Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Электромобильдер өндірісі, жаңа зауыт және экспорттық нарықтарға шығу — Қазақстанның машина жасау саласын жаңа шынайылық жағдайында дамыту

Дүйсенбі, 23 Қараша 2020, 17:02:32

Қазақстан өзінің тәуелсіз жолының басында жалпыға бірдей индустрияландыру бағытын қабылдады. Дамудың ерекше бағыты өңдеу өнеркәсібі болды, ол кейіннен ел өнеркәсібінің өсуінің негізгі драйверіне айналды. Индустрияландыру жылдарында мыңдаған жаңа заманауи жоғары технологиялық өндіріс құрылды, олар жүздеген жаңа өнім түрлерін шығаруды қамтамасыз етті және мыңдаған жұмыс орындарын құруға ықпал етті.

Машина жасау экономиканы индустрияландырудың ажырамас бөлігі және мемлекеттің маңызды саласы. Сала агроөнеркәсіптік кешен, энергетика және металлургия секторлары, көлік және басқа да негізгі салалар қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, бұл көбіне экономиканың материалды қажетсінуін, еңбек өнімділігін және елдің экономикалық қауіпсіздігін айқындайды. Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдары машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 3 есеге жуық артып, 1 трлн теңгеден асты. Жаңа шынайылық жағдайында саланың қалай дамығаны туралы Primeminister.kz-тің шолу материалында.

 

Машина жасау Қазақстан экономикасының басты секторларының бірі ретінде

Қазақстанда машина жасау саласы Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы негізгі бағыттар болып саналады. Елімізді индустрияландырудың бірінші кезеңі аясында машина жасау басымдықтардың бірі болып белгіленді. Елімізді индустрияландырудың екінші кезеңін әзірлеу кезінде түрлі салалық бағдарламалар фрагменттеуді еңсеру үшін Бірыңғай мемлекеттік бағдарлама шеңберінде біріктірілді, сол арқылы индустриялық саясаттағы мақсаттарды айтарлықтай дәрежеде қайта қалыптастырды.

Екінші бесжылдық қаржы секторындағы, адам ресурстарындағы, инфрақұрылымдағы, технологиялар мен инновациялардағы, интернационалдандырудың, шағын және орта кәсіпкерліктегі, өнеркәсіптік реттеудегі индустриялық дамудың жалпы жүйелік шараларын қарастырды. Бұдан өзге, өңдеуші өнеркәсіптің 14 секторында қолдауды көздейтін атаулы қолдау шаралары анықталды. Осыған байланысты барлық өңдеуші өнеркәсіпті дамыту жеке салалық бағдарламаларға бөлместен, бірыңғай бағдарлама мен шарттарға келтірілді.

Қазіргі таңда Қазақстан жаңа технологиялық шешімдерді және тұтастай алғанда экономиканы ғана емес, өңдеу өнеркәсібін де дамыту жөніндегі озық әлемдік тәжірибені енгізуге ден қойған.

2000 жылдан бастап Қазақстанның машина жасау өндірісінің көлемі 24 есеге артты. 10-15 жыл ішінде сала жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектер өндірісінен өнімнің соңғы түрлерін: тепловоздар, электровоздар, жолаушылар және жүк вагондары, жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар, астық жинайтын комбайндар, сорғы жабдықтары, лифтілер және басқа да жоғары технологиялық өнімдер өндіруге көшті. Өнімнің жаңа түрлері пайда болды, атап айтсақ: локомотивтер, трансформаторлар, коммуникациялық жабдықтар, оптикалық бұйымдар, электрондық бөлшектер өндірісі, электр жарықтандыру жабдықтары өндірісі және т. б. 

Бүгінде Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаттары шығарылады.

Соңғы 10 жылда саладағы өндіріс көлемі 4 есе, инвестиция 2,5 есе, экспорт көлемі 3 есеге жуық өсіп, $1,1 млрд құрады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша өндірістің жылдық көлемі іс жүзінде 1,5 трлн теңгені құрады және сала өңдеу өнеркәсібінің аса ірі саласы – металлургия саласымен бір қатарға тұрды.

Айта кету керек, дәл осы өңдеуші өнеркәсіп бюджеттік тиімділігі тұрғысынан экономика секторлары арасында ең үлкен тиімділікке ие. Индустрияландыру жылдарында сектор кәсіпорындарынан түсетін салық 3 есе дерлік өсіп, жиынтығында 9 трлн теңгеден асты. Ал өңдеу өнеркәсібінде машина жасау өнімінің көлемі металлургияны қоспағанда, барлық салалардан асып түседі.

Сонымен қатар, сала өнеркәсіптің күрделі әртараптандырылған сегменті бола отырып, жоғары мультипликативті әсерге ие, жалпы алғанда, экономиканың қалған салаларына жағымды әсер етеді, бәсекеге қабілеттіліктің өсуіне және экономиканың күрделенуіне, техникалық ілгерілеуге және халықтың өмір сүру сапасының жалпы өсуіне ықпал етеді.

 

Машина жасау жаңа шынайылықта қалай дамуда?

Әлемде коронавирус инфекциясына байланысты қалыптасқан жағдайға және оның ел экономикасына әсеріне қарамастан, 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның машина жасау саласы оң динамиканы көрсетті. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өндіріс көлемі 32,7%-ға өсіп, 1 183,5 млрд теңгені құрады. Тұтастай алғанда, 11%-ға аздап төмендеген тау-кен машинасын жасауды қоспағанда, секторлар бойынша оң динамика байқалады.

«Пандемия кезіндегі дағдарысқа қарамастан, отандық машина жасаушылар өндірісті тоқтатқан жоқ. 2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша отандық машина жасаудың нақты мәніндегі өндіріс көлемінің өсуі 17%, ақшалай мәнінде 1,2 трлн теңгені құрады. Индустрияландырудың соңғы 10 жылында машина жасауда өндіріс көлемі төрт есе, инвестиция 2,5 есе, экспорт көлемі 3 есе өсті», — деді «Қазақстан машина жасаушылар одағы» басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев.

Саланың 3 мың кәсіпорнында (63 ірі, 100 орта және 2848 шағын) шамамен 123 мың адам еңбек етеді. Мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің арқасында салада 367 млрд теңгеге жуық сомаға 128 жоба табысты іске қосылды және 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Еңбек өнімділігі $9,2 мыңнан (2009 ж.) $15,5 мыңға дейін (2019 ж.) өсті.

Бұл ретте, машина жасауда құрылған бір жұмыс орны мультипликативті әсерге ие, ол өнеркәсіптің аралас салаларында 7-8-ге дейін жұмыс орнын құрады.

«Дәл осы машина жасау пандемиядан кейінгі кезеңде қалпына келтірудің көзі болуы тиіс», — деп атап өтті М. Пішембаев.

Бұл ретте Машина жасаушылар одағының басшысы қиындықтарға қарамастан жұмыс істеуге мүмкіндік тауып отырған өнертапқыш адамдар мен компанияларды қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Автоматтандыру, цифрландыру және әлемнің кез келген нүктесінен қашықтан жұмыс істеудің ұлғайып келе жатқан тренді аясында жаңа серпінді технологияларды енгізу және пайдалану бәсекелестікте басты рөл атқаратын болады.

«Шын мәнінде, экономиканың жоғары технологиялық сипаты мен машина жасау саласы ұқсас ұғымдар. Осыған байланысты еліміздің жоғары басшылығының отандық машина жасауды қолдау және дамыту жөніндегі саясаты әлемдік өнеркәсіптегі соңғы трендтермен толық сәйкес келеді», — деп атап өтті М. Пішембаев.

Бұдан басқа, экспортталатын өнімнің номенклатурасы мен географиясы кеңейтілді. Машина жасау кәсіпорындары Ресей, Қытай, Әзербайжан, Тәжікстан, БАӘ, Түркіменстан және т. б. елдерге аккумулятор батареяларын, автокөлік құралдарын, термос вагондарын, түрлі мұнай-газ жабдықтарын, бұрғылау қондырғыларын экспорттайды.

Машина жасау өнімдерінің жаңа түрлерінің – локомотивтердің, жүк және жолаушылар вагондарының, ТЖ дөңгелектері мен осьтерінің, бағыттамалы бұрмалардың, аккумуляторлардың, сорғылардың және басқа да мұнай-газ жабдықтарының өндірісі ұйымдастырылды. Мысалы, «Азия Трафо» АҚ - Орталық Азиядағы трансформаторлық жабдықтарды өндіретін ең ірі зауыт бұрын өңірде өндірілмеген 500 МВА дейінгі кернеуге арналған трансформатор өндірісін игерді.

2024 жылға дейінгі Машина жасауды дамытудың жол картасының рөлі қандай? 

Машина жасаушылар одағының басқарма төрағасының айтуынша, саланы дамытуға «Машина жасауды дамытудың 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасы» іс-шараларын іске асыру ықпал етті.

«Бұл құжатта алғаш рет "Өнеркәсіптік саясат туралы" ҚР Заңын әзірлеу және Өнеркәсіпті дамыту қорын құру сияқты институционалдық шаралар белгіленген. Бүгінгі таңда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылып, қоғамдық талқылауға енгізілді», — деді М. Пішембаев.

Жол картасы машина жасау кәсіпорындарын тиімді дамытуды көздейді. Қарсы міндеттемелерге айырбас ретінде салық преференцияларын енгізу, «Өнеркәсіптік саясат туралыс» Заңды әзірлеу және Өнеркәсіпті дамыту қорын құру сияқты шаралар машина жасауды одан әрі қарқынды дамыту үшін стимул береді.

Сондай-ақ, жол картасында отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз етуді, сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін арттыруды, техникалық реттеу шараларын жетілдіруді, экономикалық ынталандыру тетіктерін енгізуді қамтитын қолдау шараларының кешенді пакеті көзделген.

Машина жасау салалары арасында ең жоғары өсу динамикасын автомобиль жасау саласы көрсетіп отыр. Электротехникалық, ауыл шаруашылығы, темір жол, тау-кен және мұнай-газ машина жасау секторларында өндіріс белсенді дамуда.

Министрлік жұмысының нәтижелері бойынша Жол картасы шеңберінде қазірдің өзінде қойылған көптеген міндеттердің табысты іске асырылуы байқалады. Барлығы 57 іс-шараның 50-і орындалды, қалғандары орындалуда.

Шаралар мынадай бағыттарда іске асырылады:

- өндірушілердің қарсы міндеттемелерін қатаңдату арқылы оқшаулауды тереңдету;

- дайындамаларды өндіру үшін құю цехтарын құру;

- ұзақ мерзімді «off-take» келісімшарт жүйесін дамыту жолымен машина жасау өнімдерін мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру;

- отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде аграршыларды субсидиялаудың басым шарттарын қамтамасыз ету;

- машина жасау өнімдерін жеңілдікпен несиелендіру және лизингке беру бағдарламасын қаржыландыру көлемін ұлғайту;

- дайын тауар экспортын ілгерілету кезінде мемлекет өтейтін шығындар үлесін 80%-ға ұлғайту.

 

Автомобиль жасау неліктен Қазақстанның машина жасау саласының драйвері болып отыр?

Отандық автомобиль өнеркәсібінің тарихы 2003 жылы алғашқы «НИВА» автокөлігі шығарылған кезден басталады. Ол кезде өндіріс көлемі бар болғаны бірнеше мың бірлікті құрады (2010 жылы ең көбі — 4 мың дана). Шығарылатын өнім желісін тек ВАЗ маркасының автомобильдері құрады. Еліміздің автомобиль нарығының негізгі бөлігі импортқа тиесілі болды.

Кәсіпорындардың нақты міндеттерімен дамудың негізгі кезеңі 2010 жылы моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы алғашқы келісімдерге қол қоюмен басталды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, саланы дамыту жөнінде қабылданған келісімдердің тиімділігі аз болды, сатылатын отандық автомобильдердің үлесі 2016 жылы тек 26%-ды құрады. Ынталандырудың жаңа әдістері қажет болды. 

 

Осыған байланысты Үкімет қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша преференциялар, кәдеге жарату алымын енгізу, жеңілдікпен несие беру және лизинг бағдарламасын әзірлеу, өнім экспортын қолдау шаралары секілді саланы ынталандыру шараларын қабылдады. Өнеркәсіптік кооперация бағдарламасы іске қосылды.

Саланы дамытуға «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС стратегиялық әріптесі — СМС–JAC Motors тұлғасындағы ірі трансұлттық инвестор тартылды. Осының барлығы саланы дамыту, ынталандыру бағдарламаларын енгізу бойынша жаңа тәсілдерді енгізудің арқасында мүмкін болды. 

Коммерциялық техника өндірісіне келер болсақ, елімізге жаһандық ойыншылар тартыла бастады. 2005 жылы Қазақстанға келген алғашқы ірі өндіруші КамАЗ болды. Содан кейін Daewoo, Hyundai, IVECO, ANKAI және басқа да маркалар өз өндірістерін ашты.

Соның нәтижесінде, қысқа мерзім ішінде салық аударымдары есебінен бюджетті жүйелі түрде толықтыратын, іргелес салаларды есепке ала отырып, ондаған мың жұмыс орны бар тұтас сала құрылды. Автоөндірушілер саны артып, адал бәсекелестік дами бастады.

Қазіргі таңда Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаттарының өндірісі қолға алынған. Елімізде 167 автомобиль моделі, оның ішінде 39 жеңіл модель, 22 әлемдік бренд жиналады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ҚР Машина жасау саласындағы автомобиль өнеркәсібінің үлесі 26%-ды құрады, 50 мыңнан астам техника өндірілді, 2,7 мыңға жуық автомобиль экспортталды.

Екі бесжылдықта автомобиль жасау Қазақстанның машина жасау саласының драйверлерінің біріне айналды. Ірі торапты құрастырудан (DKD) ұсақ торапты құрастыруға (CKD) көшу болды. Мысалы, шанақтарды дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялар қолға алынды. 

Қазіргі таңда елімізде сатылатын автомобильдердің 60%-ы Қазақстанда шығарылған. Автоөнеркәсіпті жергіліктендірудің орташа деңгейі 33%-ды құрайды, ал кейбір үлгілер бойынша ең жоғарғы деңгейі 50%-дан асады. 

2010 жылдан бастап өндіріс көлемі 12,5 есеге өсті. Машина жасаудың жалпы көлеміндегі автоөнеркәсіп үлесі 2010 жылғы 4%-ға қарағанда 26%-ға жетті. Өнеркәсіптегі автоөнеркәсіп үлесі 1,9% құрады. 

2019 жылы автомобиль өнеркәсібінде 359,5 млрд теңгеге 50 447 бірлік көлік құралы өндірілді. Оның ішінде 44 077 жеңіл автомобиль өндірілді, өндіріс өсімі 46,8%-ды құрады.

Сатылымдағы қазақстандық автомобильдердің үлесі 59%-ға дейін артты, ҚР-да ең көп сатылатын автомобиль брендінің 5-тен 4-і — отандық өндіріске тиесілі.

Қазақстандық автобизнес қауымдастығының мәліметінше, 2019 жылы 16 332 Hyundai автомобилі (+75,7%), 14 623 бірлік Lada (+9,8%) және 5 366 Ravon автомобилі (+912%) өндірілді. Сондай-ақ бестікке Kia (3683 бірлік) және JAC (2 775 бірлік) маркалары кірді.

ҚР-да өндірілген автокөліктердің жартысы дерлік ірі автокөлік өндіруші «СарыарқаАвтоӨнеркәсіпке» тиесілі. Биыл Қостанай зауыты өндірісті екі есе ұлғайтып, жалпы сомасы 186 609 млн теңгеге 25 802 данаға дейін жеңіл автомобильдер, жүк көліктері мен автобустар шығарды.

 

Hyundai автомобиль шығаратын жаңа зауыттың қуаты қандай?

2020 жылы 15 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласында Hyundai маркалы жеңіл автомобиль өндірісін бастап берді. Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы бірінші кезеңде жылына 30 мың бірлікті құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі 28 млрд теңгеден асады. Шектес салаларды ескере отырып, 1000-нан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

«Hyundai Trans Kazakhstan» – «Астана Моторс» компаниясының еншілес кәсіпорны. Зауыт Алматының Индустриялық аймағында 25 гектар жерге жаңадан салынды. Кәсіпорынның ауданы – 34 мың шаршы метр, өндірістік қуаты бірінші кезеңде – жылына 30 мың бірлік, екінші кезеңде жылына 45 мың бірлікке дейін. Зауыт құрылысына инвестицияланған 28 млрд теңгенің 30%-ы - «Астана Моторс» компаниясының өз қаражаты, 70%-ы - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-нан тартылған несие қаражаты.

«Hyundai Trans Kazakhstan» құрылысының негізіне әлемдік автомобиль жасау технологиялары алынған. Кәсіпорында жабдықтарды монтаждауды Оңтүстік Корея мамандары жүргізді.

Нарықта 28 жыл ішінде «Астана Моторс» авторитейлде тәжірибе жинақтап, дамудың жаңа кезеңіне шықты – 51%-дан астам оқшауландырумен және ТМД елдеріне экспортқа шығу перспективасымен жеңіл автомобильдер шығаратын өз зауытын салды.

2020 жылдың сәуір айынан бастап «Hyundai Trans Kazakhstan» зауыты Accent, Elantra, Tucson, Sonata, Santa Fe модельдерін, ал желтоқсан айында – Creta моделін шығарады. 2020 жылдың 15 қазанында ұсақ торапты құрастыру әдісімен автомобиль өндіруге арналған шанақтарды дәнекерлеу және бояу, автомобильдерді құрастыру, пластикалық бөлшектерді бояу цехтары мен компоненттер қоймасы іске қосылды.

Толық қуатына шыққан соң «Hyundai Trans Kazakhstan» шектес салаларды ескере отырып, 1000-нан астам жұмыскерді жұмыспен қамтамасыз етеді. Кадр тұрақтылығының коэффициенті – 98%. «Hyundai Trans Kazakhstan» қызметкерлерінің 80%-дан астамының жоғары және орта арнаулы білімі бар.

Бұдан басқа, «Астана Моторс» пластик, шыны, орындықтар, құраушытар сияқты автоқұрамдауыштар шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Осылайша, Алматының Индустриялық аймағында жеңіл автомобиль шығаратын зауыт автомобиль өнеркәсібінің кластерін қалыптастыруға ықпал етеді. Ресей мен Қазақстанның арасындағы өнеркәсіптік кооперация шеңберінде автокомпоненттер қазақстандық және ресейлік өнімдерді өндіру үшін жеткізілетін болады.

Қазақстан қашан электромобильдерге көшеді?

Қазақстандық машина жасау экологиялық таза көліктің дамуымен байланысты жалпы әлемдік трендтен қалыс қалып жатқан жоқ. 2014 жылы электромобильдердің бірінші партиясы шығарылды, сондай-ақ отандық өндірістің 15 электроавтобусы қолданыста.

Электромобильдер өндірісі бүкіл әлем бойынша автомобиль өнеркәсібінің ең перспективалы бағыттарының бірі. Қазірдің өзінде бірқатар ірі өндірушілер ішкі жану қозғалтқыштары бар автомобильдерді шығарудан бас тартатынын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда қазақстандық «СарыарқаАвтоПром» зауыты JAC iEv7S электромобилінің сериялық өндірісін іске қосуға дайын.

JAC iEv7S электромобилі Ресей Федерациясындағы НАМИ автополигонында сертификаттық сынақтан өтті және ЕАЭО-ның барлық аумағында автокөлікті айналысқа шығаруға мүмкіндік беретін Кеден одағы көлік құралының типін мақұлдау сертификатын алды.

Бұдан басқа, кәсіпорын ANKAI және Yutong электроавтобустарының өндірісін игерді, оларды қазірдің өзінде Нұр-Сұлтан, Ақтау және Павлодар қалаларының автопарктері пайдаланып отыр.

Сондай-ақ, «Hyundai Trans Auto» кәсіпорнында Golden Dragon электр автобустарының өндірісі игерілді. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында сыйымдылығы 130 жолаушыға дейін құрайтын 2 қалалық 12 метрлік электр автобусы сынақтан өтті. Сонымен қатар,басқа шағын сериялы өндірістер бар.

2021 жылы ҚР-да автобустарды қоса алғанда, түрлі үлгідегі 1200 бірлік электр көлігін шығару жоспарланған, 2022 жылы бұл көрсеткіш 2000 бірлікке дейін жеткізілетін болады. Бұл көліктер ішкі нарыққа және шетелге экспортқа шығарылатын болады. 

Электромобильдердің танымалдылығы оларды пайдалану үшін жасалған жағдайларға, сондай-ақ олардың құнына байланысты, олардың құны бүгінгі күні ішкі жану қозғалтқыштары бар автомобильдердің құнынан жоғары.

ҚР Президентінің 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында қажетті инфрақұрылым құруды көздей отырып, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтау тапсырылды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өндірісті дамыту және қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі Жол картасын бекітті, оның шеңберінде электромобиль құнының бір бөлігін субсидиялау, электромобильдердің автобус белдеулерімен қозғалысы, бөлінген тұрақ орындарымен қамтамасыз ету мүмкіндігі және басқа да шаралар пысықталуда. 

Бүгінгі таңда электромобиль иелері көлік салығын төлеуден босатылған. Ал электромобильді есепке қою кезінде кәдеге жарату алымының мөлшері ең төмен және 416 700 теңгені құрайды.

Сонымен қатар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы қызметінің бағыттарының бірі қуат толтыру станцияларының желісін құру және дамыту болып айқындалған.

Қазіргі уақытта оператордың электр толтыру станциялары желісін дамыту жөніндегі пилоттық жобасы аяқталу сатысында тұр, оның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласында 48, Алматыда 52 және Нұр-Сұлтан – Бурабай трассасында 3 ЭТС орнатылады. Ақтау қаласында қуаты 80 кВт 4 аса жылдам зарядтау станциясы орнатылды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Талан Тауэр» кешенінің аумағында Tesla компаниясы «Tesla Supercharger» электромобильдеріне арналған алты аса жылдам зарядтау станциясын орнатты. Сонымен қатар басқа жеке тұлғалар орнатқан бірқатар толтыру станциялары бар, сонымен қатар электромобильдерді кәдімгі розетка арқылы зарядтау мүмкіндігі бар.

ЕЭК шеңберінде электромобильдерді көліктің тартымды әрі ыңғайлы түріне айналдыру бойынша үйлестірілген шаралар талқылануда.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкімімен «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар дөңгелекті көлік құралдарын өндіруді және пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілді. ЕЭК Кеңесінің шешіміне сәйкес электромобильдерге кедендік баж мөлшерлемесі 0%-ды құрайды. Нөлдік мөлшерлеме 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

 

Қазақстандық автоөнеркәсіп қандай экспорттық нарықтарға шығады?

Ішкі қазақстандық нарықтың шағын көлемін ескере отырып, отандық машина жасаушыларды ұзақ мерзімді жоспарлау экспорттық көлемдерді ұлғайтуды қарастыруы тиіс. 

Мемлекеттік органдар тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. 

Маркетингтік ілгерілетумен қатар, ел ішінде дайын өнімді тасымалдауға және экспорттық нарықтарда өнімді сертификаттауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу шаралары көрсетіледі. Бұл біздің кәсіпорындарға сыртқы нарықтарға қол жеткізуді жеңілдетуге мүмкіндік берді.

Өз кезегінде, отандық кәсіпорындар кәсіпорындарда жүргізілетін технологиялық операциялардың санын арттырып, жергілікті құрауыштар мен материалдарды пайдаланып, сондай-ақ ірі сериялы өндіріске шығуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстанда автокомпоненттік базаны дамыту жоспарлануда.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде экспорт 10 есеге артты. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2 629 автокөлік экспортталды. Автомобильдер көбінесе Ресей Федерациясы мен Өзбекстанға экспортталады. Шетелдік сатылымдардың негізгі бөлігін 2019 жылы JAC (1471), Hyundai (716) және Ravon (442) маркалары құрады. Бұл маркаларға көршілес елдерде маркалардың дистрибьюторлары тапсырыс береді.

Айта кету керек, экспортқа бағытталған индустрияландыру бүгінде экономикалық дамудың маңызды элементі болып табылады. Белгіленген бағдарды жалғастыру аясында индустрияландырудың жаңа бесжылдығы бағдарламасы қабылданды. Экспорт номенклатурасын кеңейтуге бағытталған индустриялық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаның негізгі локомотивтерінің біріне айналады.

Екі бесжылдықтың тәжірибесін ескере отырып, тәсілдердің бірі — ішкі нарықты сапалы өніммен молықтыруға және экспортқа шығаруға бағдарланған өңдеу секторының тиімді кәсіпорындарына баса назар аудару. Бүгінде қазақстандық өндірушілер өндірісті және азық-түлік желісін кеңейтуді, жаңа экспорттық нарықтарға шығуды, сондай-ақ қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштарды шығаруды игеруді жоспарлап отыр.

«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» өзбек автоөнеркәсібімен кооперацияда Равон және Шевроле (ДАМАС, ЛАБО, Кобальт, Малибу) экспортқа бағдарланған автомобильдерін бірлесіп өндіру секілді бірқатар маңызды инвестициялық жобаларды іске асырады.

Саран моноқаласында әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында Yutong (QazTehna ЖШС) автобустары мен арнайы техникасының жаңа типін өндіру жөніндегі жобаны іске қосу көзделген.

2020 жылдың 30 шілдесінде «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ мен «Татнефть» ЖАҚ арасында жеңіл автомобильдерге арналған қуаты 3 млн шина және коммерциялық техника мен автобустарға арналған 500 мың шина шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойылды.

Қостанай облысында «КАМАЗ» ЖАҚ-пен бірлесіп құю зауытын және жүк автомобильдерінің жетекші белдіктерінің бас беріліс редукторларын өндіру зауыттарын салу жобалары іске асырылуда.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанның автомобиль өнеркәсібіндегі үрдістер қандай?

Соңғы жылдары автоөндірушілер жаңа нарықтарға қол жеткізу, өзінің өткізу желісін кеңейту, жаңа технологиялар алу мақсатында стратегиялық серіктестерді іздестіруде. Соңғы уақытта автомобиль саласын дамытудың негізгі бағыттары отынның жаңа түрлерін пайдалану, жаңа конструкциялық материалдарды қолдану, жайлылықты арттыру есебінен жанармай тұтынуды айтарлықтай төмендету; сапалық және баға белгілері бойынша да, нысаналы мақсаты бойынша да модельдік қатарларды әртараптандыру болды.

Соңғы уақытта автомобиль саласының ерекшелігі модельдік қатарларды үдемелі әртараптандыру болды.

Электротехникалық машина жасау секторында тек 2019 жылы 5 млрд 400 млн теңге сомасына 34 млн метр талшықты-оптикалық кабель және 40 млрд теңге сомасына 1 млрд 220 млн метр өзге де электр сымдары мен кабельдері өндірілді. 

Жалпы, 2020 жылдың 9 айында электротехникалық машина жасау өндірісінің көлемі 12%-ға өсіп, 135,6 млрд теңгені құрады.

Отандық аккумуляторлар биыл жаңа экспорттық нарыққа – Біріккен Араб Әмірліктері мен Италияға шығады. Аккумуляторлық батареялардың, оның ішінде стационарлық батареялардың жаңа түрлері игерілуде.

Бүгінгі таңда аккумуляторларға деген ішкі қажеттілік 65%-ға қамтылады.

Қайнар-АКБ аккумуляторлық батареялары Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Қытай елдеріне экспортталады. 

Трансформаторларға қажеттілік 85%-ға қамтылады.

Петропавл қаласында 4-ші трансформатор зауытын іске қосқан кезде («Alageum Electric» ЖШС) жылына тағы 10 мың трансформатор өндірісі жолға қойылады, бұл трансформаторлар бойынша қажеттіліктің барлық желісін жабуға мүмкіндік береді.

Кентау трансформатор зауытының трансформаторлары Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстанға экспортталады.

Ауыл шаруашылығы машинасын жасауда өнім желісін кеңейту басталды, ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған аспалы жабдық пен техниканың әр түрлерін өндіру іске қосылды. Тракторлар мен комбайндар өндірісі артты. 

2020 жылдың 9 айында 27,5 млрд теңге сомасына ауыл шаруашылығы техникасы өндірілді, өсім 56%-ды құрады, оның ішінде 1064 трактор және 480 комбайн өндірісінің арқасында қол жеткізілді.

Сектордың негізгі ойыншылары — Агромашхолдинг (Есіл астық жинау комбайндары мен Ловол тракторларын өндіру), СемАЗ және Композит Групп Қазақстан (Беларус маркалы тракторын шығару), Қостанай трактор зауыты (Кировец тракторларын құрастыру), Қазақстандық Агро-Инновациялық Корпорация (Беларус, Бюлер тракторларын, АКРОС, ТОРУМ комбайндарын, АМИТИ егіс кешендері және басқа да жабдықтарды шығару), сондай-ақ Дон Мар компаниясы (дестелегіш және егіс кешендері).

Бұдан өзге мемлекет өндірісті ынталандыру, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникасын сатуды қосылған құн салығынан босату шараларын қабылдауда. Сондай-ақ отандық тракторлар мен комбайндарды лизингке өткізу бағдарламасы іске қосылды, оған 2018 жылдан бастап шамамен 26 млрд теңге бөлінді.

Тау-кен машинасын жасауда келесі жаңа өнім түрлері игерілді (толық бұрылатын машиналар, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылары, шахта вагонеткалары, ұсақтау жабдығы), сондай-ақ тау-кен өндірісіне арналған машиналар мен жабдықтардың қосалқы бөлшектерін өндіру жолға қойылған («Мэйкер» ЖШС).

Тау-кен машинасын жасаудың негізгі кәсіпорындары — Алматы ауыр машина жасау зауыты, Қарағанды құю-механикалық зауыты, Қазмырышмаш, Құрылысмет, Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты, «Каз Карбон». 

2020 жылдың 9 айында 15,6 млрд теңгеге өнім өндірілді.

Мұнай-газ машинасын жасауда ілмекті арматура өндірісіндегі герман көшбасшысы — Бемер Арматура, толық компактілі бұрандалы сорғы жүйелерінің жетекші канадалық өндірушісі — Куду Индастриз сияқты ірі әлемдік ойыншылар тартылды. 

Ілмекті арматура, күштік қондырғылар, газдарды сүзуге арналған жабдық, сорғы жабдығы және т. б. секілді өнімдердің жаңа түрлері игерілді.

2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте өндіріс көлемі 45,5 млрд теңгені құрады.
 

Машина жасау саласын қолдау

Еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шаралар шеңберінде «QazIndustry» АҚ технологиялық процестерді жетілдіруге және өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға ынталандырудың 4 шарасы бойынша 40% мөлшерінде шығындарды өтейді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ — жеке сектор мен ҚР Үкіметі үшін ірі инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды бағалау және құрылымдау бойынша елдің көшбасшы операторы. Бұдан басқа, ол — өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобаларды уақытылы әрі жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттік даму институты.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ несие беру, субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру түрінде қолдау көрсетеді.

2019-2024 жылдарға арналған «Машина жасаудың жол картасы» аясында саланы білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Өндірістік практикадан өту кезінде шығындарды бірлесіп қаржыландыру бойынша шарттарды белгілеу тұрғысынан қосарлы білім беру жүйесін жетілдіру мәселесі пысықталуда: 70% мемлекет/оқу орны, 30% жұмыс беруші.

Сондай-ақ «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ Дүниежүзілік банктің техникалық және қаржылық қолдауымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асыратын еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жобасы аясында «Машина жасау және металл өңдеу» бағыты бойынша екі салалық біліктілік шеңберін (СБШ) және 46 кәсіптік стандартты (КС) әзірлеуге жасалған келісімшарттар бойынша жұмыстар жүргізуде.

 

Қазақстанда машина жасаудың тұрақты өсуі үшін не қажет? 

Мемлекеттік органдардың, даму институттарының, қоғамдық бірлестіктердің, қаржы ұйымдарының, жекеменшік және мемлекеттік меншік кәсіпорындарының іс-әрекеттерінің үйлесімі қажет.

Негізгі өсу көздері инвестициялар тарту арқылы жұмыс істеп тұрған негізгі қорларды жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа жобаларды іске асыруға бағдарлануы тиіс. 

Демек, негізгі қордарды жаңарту және жаңғырту үшін мемлекеттік те, жекеменшік те қаражат пен инвестициялар, жеңілдікпен берілетін несиелер есебінен саланы көлемді әрі көбірек қаржыландыру қажет. 

Кадр мәселесі өндірістегі басты әрі маңызды факторлардың бірі. Талдау барысында жұмыс істеп жүрген мамандардың жетіклікті көп екеніне қарамастан, сапалы кадрларға деген қажеттіліктің әлі де бар екені анықталды. Бұл бірінші кезекте жұмыс істеп тұрғна кәсіпорындардың дамуымен және жаңғыртылуымен, жаңа өндірістер мен жаңа технологиялық бағыттардың пайда болуымен, демографиялық өзгерістермен т. б. байланысты. 

Қазақстанда машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру факторлары қатарында адам капиталын дамыту өте маңызды әрі проблемалы мәселелердің бірі. Қазіргі кезде салада дамудың күрделі кезеңі орын алды: дағдарыстан біртіндеп шығып, қазіргі нарық жағдайларында жұмыс істеуге бейімделе отырып, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары айырылып қалған зияткерлік әлеуетін арттырды. 

Жалпы, Қазақстан экономикасының өсімі машина жасаудың озық өсімі арқылы жүруі тиіс, бұл өнеркәсіп кәсіпорындарында автоматтандыру мен механикаландыру дәрежесін көтеруге және республикадағы экономиканың барлық салаларында еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған тек заманға сай әрі біліктілігі жоғары кадрлар пулы жеткілікті болғанда ғана қол жеткізуге болады, мұндай кадрлар саланың және жалпы экономиканың ұзақмерзімді даму табыстылығының факторы болып саналады. 

Еңбек кадрларының біліктілігін арттыру қажет. Ресми статистикаға сәйкес, экономиканың еңбекақы төлеуде аса тартымды салалары қаржы секторы мен пайдалы қазбалар өндіру болып отыр. Бүгінде Қазақстанда машина жасауда біліктілігі жоғары кадрлардың жасы 40-45 жастан 65 жасқа дейінгі аралықта. 

Сонымен қатар еңбек нарығын дамытуда өндіріс пен оқыту орталығының арасында тығыз білім беру үрдісін орнату қажет. Ел экономикасын жаңғырту үшін кадрлық ресурстарды дамытуда кәсіби оқыту мекемелерінің қажеттігі мәселесі бар. Соның нәтижесінде, көптеген оқу мекемелері өз жұмысын нақты сектор кәсіпорындарының жоспарына сәйкес үйлестірмейді, салдарынан аталған мәселе бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігі туындайды.

Мәселен, орта-арнайы және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін өнеркәсіп салаларының кәсіпорындарымен әлеуметтік әріптестіктің маңыздылығы бар. Өндіріс үшін талап етілетін оқыту бағдарламасын жоспарлау мен тығыз ынтымақтастық орнату еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер бойынша кәсіптік білім беру мен даярлаудың сапасын арттыруға жол ашады. 

Осы бағыттағы негізгі рөлдердің бірін бизнес әзірлеген және үнемі өзектілендіретін машина жасаудағы салалық біліктілік шеңбері мен кәсіби стандарттар болады. Оған білім беру стандарттары бейімделетін болады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
17 Қаңтар 2021, 10:29
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №95
16 Қаңтар 2021, 12:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №937 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №949 Қаулысы
16 Қаңтар 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №915 Қаулысы
15 Қаңтар 2021, 19:07
Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
15 Қаңтар 2021, 17:08
Бақытжан Темірболат «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ директоры қызметіне тағайындалды
15 Қаңтар 2021, 16:25
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды
15 Қаңтар 2021, 12:55
Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуына қатысты
15 Қаңтар 2021, 11:56
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі
15 Қаңтар 2021, 10:04
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Жарлыққа қол қойды
14 Қаңтар 2021, 19:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №965 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 19:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №950 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 18:49
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №960 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 16:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты
14 Қаңтар 2021, 09:55
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №898 Қаулысы
14 Қаңтар 2021, 09:06
ҚР Президенті Қ. Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
13 Қаңтар 2021, 10:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №943 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 20:12
Америкалық «Valmont Industries» Қазақстанда алдыңғы қатарлы суару жүйелері зауытын ашады
12 Қаңтар 2021, 19:20
Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
12 Қаңтар 2021, 18:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №955 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 17:52
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №941 Қаулысы
12 Қаңтар 2021, 14:40
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.01.2021
12 Қаңтар 2021, 14:16
2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру көлемі 85,7 млн тоннаны құрады — Н. Ноғаев
12 Қаңтар 2021, 13:13
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің салалары 2020 жылы оң даму қарқынын көрсетті
12 Қаңтар 2021, 13:00
2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке кіріс жоспары 102,7% атқарылды — Е. Жамаубаев
12 Қаңтар 2021, 11:55
Көлік құралдарын шығару машина жасау саласының өсуіне оң әсер етті —  Б. Атамқұлов
12 Қаңтар 2021, 10:51
2020 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірісі оң болып қалды — Е. Досаев
12 Қаңтар 2021, 10:43
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1,4 млн адам қамтылды, 700 мың кәсіпкерге салықтық жеңілдіктер жасалды — ҰЭМ 
12 Қаңтар 2021, 10:02
2020 жылы нақты сектор ҚР ұлттық экономикасы тұрақтылығының негізгі факторына айналды
11 Қаңтар 2021, 15:16
12 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
11 Қаңтар 2021, 15:04
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №94
11 Қаңтар 2021, 13:30
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 11:30
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне сайланатын депутаттарға дауыс беру рәсіміне қатысты
11 Қаңтар 2021, 10:36
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді
11 Қаңтар 2021, 02:15
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабына барды
10 Қаңтар 2021, 16:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды
10 Қаңтар 2021, 15:30
Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
10 Қаңтар 2021, 07:46
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин парламент сайлауында дауыс берді
09 Қаңтар 2021, 15:32
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №947 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:29
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №944 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:26
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №946 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №939 Қаулысы
09 Қаңтар 2021, 15:17
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №930 Қаулысы
08 Қаңтар 2021, 15:54
Дүниежүзілік банк 2020 жылы Қазақстан экономикасының динамикасын бағалауды жақсартты
08 Қаңтар 2021, 14:03
Қазақстан АХҚО алаңы арқылы АҚШ-пен инвестициялық ынтымақтастықты арттырады
07 Қаңтар 2021, 14:30
Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Православ шіркеуінің жоғары наградасы – «Алғыс» ордені табыс етілді
07 Қаңтар 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
07 Қаңтар 2021, 08:05
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
06 Қаңтар 2021, 18:17
Мемлекет басшысы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады
06 Қаңтар 2021, 17:44
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.