Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту

Бейсенбі, 09 Шілде 2020, 20:45:57

Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамыту халықты азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мәселесінде негізгілердің бірі. Бүгінде еліміздің аграршыларына барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Төтенше жағдай кезінде Қазақстанда коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты бағаны мемлекеттік реттеу жүргізілетін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қажетті тізбесі бекітілді. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев биылғы 31 наурыздағы өзінің үндеуінде Үкіметке отандық ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан өнімдерді кепілді форвардтық сатып алу тетігін реттеуді тапсырды.

 

Қазақстанда кепілді форвардты сатып алу тетігі қалай жұмыс істейді?

Кепілді форвардтық сатып алу тетігі осы жылғы 17 сәуірде ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мақұлданды.

Бұдан әрі республикалық бюджеттен 24,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу мәселесі Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданды. Биылғы 18 мамырда ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдармен және облыстардың әкімдіктерімен келісілген, 2020 жылға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу ережесі бекітілді.

Биылғы 2 шілдедегі жағдай бойынша форвардты сатып алу бағдарламасы бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға 24,4 млрд теңгеге 368 өтінім келіп түсті, оның ішінде кепілдіктер қабылданды және 24 млрд теңгеге 359 шарт төлеуге жіберілді. 9 өтінім ЕДБ мен ӘКК-ден кепілдіктер алу рәсімінен өтуде.

Форвардтық сатып алудың негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы өнімдерін ішкі нарыққа кепілді әрі үздіксіз жеткізуді, сондай-ақ еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге АШТӨ-ні қаржыландыру.

Форвардтық сатып алу ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу бағасына жеңілдік жасамай және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаражатты пайдаланғаны үшін пайыздық мөлшерлемелерді есептемегенде, күзде ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу кезеңіндегі нарықтық бағамен жеткізіп бергеннен кейін, алдын ала ақы төлеу негізінде сатып алуды білдіреді. Форвардтық сатып алу жалпы ережелерді, негізгі шарттар мен форвардтық сатып алуды жүзеге асырудың тетіктерін анықтайтын бекітілген Ережелер негізінде іске асырылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі негізгі шарттар:

  • сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімінің сапалық көрсеткіштерінің ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

  • алдын ала төлем мөлшері — болжамды сатып алу бағасының 75%-нан аспауы тиіс;

  • АШТӨ міндеттемелерін орындау мерзімі — 2020 жылғы 15 қараша;

  • жеткізу шарттары — Корпорация белгілеген астық қабылдау кәсіпорындарына EXW «франко-зауыт» (Инкотермс-2020).

 Форвардтық сатып алу тетігі мыналарды қамтиды:

  • www.gov.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамының www.kazagro.kz және Корпорацияның www.fcc.kz интернет-ресурстарында форвардтық сатып алудың басталуы туралы ақпаратты орналастыру;

  • АШТӨ ұсынатын құжаттар тізбесімен бірге Корпорация сайтында электронды түрде немесе Корпорацияның облыстық өкілдіктеріне қағаз түрінде форвардтық сатып алуға қатысуға АШТӨ-ден өтінімдерді қабылдау;

  • АШТӨ Ережелерде белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, Корпорация АШТӨ тізімін жасайды және оны тиісті облыстың үйлестіру кеңесіне қарауға және бекітуге жібереді;

  • Үйлестіру кеңесі ауыл шаруашылығы өнімін және көлемі шегінде жалпы егіс алаңын жеткізу көлемін көрсете отырып, облыстың АШТӨ тізімін бекітеді және бекітілген тізімді енгізілген шешіммен бірге Корпорацияға жібереді;

  • Корпорация үйлестіру кеңесінің шешімін алғаннан кейін АШТӨ-мен форвардтық сатып алу шартын жасасады;

  • АШТӨ форвардтық сатып алу шартында белгіленген мерзімде Корпорация бекіткен форма бойынша қамтамасыз етуді ұсынады;

  • АШТӨ қамтамасыз етуді ұсынғаннан кейін Корпорация алдын ала төлемді жасайды;

  • АШТӨ есептілікті статистика органдарына ұсынғаннан кейін Корпорацияға ауыл шаруашылығы жұмыстарының жүргізілгенін растайтын құжаттарды ұсынады;

  • Күзгі кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізгеннен кейін жеткізу сәтінде қалыптасқан нарықтық баға бойынша қосымша төлем жасау.

2020 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардты сатып алуға 24,5 млрд теңге бөлінгенін атап өткен жөн. Сатып алу аясында бидай, арпа, майлы дақылдар мен қарақұмық сатып алу жоспарланған. 

 

«Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасын іске асыру

Мемлекет басшысы тұрақты сатып алу және аграрлық өнімді өткізу, агро құзыреттерді арттыру және оқыту жүйесін жолға қоюмен бірнеше өңірде ауылда кооперациялық тізбекті дамыту бойынша «алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасын іске қосу міндетін қойды, 2021 жылдың шілде айына қарай бағдарлама толыққанды әзірленуі тиіс.

«Алқаптан сөреге дейін» пилоттық жобасын 2020 жылы Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында іске асыру жоспарланған. Жоба аясында аграрлық өнімді сатып алу және өткізуді қамтамасыз ету үшін ішкі сауда субъектілерін несиелендіру көзделген.

Отандық өндірушілердің өнімдерін сатып алудың негізгі шарттарының бірі оны өткізу кезеңі бойында бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып отыр. Осылайша, жобаны іске асыру ұсақ және орташа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, облыс нарықтарын бекітілген баға бойынша отандық өндіріс өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейін арттыру есебінен өңірлердегі әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. 

 

Биыл 5 айда Қазақстанда ұн өндіру артты

Елімізде биыл қаңтар-мамыр айларында ақшалай мәнінде 743,3 млрд теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне шаққанда 101,6% құрады. Азық-түлік өнімдері өндірісінің жалпы өндіріс көлеміндегі ұн тарту өнеркәсібі, крахмалдар және крахмал өнімдерінің үлесі 20% (148,3 млрд тг), нан-тоқаш және ұн өнімдерінің үлесі 13,9% (103 млрд тг), сұйық май және майлардың үлесі 9,8% (73 млрд тг), өңделген және консервіленген жемістер мен көкөністер үлесі 4,2% (31,4 млрд тг) құрады. 

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің жедел мәліметтері бойынша биіл қаңтар-мамыр айлары аралығында елімізде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда нақты мәнінде келесі өндіріс түрлері артты: 

  • ұн өндірісі – 6,6% (1 293,9 мың тоннадан 1 379,3 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері – 16, % (66,8 мың тоннадан 77,6 мың тоннаға дейін), маргарин – 6,7% (26,2 мың тоннадан 27,9 мың тоннаға дейін), 

  • жармалар – 13,5% (с 32,7 мың тоннадан 37,2 мың тоннаға дейін), 

  • тазартылған және тазартылмаған сұйық май – 5,3% (187,9 мың тоннадан 197,9 мың тоннаға дейін), 

  • өңделген күріш – 89,4% (48,7 мың тоннадан 92,2 мың тоннаға дейін), өңделген және консервіленген көкөністер мен жемістер – 63,4% (5,5 мың тоннадан 9,0 мың тоннаға дейін), 

  • кептірілген нан, печенье, кондитерлік және ұзақ сақталатын тәтті нандар – 6% (43,9 мың тоннадан 46,6 мың тоннаға дейін), 

  • шоколад, шоколад және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер – 6% (38,1 мың тоннадан 40,4 мың тоннаға дейін).

Өткен жылғы деңгейде – 292,8 мың теңге көлемінде нан өндірілді. 

Соған қарамастан, қамыс қантын өндіру 70,5% (90,8 мың тоннадан 26,7 мың тоннаға дейін), жеміс және көкөніс шырынын өндіру 3% (26,6 млн литрден 25,8 млн литрге дейін) төмендегені байқалған. 

 

Биыл 2 шілдедегі мәлімет бойынша елімізде 760,8 мың тонна түрлі азық-түлік тауары бар

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 22,5 млн га құрады, бұл ретте көктемгі егіс алқабы 19,1 млн га құрады. 

Мәселен, облыс әкімдіктерінің жедел мәліметтері бойынша, жазғы дәнді дақылдар алқабы еліміз бойынша 14,5 млн га, майлы дақылдар - 3 млн га, көкөніс алқабы - 164 мың га, бақша дақылдары - 107 мың га, картоп алқабы - 193,7 мың га, қоза алқабы - 127,4 мың га, қант қызылшасы - 20,5 мың га құрайды. 

Егіс науқаны оңтайлы аграрлық мерзімде өткізілгенін атап өту керек. 

Өңірлердің жедел мәліметтері бойынша а.ж. 2 шілдедегі деректерге сүйенсек, елімізде түрлі азық-түлік тауарларының жалпы 760,8 мың тонна көлеміндегі қоры бар, оның ішінде тұрақтандыру қорларында - 40 мың тонна, өндіруші кәсіпорындарда - 273,1 мың тонна, қоймаларда – 135,7 мың тонна, сауда желілерінде – 322,3 мың тонна өнім бар. Сонымен қатар, 413 млн дана жұмыртқа мен 2,4 млн тонна азық-түліктік бидай бар.

Нақты тұтынылуы бойынша азық-түлік тауарларының қолда бар қорымен қамтамасыз ету өнімдердің алуан түрлері бойынша бір аптадан бірнеше айға дейінгі мерзімді қамтиды. Сонымен қоса, олардың қоры тұрақты толықтырылып отырады, сондықтан бұл өнімдер бойынша тапшылық болмайды. 

Бұл ретте, нарықтық экономика жағдайларында басқа да тауарлар түрлеріне тәрізді, азық-түлік бағасын кәсіпкерлер өз бетінше, өнімді өндіру, сақтау және тасымалдау кезінде жұмсалған шығындарды ескере отырып, сондай-ақ сұраныс пен ұсыныс балансы негізінде белгілейді. 

 

Негізгі азық-түлік тауарларының түрлері бойынша қамтамасыз ету 80%-дан асады

Азық-түлік тауарларының негізгі түрлері бойынша қамтамасыз етілу өз өндірісі есебінен 80% және одан астам пайызды құрайды, ал кей тауарлар бойынша 100% асады. Мәселен, 10 тауар бойынша (картоп, қияр, асхана қызылшасы, қой еті, күріш, қарақұмық жармасы, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, макарон, тұз) ішкі нарықты 100% және одан көп қанықтыруға қол жеткізілді. 13 тауар бойынша (томат, сәбіз, қырыққабат, пияз, бұрыш, сиыр еті, шошқа еті, жылқы еті, сүт өнімдері) толықтыру 80% құрайды. 

6 тауар қамтылмайды: алма (62,9%), балық (60,8%), шұжық өнімдері (62,0%), сыр және ірімшік (57,0%), қант (46,6%), құс еті (58,3%), бұл өнімдер бойынша импортқа тәуелділік бар. 

Бұл тауарлар бойынша Министрлік өндірісті дамыту және импорт алмастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2024 жылға қарай құс етімен, алма, шұжық өнімдері, сыр және ірімшікпен қамту 100%, ал балық және қантпен қамту 80% жетеді деп күтілуде. 


Егін жинауға дайындық

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша, Қазақстанда 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстары сапалы әрі өз уақытында жүргізілді. Короновирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, фермерлер жеңілдетілген жанар-жағармаймен, сапалы тұқым, тыңайтқыштар және жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұған дейін хабарланғандай, республикада барлығы 22,5 млн га егін егілді.

Айта кеткен жөн, Ауыл шаруашылығы министрлігінде мемлекеттік қолдау көлемінің артуының арқасында минералды тыңайтқыштарды қолдану бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізілді. Биыл диқандар топыраққа 450 мыңға жуық тонна тыңайтқыш қосты.

Әкімдіктердің қазіргі мәліметі бойынша дәнді және бұршақ дақылдарының егістік жағдайы жақсы (егістіктің 48%-ы), қанағаттанарлық (49%) және қанағаттанарлықсыз (3%) деп бағаланып отыр. Дәнді дақылдардың негізгі бөлігі түптеу кезеңінде 31%, сабақ шығару кезеңінде 55%, масақтану кезеңінде 12% құрап тұр. 

Алдағы уақыттағы дақылдардың жалпы жай-күйі табиғи-климаттық жағдайларға және уақытылы өңделуіне байланысты болмақ.

Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі дақылдарды әсіресе шегіртке зиянкестерінен қорғауды қамтамасыз ету маңызды деп санайды. 2020 жылы зиянкестермен күресуге республикалық және жергілікті бюджеттен 1,5 млрд-тан астам қаржы бөлінді. Жәндіктердің таралу ошақтарын анықтау үшін мыңнан астам маман тартылды. GPS навигаторлары және трекерлерінің көмегімен шамамен 40 млн га ауыл шаруашылығы жерлерін бақылау жүргізілді. Химиялық өңдеуге 150-ге жуық арнайы техника — әуе кемесі мен жеңіл ұшақтар, шашыратқыштар және аэрозольдік газ генераторлары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Жамбыл және Түркістан облыстарында мароккалық шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу аяқталды, ал италиялық прус және азиялық шегірткелерді жою жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар тұрақсыз шегіртке зиянкестерімен күрес жұмыстары үздіксіз атқарылуда.

Химиялық өңдеу оңтайлы уақытта жоғары биологиялық тиімділікпен жүзеге асырылады. Мамандардың дайындалуы және олардың жұмысын тиімді үйлестіру нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіру, сондай-ақ көршілес елдердегі шегіртке зиянкестерінің бізге қарай өтуі байқалмайды.

Егін жинауға қызу дайындық жүріп жатыр. Атап айтқанда, элеваторлар мен астық қоймаларын дайындау жұмыстары басталды. Республикада 189 лицензиялық астық қабылдау кәсіпорны бар, олардың жалпы сыйымдылығы шамамен 12,4 млн тонна. 

Бұдан өзге АШТӨ және лицензиясы жоқ астық қабылдау нысандары 14,7 млн тонна астықты сақтау мүмкіндігіне ие. Осылайша, астықты сақтаудың жалпы көлемі 27 млн тоннадан асады.

Қазіргі уақытта барлық лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны элеваторлардың материалдық-техникалық базасын дайындауға кірісті. Астық тазартқыш машиналардың, астықты кептіруге арналған жабдықтардың дайындығына және зиянкестерден залалсыздандыру шараларын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Сонымен қатар еліміздің оңтүстік өңірлері егін жинауға кірісті. Картоп, көкөністер, бақша дақылдары мен күздік дақылдар жиналуда. Қазірдің өзінде 93 мың тонна бидай және 26 мың тонна арпа жиналды.


Биылғы 6 айда агроөнеркәсіптік кешенді несиелеуге 211 млрд теңге бөлінген

Атап айтқанда, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге 82 млрд теңге, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуға 48 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ жалпы құны 5,8 млрд теңгеге 10 ірі инвестициялық жоба енгізілді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 17 млрд теңгеге 4 мыңнан астам микрокредит берілді, оның жартысын кәсібін жаңадан бастап жатқан ауыл кәсіпкерлері алды.

Бірінші жартыжылдықта Холдинг жұмысының нәтижесінде ауылдарда 3,8 мың жұмыс орны құрылды.

Бұған қоса, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Холдинг өз қызметін оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде: еншілес ұйымдардың саны жетіден үшке дейін қысқартылды.

Сондай-ақ фермерлердің өтініші бойынша кепіл саясатына қойылатын талаптар жетілдірілді. Енді олардың қамтамасыз етілуі өтімділіктің ең жоғары коэффициентімен бағаланады. Сонымен бірге Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кепілге қойылған жерлерге және басқа мүлікке өтімділік коэффициенттерін арттырды, болашақта қарыз алушының меншігіне айналатын кепілге қойылған мүлікті қабылдайды.

Пандемиядан зардап шеккен қарыз алушыларға кейінге қалдырылған төлем ұсынылады. 9,5 млрд теңге сомасына 3 378 қарыз алушының кейінге қалдыру өтініші мақұлданды. Бұл ауылдық жерлерде 9 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік беріп отыр.

Сондай-ақ холдинг ауыл шаруашылығында банктік несиелеуді ынталандыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Ауыл шаруашылығында банктердің несиелеріне кепілдік беру – қолдаудың жаңа тетігі енгізілуде.

Кепілдіктер фермерлерде кепілдеме болмаған жағдайда екінші деңгейлі банктерден фермерлерге несие алуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кепілдік беру бойынша оператор болады. Кепілдік сомасы несие сомасының 85%-ын құрайды. Бұл құрал бірінші кезекте сүтті және етті мал шаруашылығы, бау-бақша, жылыжайлар бойынша басым жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

Жалпы алғанда, Холдинг осы жылы қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру, отандық ауыл шаруашылығы өнімдері мен тамақ өнімдері өндірісінің өсуін ынталандыру, ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

 

Шегіртке және карантиндік зиянкестермен күрес 

Республика аумағында ерекше қауіпті организмдердің 11 түрі, зиянды организмдердің 5 түрі және карантиндік объектілердің 14 түрі таралған. Шегірткеге қарсы күреске ерекше көңіл бөлінеді.

Биыл үйірлі шегірткелер 554 мың га алқапта таралған, оның ішінде италиялық прус – 295,9 мың га, азиялық шегірткелер – 164,2 мың га және марокко шегірткесі – 93,9 мың га. Сонымен қатар саяқ шегірткілердің зиянкестері – 266,8 мың га.

Шегірткеге қарсы күреске республикалық және жергілікті бюджеттен 1,5 млрд теңге қаралған.

Бөлінген қаржы қаражаты пестицидтер мен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді барлық болжамды алаңға сатып алуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ 525,3 мың га алқапта пестицидтердің қажетті қоры құрылды, бұл шегіртке зиянкестерінің таралу болжамының 95%-ын құрайды.

Облыс әкімдіктерімен бірлесіп, әкімдерінің орынбасарлары басқаратын өңірлерде жедел штабтар құрылды және химиялық өңдеу жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жоспарлары бекітілді.

Үйірлі шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау үшін 570 бірлік автокөлік және GPS навигаторлар, GPS трекерлер, планшеттер арқылы 1224 тексеруші тартылып, 38,3 млн.га тексерілді.

Қазіргі уақытта Түркістан және Жамбыл облыстарында марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу аяқталды, марокко шегірткесіне қарсы барлық өңдеу 67,7 мың га алаңда жүргізілді.

Италиялық прус пен азиялық шегірткеге қарсы өңдеу аяқталуда. Бүгінгі күні италиялық пруске қарсы 284,6 мың га, азиялық шегірткеге қарсы 128,2 мың га алқапта химиялық өңдеу жүргізілді.

Үйірлі шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жүргізуге 148 бірлік арнайы бүріккіш техника жұмылдырылды. Сонымен қатар саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы өңдеу жұмыстары аяқталуда, бүгінгі күні барлығы 165,8 мың га алқапта өңделді.

Өңдеу уақтылы және жоғары тиімділікпен жүргізілді. Көрші мемлекеттер аумағынан шегірткелердің ҚХР, РФ, РУ шекаралас аумақтарына көшуін болдырмау үшін шегіртке зиянкестерін анықтау үшін бірлескен зерттеулер жүргізіледі.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде бүгінгі күні ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің зақымдануы, сондай-ақ шегіртке зиянкестерінің көшуі көршілес мемлекеттердің шектес аумақтарына байқалмайды.

Жалпы, уақытылы жүргізілген фитосанитарлық шаралардың арқасында шегірткелердің таралу аумағын 2018 жылы 1,7 млн га-дан 2020 жылы 554 мың га-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Зиянды арамшөптер бойынша биыл зерттеу алаңы 8,8 млн га құрайды.

Арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу 11,3 млн га алаңда жүргізу жоспарлануда, оның ішінде дәнді дақылдарда 10,97 млн га, жер үсті бүріккіштері 10,6 млн га және авиациялық тәсілмен 945,5 мың га өңделетін болады. 

Биылғы 8 маусымдағы жағдай бойынша химиялық отау 8,9 млн га алаңда жүргізілді, оның ішінде дәнді дақылдарда 5 817,648 мың га өңделді.

Аса қауіпті зиянды организмдер бойынша 3,2 млн га алаңда таралуы күтілуде. Барлық осы объектілер бойынша республика аумағында жеткілікті мөлшерде және әртүрлі ассортиментте пестицидтердің қажетті саны бар. Республикада объектілердің барлық түрлері бойынша 1160 препарат тіркелген.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Тамыз 2020, 18:46
Қазақстан мен БҰҰ 2021-2025 жылдарға арналған негіздемелік бағдарламаға қол қойды
12 Тамыз 2020, 16:31
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
12 Тамыз 2020, 13:54
Электр желілерінің тозуы мен апаттылығын төмендету —  алдағы жылыту маусымында басымдыққа ие
11 Тамыз 2020, 20:34
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Нұр-Сұлтан қаласындағы бірқатар кәсіпкерлік нысанын аралады
11 Тамыз 2020, 19:56
ВАК карантин шараларын кезең-кезеңмен алып тастауға дайындықты қарастырды
11 Тамыз 2020, 13:46
ҚР Үкіметінің отырысы, 11.08.2020
11 Тамыз 2020, 13:41
2020 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,3%-ға өсті — ҚР ИИДМ
11 Тамыз 2020, 13:12
Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдығудың тәуліктік өсімі орта есеппен 2 есеге жуық азайды — ҚР ДСМ
11 Тамыз 2020, 12:44
2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мұнай экспорты 42 млн тоннаны құрады — Энергетика министрлігі
11 Тамыз 2020, 10:35
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ҚР экономикасының базалық салаларында оң динамика сақталуда
11 Тамыз 2020, 10:33
Қазақстанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 2,5%-ға артты
11 Тамыз 2020, 10:13
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды — Ұлттық Банк
11 Тамыз 2020, 09:53
Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 120%-ға орындалды — Е. Жамаубаев
11 Тамыз 2020, 09:42
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Мемлекеттік комиссияның қарауына Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын енгізуді тапсырды
11 Тамыз 2020, 09:33
2020 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша тауарлар өндірісі 2,1%-ға өсті — ҚР ҰЭМ
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.