсетеді. Ол үшін біз ХОК-тен арнайы рұқсат алдық. Жазу еліміздің Мемлекеттік елтаңбасындағыдай болады. Мұнда бізде өте жақсы фидбэк бар. Бұл жаңалықты спортшылар да, спортқа немқұрайлы қарамайтын азаматтар да өте жақсы қабылдады. Мамандардың пікірінше, бұл команданың рухын көтереді, спортшылар оны үлкен ықыласпен қабылдады», — деп А. Крюков өз бақылауларымен бөлісті.

Ең жас үлкен спортшы Евгений Величко 35 жаста (шаңғы жарысы), ең жас спортшы Городко Анастасия – 16 жаста (фристайл-могул). Жас болғанына қарамастан, ол 2021 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері.

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев қысқы спорт түрлерін дамытуға жазғы спорт түрлеріне қарағанда аз көңіл бөлінетінін мойындады. Соған қарамастан, Денис Теннің Сочидегі Олимпиададағы жеңісінен кейін бұл спорт түрі елімізде қарқынды дами бастады.

«Элизабет Тұрсынбаева да мансабын аяқтады. Бірақ ізбасарлары бар. Оларды дайындауға мүмкіндік бар. Қысқы спартакиада ойындарында спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетті. Оған Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының спортшылары ғана емес, Қызылорда, Маңғыстау спортшылары да қатысты. Ал Олимпиада деңгейі жоғары. Оған сай келетін спортшылар біраз уақыттан кейін дайын болады деп ойлаймын. Бұл спорт түрінің дамуына Үкімет көп күш салып жатыр. Жаңа нысандар іске қосылуда. Оңтүстік аймақтарда да тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр», — деді спикер өз жауабында.

Ведомство өкілі қысқы спорт түрлерін дамытудың жаңа бағыттары 25 ақпанда өтетін министрліктің кеңейтілген отырысында қаралатынын атап өтті.

Сондай-ақ Серік Жарасбаев қазақстандық жанкүйерлерді отандық спортшыларды қолдауға шақырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу