«Қарапайым заттар экономикасы», жаңа инвестициялық жобалар және жұмыс орындарын құру — Жамбыл облысы қалай дамуда

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019, 18:15:32

Жамбыл облысы өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да әлеуетке ие өңір ретінде экономиканың барлық салалары бойынша жыл сайын тұрақты өсімін көрсетіп келеді, 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңірде барлық бағыттар бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамунда оң беталыстар сақталып отыр. 

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың 11 айының қорытындысында, өңір экономикасы 105,2% құрады. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,3%-ға, ауыл шаруашылығы 4,6%-ға, құрылыс 1,9%-ға, көлік 4,3%-ға, сауда 7,9%-ға, байланыс 7%-ға артты. Негізгі капиталға инвестициялар 10,5%-ға өсті. 

 

Ауыл шаруашылығы: өнім өсімі бойынша бірінші орында 

Ел өңірлері ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі бойынша Жамбыл облысы бірінші орында. 

Жамбыл облысы бойынша 2019 жылғы қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі 300,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі 178,5 млрд теңге, мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 119,9 млрд теңгені құрады. 

Егіс алқабы 18 мың га ұлғайтылып, 687 мың га жетті, қарқынды бақтар аумағы 40%-ға артты (1029 га). Қант қызылшасының түсімділігі 135 мың тонна шегіне жетіп, 7%-ға ұлғайды. Қант қызылшасының өндірісін дамыту үшін қуаттылығы жылына 148 мың тонна болатын заманауи қант зауытының құрылысы басталды. 55 кооператив жұмысының аясында 13,3 мың тонна сүт, 4,5 мың тонна ет өндірілді. Қой еті экспорты 972 тоннаға дейін ұлғайтылып, республика экспортының 37% құрады. 

Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2019 жылдың 11 айында 23,7 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 18,1%-ға артық. Тамақ өнімдері өндірісіне 6,5 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім 133,1% құрады.

Биыл агроөнеркәсіптік кешенді қолдау үшін барлық қаржыландыру көздерінен 30,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен — 20,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен — 10,2 млрд теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 12,4 млрд теңгеге өсім байқалуда. 

Салада өнім сапасын арттыруға және шығындарды азайтуға бағытталған жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 108,9% құрады, яғни, бір жұмыскер орта есеппен 291,1 мың теңгеге ауыл шаруашылығы өнімін шығарады. 

Өндірістің оң қарқынына және бәсекеге қабілеттіліктің артуына байланысты экспортты ұлғайту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Биыл 1500 тонна сиыр еті мен 2000 тонна қой етін экспортқа шығару жоспарланған. Жыл басынан бері 2211,7 тонна ет Иран, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанға жіберілді (1205,3 тонна сиыр еті және 1006,4 тонна қой еті). 

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 77,6 мың тоннаны құрады. Оның ішінде: 

  • 1,3 тонна ірі қара мал Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға $2,4 мың қаржыға экспортталды; 
  • ірі қара мал және ұсақ қара мал еті 711 келі көлемінде $3,7 мың қаржыға Бахрейн, Кувейт, Оман, Иран және Ресейге экспортталды; 
  • 22,7 тонна картоп $1,7 мың қаржыға Тәжікстанға, Өзбекстан мен Украинаға экспортталды, ал $4,1 млн-ға 29,6 тонна пияз Әзербайжанға, Молдоваға, Украинаға, Австрияға, Грузияға, Иракқа, Латвияға, Литваға, Моңғолияға, Польшаға, Сербияға, Түркияға, Эстонияға, Беларусь пен Ресейге бағытталды; 
  • 2,7 тонна биологиялық және меслин өнімдері $371 мыңға Тәжікстанға, Өзбекстанға және арпа Өзбекстанға және Иранға экспортталды; 
  • 4,1 тонна мал азығы $1,1 мыңға Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға және $1,6 млн-ға 1,4 тонна сұйық май Өзбекстанға, Бельгияға, Германияға, Қытайға, Нидерланды мен Жапонияға экспортталды.

 

Облыстың өнеркәсібінде 41,8 мың адам жұмыс істейді

Өнеркәсіптік өндірісті әртараптандырудың негізі және өңірдің басым саласы — үлесі 74%-дан асатын өңдеу өнеркәсібі.

Облыстың өңдеу өнеркәсібі негізінен 6 негізгі сала бойынша ұсынылған, олардың жалпы көлемдегі үлесі 98%-дан асады:

  • химия өнеркәсібі (47%);
  • азық-түлік өнімі (17,2%);
  • металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру (15,4%);
  • өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі (11,6%);
  • мұнай өнімдерін өндіру (4,2%);
  • машина жасау (2,7%).

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында облыста өңдеу өнеркәсібінің көлемі 319,5 млрд теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107% құрады.

Өнеркәсіп өнімінің өсуі келесі өңдеуші өнеркәсіп секторларында байқалды: мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 17,9%-ға, химия өнеркәсібі – 20,5%-ға, дайын металл өнімдері – 33,1%-ға және машина жасау – 2,9%-ға.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың өнеркәсіп саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 41,8 мың адамды құрады, оның ішінде өңдеу саласында — 23,8 мың адам.

Бүгінгі таңда облыста 107 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде — 89 кәсіпорын.

50 инвестициялық жоба — 6700 жаңа жұмыс орны

Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жалпы құны 603,5 млрд теңге болатын 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды іске асыру шамамен 6 700 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.

2015-2018 жылдары индустриаландыру аясында жалпы құны 46,8 млрд теңге болатын 27 жоба іске асырылды, онда 1842 жаңа жұмыс орны ашылды.

2019 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында құны 5,9 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылып, 191 жаңа жұмыс орны ашылды. 2020 жылы жалпы құны 195 млрд теңгені құрайтын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, онда 1800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.

Бүгінгі таңда өңірде жоспарлау сатысында — минералды тыңайтқыштар өндірісін құру жобалары бар, мысалы, құны 570 млрд теңге болатын «Kazchemicals» ЖШС және жалпы құны 380 млрд теңге болаты «Еврохим-Қаратау» ЖШС. Сондай-ақ, Республиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және импортты алмастыруды қамтамасыз ететін «Qazaq soda» ЖШС — қуаттылығы жылына 400 мың тоннаға дейін кальцийлендірілген сода шығару жобасы.

Премьер-Министр А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Сарысу ауданының Жаңатас қаласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі мен әлемдегі жетекші минералды тыңайтқыштарды өндірушілердің бірі «ЕвроХим» МХК» АҚ арасында минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауытты салу және пайдалануға беру туралы инвестициялық келісімге қол қойылды.

Фосфоритті ұн өндіретін учаскенің басшысы Нұрлан Қашқынбеков атап өткендей, «ЕвроХим» Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау фосфорит бассейнінің екі кен орнын игеруде. Компания кен өндіруді 2014 жылы бастады, 2016 жылы жоба жылына 640 мың тонна фосфорит кенін шығарумен толық қуатына жетті. «ЕвроХим» қазіргі таңда Қазақстаннан фосфорит ұнын Краснодар өлкесіндегі «Белореченские минудобрения» өз зауытына жеткізеді, мұнда ол фосфат және күрделі минералды тыңайтқыштар шығару үшін қолданылады.

«Фосфоритті ұн өндірісі – Қазақстан Республикасының артықшылықтарының бірі. Біздің кәсіпорын маңызды өнеркәсіптік нысандардың бірі болып саналады. Кәсіпорын қызметкерлерінің өздерінің жалақыларына көңілдері толады. Жабдыққа қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы – Жаңатас қаласының байырғы тұрғындары», — деді Н. Қашқынбеков.

Сондай-ақ, жұмыс сапары кезінде Премьер-Министр құны 50 млрд теңге болатын Жаңатас жел электр станциясының құрылысы жобасымен танысты. Бірінші кезеңде оның қуаттылығы 100 МВт құрайды, екінші кезеңде 200 МВт болады. Қазіргі уақытта 19 жел генераторы орнатылды, 2020 жылдың бірінші тоқсанында олардың саны 40-қа дейін жеткізіледі.

«Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС-нің өңірлік жоба менеджері Наурызбек Жұмағазиннің айтуынша, құрылысқа 300 жұмысшы тартылған. Іске қосылғаннан кейін шамамен 30 адам жұмысқа тартылады, негізінен жергілікті тұрғындар қатарынан болмақ.

«Электр энергиясының жылдық өндірісі сағатына 340 МВт құрайды. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы осындай үлкен қуаттылықтағы алғашқы жел электр станциясы болады», — деді Н. Жұмағазин.

Қант, макарон, өсімдік майы: азық-түлік өнеркәсібі қалай дамуда

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында тамақ өнімдерін өндіру көлемі 54,8 млрд теңгені құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 97,7%. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы сала үлесі 17,2% құрады.

Салада 24 тамақ өнеркәсібі кәсіпорны жұмыс істейді. Саланың негізгі өнім өндірушілері — Тараз және Меркі қант зауыттары, олардың үлесіне саладағы өнімнің 50% астамы тиесілі. Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар сәтті жұмыс істейді: «Бурненская молочная компания» ЖШС және «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС. Макарон өнімдерін шығарумен «Mark of profection» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС, «Rola-7» ЖШС сияқты кәсіпорындар айналысады; «Kaz-Ir-Agro» ЖШС жоғары сапалы өсімдік майын шығарумен айналысады.

Азық-түлік өнімдерінен мыналар экспортталады:

  • ет өнімдері (Иран, Оман, БАӘ және т. б.);
  • макарон өнімдері (Түрікменстан, Өзбекстан);
  • өсімдік майы (Бельгия, Нидерланды, Жапония, Өзбекстан және т.б.).

Премьер-Министр Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында «Сәуле» кондитерлік фабрикасының 3-ші өндірістік желісінің іске қосылуына қатысты, кәсіпорын қосымша 70 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жеке кәсіпкер Тараздағы «Сәуле» кондитерлік фабрикасын қалпына келтіруге 850 млн теңге қаражат салды. Заманауи жабдықты іске қосу кәсіпорынның қуаттылығын 4,5 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өнімдерді экспорттау жоспарлануда. «Сәуле» кондитерлік фабрикасының бас технологы Максим Гришишин атап өткендей, болашақта жаңа корпус салып, жаңа өндірістік желілерді сатып алу жоспарлануда.

«Фабрикада вафли шығару бойынша екі желі іске қосылған. Бұл жылтыратылған және жылтыратылмаған вафлилер. Сонымен қатар, печенье шығаратын желіні іске қостық. Бұл қантты және қатты иленген печенье шығаратын өте үлкен қуатты желі. Біздің кәсіпорында бүгінде 136 адам жұмыс істейді. Біз, сондай-ақ, Жаңа жылдан кейін іске қосуды жоспарлап отырған, жылтыратылған грильяж өндіру бойынша төртінші желіні қарастырып жатырмыз», — деді М. Гришишин.

«Қарапайым заттар экономикасы» салаларының 53 жобасы қаржылық қолдау шараларымен қамтылған

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыруда Жамбыл облысы республика бойынша екінші орында. 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, жалпы құны 70,5 млрд теңге болатын 112 жобаның ішінде банктер 22 691 млн теңгеге 53 жобаны мақұлдады. 45 854 млн теңгеге 18 жоба қарастырылуда. 30 жоба 820,2 млн теңгеге қаржыландырылды.

Ірі жобалардан мақұлданғаны:

  • «Talas Investment Company» ЖШС;
  • «SuperPharm» ЖШС;
  • «QazStonePaper» ЖШС.

Қаралу сатысында:

  • «Қазфосфат» ЖШС;
  • «Алель Агро» АҚ 1-кезең;
  • «Гамбург» ЖШС;
  • «Агроспецстрой» ЖШС;
  • «KazMeatKorday» ЖШС.

 

ШОБ-те 125 мыңға жуық адам жұмыс істейді

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69 604 бірлікті құрады, тіркелгендердің жалпы санынан үлесі 81,2% құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 10,2%-ға артты.

Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 124 685-ке жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға көп.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ШОБ субъектілері 167 млрд теңгенің өнімін (жұмыс, қызмет) өндірді.

Статистикаға сәйкес, осы жылдың қаңтар-маусым айларында ШОБ жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17,7% құрады, жалпы қосылған құн — 119,3 млрд теңге.

 

Инвестициялардың жаңа толқынын тарту үшін бірыңғай экономикалық карта жасалуда

2019 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 250,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (215,3 млрд теңге) салыстырғанда 10,5% өсімді қамтамасыз етті. Іске асырылу кезеңі 2020 жылдан 2025 жыл аралығын қамтитын, 11 400 жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 2,7 трлн теңге сомасына 66 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды.

2019 жылы кәсіпкерлерге 8,6 млрд теңге сомасына микроқарыздар берілді.

Қолайлы инвестициялық климатты құру және облыстағы іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша қабылданған шаралардың арқасында Тараз қаласында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін заманауи фронт-офис ашылды, «Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы» жұмыс істейді. Барлық инвестициялық жобаларды «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» сүйемелдейді.

Облысқа инвесторларды одан әрі тарту үшін өңірдің мамандануы мен әлеуетін анықтайтын бірыңғай экономикалық карта жасалуда. Картада бос жер телімдері, табиғи ресурстар және инфрақұрылым нысандары туралы мәліметтер көрсетіледі.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында «Тараз» химиялық паркі» АЭА құрылды, онда қатысушыларға салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер ұсынылады. Қазіргі уақытта АЭА басқару компаниясы АЭА аумағына инвестициялар мен жаңа қатысушыларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Бүгінгі таңда «ХимПарк Тараз» АЭА аумағында 6 қатысушы тіркелген, олар 7 өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр:

1. «Каустикалық сода мен хлор өндірісі»;

2. «Глифосат (гербицид) және үш хлорлы фосфор өндіру» жобалары бойынша интеграцияланған химиялық кешен;

3. «Өсімдіктер және микротыңайтқыштарды қорғау биологиялық жүйелерінің өндірістік кешені»;

4. «Табиғи газды кешенді қайта өңдейтін зауытын салу»;

5. «ДАФ/МАФ минералды фосфор тыңайтқыштарын өндіру»;

6. «Қант зауытын салу»;

7. «Автобустар мен жүк көліктеріне арналған болаттан жасалған қаңқалы радиалды шиналар өндірісі (TBR)»

Жобаларға жоспарланған инвестициялардың жалпы сомасы 648,3 млрд теңгені құрайды.



Көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін 11 тұрғын үй нысаны салынып жатыр

Жыл басынан бері 430 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында 11 жатақхана салынуда. 

Тараз қ. әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Төлеген Бейбосынов осы жатақханалардың салыну барысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, қаладағы бірнеше шағын ауданда ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 1060 пәтерлі және 580 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілген, олар Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы сатылатын болады. 

«Аз қамтылған отбасыларға арналған жатақхана төрт блоктан тұрады. Әр блокта 45 пәтерден бар. Үйлердің құрылысы 2019 жылы тамыз айында басталған еді. Екі жатақхананы біз биыл желтоқсан айында пайдалануға бердік. Тағы екеуін 30 желтоқсанға дейін пайдалануға беруді көздеп отырмыз», — деді Т. Байбосынов. 

Инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында биыл облыстағы 3 аудан орталығында 3 млрд теңге сомасына 108 жобаны іске асыру жоспарланған.Оның ішінде 104 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, ал 4 әлеуметтік нысан құрылысы 2020 жылға көшеді. 

Тұрғындардың табысын арттыру бойынша жоба 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру аясында 10 ауданда пилоттық режимде 11 ауылдық округ айқындалған. 

 

Жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету: 11 айда 19 мыңға жуық жұмыс орны құрылды 

«Еңбек» бағдарламасымен 36 мыңға жуық адам қамтылды, 27 мың адам еңбекке орналастырылды. 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 18844 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 500 — тұрақты. Жылдық жоспар 125,6%-ға орындалды. Барлық құрылған жұмыс орындары «Жұмыс орындарын құру картасы» ақпараттық жүйесіне толық енгізілген. 

2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту шараларымен 41483 адам қамтылды (жылдық жоспар 35482 адам 116,9%-ға орындалды). Оның ішінде 30363 адам еңбекке орналастырылды, жоспар 107,2%-ға орындалды. 

Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді оқытуға 3322 адам бағытталды, оның ішінде 2901 адам оқытуды аяқтады, оның 2017-сі (69,5%) еңбекке орналастырылды. 

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауылдар мен қалаларда шағын несие беру үшін 1905 адамды қамту мақсатында 8,1 млрд теңге бөлінді. 

А.ж. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауылдық жерлерден 1548 адам жалпы сомасы 6471,5 млн теңнгеге шағын несие алды. 

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 3800 адамды оқыту жоспарланған. Жыл басынан бері 2789 адам оқытуға бағытталды, оның ішінде 2562-сі оқытуды аяқталды. Оның ішінде 479 адам шағын несие, ал 365 — қайтарымсыз гранттар алды. 

Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 918 адам оқытуға бағытталды. Барлығы оқытуды аяқтады. 444-і қайтарымсыз грант алды. 

Осы бағыт аясында 1783 адам 889,6 млн теғңге сомасына гранттар иеленді. Есепті кезеңде барлығы 1656 адам 837,4 млн теңге сомасына грант алды. 

Үшінші бағыт аясында 1538 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, оның ішінде жұмыстарын аяқтаған 532 адамнан 450 адам (84,6%) тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 2445 түлек жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, жұмыстарын аяқтаған 1637 адамнан 1252 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды (76,5%). 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоғамдық жұмыстарға 5168 адам тартылды. 

Жамбыл облысынан еңбек күші жетіспейтін ел өңірлеріне 206 отбасы немесе 586 адам қоныс аударды. 

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыру нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталуда. 2019 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8%, ал жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,7% құрады. 2018 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9%, ал жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,9% құрады.


Білім беру: үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді 

Білім беру саласында өңірле 15 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту үлесі 100%-ға жетті. 

2 жыл ішінде 14 мектеп салынды, 4 апатты, 4 үш ауысымды және 6 орын тапшылығы бар мектептер мәселесі шешілді. Жергілікті бюджет есебінен үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді. 

Бүгінгі таңда 3 мектеп салынуда. 2020 жылы апатты мектептер мәселесі толық шешілетін болады. 

 

Денсаулық сақтау: 95 медициналық мекеме салынды

Денсаулық сақтау саласында бірінші реттік медициналық нысандармен қамтылмаған 95 елді мекенде 2 жылда 95 нысан салынды, мәселе 100% шешілді. Сонымен қатар 200 орындық онкологиялық диспансер құрылысы жүріп жатыр, оның 2021 жылы аяқтау жоспарланған. 

Медициналық ақпараттық жүйе барлық медициналық ұйымдамда енгізілген. Интернет желісіне 391 мекеменің 383-і (98%) қосылған. Тұрғындардың 95%-ның электронды денсаулық паспорты бар. 

Салауатты өмір сүру салтын дамыту үшін облыста шағын спорт алаңдарына инвентаризация жүргізілді. Бүгінде қажеттілік 266 нысанды құрайды. Биыл 134 нысан салынған. Жыл соңына дейін тағы 40 нысан пайдалануға беріледі, қалған 92 нысанға байланысты мәселе 2020 жылы толыққанды шешілетін болады. Дене шынықтырумен айналысу үшін демешуілер есебінен 400 адамға арналған спорт кешені салынды, бюджет есебінен 2 спорт кешенін салу жұмыстары жүргізілуде. 



Жамбыл облысына 100 мыңнан аса турист барды 

Жамбыл облысы — көркем табиғатты, қайталанбас тарихи-мәдени мұраны, алуан түрлі флора мен фаунаны қамтыған айрықша әсем өңір. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енгізілген бес мемлекеттік табиғи қорықтар мен бес мәдени ескерткіштің, сондай-ақ Дүниежүзілік аса туристік тартымдылыққа ие нысандар тізіміне енгізілген екі тарихи нысанның Айша бибі кесенесі мен Ақыртас сарай кешенінің болуы өңірді көптеген туристер үшін тартымды етеді. 

Туризмнің дәстүрлі түрлерімен қатар, Жамбыл облысында туризмнің барлық дерлік қазіргі түрлері дамуда — тарихи-мәдени, қажылық, медициналық, этникалық, ат спорты, экологиялық т.б. Өңірде туристік және көлік инфрақұрылымын, отельдер желісі мен сервистік қызметтерді дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Бүгінде облыста туристік ағымдардың оң динамикасы байқалып отыр, 2019 жылдың 9 айында облысқа 109 075 шетелдік және қазақстандық турист келген. 

Шетелдік туристерді тарту және тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы жағдайлар тудыру мақсатында үш туристік аймақ — «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені, «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, «Каралма» тау шаңғысы курорты пайдалануға берілді. 

«КөнеТараз» тарихи-этномәдени кешенінің құрамына туристерге аймақтың мәдениетін, дәстүрін, тарихын түсінуге мүмкіндік беретін бірқатар нысандар кіреді: «Қолөнер және туризм орталығы», Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығы», «Көркемөнер галереясы», «Облыстық тарихи-өлкетану музейі», «Ретро-фестиваль» амфитеатры, «Көрме павильоны» және 39 метрлік биіктіктегі мұнара сағаты.

«Тектұрмас» этно-тарихи кешені Тектұрмас тауының биік баурайында, Талас өзенінің жоғарғы жағалауында орналасқан. Бұл туристік кешен Тараз қаласының өмірінің барлық кезеңдерін ашатын бірнеше архитектуралық құрылымдардан тұрады, олар туристер мен облыс қонақтарына өңірдің тарихи оқиғаларының толық хронологиясын көруге мүмкіндік береді (Әулиеата ескерткіші, 14 қаған стеласы, байқау алаңы, Лауха стеласы, «Көне Тараз қақпасы»).

«Қар-Алма» тау шаңғысы курорты Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы әсем «Қаралма» шатқалында, Батыс Тянь-Шаньның Талас жотасының солтүстік беткейінде теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте орналасқан. Ыңғайлы орналасу және клиенттерге сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалған. Кешеннің құрылымында еуропалық үлгідегі 20 коттедж, 100 орындық 1 қонақ үй, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, байқау алаңы, қызмет көрсету орталығы, әрқайсысы 100 көлікке арналған 2 тұрақ бар. Курорт күніне 6000-12000 келушіні қабылдай алады.

Сондай-ақ, Тараз қаласын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 6 мәдени демалыс және ойын-сауық орны пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттен инвестициялардың жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.

Келесі жылы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінің екінші кезеңін салу (арқанжол, «Көне Тараз» қабырғасы, 26 шағын кесене, «Аңырақай шайқасы» монументалды қабырғасы, Атлақ шайқасы монументалды қабырғасы, каскадты сарқырама, Талас өзені бойынша аспалы өтпелі көпір, мейманхана, кофехана, кәдесый сату орындары секілді сервистік нысандар және т. б.), сондай-ақ, Қар-Алма тау шаңғысы базасының екінші кезегінің құрылысы және «Тектұрмас» тауының жерасты өткелдерінде іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу көзделген. 

2020 жылы қазақстандық және шетелдік туристер ағымын орта есеппен 335 мың адамға арттыру, 12,5 мың жұмыс орнын ашу, бюджетке түсетін түсімдер 1,6 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.


Жаңалықтар тізбегі
22 Ақпан 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №49
22 Ақпан 2020, 14:18
Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы, Ирак және Палестинадағы елшілерін тағайындады
22 Ақпан 2020, 13:17
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестицияларды тарту мәселелерін талқылады
22 Ақпан 2020, 11:08
Қазақстан ЕАЭО шеңберіндегі өзара сауданы ретке келтірудің нақты шараларын ұсынды
21 Ақпан 2020, 17:53
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
21 Ақпан 2020, 17:12
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
21 Ақпан 2020, 16:33
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады
21 Ақпан 2020, 12:57
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды
21 Ақпан 2020, 10:17
Қайрат Рахымов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 20:11
Арыстан Қабыкенов ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды
20 Ақпан 2020, 19:35
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин көктемгі егіс жұмыстарына дайындық жөнінде кеңес өткізді
20 Ақпан 2020, 17:05
Жүн саласын дамытуға қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:59
«Оңтүстік» АЭА дамыту мәселелеріне қатысты депутаттық сауал
20 Ақпан 2020, 16:19
Мемлекеттік сатып алулардың толық ашықтығын қамтамасыз ету: электрондық форматқа көшудің арқасында 2019 жылы үнемдеу рекордтық 361 млрд теңгені құрады
20 Ақпан 2020, 14:59
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына барды
20 Ақпан 2020, 12:31
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин елордадағы спорт және мәдени инфрақұрылымдардың салыну барысын тексерді
20 Ақпан 2020, 11:28
Майра Мелдебекова ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды
19 Ақпан 2020, 18:54
2020-2022 жылдары Қазақстанда жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді 
19 Ақпан 2020, 17:27
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 17:25
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
19 Ақпан 2020, 16:43
Дастан Рыспеков ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды 
19 Ақпан 2020, 15:07
Мемлекет басшысы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады
19 Ақпан 2020, 11:35
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі қалай дамуда және келешегі қандай
18 Ақпан 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Қуанышбек Ескеевті қабылдады
18 Ақпан 2020, 18:37
ҚР Президенті Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
18 Ақпан 2020, 17:42
Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту
18 Ақпан 2020, 17:26
ҚР Үкіметінің отырысы, 18.02.2020
18 Ақпан 2020, 11:59
Семинарлар, конференциялар өткізу, автокөлік құралдары мен жиһаз сатып алу шығындары қысқартылады — Ә. Смайылов
18 Ақпан 2020, 11:42
2019 жылы қазақстандық интернет-дүкендерде сатып алу көлемі 422 млрд теңгені құрады
18 Ақпан 2020, 11:28
Мемлекеттік геологиялық барлау бағдарламасын жүзеге асыру: ҚР-да 6 трлн теңгеге дейін инвестиция тартылып, қосымша 20 мыңнан астам жұмыс орны құрылады
18 Ақпан 2020, 10:06
Үкімет басым емес шығыстарды 128,6 млрд теңгеге қысқартады
18 Ақпан 2020, 10:00
Үкіметте электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды
18 Ақпан 2020, 09:37
2025 жылға дейін Қазақстанда геологиялық барлауды дамытуға 800 млрд теңгеге жуық жеке инвестиция тартылады
17 Ақпан 2020, 14:24
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
17 Ақпан 2020, 12:34
Ержан Жылқыбаев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
17 Ақпан 2020, 10:18
18 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
15 Ақпан 2020, 16:20
Қазақстан Президенті Кувейттің Премьер-Министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті
15 Ақпан 2020, 14:40
Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
15 Ақпан 2020, 14:22
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №48
15 Ақпан 2020, 11:31
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның бірыңғай нарығының ең жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге келісті
14 Ақпан 2020, 20:12
Қазақстан Президенті Германияның ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізді
14 Ақпан 2020, 16:43
Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесінің жетілдірілуі: «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы, заманауи медициналық технологиялар және әлеуметтік сақтандыру
14 Ақпан 2020, 16:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
14 Ақпан 2020, 12:56
А. Мамин Катардың сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед әл-Кауаримен кездесу өткізді
13 Ақпан 2020, 20:02
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
13 Ақпан 2020, 18:52
Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізді
13 Ақпан 2020, 18:51
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Х. Клюгемен кездесу өткізді  
13 Ақпан 2020, 16:21
2019 жылы Түркістан облысының дамуы: экономикасы, жұмыспен қамту, туризмі
13 Ақпан 2020, 15:23
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан қаласында инфрақұрылымның салыну барысын тексерді
13 Ақпан 2020, 13:11
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 21:04
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Шымкент қаласына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
12 Ақпан 2020, 19:26
ҚР Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
12 Ақпан 2020, 15:48
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Шымкент қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
12 Ақпан 2020, 14:51
Мемлекет басшысы «Birgemiz» атты республикалық Волонтерлер фронт-офисінің ашылу рәсіміне қатысты
11 Ақпан 2020, 20:26
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
11 Ақпан 2020, 20:06
Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
11 Ақпан 2020, 17:47
Асқар Маминнің тапсырмалары, министрлердің баяндамалары, үкімет кулуары — Министрлер кабинетінің кезекті отырысы
11 Ақпан 2020, 17:25
Роман Скляр су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша Ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысын өткізді
11 Ақпан 2020, 16:05
Қазақстан Президенті Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады
11 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
11 Ақпан 2020, 11:31
2020 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,1%-ға өсті — Р. Дәленов
11 Ақпан 2020, 11:28
11 ақпанда ҚР 217 азаматы Қытайдан Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді — ҚР СІМ
11 Ақпан 2020, 10:19
Қазір Қордай ауданындағы жағдай тұрақты — Б. Сапарбаев
11 Ақпан 2020, 09:45
Үкімет коронавирус инфекциясына қатысты жағдайды және ҚР азаматтарын қорғау шараларын қарастырды
11 Ақпан 2020, 09:32
Биылғы қаңтар айында экономиканың барлық негізгі салаларындағы оң қарқын ҚР ЖІӨ 3,6% өсімін қамтамасыз етті
10 Ақпан 2020, 20:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Жамбыл облысының жаңа әкімі Б. Сапарбаевты таныстырды
10 Ақпан 2020, 18:21
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесінде бірқатар кадрлық тағайындаулар жасады
10 Ақпан 2020, 18:18
Жаңа заң аясында педагог біліктілікті арттыру курсынан үздіксіз немесе кезең-кезеңмен өте алады — Ш. Каринова
10 Ақпан 2020, 17:09
Қордай ауданында ақсақалдар кеңесі құрылады
10 Ақпан 2020, 16:42
Қазақстан Президенті Ішкі істер министрін қабылдады
10 Ақпан 2020, 15:10
Аттестаттаудан өткен барлық санаттағы педагогтер 2020 жылдың қыркүйегінен бастап үстемақы алатын болады — ҚР БҒМ
10 Ақпан 2020, 14:39
Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
10 Ақпан 2020, 14:38
11 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
10 Ақпан 2020, 14:23
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
10 Ақпан 2020, 13:18
Қ. Тоқаев Жамбыл облысындағы бірқатар шенеунікті қызметінен босатуды тапсырды
10 Ақпан 2020, 11:24
Үкімет комиссиясы Қордай ауданында болған оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды 
09 Ақпан 2020, 20:25
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдардың тұрғындарымен кездесті
09 Ақпан 2020, 15:35
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды
09 Ақпан 2020, 12:30
Бұзылған барлық үйлер қалпына келтіріледі — Б. Сапарбаев
09 Ақпан 2020, 11:41
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №47
09 Ақпан 2020, 00:48
Премьер-Министрдің орынбасары Қордай ауданындағы ауылдарда түнгі уақытта қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің қамтамасыз етілуін тексерді
08 Ақпан 2020, 23:24
Бердібек Сапарбаев Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
08 Ақпан 2020, 17:27
Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды
08 Ақпан 2020, 14:10
Жамбыл облысының Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясы құрылды
08 Ақпан 2020, 11:41
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жамбыл облысындағы жағдайға байланысты мәлімдемесі
08 Ақпан 2020, 11:04
Шолу: Қазақстанда экологиялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етілуде
07 Ақпан 2020, 18:22
Үкіметте Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың аралық қорытындысы шығарылды
07 Ақпан 2020, 16:57
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Ақпан 2020, 14:24
Б. Сапарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығына бірқатар тапсырмалар берді
07 Ақпан 2020, 12:30
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Көлік жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
07 Ақпан 2020, 10:22
Салықтан босату және тексеруге мораторий – алдағы 3 жылда Қазақстанда бизнес қалай дамиды
06 Ақпан 2020, 15:12
Мемлекет басшысы әлеуметтік кәсіпкерлік өкілдерімен кездесті
06 Ақпан 2020, 13:07
Динара Щеглова ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды
06 Ақпан 2020, 12:55
Жанат Жахметова ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды
05 Ақпан 2020, 19:16
Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
05 Ақпан 2020, 19:08
Б. Сапарбаев коронавирустың таралуына жол бермеу жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастыруды тапсырды
05 Ақпан 2020, 17:23
Қ. Тоқаев Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Т. Хельмді қабылдады
05 Ақпан 2020, 16:42
Үкімет басшысы Қазақстанның ЕО-мен инвестициялық ынтымақтастығы жөніндегі диалогтың IV отырысын өткізді
05 Ақпан 2020, 16:11
Мемлекет басшысы Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады
05 Ақпан 2020, 12:54
Үкімет басшысы «One Web» басшылығымен ҚР-да жерсеріктік интернетті дамыту мәселесін талқылады 
05 Ақпан 2020, 11:49
Қазақстан Президенті Премьер-Министрдің орынбасары Роман Склярды қабылдады
05 Ақпан 2020, 11:13
«Педагог мәртебесі туралы» заң: мұғалімдердің жалақысын көтеру, құқықтарын қорғау және әлеуметтік қолдау
04 Ақпан 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.02.2020
04 Ақпан 2020, 17:10
Үкіметтік сейсенбі: әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын белгілеу, цифрландыруды дамыту және коронавирустан қорғау бойынша ахуал
04 Ақпан 2020, 16:03
Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
04 Ақпан 2020, 15:54
Саннан ‒ сапаға: Б. Сапарбаев әлеуметтік МЖӘ-жобаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді
04 Ақпан 2020, 14:08
Б. Сұлтанов: Тауарларды шекара арқылы өткізу коронавирустың таралуына әсер етпейді
04 Ақпан 2020, 14:02
Қазақстанда Испания мен Франция елдеріндегі тәрізді көтерме нарықтар құрылады
04 Ақпан 2020, 12:29
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
04 Ақпан 2020, 11:31
Тауар өткізу инфрақұрылымы аясында 15 агро-логистикалық орталық құру жоспарлануда — ҚР СИМ 
04 Ақпан 2020, 10:43
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екі жылында инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды
04 Ақпан 2020, 09:48
Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
04 Ақпан 2020, 09:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді
03 Ақпан 2020, 18:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин импорт алмастыру және экспортты ілгерілету жөніндегі ВАК отырысын өткізді
03 Ақпан 2020, 17:17
Мемлекеттік инспекторлар еңбек заңнамасының бұзылуына еш кедергісіз әрекет етуі тиіс — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:24
Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға бөлінетін квота 40%-ға қысқартылды — Б. Нұрымбетов
03 Ақпан 2020, 15:14
113 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалана алады — ҚР ЕХӘҚМ
03 Ақпан 2020, 12:36
4 ақпанда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
03 Ақпан 2020, 12:18
ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды
02 Ақпан 2020, 12:00
Қазақстан өз азаматтарын Уханьнан эвакуациялады
01 Ақпан 2020, 15:51
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №46
01 Ақпан 2020, 15:31
Мемлекет басшысының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баспасөз конференциясы өтеді
01 Ақпан 2020, 12:46
Қазақстан Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
01 Ақпан 2020, 11:35
А. Маминнің Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
01 Ақпан 2020, 11:29
А. Маминнің «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест
31 Қаңтар 2020, 20:13
ЕАҮК: Алматыдағы Үкіметтік келіссөздер қалай өтті
31 Қаңтар 2020, 18:38
2019 жылдағы Алматы: өнеркәсіп өнімінің өсімі, инвесторларды қолдау және білім саласындағы жетістіктері
31 Қаңтар 2020, 18:28
Сарапшылар ЕАЭО туралы: ЕАЭО нарығында бәсекелестіктің күшеюі — еуразиялық интеграцияның басты жетістігі
31 Қаңтар 2020, 17:10
А. Мамин 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды 
31 Қаңтар 2020, 15:01
Репортаж: Алматыда «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумы өтуде
31 Қаңтар 2020, 13:02
ЕАЭО Премьер-Министрлері «Digital Almaty» форумына қатысты
31 Қаңтар 2020, 10:58
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен келіссөз өткізді 
31 Қаңтар 2020, 10:28
Алматыда ЕАЭО одан әрі дамыту бағыттары талқыланды
31 Қаңтар 2020, 08:38
Артур ван Дизен: цифрландырудағы жетістіктер - ҚР Үкіметінің бағыттылығының нәтижесі
31 Қаңтар 2020, 08:30
Еуразиялық экономикалық одақ — инвестициялар мен жоғары технологияларды тартудың аймақтық орталығы
31 Қаңтар 2020, 08:00
ЕЭК министрі Т. Жақсылықов ЕАЭО үкіметаралық кеңесінің отырысында қандай мәселелер талқыланатынын айтты
30 Қаңтар 2020, 20:27
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
30 Қаңтар 2020, 19:59
Қазақстан GIGA бастамасының Орталық Азиядағы көшбасшысына айнала алады — К. Фабиан
30 Қаңтар 2020, 19:20
А. Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:43
А. Мамин инновациялар мен цифрландыру саласындағы шетелдік сарапшылармен кездесулер өткізді
30 Қаңтар 2020, 15:05
«Туған жер» жобасы, музей экспонаттарының цифрлық каталогын және ұлттық электрондық кітапхана құру  — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда
30 Қаңтар 2020, 14:29
Қазақстанда жоғарғы технологиялар мектебі ашылады — Кваме Ямгнанемен сұхбат
30 Қаңтар 2020, 11:13
Мемлекет басшысы Қазақстанның Ресейдегі жаңадан тағайындалған елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 19:38
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады
29 Қаңтар 2020, 16:01
ҚР Үкіметі жанындағы ВАК ҚР-да коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шараларын қабылдады
29 Қаңтар 2020, 12:43
Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады
28 Қаңтар 2020, 20:40
Президенттің тапсырмаларын орындау, Су ресурстарын басқару жөніндегі тұжырымдаманы қабылдау, халықты коронавирустан қорғау немесе Үкімет отырысы қалай өтті
28 Қаңтар 2020, 19:00
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.01.2020
28 Қаңтар 2020, 18:45
Е. Біртанов: коронавирусқа қатысты тек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенген жөн
28 Қаңтар 2020, 18:13
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге Қазақстанның автоөнеркәсібінің 2020 жылға даму жоспары туралы баяндалды
28 Қаңтар 2020, 16:17
ҚР СІМ ҚХР-дағы қазақстандық студенттер үшін арнайы бортты ұйымдастыру мәселесін пысықтауда
28 Қаңтар 2020, 15:31
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаянмен кездесті
28 Қаңтар 2020, 14:46
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда коронавирустық инфекцияны таратпау және оның алдын алу бойынша шаралар кешенін қабылдады 
28 Қаңтар 2020, 13:06
2020 жылы инвестициялар экономикалық өрлеудің негізгі қозғаушы күшіне айналады — Р. Дәленов 
28 Қаңтар 2020, 11:03
2020 жылы ақпанда банк жүйесі активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталады — М. Әбілқасымова
28 Қаңтар 2020, 10:46
Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі Ақша-несие саясаты стратегиясының жобасын әзірлейді
28 Қаңтар 2020, 10:14
Су ресурстарын басқару бағдарламасы бойынша 500-ге жуық гидротехникалық құрылыс реконструкцияланады — М. Мырзағалиев
28 Қаңтар 2020, 09:51
Үкімет ҚР Су ресурстарын басқару жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын бекітті
28 Қаңтар 2020, 09:42
Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шараларды қарады
28 Қаңтар 2020, 09:29
Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел әрі мұқият пысықтау қажет — Р. Дәленов
28 Қаңтар 2020, 01:27
Қазақстан Президенті «Уахат әл-Карама» мемориалды кешеніне барды
27 Қаңтар 2020, 21:47
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 21:36
Қазақстан Президенті БАӘ-нің бизнес өкілдері қатысқан жиында сөз сөйледі
27 Қаңтар 2020, 21:31
Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-ға сапары аясында бірқатар кездесулер өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:34
Б. Сапарбаев ҚР аумағында коронавирустың пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
27 Қаңтар 2020, 20:28
Роман Скляр республикалық автожолдардағы ТЖ мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді
27 Қаңтар 2020, 18:47
Жанат Элиманов ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы болып тағайындалды
27 Қаңтар 2020, 16:20
Мемлекет басшысы Абу Дабидің тақ мұрагері, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді
27 Қаңтар 2020, 14:29
28 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді
26 Қаңтар 2020, 15:28
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №45
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі