Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мессенджерлер трафигінің өсуі, телеарналардың сыйлықтар пакеті және байланыс жүйесін дамыту — елімізде төтенше жағдай кезінде интернет қалай жұмыс істеуде

Сәрсенбі, 15 Сәуір 2020, 19:26:52

Бүгінгі таңда еліміздегі төтенше жағдай кезінде интернет ең қажетті құрал болып отыр. Осыған байланысты соңғы уақытта тұрғындар әлеуметтік желілерде интернет сапасына байланысты сұрақтарды жиі қояды. Қазақстандағы интернеттің қазіргі жай-күйі мен жүйенің үзідксіз әрі сапалы жұмысын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы шолу материалында. 

Әрбір қазақстандықтың жылдамдығы жоғары интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Дарын Тұяқов хабарлағандай, осы міндетті орындау үшін ҚР ЦДИАӨМ операторлармен бірлесіп бірқатар жобаларды іске асыруда.

Байланыс туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес байланыс операторлары өз қаражаты есебінен байланыс жүйесін салып, дамытуды жүзеге асырады. Бұл жұмыстар 2018 жылы басталды. Екі жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Жалпы жоба бойынша 1250 ауылды интернет желісіне қосу жоспарланған, бүгінгі күні 607 ауыл қосылған. Бұдан әрі бұл жұмыс жалғасады, қалған 643 ауыл интернет желісіне қосылады. 

 

Карантин жағдайында интернетті дамыту

Д. Тұяқов атап өткендей, бүгінде байланыс саласының басшылары мен мамандары елдің төтенше жағдай кезіндегі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасауда. 

Бүгінде Қазақстанның байланыс нарығындағы қызметтердің жалпы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8%-ға артты. Байланыс бағыты белсенді дамуда. 

Биыл үш айда көрсетілген қызметтердің жалпы көлеміндегі ең көп үлесі интернет байланысы қызметіне тиесілі — 36,3%. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, өсім 13,5% құрады, Наурыз айындағы өсімнің негізгі себептері — елімізде төтенше жағдайдың енгізілуі, сондай-ақ еліміздің көптеген өңірлерінде карантин режимінің жариялануы болды. Төтенше жағдай кезінде интернеттің рөлі біршама артты. 

Д. Тұяқовтың айтуынша, қазіргі кезде қалалар мен тұрғындарының саны көп ауылдық елді мекендердің бір бөлігі түрлі технологиялар бойынша интернетке кеңжолақты қолжетімділік қызметін алады. Алайда, тұрғындарының саны аз ауылдардың тұрғындары үшін интернетке қосылу сапасында проблемалар бар. Елімізде 6 560 елді мекен бар, оның ішінде 118 қала, 6 443 ауыл бар.

Сонымен қатар бүгінде барлық облыстар мен аудан орталықтары оптоталшықты байланыс желісімен қамтамасыз етілген. Тұрғындардың 50%-дан астамы оптоталшықты инфрақұрылымға қосылған. 

«Өңірлердің әлеуметтік мүмкіндіктерін теңестіру және ауданнан ауылға дейін талшықты-оптикалық жеткізу желісі бойынша жылдамдығы жоғары интернетпен қамту үшін 2018 жылдан беру МЖӘ жобалары іске асырылуда. Бұл жоба аясында біз оптоталшықты кабель құрылысын қаржыландырмаймыз, дайын сервисті сатып аламыз және осылайша біз қазіргі кезде әдеттегі АКТ-инфрақұрылымын салудан бас тарттық. Бүгінде ауылдардың 50%-ы – 607 ауылдық елді мекен талшықты оптикалық жеткізу желісімен қамтылған. Ал қалған 643 ауыл жыл соңына дейін қамтылатын болады», — деді Д. Тұяқов.

 

Ауылдарда мобильді интернет дамытылады 

Сонымен қоса, қазіргі заманда адамдар негізінен мобильді құрылғыларын пайдаланады. Қазіргі кезде Қазақстанда 34 млн астам құрылғы тіркелген. 14,9 млн астам ұялы байланыс абоненттік құрылғыларын белсенді пайдаланушылар - смартфонды пайдаланып, интернетті тұтынатындар. 

ЦДИАӨМ өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп биыл 13 ақпанда меморандум жасасып, жоспар кестесіне қол қойды, Бұл жоспар кестесінде ауылдық елді мекендерде мобильді интернетті дамыту бойынша ағымдағы жұмыстар қарастырылған. 

«Биыл жыл соңына дейін 250-ден аса адам тұратын 928 ауыл 3G және 4G жоғары жылдамдықты интернет технологияларымен қамтылатынын еске салғым келеді», — деді вице-министр.

Қазақстан қосылу жылдамдығы 100 мБит/сек болатын интернет қызметінің тарифтерінің төмендігі бойынша әлемдегі елдердің бестігіне кіретінін атап өткен жөн. 

Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын қолдау мақсатында бекітілген байланыс қызметтері (телефон мен интернет) субсидияланады, ал ауылдар үшін телефон байланысы мен интернет қызметтеріне тарифтер төмен - телефон үшін 596,59 теңгені (ҚҚС қосылмаған) құрайды, интернет үшін 982,14 теңгеден (ҚҚС қосылмаған) бастап.

 

Карантиннің интернеттің сапасына әсері

Елімізде төтенше жағдай режимін енгізумен және үй карантинін сақтау қажеттілігімен қалаларда да, ауылдық елді мекендерде де тұрғындардың интернеттің сапасына деген талабы артты. ҚР ЦДИАӨМ атап өткендей, бірінші кезекте бұл телекоммуникациялық желілерге жоғары ағымдағы жүктемемен байланысты. Осындай жағдай бүкіл әлемде байқалып жатыр. Өзін-өзі оқшаулау кезеңінде пайдаланушылар мен мобильді әрі үй желілеріндегі интернет-трафик көлемі өсуде.

Негізінен бұл стримингтік телевизия — шамамен 50% «Youtube»-қа кіріп,видеолар қарайды, әлеуметтік желілерге кіреді және онлайн-қоңыраулар шалады. Операторлардың аналитикасына сәйкес, 2020 жылғы сәуір айында бейнеконтентке деген сұраныс едәуір арта түсті. Мәселен, Netflix шетелдік сервисінің көрсеткіштері 87%-ға артқан. Сонымен қатар, Telegram және Skype мессенджерлерінің трафигі 23% және 68%-ға өскен. Бұл елден тыс жерлерде, әдетте Америкада орналасқан серверлері бар деректердің үлкен көлемі.

«Қазіргі таңда байланыс проблемалары бүкіл әлемде, соның ішінде бізде де орын алып отыр. Бүгінде біздің жұмысымыз Қазақстанның әрбір тұрғынының тұрмыс тіршілігінің маңызды бөлігіне айналып отырғанын жақсы түсінеміз. Бүгінде карантин жағдайында байланыс қызметтері энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау секілді аса маңызға ие болып отыр. Сондықтан да біз бұл жағдайды тәулік бойы бақылауда ұстаймыз және келіп түскен мәселелерге тиімді жауап беру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз», — деді Д. Тұяқов. 

 

Интернет-провайдерлердің трафигі айтарлықтай артуда

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевтің ақпаратына сәйкес, соңғы бірнеше апта ішінде «Қазақтелеком» компаниялар тобы бойынша интернет сыртқы арналарындағы трафик 20%-дан астам өсті, ал топ-контентке арналған жергілікті кэштеу серверлеріндегі трафик — бұл Google, Youtube, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер, елімізде төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап 15%-дан астамға ұлғайды.

«Трафиктің күрт өсу себептері барлығына түсінікті деп ойлаймын, дегенмен, тоқталып өтейін, бұл – қазақстандықтардың көпшілігінің қашықтан жұмыс жасау форматына көшуі, бейнеконтентті тұтынудың айтарлықтай артуы, біздің клиенттеріміздің желіде отыру уақытының бірнеше есеге өсуі», — деді Қ. Есекеев.

Тек наурыз айында «Қазақтелеком» абоненттік базасын 25 мың үй шаруашылығы толықтырды. Сыртқы арналардың сыйымдылығы 360 Гигабитке (1200 Гбит-тен 1560 Кбит-ке дейін) кеңейтілді, және Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, желіге түсетін жүктеменің айтарлықтай өсуіне қарамастан, ұлғайту жалғастырылатын болады.

«Қазақтелеком» ТЖ режимі жарияланған сәттен бастап интернет сыртқы арналарының сыйымдылығын арттыру бойынша провайдерлермен жедел келіссөздер жүргізіп, соның нәтижесінде жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта бұл арналар 25%-ға жуық кеңейтілді, бұл сыртқы интернет-арналардың жүктемесін асырмауға және ұсынылатын сервистің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта интернет-трафиктің жартысы Қазақстанда орналастырылған, бұл қызмет көрсетудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қ. Есекеев атап өткендей, «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация қызметтерін көрсетудің жеңілдетілген режиміне көшті. Бұл дегеніміз, карантин кезеңінде абоненттер уақытылы төлем жасамағаны үшін телефон байланысынан, интернеттен және ақылы теледидардан ажыратылмайды. Барлық клиенттер үшін Интернет желісі ресурстарына, оның ішінде, білім беру контенті бар ресурстарға шексіз қолжетімділік орнатылған. Карантин кезінде барлық теледидар абоненттеріне қосымша төлем алынбастан телеарналардың сыйлық пакеті ұсынылды. Осылайша, қазіргі уақытта барлық абоненттерде 167 телеарнаны көруге мүмкіндік бар.

Анықтама: 

Байланыс орталықтарының жұмыс режимі өзгеріссіз қалды.

WhatsApp және Telegram мессенджерлеріндегі, сондай-ақ telecom.kz порталындағы онлайн консультациялар пайдаланушылар үшін күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін қолжетімді.

Тelecom.kz-тегі пайдаланушының жеке кабинетінің мүмкіндіктері кеңейтілді. Енді осы арна арқылы қызметтерді қосуға, тарифтік жоспарды ауыстыруға, қызметтерді өшіруге өтінім беруге болады.

Заңды тұлғалар үшін ismet.kz порталында онлайн-қызмет көрсету сервистері іске қосылды — электрондық шот-фактураларды, орындалған жұмыстар актілері мен салыстыру актілерін алу, телефон қоңыраулары мен интернет-трафик бойынша нақтылау, байланыс қызметтері үшін шоттарды төлеу, төлемді кейінге қалдыру, қызметтерді уақытша брондау және т. б.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
05 Маусым 2020, 20:17
Тарихи ескерткіштер, спортшыларды даярлау және туризм индустриясы — Қазақстанда мәдениет пен спорт қалай дамуда
05 Маусым 2020, 19:09
Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді
05 Маусым 2020, 17:29
Аты аңызға айналған Алматының апортын жаңғырту: кәсіпкерлерді қолдау және алма бақтарын ұлғайту қалай жүргізілуде
05 Маусым 2020, 16:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №346 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 маусымдағы №344 Қаулысы
05 Маусым 2020, 16:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 02 маусымдағы №342 Қаулысы
05 Маусым 2020, 12:53
Айдын Ашуев ҚР Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 17:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 17:16
Қашықтан оқыту, 1 сыныпқа онлайн қабылдау, Абай атындағы мектептер желісін құру — былтырғы оқу жылындағы жаңашылдықтар қандай
04 Маусым 2020, 15:42
Қазақстан Президенті Ұлттық қауіпсіздік комитеті алқасының кеңейтілген отырысын өткізді
04 Маусым 2020, 13:00
А. Мамин: инвестициялар тарту — экономикалық өсімді қалпына келтірудің негізгі драйверлерінің бірі 
04 Маусым 2020, 12:15
Ерлан Байтұқбаев ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 10:15
Бірқатар өңірлердің әкімдіктеріне санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту тапсырылды
04 Маусым 2020, 08:55
Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
04 Маусым 2020, 08:41
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 19:15
Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Джабермен кездесті
03 Маусым 2020, 19:00
Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізді
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.