Кадрлар даярлау, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылда шағын несиелендіруді арттыру — Қазақстанда «Еңбек» бағдарламасы қалай іске асырылуда

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде ҚР Президенті Қ. Тоқаев халыққа экономиканы, шағын және орта бизнесті, қазіргі күрделі жағдайларда бүкіл мемлекет тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмаларды жолдады. Маңызды мәселелердің бірі тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету болып отыр, бұл мемлекеттің ерекше бақылауына алынған. 

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын қайта даярлау, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдық елді мекендерде шағын кредит беруді кеңейту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты бірқатар міндеттерді қамтиды.

Ағымдағы жылдың 6 айында 283 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды, оның ішінде 217,6 мың адам жұмысқа орналастырылса, 102,6 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды.

118 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 15 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына,14 мың адам жастар практикасына, 89 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі деректер бойынша жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден 3019 адам, яғни 853 отбасы қоныс аударды. 

2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына 7,2 мың адам жіберілді, оның ішінде 342 адам оқуды аяқтап, 148 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы, жыл соңына дейін бұл шарамен 18,8 мың азаматты қамту жоспарланып отыр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 17,6 млрд теңге сомасына 3 931 микрокредит берілді, оның ішінде 4 115 жұмыс орнын ашқан ауылдық кәсіпкерлерге 14,6 млрд теңгеге 3 687 микрокредит берілді.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында шағын несиелендіруді 2020 жылға дейін қаржыландыру көлемі 54,2 млрд теңгені құрайды, оның 79,9%-ы (43,3 млрд теңге) ауылдық жерлерге және 20,1%-ы (10,9 млрд теңге) қалалық жерлерге тиесілі. 

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 24 мыңнан астам мемлекеттік грант беріледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша 10,8 мың грант бөлініп үлгерді. 

Бұдан тыс, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 30 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

Төтенше жағдай режимі кезінде ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамтудың негізгі құралы жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасы» болмақ, оны жүзеге асыруға 1 трлн теңге қарастырылған. Бағдарламада 7 мыңнан астам жоба қамтылады. Олардың 300-ден астамы жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін өнімді, перспективалы жобалар болып табылады. 

Жол картасының негізгі мақсаты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру және табыстың болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ облыстың елді мекендерінің инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бүгінгі күні ел Үкіметінің басым міндеті азаматтарды жұмыспен қамту екенін атап айтқан еді. Жаңа «Жұмыспен қамтудың жол картасын» қаржыландыру жобаларды іске асыру кезеңінде уақытша жұмыспен қамтуды ғана емес, тұрақты жұмыс орындарын құруды қамтитын 240 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда ЖҚЖК аясында жергілікті атқарушы органдар 4 негізгі бағыт бойынша 6696 жобаны іске асыру үшін іріктеп алды:

  • әлеуметтік-мәдени нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысы; 
  • тұрғын үй-коммуналдық нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысы;
  • инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарын күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысы;
  • елді мекендері аббаттандыру.

ЖҚЖК инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің кемінде 90% тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып табылады. Қызметкерлердің кемінде жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалданатын болады, жұмыссыз жастарға басымдық берілетін болады. Мердігерлер санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қолдана отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге тиіс.

Ағымдағы жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша өңірлерде 6 295 жоба бойынша жұмыс басталды, 148 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде 77 мың халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы.

ЖҚЖК шеңберінде барлығы 255 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл ретте ЖҚЖК жобалары болашақта 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға негіз болады.

Еске салайық, 14 мамыр күні ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Жол картасына келесі өзгерістер енгізілді: 

  • жергілікті атқарушы органдар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, медициналық тексеру, қызметкерлерді жинау және жұмыс орнына дейін тасымалдау үшін мобильді рекрут пункттерін ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс; 
  • инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтары жіберген, басқа елді мекендерден келген жұмыссыздарға ең төменгі екі жалақы мөлшерінде біржолғы материалдық көмек («көтерме») тиесілі, ол тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген. 

Бұдан басқа, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Жұмыспен қамту жол картасын іске асыруға жауапты ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі ВАК) құрылды. ВАК отырыстарының шеңберінде өңірлер және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде қаржыландыру лимиттерін айқындау бойынша ұсыныстар әзірленді, Жол картасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобалардың тізбесі қаралды және бекітілді.

 

Нұр-Сұлтан қаласы

Жалпы еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Елордада жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрайды, бұл республикалық мәннен төмен (ҚР бойынша - 4,8%). «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасуға мұқтаж азаматтарды көбірек қамту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

ТжКБ кадрларын даярлау бойынша 2020-2021 оқу жылына 1 050 адам тіркелді, 15 білім беру ұйымдарының және оқыту ұйымдары үшін 14 мамандықтың тізбесі бекітілді.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша бүгінгі күні жұмыс берушілерден 34 мамандық бойынша 660 адамға 29 өтінім қабылданды. 18 қаланың жұмыс берушілері үшін еңбек нарығында сұранысқа ие 17 мамандық бекітілді (газ жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь, арматуршы, монтаждаушы, электр дәнекерлеуші, газэлектрдәнекерлеуші, электр слесарі, жиһаз жинаушы, ағаш бояу цехының шебері, бақылаушы-кассир, анимация және видеография, аспаз, кондитер, наубайшы, тәрбиешінің көмекшісі, тігінші, шаштараз және т.б.).

Сонымен қатар, ағымдағы жылы шағын несие беру аясында кемінде 80 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелерін кәсіпкерлікке тарту үшін шағын несиелер жеңілдікті шарттармен берілетін болады. Сонымен, осы санаттағылар үшін шағын несиенің ең жоғары сомасы 5 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге 8 млн теңгеден 20 млн теңгеге дейін ұлғайтылды және сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-ға дейін (бұрын - 6%) болды.

Анықтама: 2020 жылдан бастап «Еңбек» бағдарламасының барлық қатысушылары үшін жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттың бірыңғай мөлшері 200 АЕК (555 600 теңгеге дейін) мөлшерінде белгіленген. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелері алдын ала оқытусыз гранттар алуға құқылы. 

Ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап кәсіпкерлік негіздеріне оқыту басталды. Жыл басынан бері еңбекке орналастыруға қолдауды өтінумен 10 177 адам жүгінді. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 6 мыңнан астам адам қамтылды (60,2%). Бүгінгі күн enbek.kz порталында 758 жұмыс берушіден 6,9 мыңнан астам бос жұмыс орны тіркелді. 

Сонымен қатар, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында еліміздің еңбек күші тапшы өңірлерін жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды көшіру бойынша бос орындар жәрмеңкесі өтті. Жұмыс және бос жұмыс орындарын  Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облысының  өкілдері ұсынды. 5 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды, олардың ішінде дәрігер, медбике, мұғалімдер, агроном және т. б. тәрізді аса сұранысқа ие мамандықтар бар. 

Астана экономикасының негізгі секторларында сапалы жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында тиісті мемлекеттік органдардың құрамында мемлекеттік, үкіметтік және салалық бағдарламаларды іске асыру саласында, сондай-ақ кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмыс топтары жұмыс істейді.

Жыл басынан бері 12 104 жұмыс орны құрылды (жылдық жоспар 26 800), оның ішінде 6 219 тұрақты және 5 885 уақытша жұмыс орны (шағын бизнес саласында – 3 796 орын). Сонымен қатар, Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру аясында инфрақұрылымдық жобаларда 15 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген, оның ішінде 50% жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасу үшін қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 4 206 жаңа жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталығы арқылы 3 256 адам жұмысқа орналастырылды.

 

Алматы қаласы

«Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында шағын кредит беру бөлігінде 2020 жылдың жалпы бюджеті 2 млрд теңгені құрайды. Шағын бизнесті ішінара кепілдендіруге 101 353 мың теңге қарастырылған. 545 жұмыс орнын құрумен 140 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта жалпы құны 359 млн теңгеге 22 жоба қаржыландырылды.

Сонымен қатар, кепілдік беру құралы бойынша жыл басынан бері 66 млн теңге сомасына 7 жоба мақұлданды. Қаржыны игеру бойынша Алматы қаласы республика бойынша 3 орын алып отыр, мұнда 359 млн теңгеге 22 жоба іске асырылған. Жобалар бойынша 140 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды.

 

Шымкент қаласы

2020 жылы өңірде 33 449 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 17 205 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан (51,4%). Бөлінген қаржының 2 212 835 мың теңгесі игерілген (28,3%).

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде 3 196 адамды оқуға жолдау жоспарланған, оның ішінде кәсіптік білімі жоқ, оқу орындарына түспеген 1 196 адамды (9-11 сынып бітірушілер) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға жолдау жоспарланған (оқу мерзімі орта есеппен 2 жыл 5 ай). Оқу 2020 жылдың қыркүйек айында басталады.

2 000 адамды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жоспарланған, нақты 32 білім беру ұйымына 21 мамандық бойынша жолданды. Оның ішінде 1 010 адам 9 оқу орнына жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес, 990 адам 23 оқу орталығына оқу ваучері бойынша оқытылады. 

Екінші бағыт бойынша жалпы 3 421 адам қамтамасыз ету жоспарланды, нақты 3 553 адам қамтылды (103,5%), оның ішінде 1 850 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқытылады. 1 491 адамға грант беру көзделген, нақты 1 004 адамға (67,3%) мемлекеттік грант берілген. 

Үшінші бағыт бойынша 26 832 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланып, оның ішінде: 15 000 адам бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 5 045 адам жұмысқа орналасты (34%), оның ішінде 5 045 тұрақты жұмыс орны. Сонымен қатар 2807 адам жаңа жұмыс орындарына орналастырылады, нақты 1 549 адам жұмысқа орналасты. 250 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру көзделген, нақты 258 адам жұмысқа орналасты. 3 042 адамды жастар практикасымен қамту жоспарланған. 

5 733 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданатын болады, нақты 3091 адам жолданды. Мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 15 115 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Оның ішінде 11438 - тұрақты жұмыс орындары (75,6%). Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2807 адамды жұмысқа орналастыру көзделген.

2020 жылдың 1 шілдесіне 7131 жұмыс орны ашылды, оның 5793-і немесе 81,2% — тұрақты жұмыс орындары және 1338-і немесе 18,8% — уақытша жұмыс орындары.

Жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1549 адам жұмысқа орналасқан.

 

Ақмола облысы

Ағымдағы жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарынан 9 490 адамды қамту жоспарланған. 1 шілдедегі мәлімет бойынша 4808 адам немесе 50,7% қамтылған.

Бірінші бағыт техникалық, кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуді көздейді. Барлығы 1 855 адамды оқытумен қамту жоспарланған, оның ішінде

  • ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап ТжКБ базасында 9-11 сыныптардың 1190 түлегі оқуға кіріседі; 
  • ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 357 адам немесе 53,7% қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылды.

Екінші бағыт жаппай кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. 

  • ағымдағы жылы 3 461,3 млн теңге сомасына 803 шағын несие беру жоспарлануда, оның ішінде ауылдық жерлерде 2961,3 млн теңге сомасына 773 шағын несие және қалаларда 500 млн теңге сомасына 30 шағын несие беру жоспарланған; 
  • 1 шілдедегі жағдай бойынша 1 122,4 млн теңге сомасына 282 немесе жоспардан 32,4% шағын несие берілді; 
  • ағымдағы жылы «Атамекен» ҰКП арқылы 1350 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. Бірінші Толқынға 713 адам қатысты
  • ағымдағы жылы 339,3 млн теңге сомасына 640 грант беру жоспарланған; 
  • ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 93,1 млн теңге сомасына 172 грант берілді.  

Үшінші бағыт халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту жөніндегі шараларды көздейді. 

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 3019 азамат немесе жоспарға 65,8% қамтылған. Бір жылға жоспар 4584 адамды құрайды, оның ішінде қамтылды:

  • жастар практикасымен 229 адам немесе жылдық жоспарға 24,4%-ы — 938 адам;
  • әлеуметтік жұмыс орындарымен 412 адам немесе жылдық жоспарға 88,4% — 466 адам.
  • қоғамдық жұмыстармен 2378 адам немесе жылдық жоспарға 74,8% — 3180 адам.

2020 жылға облыста 15 612 жұмыс орнын құру жоспарланған, оның ішінде 7 170 жұмыс орны — тұрақты. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыста 9 446 жаңа жұмыс орны немесе жылдық жоспардың 60,5% ашылды. Оның ішінде тұрақты 2145 жұмыс орны немесе жылдық жоспардың 29,9% қамтылған. 

Аймақтың Жұмыспен қамту жол картасы аясында 45 млрд теңге бөлінді, оның 32,5 млрд теңгесі жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын шығару және 12,5 млрд теңгесі 11 252 жұмыс орнын құрумен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен, оның ішінде 5 626-ы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы. 

Ағымдағы жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша 324 жоба бойынша келісімшарт жасалды, 312 объектіде жұмыс басталды. 6405 жұмыс орны құрылды, оның 3244 жұмыспен қамту орталықтары арқылы, бұл жоспарлы көрсеткішке 60,9% құрайды. Басталған 312 жобаның 22 нысанында жұмыс аяқталды.

 

Алматы облысы

Ағымдағы жылы облыс бойынша 46 116 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жаңа кәсіпорындарды ашу, шағын бизнесті дамыту есебінен 28 645 жұмыс орны ашылды, оның ішінде 11 092 тұрақты жұмыс орны болды. 

Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 18,2 млрд теңге бөлінді.

Бірінші бағыт бойынша кәсіптік оқытуға 4040 адамға 2281,1 млн теңге бөлінді. Оның ішінде тегін кәсіптік техникалық білім алуға 1535 адамға 1703 млн теңге, қысқа мерзімді кәсіптік білім алуға 2505 адамға 578,1 млн теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне қысқа мерзімді оқытуға 881 адам жіберілді.

Екінші бағыт бойынша 5695,6 млн теңге бөлінді. Оның ішінде 1094 әлеуетті қатысушыға шағын несие беруге 4791,3 млн теңге, қалалар мен ауылдарда шағын несиелерге кепілдік беруге 90 млн теңге, шағын қаржы ұйымдарының операциялық шығындарын субсидиялауға 10 млн теңге бағытталды.

Бүгінгі күні ауылдарда 857,6 млн теңге сомасына 210 шағын несие берілді, қалаларда 2019 жылғы қаражат есебінен 97,5 млн теңге сомасына 9 адам шағын несие алды. 

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2900 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған, бүгінгі күні 1217 адам жіберілді. Сондай-ақ, 1645 адамға жалпы сомасы 804,3 млн теңгеге жаңа бизнес-идеяларды дамытуға мемлекеттік гранттар беру жоспарланған. Бүгінгі күні 247,4 млн теңге сомасына 462 грант берілді.

Үшінші бағыт бойынша 10,2 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 1078 адамға 240,7 млн теңге бөлінді, ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегә мәліме бойынша 1181 адам бағытталды, жастар тәжірибесіне 1912 түлек үшін 760,3 млн теңге бағытталды, 780 түлек жіберілді, қоғамдық жұмыстарға 27774 адам үшін 9173 млн теңге бағытталды, 13633 жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылды.

 

Павлодар облысы

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 11 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша бөлінген қаражаттың игерілуі 3,7 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылдың басынан бері бағдарламаға 12 230 адам қатысты, оның ішінде жұмыссыздар - 6817 адам (55,7%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 2125 адам (17,4%).

Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру шеңберінде жұмыс берушілердің өтінімдері және еңбек нарығында сұранысқа ие біліктілік пен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүргізіледі. Мәселен, ағымдағы жылы 363 жұмыссыз азамат үшін 17 біліктілік бойынша кәсіптік оқыту ұйымдастырылды. Оқытуға ваучер ұсыну арқылы жұмысшы мамандығын өз бетінше алу тетігі енгізілді. Өз бетінше Кәсіптік оқыту үшін біліктілікті таңдау экономиканы дамыту үшін қажетті 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық кәсіптер тізбесінен жүзеге асырылады. Өз бетінше кәсіптік оқыту үшін біліктілікті таңдау экономиканы дамыту үшін қажетті 100 сұранысқа ие сервистік және индустриялық кәсіптер тізбесінен жүзеге асырылады. Бұл құқықты 79 адам пайдаланды, олар электромонтер, кран машинисті, аспаз, тігінші, пішуші сияқты мамандықтарды игереді. Қысқа мерзімді оқуды 35 адам аяқтап, барлығы жұмысқа орналасты.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап техникалық және кәсіптік білімі бар 600 адамды кадрлық даярлау жоспарланған. 2017-2019 жылдары оқуға жіберілгендердің ішінен 2110 адам оқуын жалғастыруда. Ағымдағы жылдың маусым айында 531 адам оқуды аяқтады, оның 69 немесе 13% жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Бастау – Бизнес» жобасы аясында 722 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен қамтылған. Жалпы ауыл тұрғындарына 164 шағын несие (жоспардан 31,7%) берілді, оның ішінде 109 шағын несие (66,5%) Start-up жобаларды қолдауға, 55 шағын несие (33,5%) жеке ісін кеңейту үшін берілді. 

Қалаларда шағын несиелеу ағымдағы жылдың тамыз айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы басталады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік әлеуетті дамыту үшін Бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды дамытуға 364 мемлекеттік грант берілді, оның ішінде 127 грант технологиялық жабдықтар сатып алуға, 45 грант инвентарь мен еңбек құралдарын сатып алуға, 19 грант мал шаруашылығын дамытуға берілді

Гранттардың негізгі көлемін көп балалы және аз қамтылған отбасылар - 90 адам (70,9%), мүмкіндігі шектеулі адамдар - 12 адам және жастар - 48 адам алды.

Барлығы 11369 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде  7053 адам немесе 62% тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтініш білдіргендердің ішінен жұмысқа орналасқан азаматтардың үлесі 91,6% құрайды. Жұмысқа орналастырылған азаматтардың жалпы санынан 7734 адамның немесе 68%-ның міндетті зейнетақы аударымдары бар (2019 жыл кезеңінде — 6757 адамның немесе 61,9%).

Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша индикаторлардың орындалуы 64,6%, жастар практикасына - 13,9% және қоғамдық жұмыстарға - 49,9% құрады.

Уақытша жұмыстарға қатысу аяқталғаннан кейін азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру бойынша шаралар қабылданады. Осылайша, әлеуметтік жұмыс орындарына қатысқаннан кейін 119 адам немесе аяқтағандардың жалпы санының 64% тұрақты жұмыс алды. Жастар практикасынан өткен 32 адам (86,5%) тұрақты жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстарға 807 адам қатысты, оның ішінде 224 (27,8%) тұрақты жұмыспен қамтылды. 

Бұдан басқа, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру шеңберінде жұмыс күші көп оңтүстік өңірлерден 115 отбасы немесе 524 адам көшірілді (квотаның 22,5%-ы, 2325 адам, 578 отбасы). Қоныс аударушылардың ішінде 224 адам немесе жұмысқа қабілетті жастағыларының 77,2% жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мақсатында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыс бойынша 12 761 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 5679 жұмыс орны ауылдық жерлерде құрылды. Бұл ретте, 47,2% (6021 жұмыс орны) тұрақты жұмыс орны болып отыр. Жаңа жұмыс орындарының негізгі үлесі жеке бастамаларға  – 59% (7541 жұмыс орны) және «Еңбек» бағдарламасына - 33,8% (4317) тиесілі. 

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылғандар саны 13 076 адамды құрайды (2019 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша -13 554 адам).

Төтенше жағдай кезінде азаматтар мен экономиканы қолдау мақсатында 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде Павлодар облысының республикалық бюджетінен 12,3 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 221 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 43,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 403 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Бүгінгі күні құрылыс-жөндеу жұмыстары 210 инфрақұрылымдық жобаларда жүргізілуде, оның ішінде жеті жобада жұмыс аяқталды. Барлығы 10 883 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 5842 адам халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты. 2020 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады, бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 0,1% төмен, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі (15-28 жас аралығында) 0,6%-ға төмендеп, 3%-ды құрады.

 

Қостанай облысы

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 9,2 млрд теңге қарастырылған. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралармен 30,8 мың адамды қамту жоспарлануда. 

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік оқытуға 1328 адамды, оның ішінде техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 950 адамды (а.ж. 1 қыркүйектен бастап), қысқа мерзімді оқытуға 378 адамды жіберу жоспарлануда. Қазіргі уақытта еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша 190 адам қысқа мерзімді оқыту курстарынан өтуде. 

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 2,5 млрд теңге сомасына 584 шағын несие беру қарастырылған. Бүгінгі күні 1128,7 млн теңге сомасына 279 шағын несие берілді.

Ауылдық жерлерде шағын несиелеуге 2013,7 млн теңге бөлінді. Қаржы институттарында бүгінгі күні 1297,3 млн теңге сомасына 330 өтінім қабылданды немесе 64%, оның ішінде 1012,9 млн теңге сомасына 267 өтінім берілді. 

Бағдарлама аясында 239 жаңа жұмыс орны, 74 стартап жоба ашылды. Құрылған 239 жұмыс орнының 100 (42%) жұмыс орны ауыл шаруашылығы малын өсіруге, ал қалған 139 (58%) қызмет көрсетуге және басқа да қызмет түрлеріне (көлік, қонақ үй, құрылыс, сауда және басқа) жіберілді. Құрылған 74 стартаптың 58-і (78%) ауыл шаруашылығы малын өсіру бойынша мамандандырылады.

Қалаларда шағын несиелендіруге 542,1 млн теңге қарастырылған. Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс қалаларының кәсіпкерлеріне 115,8 млн теңге сомасына 12 шағын несие берілді. Жалпы, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында шағын несие алушылар қалаларда 18 тұрақты жұмыс орнын құрды, сондай-ақ қолданыстағы 50-ге жуық жұмыс орны сақталды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамытуды қолдау бойынша іс-шаралар аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 200 АЕК көлемінде 125 грант берілді. «Бастау Бизнес»  жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 535 адам жіберілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша жоспар бойынша 27,9 мың адам болса, 9,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қоғамдық жұмыстарға 3120 адам жіберілді, ағымдағы бос жұмыс орындарына 6,3 мың адам жұмысқа орналастырылды. 

Еңбек ресурстарының мобильділігі шеңберінде жұмыс күші артық облыстардан 500 қоныс аударушыға және 350 оралманға ерікті түрде қоныс аударуға жәрдем көрсету көзделген. Қазіргі уақытта өңірлік квотаға 532 адам енгізілген, оның ішінде 180 оралман және 352 қоныс аударушы бар. Жалпы алғанда, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспары шеңберінде жұмыспен қамту жөніндегі іс-шараларға 10 513 адам тартылды.

Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде «Жас маман» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол еліміздің екі жүз оқу орнын заманауи жабдықтармен жабдықтау және шетелдік мамандарды тарту арқылы жаңғыртуды көздейді.  

ҚР Білім және ғылым министрлігі облыстың 10 колледжінің тізімін бекітті. Жоба кезең-кезеңмен іске асырылатын болады: 2020 жылы 3 колледж (Қостанай политехникалық жоғары колледжі, автомобиль көлігі колледжі, Қостанай құрылыс колледжі) және 2021 жылы 7 колледж қамтылады. 

Бірінші кезеңде республикалық бюджеттен 969,9 млн теңге көлемінде, жергілікті бюджеттен 51 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күні конкурстық рәсімдер жүргізілуде. 

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ағымдағы жылы жалпы сомасы 53,7 млрд теңгеге әлеуметтік-мәдени сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, инженерлік-көліктік инфрақұрылымы нысандарын жөндеу, қайта жаңарту, елді мекендерді абаттандыру бойынша 275 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру қарастырылған. 

Аталған жобаларды іске асыру 13 435 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, оларға жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша 6718 жұмыссыз азамат жұмысқа орналасады. Жұмыс аяқталғаннан кейін 414 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. 

Бүгінгі күні 236 жобаны іске асыру басталды, оларды іске асыру барысында 5 639 жұмыс орны құрылды, жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасы бойынша 3125 адам жұмысқа орналастырылды.

2020 жылы облыста 33 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары, жеке бастамалар шеңберіндегі жобаларда 8,6 мың жұмыс орны, Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде – 13,4 мың жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылдың 6 айында іс жүзінде 8,5 мың жұмыс орны құрылды, оның ішінде 5,3 мыңы тұрақты жұмыс орны болды. 

 

Қарағанды облысы

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының барлық әлеуеті пайдаланылады, оның шеңберінде дағдарысқа қарсы шараларға қосымша бөлінген қаражатты ескере отырып, 43 мыңнан астам адамды қамту жоспарлануда: қоғамдық жұмыстарға 1,319 млрд теңге (3880 адам), жастар практикасына 0,13 млрд теңге (327 адам), мемлекеттік гранттарға бизнес-идеяларды іске асыруға 0,075 млрд теңге (141 адам) қарастырылған. 

Жедел деректер бойынша жыл басынан бері бағдарлама шеңберінде 22 мыңнан астам адам немесе жоспардан 51% қатысты. 15 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 10 мың адам немесе жоспардан 33% тұрақты жұмысқа орналастырылды және бюджеттен субсидияланған уақытша жұмыс орындарына 6 мыңнан астам адам немесе жоспардан 83% жұмысқа орналастырылды. Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 700 адамды жіберу жоспарланып отыр

Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 203 адам немесе жылдық жоспардың 35% жіберілді. Жедел деректер бойынша ағымдағы жылдың 6 айында 200 АЕК (555,6 мың теңге) мөлшерінде 420 мемлекеттік грант немесе жылдық жоспардың 64% (дағдарысқа қарсы жоспарға сәйкес қосымша ақшалай қаражатты ескере отырып, жылдық жоспар 661 үшін 350 млн теңге қарастырылған) берілді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне онлайн режимінде оқытуға  1500 адам немесе жылдық жоспардың 83%-ы жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 594 адам немесе жылдық жоспардың 109% жіберілді. Дағдарысқа қарсы жоспарға сәйкес қосымша ақша қаражатын есепке ала отырып, жастар тәжірибесіне 491 адам немесе жылдық жоспардың 42% жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 4941 адам немесе жылдық жоспардың 89% жіберілді. 

Барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ағымдағы жылы 30 813 жаңа жұмыс орны құрылады. Бүгінгі күні 15882 жаңа жұмыс орны құрылды (жоспар 30 813 немесе жоспардан 52%), оның 2195 — тұрақты жұмыс орны. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрады. Жыл соңына күтілетін жұмыссыздық деңгейі — 5,7%.

 

Түркістан облысы

2019 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 12 579 адам оқытудан өтті, оның ішінде 7 933 адам грант иегері атанды, өңірдегі жұмыссыз халықтың жалпы санының 31%-ы жұмыспен қамтамасыз етілді. Бағдарлама халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін айтарлықтай серпін беретінін көрсетеді.

2019 жылы «Жас кәсіпкер» және «Бастау» жобалары бойынша өңірдегі 7113 жұмыссыз адам оқытудан өтті. Бұл бизнес-курстың әрбір үшінші түлегі өз ісін аша алды. Оның ішінде 401 тыңдаушы жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге қаржыландыруға ие болса, 6456 жоба 3,2 млрд теңгеге грант алды.

Қысқа мерзімді курстарға қатысушылар да өз бизнесін дамытуға өтеусіз гранттар алды. 2019 жылдың басынан бері 5 466 жұмыссыз азамат қысқа мерзімді курстар бойынша оқуды аяқтады. Оның ішінде 2775 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, ал 1 477 тыңдаушы 745,8 млн теңге сомасына грант алды.

Ағымдағы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, «Бастау» жобасы Atameken Academy» онлайн платформасы арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылар аймақтық сипаттамалары бойынша Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының 14 бизнес-тренері арасында бөлінген, бұл тренерлер білім алушыларға бизнес ғылымының әліппесін игеруге көмектесіп, онлайн режимінде кеңес береді. 2020 жылға Түркістан облысында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша бес лекте 3 100 тыңдаушыны оқыту жоспарланған.

Оқу процесі аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға қорытынды тестілеуден өту ұсынылады, онда 15 сұрақтан 9 сұраққа дұрыс жауап беру қажет. 

Курс түлектеріне «Атамекен» ҰКП-ның қолдауы бойынша кеңесшілер тарапынан өз жобаларын дамытуға одан әрі қолдау көрсетіледі. Олар бизнес-жобаның қаржылық жағдайын анықтауға көмектеседі және бизнес-тренерлермен бірге жеке даму жоспарын әзірлейді.

Бизнес-тренерлер мен өңірлік палаталардың сүйемелдеуі білім алушылардың жобаларын өндірістік-өткізу тізбегіне ықпалдастыруға бағытталатын болады. Бұл жаңа кәсіпкерлер өз өнімдерін немесе қызметтерін өткізуге қатысты мәселеге алаңдамайтын болады деген сөз.

Бүгінгі күні жобаның бизнес-тренерлері маркетингтік зерттеулер жүргізді, оның шеңберінде әр ауданның ерекшелігіне сәйкес облыс бойынша әлеуетті тауашалар анықталды, сондай-ақ «Бастау» жобасының түлектерімен одан әрі ынтымақтастық үшін 50-ден астам кәсіпорынмен келіссөздер жүргізілді.

Жоба бойынша жұмыспен қамту орталықтары оқытуға 9 мыңнан астам жолдама берді. Қазір «Atameken Academy» платформасында 2700-ден астам адам тіркелген.

Облыста экономикалық белсенді халық саны – 824,9 мың адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны – 783,3 мың адам (39%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 361,5 мың адам (45,5%), жұмыссыздар саны 41,6 мың адамды болды. Жұмыссыздық деңгейі 5% құрайды (ҚР – 4,8%).

«Еңбек» бағдарламасын іске асыруға барлық бюджет көздерінен 25,1 млрд теңге қаралып, 95 721 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланды. 2020 жылдың 1 шілдедегі жағдайымен «Еңбек» бағдарламасы арқылы 34 245 адам жұмыспен қамту шараларына қатысты.

Түркістан облысында 2020 жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 39 832 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып, оның ішінде ашылатын жаңа жұмыс орындарында 5 139 адам жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастыру көзделді.

2020 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 16 059 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 8814 тұрақты жұмыс орны ашылды. Ашылған жаңа жұмыс орындарына 1 939 азамат жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналасқан.

 

Батыс Қазақстан облысы

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру үшін облысқа 35,5 млрд теңге бөлінді, 178 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, онда 8787 жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде 4393-і Жұмыспен қамту орталықтары арқылы құрылады. Сондай-ақ, жоба іске асырылғаннан кейін 726 тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі мәлімет бойынша 166 объектіде 178 инфрақұрылымдық жобаға конкурс жарияланды, 165 объектіде жұмыс басталды. Нысандарда 3810 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2004 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, басқа елді мекендерден келген 26 қызметкерге 2,2 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Қазіргі уақытта Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жұмысты жандандыру мақсатында жұмыс орындарын құру бойынша ай сайынғы жоспар әзірленді. «Жұмыспен қамтудың жол картасының» қағидаларына сәйкес,  құрылған жұмыс орындары «Жұмыс орындарын құру  мониторингінің интеграцияланған картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілуі тиіс. Ағымдағы жылдың 13 шілдесіндегі мәлімет бойынша облыс бойынша ақпараттық жүйеге 3654 жұмыс орны енгізілді, бұл республика деңгейінде 7 орынды құрайды.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға облыста 9 218,7 млн теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген 5246,1 млн теңгеден 5245,7 млн теңге немесе 100% игерілді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша жұмыспен қамту органдарына 18762 адам өтініш білдірді, оның ішінде 12359 адам Бағдарламаға қатысушысы қатарына енгізілді. Бағдарлама аясында 10862 адам жұмысқа орналастырылды. 

Бірінші бағыт бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау аясында 800 адамды оқыту жоспарланған, оқу ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталады.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту шеңберінде 300 адамды оқыту жоспарланған.

Екінші бағыт бойынша бағдарламаның 1037 қатысушысына шағын несие бөлу жоспарланған, бұл мақсатқа 4380 млн теңге қарастырылған. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 689,2 млн теңге көлемінде 155 несие берілді.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру үшін 1179 грант беру жоспарланған. 536 адам грант алды.

Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1150 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланған. 668 адам жіберілді. 

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты шеңберінде 10 106 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланған. Әлеуметтік жұмыс орындарына 520 адам, жастар тәжірибесіне — 350 адам, қоғамдық жұмыстарға — 5239 адам жіберілді.

Облыстық статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 338 018 адамды құрайды, жұмыспен қамтылған халық саны — 321 642, жалдамалы қызметкерлер — 234 311, жұмыссыздар саны — 16 376.

 

Қызылорда облысы

2020 жылға «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға Қызылорда облысына 13,2 млрд теңге қаралып, 6,0 млрд теңге игерілді. Бағдарламаға қатысушы ретінде 14077 адам тіркелді: жұмыссыздар - 67,5% (9500 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 10,9% (1537 адам), жұмыс іздеушілер - 21,1% (2975 адам), басқалары (оқушылар, студенттер, зейнеткерлер) – 0,5% (64 адам).

Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 3065 адам жіберілді. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді оқытуға 1800 адамды жіберу жоспарланған. 

Бағдарламаға қатысушылардан «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2150 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жоспарланған. Ауылдағы және қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау үшін оқытуға 824 адамды жіберу жоспарланған (ауылдық жерлерде - 810 адам, қалалық жерлерде - 14 адам). 

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі деректер бойынша 292 адам шағын несие алды. Қосымша 235 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі деректер бойынша 1034 адам мемлекеттік грант алды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 3084 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланған.

Халықты жұмыспен шараларымен 11 972 адам қамтылды. Бос жұмыс орындарына 4058 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына  1095 адам жолданып, 264-і жұмысын аяқтап, 118-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастар тәжірибесіне 1641 адам бағытталды, жұмысын аяқтаған 524 адамның 136-і тұрақты жұмысқа орналасты. Қоғамдық жұмыстарға 5178 адам жолданып, 1946-і жұмысын аяқтап, 148-і жұмыспен қамтылды.

2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың Жол картасы аясында облыс бойынша 36,9 млрд теңге лимит көлемінде 276 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде келесі нысандар мен жұмыс түрлері бойынша: 

  • әлеуметтік-мәдени нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 12,3 млрд теңгеге 125 жоба,  құрылатын 3268 жұмыс орындарымен. 
  • тұрғын үй-коммуналдық нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 7,5 млрд. теңгеге 42 жоба, құрылатын 1658  жұмыс орындарымен. 
  • инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 14,5 млрд. теңгеге 62 жоба, құрылатын 3474 жұмыс орындарымен; 
  • елді мекендері аббаттандыру 2,7 млрд теңгеге 47 жоба, құрылатын 899 жұмыс орындарымен. 

Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін, жаңа нысандарының құрылысы арқылы 452 тұрақты жұмыс орындары ашылады. Ағымдағы жылдың 20 шілдесіне 274 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталды.  270 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Жұмыс орындарының құрылуын мониторингтеу» интеграцияланған картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне 6232 жұмыс орындары, соның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 3967 жұмыс орны енгізілді. 

 

Маңғыстау облысы

Шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде кәсіпкерлікті, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында 2020 жылға шағын несие беруге республикалық бюджет қаражатынан 1 202 396 мың теңге қаржы бөлінді.

Несие қаражаты 2 қаржы институтының арасында бөлінді. Бұл қаражат 314 жобаны қаржыландыруға бағытталған және сәйкесінше әр жобада жаңа жұмыс орындары ашылады.

Қазіргі таңда барлық бөлінген қаржы бойынша 117 өтінім қабылданып, оның ішінде 104 өтінім мақұлданды. 

2020 жылдың І тоқсандағы қорытындысы бойынша облыста жұмыс күшінің саны 329 мың адамды құрады. Экономиканың әр түрлі салаларында 313 мың адам жұмыспен қамтылған. Жұмыспен қамтылған халықтың ішінде көрсетілген кезеңде жалдамалы қызметкерлер саны 293 мың адамды, ал жалданбай жұмыс істейтін қызметкерлер 20 мың адамды құрады. Облыс бойынша жұмыссыздар саны статистикалық мәліметтерге сәйкес 16 мың адамды немесе 4,8% құрайды. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,8% құрады.

Облыс бойынша 2020 жылы 1 шілдедегі жағдай бойынша 15 081 жұмыс орны құрылды, оның 73% - тұрақты жұмыс орындары (10 599).

Облыстың жұмыспен қамту орталықтарына жыл басынан бері 18 513 адам жүгінді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 12 426 адам қамтылды, оның ішінде:

  • тұрақты жұмыс орындарына – 3 173 адам;
  • уақытша жұмыс орындарына – 4 690 адам;
  • шағын несие –25 адам;
  • қайтарымсыз мемлекеттік грант –258 адам.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы  техникалық және кәсіптік оқытумен 1 131 адамды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 1 400 адамды, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытумен 1 000 адамды қамту жоспарланған.

Жол картасы шеңберінде Маңғыстау облысы бойынша Инфрақұрылымдық жобалары тізбесі жасақталып, құны 34 млрд теңге болатын 148 жоба енгізілді. Бұл жобалар шеңберінде 8 499 жұмыс орыны құрылады деп жоспарланып отыр. Құрылған жұмыс орындарына облыстың халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 4 246 адам жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. 

Бүгінгі күні 6 441 жұмыс орны құрылды, бұл – жоспардың 76%.  Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасқандардың саны 3 526 адамды құрап отыр, бұл – жоспардың 83%. 

 

Шығыс Қазақстан облысы 

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 6 айында 22,3 мың адам мемлекеттік қолдау шараларына жүгінді, оның ішінде 13,8 мыңнан астам адам бағдарламаға қатысты, 9,7 мың адам жұмысқа орналастырылды.

«Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде техникалық және кәсіптік білім алатын 3,8 мың студент оқуды жалғастыруда, бағдарламаның 288 қатысушысы қысқа мерзімді оқуға кірісті. Шағын несиелендіруге 4,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 2,4 млрд теңгеге 557 несие берілді: ауылдық жерлерде — 2,1 млрд теңгеге 516 жоба, қалалық жерлерде – 0,4 млрд теңгеге 41 жоба.

Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 664 млн теңгеге 1194 грант қарастырылған, ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 153,3 млн теңгеге 278 грант беріліп, 109,3 млн теңгеге 195 грант қаржыландыруға мақұлданды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары көрсетіліп, уақытша жұмыс орындарына 6 мың адам орналастырылды. Жұмыс күші көп аймақтардан облысқа 414 адам (160 отбасы) қоныс аударды, квотада - 610 адам.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» аясында 817 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру үшін 20 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарымен 77,4 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 17 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

 

Жамбыл облысы

Облыс бойынша Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде іске асыруға іріктелген 831 инфрақұрылымдық жобаның 180-і әлеуметтік сала объектілеріне, ТКШ объектілеріне - 200 жоба, инженерлік көлік инфрақұрылымына – 327 жоба, елді мекендерді абаттандыруға 124 жоба тиесілі.  

Облыс бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы 50% немесе 9850 адамнан кем емес қызметкерлерді жалдауды қамтамасыз ете отырып, 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.  

Ағымдағы жылдың 26 маусымындағы жағдай бойынша 821 жобаны іске асыру басталды, онда 10 022 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 5914 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты. 

Облыс бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру нәтижесінде балаларды әлеуметтік және еңбекке бейімдеу міндеттерін шешу бойынша педагогикалық процесс қамтамасыз етіледі, бұл олардың тұрмыстық және еңбек дағдыларын игеруін, өмір мен қоғамға бейімделуін, кәсіби бағдарлануын қамтамасыз етеді. 

Бұдан басқа, 706 пәтерлік 12 тұрғын үй іске қосылады, бұл кезектілікті 2%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. Сумен жабдықтаумен 20 ауылдық елді мекенде тұратын 23 212 адам қамтылатын болады, орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілген халықтың үлесі 72%-дан 75,4%-ға дейін артады.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көшелердің үлесі 59,5%-дан 77,2%-ға дейін артады. Абаттандырылған аулалардың үлесі жалпы санынан 31%-ды құрайды. Бұдан басқа, облыс бойынша Қордай ауданында Масаншы, Сортөбе, Бұлар батыр, Қаракемер ауылдық округтері газдандырылатын болады, нәтижесінде 52 мыңнан аса адам газбен қамтамасыз етіледі.

 

Атырау облысы

2020 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бағыттарына 23 566 адамды тартып, 4 988 млн теңге қаражатты игеру жоспарланып отыр. Бағдарлама бағыттарымен жыл басынан бері 9 187 адам қамтылып, 1 532,0 млн теңге игерілді.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 250 адамды кәсіптік техникалық даярлау және 1 610 жұмыссыз адамды қысқа мерзімді курстарда оқыту жоспарланды. 677 адам қысқа мерзімді курстарға оқуға жолданды, оның ішінде  «Теңізшевройл» мекемесінің сұранысы бойынша 341 адам бғытталды.  Ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 250 адам кәсіптік колледждерде оқуын бастайды.

Екінші бағыт бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1 000 адамды оқыту жоспарланды, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының ұйымдастыруымен оқу онлайн режимінде 10 маусымынан қала мен барлық аудандарда басталды. 368 адам «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқуды бастап, оның 24-і оқуын аяқтап, сертификаттарын алды. 351 адамға 1 646,5 млн теңгеге несие, 434 адамға 200 АЕК мөлшерінде гранттар беріледі. А.ж. 6 айында 45 адам грант алды және 158 адамға 868,4 млн теңгеге несие берілді, 19 адам несие бойынша кепілдендірілді. 

Бағдарламаның үшінші бағытымен 19 901 адамды қамту жоспарланды, оның ішінде: 397 адамды – әлеуметтік жұмыстарға, 1 140 жастарды – жастар практикасына, 6 364 адамды – қоғамдық жұмыстарға және 12 мың адамды бос жұмыс орындарына орналастыру көзделген. 

Жыл басынан бері үшінші бағыт бойынша 7 920 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 3 320 адам, уақытша жұмыстарға 4 600 адам орналастырылды. 

 

Ақтөбе облысы

«Еңбек» бағдарламасы аясында 52 332 адам жұмыспен қамтылады, оның ішінде: 42 179 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына, 10 153 адам дағдарысқа қарсы іс-шаралар аясында.

Бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімді оқытуға 520 адам жолданды, жылдық жоспар 44% орындалды.

Екінші бағыт бойынша «Бастау Бизнес» жобасы аясында 846 адам оқуға жолданып, жоспар 60,4% орындалды.

Бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 329 адамға 180 млн теңгеге мемлекеттік грант (200 АЕК) берілді, ол жоспардың 39% құрады. 

Үшінші бағыт бойынша тұрақты жұмыс орындарына 12 330 адам орналастырылды, жоспардың орындалуы - 40,3%. 

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1 425 адам бағытталды, жоспар - 91%. Қоғамдық жұмыстарға 6 044 адам жіберілді, жоспар - 70,9%. Жастар тәжірибесіне 1 337 адам жолданды, белгіленген жоспар 44,1% орындалып отыр.

Облыста халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту басты назарда, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жан-жақты насихатталуда. 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

2019 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға Петропавл қаласында кредит беруге 695,047 млн теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен кредиттер есебінен - 485,027 млн теңге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 210,020 млн теңге. Кепілдік беру құралына 31,503 млн теңге бөлінді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 57 кредит, 32 кепілдіктер берілді.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында жұмыс істеп тұрған және жаңа бастаған кәсіпкерлердің жобалары іске асырылуда. 

Ағымдағы жылы Бағдарламаны іске асыруға 575,9 млн теңге бөлінді оның ішінде кредит беруге 539,9 млн теңге, кепілдендіруге - 36,003 млн теңге бөлінген.

Қазіргі уақытта кредиттік шарттарға қол қою бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу