Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы: көпбалалы аналарды ШОБ саласына тарту, шағын несиелендіру, отбасылық бизнес құру

Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2019, 18:46:05


Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында әлеуметтік аспектілерге баса назар аударумен бизнесті қолдаудың жаңа формаларын белсенді енгізуге шақырды, ал бұл бірінші кезекте көпбалалы және аз қамтылған отбасылар үшін отбасылық бизнес құру. Бүгінде көпбалалы отбасылар 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында өз ісін ашуға шағын несиелер алуда. А.ж. 1 қарашадағы жағдай бойынша Бағдарлама қатысушылары 568 мыңнан аса адам болды, оның ішінде 254 мыңға жуығы немесе қатысушылардың жалпы санынан 44,8%-ы - әйел адамдар.  

«Еңбек» бағдарламасы азаматтарды кәсіпкерлікке техникалық және кәсіптік білім берумен, қысқамерзімді кәсіптік оқытумен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және еңбекке орналастыру тәрізді бағыттар бойынша тартуға бағытталған.

Бірінші бағыт аясында 32,5 мыңнан аса әйел қысқа мерзімді оқытудан өтті, оның ішінде 17,1 мыңы оқытуды аяқтады, оның ішінде 8,8 мыңы еңбекке орналастырылды.

Екінші бағыт аясында жыл басынан бері барлығы 15,1 мың шағын несие алынды, оның ішінде әйел адамдарға 5 156 немесе 34,1% шағын несие берілді. Сонымен қатар, 20,4 мыңнан астам адам өздерінің бизнес идеяларын іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алды, оның ішінде 3,8 мың адам аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшесі.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 8,9 мың әйел еңбекке орналастырылды, жастар іс-тәжірибесіне 21 мың адам бағытталды, қоғамдық жұмыстарға 48,4 әйел тартылды.

Айта кетейік, бағдарлама қатысушылары жұмыссыз тұлғалар, жұмыспен қамтылған тұлғалардың жекелеген санттары, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылардың мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедек жандар, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың зейнет жасына жетпеген мүшелері, зәкірлі кооперация мүшелерін қоса алғанда, шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар бола алады.

Шағын несиелерді беру шарттары:

  • шағын несие мерзімі - 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жобаларына - 7 жылға дейін;
  • шағын несиенің ең жоғарғы сомасы: ауылдар мен шағын қалаларда - 2,5 мың АЕК дейін (6,3 млн теңге), зәкірлі кооперацияларды дамытуға – 5 мың АЕК дейін (12,6 млн теңге); қалаларда, шағын қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) - 6,5 мың АЕК дейін (16,4 млн теңге); Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау қалаларында - 8 мың АЕК дейін (20,2 млн теңге);
  • нақты сыйақы мөлшерлемесі – жылдығы 6% аспайды.

Үміткерлер шағын несие алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы немесе тікелей халықты жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды ұсынумен кеңес алу үшін жүгінеді:

  • жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
  • егер болса, кәсіпкерлік негіздеріне оқытылғаны туралы құжаттың көшірмесі (куәлік, сертификат).

Биыл бүкіл ел бойынша шағын несиелендіру үшін 83 млрд теңге және гранттар алу үшін 18 млрд теңге бөлінді. Есептеулер бойынша, 20 мың адам шағын несие, ал 38 мың адам гранттар алуы тиіс.

2018 жылы 14 мың шағын несие берілді, оның ішінде Start-up жобаларды қолдауға – 9,8 мың (70%), зәкірлі кооперацияларды дамытуға 1 мың (7%), өз ісін кеңейтуге 3,3 мың (23%) несие берілген.

Жұмыссыз, аз қамтылған, көпбалалы азаматтарды, жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту үшін аталған азаматтар санатына арналған  мың шағын несиеге квота қарастырылған. Әйел адамдардың арасындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін 10 млрд теңге қарастырылған.

Көпбалалы аналарды дамыған және инклюзивті экономика аясында микро және шағын бизнеске тарту, оның ішінде үйдегі бизнеске тарту көпбалалы аналарға жеңілдікпен несиелендірудің жекелеген шарттарын ұсынумен Бағдарламаның қолданыстағы тетіктерінің аясында жүзеге асырылатын болады.

Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері үшін 7 жыл мерзімге пайыздық мөлшерлемесі жылына 4%-дан аспайтын жеңілдікті шарттармен шағын несие беру қарастырылады.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында қайтарымсыз гранттар түрінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жақсы құралдар бар. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасының аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту қарастырылған.

Қазақстанның барлық өңірлерінде атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) арқасында және мемлекеттік бағдарлама аясында нақты көмек алған жауапты әрі еңбексүйгіш азаматтар өз отбасыларының қаржылық жағдайын түзеп қана қоймай, өз ісін ашқан көптеген мысалдар бар.

Мысалы, қысқаша оқыту курсынан өткен көптеген әйелдер несие мен әлеуметтік көмек алған соң сұлулық салонын ашқан, ал ерлер - мал сатып алып, шеберханалар ашты.

2019 жылы АӘК төлеуге 204 млрд 500 млн теңге қарастырылған, оның ішінде 186 млрд 100 млн теңгесі - республикалық бюджеттен, 8 млрд 400 млн теңгесі - жергілікті бюджеттен. 144 млрд 300 млн теңгесі төленді.

Қостанай облысында көпбалалы ана АӘК тағайындаған соң алған қаражатына Денисовка аудан орталығының шетінен шағын сұлулық студиясын жалға алды. Ж. Куженова мемлекеттен үнемі әлеуметтік көмек алғанша, өз бизнесіңнің болғаны жақсы деп санайды. 

2019 жылдың бірінші тоқсанында Жанар Куженова 3 жасқа дейінгі баланы күту демалысында болды. Жұбайы жеке тұлғаларға бейресми жұмыс істеді. Отбасының табысы кедейлік шегінен төмен болды (жан басына шаққандағы орташа табысы бір адамға 8772 теңге), сондықтан 2019 жылдың сәуір айынан бастап оларға ай сайын 110 мың 157 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, жалпы сомасы - 1 млн 321 мың 884 теңге.

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Арбузинка ауылынан атаулы әлеуметтік көмек алушы ірі қара мал өсірумен айналысты. М. Асхабова «Күміс алқа» құрметті белгісінің иегері. Ол алты баланың анасы. Отағасы - комбайншы, өзі - үй шаруасындағы әйел. Өзінің барлық бос уақытын ол балалар тәрбиесіне жұмсайды. Отбасы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 млн теңге сомасына несие алды. Бұл қаражатқа сарай салды, сауылатын 8 сиырдан күніне 25-30 литр сүт алады. Айына орта есеппен 600 литр сүт шығады.

Айта кетейік, атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасыларға өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді, оны алушылардың көбі мемлекет есебінен қайта даярлау курстарынан өтеді.

Мәселен, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында тұратын көпбалалы отбасы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан кейін кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүретін отбасылар санатынан шығып, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша өз істерін ашуға әзірленуде.

Б. Кенжеев бұрын жалдамалы жұмыскер ретінде автобус жүргізушісі болып жұмыс істеді, ал оның жұбайы Рабиға Дүйсенова кондуктор болып күйеуін көмектесті. АӘК алуға жүгінуге дейін 7 адамнан тұратын олардың отбасының тіпті өз баспанасы болған жоқ, тек времянканы жалға алып тұрды. Биыл сәуір айынан бастап отбасы АӘК ала бастады, материалдық-тұрмыстық жағдайлары жақсарды, баспана құрылысын аяқтады.

Өз ісін ашу үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алуға өтінім берді. Ерлі-зайыптылар аудан ішінде жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру бойынша бизнес-жоспарларын дайындады, жақында өз автобустарын сатып алуға қаражат алады.

Жаңаөзен қаласында да осыған ұқсас мысал бар. 4 баланың анасы Н. Назарова 505 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты алған соң үйінен тігін цехын ашты. Қордай ауданында 5 баланың анасы М. Чораева шаштараз кәсібі бойынша қысқаша курста оқытудан өткен соң мемлекеттік грант алып, сұлулық салонын ашты.

 

АӘК - бұл тек аз қамтылған отбасыларға ақшалай төлемдер түрінде көрсетілетін және отбасыға қиын өмірлік жағдайлардан шығуға оқытуға, еңбекке орналастыруға бағыттау, өз ісін ашуда қолдау көрсету арқылы ықпал көрсетуді мақсат ететін атаулы көмек.

2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі  29 698 теңге көлемінде белгіленді, АӘК тағайындау үшін шекті критерий ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ынан 70%-ына дейін ұлғайтылды, яғни әлеуметтік көмекті алуға жан басына шаққандағы орташа табысы 20 789 теңгеден төмен болатын отбасылар алуға құқылы. АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырмашылық ретінде тағайындалады, бірақ бұл ретте балалар ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% көлемінде толық соманы алады (20 789 теңге).

Биыл тоғыз айда АӘК 417 мың отбасыға немесе 2,1 млн адамға тағайындалды. Бір адамға шаққандағы АӘК орташа көлемі 2,5 есе, 6848 теңгеден 16 446 теңгеге дейін өсті. Орта есеппен отбасына шаққанда 90 мың теңгеден, айына тағайындалған ең жоғарғы сома - 455 мың теңге. Биыл АӘК төлеуге барлығы 206,2 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 146,4 млрд теңгесі төленді.

А.ж. 16 қыркүйектегі жағдай бойынша АӘК 2 млн 87 мың 400 адамға тағайындалған (405 мың 600 отбасы), оның ішінде 1 млн 302 мың 500-і - бала (олардың үлесі барлық алушылардан 62,4% құрайды). Алушылар құрамындағы көпбалалы отбасылар 40%-ға жуығын құрайды (161,6 мың отбасы немесе 1 млн 71,6 мың адам).

АӘК алушылардың басым бөлігі еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындары, онда барлық алушылардың 67%-ы шоғырланған, оның ішінде Түркістан облысында – 96 мың 800 отбасы, Алматы облысында – 53 мың 600 отбасы, Шымкент қаласында – 51 мың 600 отбасы, Жамбыл облысында – 39 мың отбасы және Қызылорда облысында – 31 мың 700 отбасы.

АӘК төлеуге 2019 жылы 204 млрд 500 млн теңге қарастырылды, оның ішінде республикалық бюджеттен 186 млрд 100 млн теңге жән жергілікті бюджеттен 18 млрд 400 млн теңге. 144 млрд 300 млн теңге төленді.

Орын алуы мүмкін бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында атаулы әлеуметтік көмекті алудың кейбір рәсімдері мен шарттары өзгертілетін болады.

АӘК алатын отбасындағы барлық еңбекке қабілетті жандар жұмыс істеуі тиіс. Оларды еңбекке орналастыру үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының барлық тетіктері қолданылатын болады.

АӘК көрсетудің жаңа тетіктерінде аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап олар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізу ұсынылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар тағамы, гигиеналық құралдар, білім беру қызметтері ұсынылатын болады. Мектеп жасындағы балалар үшін мектептерде ыстық тамақпен қамту, мектеп киімін және құралдарын сатып алу, жол шығынын өтеу, сондай-ақ медициналық қызмет көрсету қарастырылған.

Жоғарыда аталған әлеуметтік қолдау шараларымен қатар, балалары бар аз қамтылған отбасыларға үйде бизнес жүргізу бойынша дағдыларды алуда көмек көрсетілетін болады.

Алматының барлық сегіз ауданында үкіметтік емес ұйымдар «Бақытты отбасы» орталығын құрды, онда аналары оқытудан өтіп жатқан кезде балаларды ойнату үшін барлық жағдайлар жасалған. Курстардан өткен соң әйелдерге қажетті жабдықтарды сатып алу үшін қайтарымсыз гранттар берілетін болады. Бұл тәжірибені барлық өңірлерге тарату жоспарланған. Сонымен қатар «Менің кәсібім» жобасы іске қосылды, оның аясында әкімдіктердің қолдауымен демеушілер есебінен балалары бар аналарға үйдегі шағын бизнеспен айналысуда көмек көрсетіледі.

«Менің кәсібім» жобасы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға кәсіпкерлік дағдыларын дамытуда және өз ісін ашуда қолдау шараларын көрсетуге бағытталған.

Мұқтаж азаматтарға үйде бизнес жүргізуде көмекті жоба авторы қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды ұсыну арқылы көрсететін болады.

Пилоттық режимде мұндай жоба Маңғыстау облысында сәтті іске асырылды, онда 250-ге жуық адам жеке кәсіпкерлікті жүргізудің негізгі дағдыларына оқытылып, өз істерін ашты.

Бұдан кейін «Менің кәсібім» жобасын іске асыру бойынша меморандумдар барлық өңірлердің әкімдерімен жасалатын болады.

Еске салайық, министрліктің әр отбасы бойынша әлеуметтік картасы бар, сол арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған автоматтандырылған деректер негізінде олардың нақты статусын дәлірек анықтап, қадағалау мүмкін болады. Бұдан кейін бұл ақпарат өмірде қиын жағдайда ұшыраған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек пен еңбекке орналасуды ұйымдастыру үшін пайдаланылады.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
14 Шілде 2020, 12:54
Індет кезінде Қазақстанда 22 млн астам электронды қызмет көрсетілді - ЦДИАӨМ
14 Шілде 2020, 12:46
Қазақстанда суармалы жерлер көлемін 2030 жылға дейін 3 млн га жеткізу жоспарланған
14 Шілде 2020, 12:17
Қазақстанда импорттаушы елдер нарығына егжей-тегжейлі шолумен «экспорттық гидтер» типтік жүйесін енгізу жоспарлануда — ҚР АШМ
14 Шілде 2020, 12:02
2020 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,8%-ға өсті — ҚР ИИДМ
14 Шілде 2020, 11:33
2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұру үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады
14 Шілде 2020, 11:07
Іссапарлар мен өкілдік шығындарды қысқарту — Қаржы министрлігі мемлекеттік органдардың шығындарын қалай оңтайландырады
14 Шілде 2020, 10:59
Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықты қолдау бойынша бірлескен жоспары қабылданады
14 Шілде 2020, 10:50
Биыл шілдеден бастап ай сайын 600 мыңнан аса қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету көзделген — ҚР ДСМ
14 Шілде 2020, 10:28
Үкімет шектеу шараларын а.ж. 2 тамызға дейін ұзартып, табысынан айырылуы бойынша 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді жүзеге асырады
13 Шілде 2020, 18:46
14 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
13 Шілде 2020, 18:28
Қазақстан Президенті пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты
13 Шілде 2020, 17:57
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды
13 Шілде 2020, 11:31
Асхат Оралов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:15
Марат Қарабаев ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
13 Шілде 2020, 11:07
Қанат Баитов ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды
13 Шілде 2020, 10:30
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтардың отбасыларына көңіл айтты
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.