Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Дарынды оқушыларды қолдаудың Жол картасы: көпбалалы отбасылар мен ауыл балалары үшін жаңа мүмкіндіктер қандай

Жұма, 06 Желтоқсан 2019, 18:45:40

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек» деп Үкіметке дарынды балалардың қабілетін дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар ол осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндіктер жасау керектігін айтқан еді. Осы ретте, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының 55-тармағын іске асыру мақсатында ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді. Көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балалар қалай іріктеледі, оларға қандай қолдау шаралары көрсетіледі? Ауылдық жерлердегі талантты оқушылар назардан тыс қалмауы үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда қандай санаттағы балаларға жеңілдіктер қарастырылған? Бұл туралы толығырақ Рrimeminister.kz-тің шолу материалында.

 

Дарынды оқушыларды іріктеу жобалары

2019 жылы 27 қараша күні ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның талантты жастарымен өткізген кездесуінде ауыл мектептерін қолдау бойынша жоспарланған шараларға тоқталып өткен еді. Солардың бірі – «Мың бала» олимпиадасының ұйымдастырылуы. ҚР Тұңғыш Президент қоры қолға алған бұл шара талантты және қабілетті жас қазақстандықтарды қолдауға бағытталған «Ел Yмiтi» бастамасы аясында жүзеге асырылатын болады. Соның нәтижесінде, ауыл мектептеріндегі 1000 үздік оқушы талантты балаларға арналған «Дарын» мектептерінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алады.

Елбасы бастамасы шеңберінде өткізілетін «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының мақсаты - шағын қалалар мен ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау. Бұл бағытта, дарынды балалар мен жастарды қолдау үшін жалпы білім пәндері бойынша халықаралық және республикалық олимпиадалардың, орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін мектептегі қорытынды аттестаттауды тапсырудан босату және ЖОО-ларда оқу үшін оларға білім гранттарын беру туралы ұсыныстар жасалуда.

Бұдан өзге, арнаулы бағдарлама бойынша ауыл мектептері жаңғыртылатын болады. 2020 жылы бірінші кезеңде 14 мектеп таңдалады.

«Бағдарлама аясында осы мектептердің педагогтары республикалық интеллектуалдық мектептер мен жетекші халықаралық университеттерде оқытудың заманауи әдістерін меңгереді», - деді Елбасы.

Айта кетейік, аталған бастаманы іске асыру бойынша «Ел Үміті» жобасын жүзеге асыру аясында қазіргі сәтте еліміздің барлық өңірлерінде дарынды балаларды анықтау және қолдау орталықтары ашылуда. Ол жерлерде талантты оқушылар үшін барлық жағдайлар жасалмақ. Сондай-ақ ауылдық елді мекендердегі аса қабілетті балаларды ҚР Тұңғыш Президенті қорына тіркеу жоспарланған. Кейін оларға берілетін тапсырмалар онлайн түрде жолданып тұратын болады. Мұндай орталықтар сонымен қатар оқушыларды түрлі пәндік олимпиадаларға қатысуға да дайындайды. 

«Ел Үміті» бастамасымен қатар, Елбасы биыл талантты жастарды қабілетті балаларды қолдауға бағытталған «Қамқорлық» атты жаңа жобаның іске асырыла бастайтынын айтқан болатын.

«Талантты жастарымыз ел ішінде және шетелде білім алуы үшін оларға көмектесуіміз керек. Бұл – өте пайдалы әрі қажетті жұмыс. Жалпы Қордың осы бағыттағы жұмысын жандандыру керек», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

«Ел Үміті» бастамасын іске асыру операторы ретінде «Елбасы академиясы» құрылады. Бастама аясында жыл сайын ауылдар мен шағын қалалардан кемінде 3 мың дарынды бала анықталатын болады. Осы мақсатта таланттарды анықтау және қолдау орталықтары құрылады.

Ал ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген ауылдық жерлерден, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу бойынша Жол картасында оқушылардың білімі мен қабілет-қарымын күшейтуге басымдық берілген. Оның ішінде барлық санаттағы балалардың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді және дарынды жастарды қолдау шараларын атап өтуге болады.

Жол картасы аясында ауылдық жердегі, сондай-ақ аз қамтылған және көп балалы отбасылардағы дарынды балаларды қолдау үшін инклюзивті білім беру қағидаты қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, қалалық және ауылдық мектептердегі білім беру сапасы арасындағы айырмашылық қысқартылады.

Жобаға сәйкес, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықтар құрылады. Сонымен қатар «Дарын» өңірлік ғылыми-практикалық орталықтар жанынан ауылдық жерлерде тұратын, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды оқыту және дамыту бойынша онлайн мектептер ашылады және олар үшін материалдық көтермелеу жүйесін енгізу қарастырылған. Жазғы пәндік ауысымдар өткізу, балалар үшін тұлғалық өсу бойынша тренингтер ұйымдастыру да назардан тыс қалмайды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын өткізеді. Байқаудың негізгі мақсаты - оқушылардың өзіндік шығармашылық қызметін дамыту, функционалдық зерттеу дағдыларына үйрету, ғылым саласындағы зерттеулерге қызығушылық танытатын дарынды таланттарды анықтау және қолдау, оқушылардың дербестігі мен әлеуметтік белсенділігін тәрбиелеу. Өткен жылы бұл байқауға 20 мыңнан аса оқушы қатысып,  49 жоба 60 қатысушы алтын медальмен, 79 жоба бойынша 103 қатысушы күміс медальмен, 130 жоба бойынша 176 қатысушы қола медальмен марапатталды. Ал биылғы оқу жылында конкурстың бірінші кезеңінде online режимінде 21 604 оқушы тіркелді, оның ішінде 14 281 оқушы қазақ тілінде (66%). Ашықтықты қамтамасыз ету үшін өткен жылдан бастап байқауға қатысушы оқушылардың жобаларын қорғау онлайн режимде көрсетілді. Тікелей трансляцияға сілтемелер ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Дарын» РҒПО аккаунттарында және әлеуметтік желілерінде ұсынылады.

Оқушылардың қарым-қабілеттері мен таланттарын дамытуда орта білім беру ұйымдарындағы кітапханалардың маңызы зор. Қазіргі уақытта еліміздің мектептеріндегі 6453 кітапханада оқырмандар саны 2 млн асады. Ал кітап қоры 50 млн астам бірлікті құрайды.

Мектеп кітапханаларында пайдаланушыларға кітапханалық, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және қорларды сақтау үшін бөлмелер бөлінген. Жаңа мектептерде абонемент, кітап сақтау және оқу залының үлкен бөлмелері бар.

Соңғы жылдары ғаламтор желісіне қосылған және электрондық каталогтар жасайтын компьютерлермен жабдықталған мектеп кітапханаларының саны артуда, кейбір кітапханаларда Wi-Fi қарастырылған. Жаңа мектептердегі кітапханалардың барлығы соңғы үлгідегі компьютерлік техникамен жабдықталған. 

Мектеп кітапханалары электрондық ақпараттық технологияларды белсенді енгізу шаралар жалғасуда. Мысалы, техникалық құралдары бар мектептерде кітапханашылар оқырмандарға ыңғайлы болу үшін ақпараттық, оқыту және жарнамалық сипаттағы буклеттер, электрондық әдістемелік басылымдар, ақпараттық және ұсынымдық әдебиеттер тізімін жасайды. Сонымен қатар, мектептерде кітап оқу апталықтары мен арнайы акциялар ұйымдастырылып отырады.

Қазақстандық оқушылардың жетістіктері

Қазақстандық дарынды оқушылардың қазіргі уақытта көптеген халықаралық шараларға белсене қатысады. Олардың оның ішінде TIMSS, PIRLS, PISA сынды халықаралық зерттеулерде алдыңғы орындардан көрінуі көңіл қуантады.

Атап айтсақ, Қазақстан жаратылыстану-математикалық білім беру сапасын зерттеуде (TIMSS) көшбасшы елдердің қатарына енді. 8 сынып оқушылары әлемнің 39 елінің арасында математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша 7 және 9 орындарға ие болды, ал  4 сынып оқушылары 49 қатысушы елдің арасында 8-ші және 12-ші позицияда.

TIMSS (Trends in Mathematics and Science Study) халықаралық зерттеуі оқушылардың математика және жаратылыстану пәндері бойынша білім деңгейлерін анықтауды мақсат етеді. Зерттеуге 4 және 8 сыныпты бітірген оқушылар қатысады. Бұл зерттеуді Халықаралық білім жетістіктерін бағалау қауымдастығы (IEA) жүргізеді. Қауымдастықтың құрамында білім сапасын бағалау бойынша Білім саласындағы тестілеу қызметі (ETS – АҚШ), Канада статистика орталығы (Statistics Canada), Бостон колледжі (ISC – International Study Center, Boston College, АҚШ) т.б. тәрізді беделді халықаралық ұйымдар бар.

Осыдан төрт жыл бұрын өткен TIMSS-2015 шарасына Қазақстан атынан 179 мектептен 9 579 оқушы (4710 - 4 сынып оқушысы және 4869 - 8 сынып оқушысы) қатысты. Қазақстандық 4 сынып оқушыларының математикадан орташа баллы - 544 баллды және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша 550 баллды, 8 сынып оқушыларының орташа баллы сәйкесінше 528 баллды және 533 баллды құрады.

TIMSS-2019 нәтижелері 2020 жылдың желтоқсан айында жарияланады.

PISA-2018 зерттеуі бойынша қазақстандық оқушылардың білім деңгейі математика пәніне 423 баллды және жаратылыстану ғылымдары бойынша 397 баллды құрады. PISA-2018 зерттеуіне жаңартылған білім беру мазмұнына көшпеген оқушылар қатысты. Жаңартылған бағдарламалардың тиімділігін PISA-2021, PISA-2024 зерттеулерінен байқай аламыз. Өйткені, PISA-2024 тапсыратын білім алушылар жаңартылған білім мазмұн бойынша 7-8 жыл оқып үлгереді. Бұл ретте айта кетейік, 12 жылдық білім беруге көшу үшін бірінші кезекте орта білім беру мазмұны жаңартылды. «Білім туралы» ҚР Заңына, барлық деңгейдегі Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілді. Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде дарынды балаларды қолдау, әсіресе ауылдық жердегі балаларды қолдау жұмыстары жүргізілуде.

Еске салайық, TIMSS зерттеуі 4 жылда 1 рет, PIRLS зерттеуі 5 жылда 1 рет, PISA зерттеуі 3 жылда бір рет өткізіледі.

Жазғы каникул кезіндегі оқушылардың демалысын ұйымдастыру

ҚР білім және ғылым министрлігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балалар облыстық және республикалық сауықтыру лагерлері мен санаторийлерге, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығына жолдамалармен қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта жыл сайын жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен қамтылуын үйлестіруді қамтамасыз ету және бақылау бойынша қажетті кешенді шаралар жүзеге асырылады.

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін үйлестіру үшін 2018-2020 жылдарға арналған жазғы демалыс кезінде балалардың іспен шұғылдануын ұйымдастыру жөніндегі және 2017-2019 жылдарға арналған балаларды жүзуге оқытуды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жоспары қолға алынған.

Балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын ұйымдастыру мәселелері ҚР Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында, сонымен қатар жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру және бос уақытын қамту бойынша Республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы аясында қаралады. Бұл ретте, жекелеген санаттағы балаларды жазғы демалыспен қамту көрсеткіші ҚР Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. Бұл көрсеткіш 2020-2025 жылдарға арналған ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына өтеді.

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша, 2019 жылғы жазғы кезеңде елімізде 13 153 (2018 ж. - 12 982) сауықтыру лагері, оның ішінде 11 295 мектеп жанындағы (оның ішінде 5 344 – тамақпен және 5 951 бейінді лагерь мен тамақтандырусыз алаң), 236 – стационарлық қала сыртындағы (143 мемлекеттік, 93 жекеменшік), 1 622 шатырлы, спорттық, киіз үй жұмыс істеді.

Сауықтырумен 2019 жылы 2 млн 858 мың немесе 96,7% оқушы қамтылды (2018 ж. – 2 млн 558 мың немесе 90,9% оқушы).

Оның ішінде:

  • 1,7 млн оқушы (58,8%) мектеп жанындағы, шатырлы, қала сыртындағы лагерлерде;
  • 220 мың бала (7,4%) республиканың қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде;
  • 200 мыңға жуық бала (6,6%) шатырлы, киіз үй және спорт лагерлерінде;
  • 700 мыңнан аса оқушы (23,9%) - ата-аналарымен шипажайлар мен демалыс үйлерінде демалды.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен лагерлерге жеңілдікті жолдамалармен  келесі санаттағы балалар қамтылды:

  • әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан  балалар - 313 084 (99,2%) (2018 ж. - 260 127 немесе 95,5%);
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар - 63 572 (85%) (2018 ж. – 49 441 немесе 78%);
  • оқуда жетістіктерге жеткен балалар - 769 949 (91,5%), (2018 ж. - 655 845 немесе 86,2%);
  • девиантты мінез-құлқы бар балалар - 23 716 (96,4%), (2018 ж. - 29 792 немесе 91,6%).

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.