Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу

Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020, 20:20:39

 

Бүгін тұрғындарға есеп беру кездесуінде ҚР энергетика министрі Нұрлан Ноғаев энергетика саласының негізгі бағыттарының дамуы туралы айтып берді. 

 

Қазақстан 2020 жылғы мұнай өндіру жоспарына түзету енгізді

Министр хабаралағандай, 2020 жылға жоспарланған мұнай өндіру көлемі 90 млн тоннаны құраған еді, бірақ орын алған жағдайға байланысты мұнай бағасының төмендеуі және әлемде коронвирус індетінің таралуы себепті жоспарға түзету енгізілді. 

«Биыл біз 86 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отырмыз, яғни жоспардан 4,5% төмен. Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қосылды, бұл бізге резервуарларда тауарлардың іркілуін болдырмауға,кейбір кен орындарында орын алуы мүмкін кідіруді болдырмауға мүмкіндік береді», — деп түсіндірді Н. Ноғаев.  

ОПЕК+ келісіміне қатысу сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіруге және де мұнай бағасын қалпына келтіруге бағытталған. Қоймалардағы мұнайдың толып кету қаупін болдырмау үшін Энергетика министрлігі орта, ірі және өте ірі кен орындарында өндіруді шектеу туралы шешім қабылдады. Кен орындарының барлық түрлері үшін мұнай өндіруді азайту жөніндегі міндеттемелерді әділ бөлу көзделген болатын.

«Егер біз мұнай өндіруді қысқартпаған жағдайда, 2020 жылдың екінші тоқсанында мұнай сақтау орындарының толып кетуіне, кейбір кен орындарында мұнай өндірудің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін еді. Мәмілеге қатысудың арқасында нарықтың барлық қатысушылары мұнай өндірудің бақылануына және біртіндеп төмендеуіне қол жеткізді. Біз кейбір кен орындарында өндіруді толық тоқтатпай, барынша ауыртпалықсыз қысқарту жүргіздік», — деді Н. Ноғаев. 

2020 жылдың мамыр-маусым айларында ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге қысқартуды жоспарлап отыр. 

Қазақстан тәулігіне 390 мың баррельге өндіруді қысқарту міндетін алды. Қазақстандағы орташа тәуліктік мұнай өндіру (конденсатсыз) 25 мамырдағы жағдай бойынша 177,8 мың тонна мұнайды құрайды, бұл ОПЕК+мәмілесінің міндеттемелерін орындауды көрсетеді.

 

Мұнай өңдеу сол деңгейде қалады

Министр хабарлағандай, 2019 жылы мұнай өңдеу көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өсіп, 17,1 млн тоннаны құрады (Конденсат АҚ және Каспийбитум ЖШС ескерумен). Биыл 17 млн тонна мұнай өңдеу жоспарланған. Бұл ретте, негізгі мұнай өнімдерінің түрлерін (авиакеросин, дизель отыны, бензин, мазут) өндіру көлемі 2018 жылмен салыстырғанда2019 жылы 9,5% өсті. Биылғы жоспар 12,5 млн тоннаны құрайды. 

Қазақстанда жанар-жағармай тұтынудың төмендеуі мұнай өңдеу бойынша жоспарлы көрсеткіштерді өзгертуді талап етпеді, ол әзірге сол бір деңгейде қалып отыр — 17 млн тонна мұнай өңделеді.

2019 жылы шілде айында тыйым салу алынып тасталған соң Еуропа және Орталық Азия елдеріне бензин экспорты басталды. Бензин экспортының көлемі 180,7 мың тоннаны құрады. Одан соң, отандық МӨЗ тұрақты мұнай өңдеуін қамтамасыз ету мақсатында және мұнай өнімдерінің іркіліп қалуына жол бермеу үшін Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп келесі шараларды қабылдады: 

  • мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалдауға тыйым салу алынып тасталды;

  • Мұнай өнімдерін Кеден одағы елдерінен тысқары жерлерге тасымалдауға тыйым салу алынып тасталды;

  • Экпсортқа өткізілетін бензин және дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер акциздерді төлеуден босатылды;

  • РФ-ден ҚР-ға бензин және дизель отынын темір жолмен жеткізуге тыйым салынды;

  • Мұнай өнімдерін, оның ішінде бензин, дизель отыны және мазутты тасымалдауда кеден салығының мөлшерлемесі жойылды.

 

Жетекші МӨЗ-дерде жұмыстарды жалғастыру және мұнай-газ химиясы саласын дамыту 

Айта кетейік, 2019 жылы ірі жобалада күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне қарамастан, мұнай өндіру көлемі 90,5 млн тоннаға жетті, мұнай және конденсат экспорты 72,2 млн тоннаны құрады. 2020 жылға болжам – 67,5 млн тонна.

Қазіргі кезде Теңізді болашақта кеңейту жобасы жалғастырылуда, оның құны $45,2 млрд, оның ішінде 36% ($16 млрд) – қазақстандық қамту. 230-ға жуық отандық сервистік компаниялар құрылыс жұмыстарына, металл конструкцияларын жасауға және басқа да жұмыстарға қатысуда. Жоба аяқталған соң қосымша 12 млн тонна мұнай өндіру мүмкіндігі туындайды.  

 

Қашағанда 2020 жылға қарай тәулігіне 450 мың баррель мұнай өндіру деңгейіне қол жеткізу мақсатында жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы және жаңғырту жобаларын іске асыру жұмыстары жалғасады деп күтілуде. Мердігерлік компаниялармен бірге Қашаған кен орнының ІІ кезегі бойынша Жол картасы қабылданады. 

Қуаты 1 млрд м3 болатын газ өңдеу зауытын салу келісімшарттық кезеңде қосымша 8 млн тоннаға жуық мұнай өндіріп, 700 млн м3 тауарлық газ алуға мүмкіндік береді.  

Қарашығанақ жобасы бойынша инвестициялық жобалар белсенді әрі кестеден озық іске асырылуда. Өткен жылдың желтоқсан айында газды кері айдайтын қолданыстағы инфрақұрылымдық желіні жаңғыртуға арналған 5-ші кәсіпшілік құбыр пайдалануға берілді. 

Сонымен қатар, 2019 жылы өндіріс нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бұл өндіру көлемін 300 мың тоннадан астамға арттырып, өндірудің жоғары деңгейін тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді. Аталған жобаларды іске қосу жыл сайын 11-12 млн тонна көлемінде сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін бұдан әрі де сол қалпында сақтап тұруға мүмкіндік тудырады. 

Бұдан басқа, елімізде майлау материалдарын, жол битумын, хош иісті көмірсутектерді, сондай-ақ МТБЭ типті бензин үшін октанды арттыратын қоспа мен полипропилен өндіретін кәсіпорындар құрылып, табысты жұмыс істеуде. 

Қазіргі кезде жалпы қуаты жылына 145 мың тонна болатын, 700-ден аса мотор, трансмиссия, индустриялық және басқа да майларды шығаратын төрт зауыт жұмыс істеп тұр: 

  • «HILLCorporation» ЖШС — 30 мың тонна (ОҚО);

  • «Семей май зауыты» ЖШС — 5 мың тонна (ШҚО).

  • «ЛУКОЙЛ Лубрикантс Орталық Азия» ЖШС — 100 мың тонна (Алматы облысы).

  • «Eva oil» ЖШС — 10 мың тонна (Павлодар).

Атырау МӨЗ бензол және параксилол өндіреді, тиісінше, қуаттылығы 33 тыс. тонна/жыл және 496 мың тонна/жыл. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 147 мыңға жуық өнім шығарылды. 

Сонымен қатар Павлодар облысында полипропилен және Метил-трет-бутил эфирі (МТБЭ) бензині үшін қоспа шығаратын зауыт жұмыс істейді. 2019 жылы 28 мың тонна полипропилен, 20 мың тонна МТБЭ өндірілді.

Сонымен қоса, соңғы жылдары әлемде мұнай химиясы саласында тауарлық газды шикізат ретінде пайдаланатын кешендері салудың артуы байқалады. 

2018 жылы Атырау облысында мұнай химиясы АЭА аумағында қуаты жылына 500 мың тонна , құны $2,6 млрд болатын, полипропилен өндіретін газ химиясы кешенінің құрылысы басталды, оны аяқтау мерзімі келесі жылы деп көзделіп отыр. 

Сонымен қатар АЭА аумағында қуаты жылына 1,25 млн тонна болатын полиэтилен шығару жобасын іске асыру жоспарланған. 

Түркістан облысында полипропилен және бензинге арналған октанарттырғыш қоспалар шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде, олардың қуаты тиісінше 80 мың және 60 мың тоннаны құрайды.

Бұдан өзге Маңғыстау облысында метанол өндірісі бойынша құны $1,8 млрд болатын жоба жобалау сатысында (қуаттылығы 1,5 млн тонна/жыл) тұр.

Аталған жобаларды іске асырудың өзі шамамен $11 млрд сомасына инвестиция тартуға, құрылыс кезеңінде 13 000-нан астам жұмыс орнын және 1 500-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. ЖІӨ-ге екі жобаның қосар үлесі 1,9%-ға жуық бағаланып отыр.

Жоғарыда аталған жобалардан басқа, бүгінгі күні пысықтаудың түрлі сатысында жалпы құны $3 млрд болатын жобалар бар, оларды Жамбыл, Атырау және Түркістан облыстарында іске асыру жоспарланған.

Мұнай-газ химиясы саласын дамытуға инвестициялар тарту үшін Министрлік мемлекеттік қолдау көрсетіп жатыр.

«Қазіргі таңда Энергетика министрлігі мұнай химиясы бойынша жобалау тобын құрды. Оған компаниялар мен әрекет етіп тұрған зауыттардың өкілдері кіреді. Осы топ шеңберінде біз Сауда және интеграция министрлігімен мұнай-газ химиясы өнімдерінің экспортын жедел ілгерілету бойынша тығыз жұмыс істейміз. Осылайша, базалық мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру мұнай-газ саласындағы терең өңдеуді дамытуға берік негіз болады, бұл шикізат экономикасын әртараптандыру және технологиялық дамуға ұмтылу жөніндегі стратегиямызға сәйкес келеді», — деп түсіндірді Н. Ноғаев.

 

Жергілікті қамтуды дамыту және елді газдандыру деңгейі

Қазіргі уақытта Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуын дамытуға үлкен көңіл бөледі. 2019 жылы мұнай операцияларын жүргізу кезінде қазақстандық тауарлардың үлесі шамамен 20%-ды құрады, ал жұмыстар мен қызметтер шамамен 50%-ға жетті. Уран операциялары бойынша да өсім байқалады.

Отандық өндіріс тауарларын сатып алудың сөзсіз артықшылығын қамтамасыз ету үшін Министрлік жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Ережесіне өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлеріне қазақстандық тауарларды конкурстық рәсімдерді өткізбей-ақ бір көзден сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте тауарлардың «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген «СТ-KZ» сертификаты немесе индустриялық сертификаты болуы тиіс.

Н. Ноғаевтың айтуынша, 2019 жылы газ өндіру 56,4 млрд м3 құрады, бұл жоспардың 102,5%-ын құрайды. Сонымен қатар 2019 жылы тауарлық газ өндірісі 33,1 млрд м3 немесе жоспардың 105,8%-ын құрады.

«Биыл орын алған жағдайға байланысты тауарлық газ өндірісін 32 млрд м3-тан 28,1 млрд м3-қа дейін, яғни 12%-ға төмендету жоспарлануда. Экспорттық әлеуетті дамыту шеңберінде Қытайға жыл сайынғы экспорт көлемі жолға қойылған. Егер 2017 жылы Қытайға газ экспорты 1,5 млрд м3 болса, 2019 жылы экспорт 7,5 млрд м3-ке жақындады. Барлығы, 2019 жылы барлық елдерге газ экспорты 19,5 млрд м3 құрады. Көріп отырғаныңыздай, соңғы 3 жылда газ экспорты 40%-ға артты», — деді энергетика министрі.

Осы жылы 17,2 млрд м3 газды экспорттау жоспарлануда.

2019 жылы сұйытылған мұнай газын өндіру 3,19 млн тоннаны құрады, бұл жоспардың 101,3%-ы. Осы жылы орын алған жағдайға байланысты 2,8 млн тонна сұйытылған мұнай газын өндіру жоспарлануда.

2019 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жалпы сомасы шамамен 40 млрд теңгеге 88 газдандыру жобасы іске асырылды (2018 жылы – 46 жоба).

Елді газдандыру деңгейі 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 51,47%-ға жетті, 2018 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға өсті. Газ шамамен 9,5 млн адамға қолжетімді.

2020 жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 52,23% жеткізу жоспарланған.

 

 

«Сарыарқа» магистральды газ құбырын салу

Бүгінгі таңда «Сарыарқа» магистральды газ құбырының құрылысы аяқталды, объекті 2019 жылғы 27 желтоқсанда пайдалануға берілді. Осылайша, рекордтық қысқа мерзімде 1 061 километр газ құбыры салынды, бұл жұмыстың үйлесімділігін және біздің мамандарымыздың жоғары кәсіби даярлығын, жұмыс процесінде пайдаланылған технологиялардың инновациялығын куәландырады. Газ құбырының құрылысы барысында отандық өндірушілер мен жеткізушілер барынша жұмылдырылған.

Магистральдық газ құбыры Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының және газ құбыры трассасының бойына жақын орналасқан 171 елді мекеннің (2030 жылға қарай шамамен 1,5 млн адам) тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру мультипликативтік әсер беріп, магистральды газ құбыры трассасы бойындағы өңірлер үшін экономиканың өркендеуінің негізін құрайтын шағын және орта бизнесті дамытуға түрткі болады. Тұтынушыға газ беру үшін қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қ. және Қарағанды облысының әкімдіктері бекітілген кестеге сәйкес газ тарату желілерінің құрылысын жүргізуде.

Сарыарқа МГ келесі кезеңдерін іске асыру мәселелері қарастырылуда, яғни жалпы ұзындығы 453 км болатын «Нұр-Сұлтан – Көкшетау» МГҚ және «Көкшетау – Петропавл» МГҚ құрылысы. 

Аталған кезеңдерді іске асыру қосымша 1,1 млн адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтыну көлемі жылына 700 млн м3 құрайды.

 

Электр энергетикасы нарығын дамыту

2019 жылы Электр энергетикасы саласында электр энергиясын өндіру көлемі 106 млрд кВтс құрады. Сонымен қатар электр энергиясын тұтыну 105,1 млрд кВтс құрады, бұл ел экономикасының электр энергиясына деген қажеттілігін толық жабатынын көрсетеді.

Энергетика министрі сондай-ақ электр қуаты нарығында Бірыңғай сатып алушы құрылғанын хабарлады. Бірыңғай сатып алушы ретінде «Жаңартылатын көздерді қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС компаниясы анықталды.

2019 жылы электр энергиясын өндіру секторына 58 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. 2020 жылға арналған жоспарға сәйкес электр энергиясын өндіру секторына шамамен 82,5 млрд теңге инвестиция салу жоспарланған.

Энергия беруші ұйымдарды ірілендіру үшін оларды кезең-кезеңмен іске қосумен талаптар белгіленген. Энергия беруші ұйымдарды (ЭБҰ) ірілендіруге арналған тетік анықталды.

Бұл шаралар ЭБҰ-ны өзара немесе өңірлік электр желілік компаниялармен біріктіру жолымен ірілендіруге, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметті тоқтату жолымен іріленуге ынталандыруы тиіс. Күтілетін нәтиже — ЭБҰ санын 30%-ға, яғни 162-ден 110-ға дейін қысқарту.

«2017 жылдан бастап иесіз желілердің ұзындығы 2125 км-ге (2350 км) қысқарды. 2020 жылдың І тоқсанындағы жағдай бойынша иесіз желілердің ұзындығы 225 км құрады. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан жұмыстардың аясында иесіз жаңа нысандар анықталып жатыр», — деді Н. Ноғаев.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде бірқатар монополистердің электр энергиясын беру тарифтері төмендетілді және көрсетілетін қызметтер сапасының артуы байқалады. Түпкілікті нәтижелерге 2023 жылы қол жеткізіледі.

2020 жылға арналған жоспарлар:

  • 17 коммуналдық компанияның қызметін тоқтату;

  • жергілікті атқарушы органдардың иесіз электр желілерін энергия беруші ұйымдарға өтеусіз беру жөніндегі жұмысын жалғастыру;

  • энергетикалық қадағалау жөніндегі комитет 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға барлық энергия беруші ұйымдардың сәйкестігіне тексеру жүргізуі тиіс.

Министрдің айтуынша, еліміздің барлық өңірлерінде жылу беру кезеңі ұйымдасқан түрде, қалыпты режимде өтті. Тұтынушыларға электр және жылу энергиясын жеткізу шарттар мен кестелерге сәйкес тұрақты және орнықты түрде қамтамасыз етілді.

«2019 жылы энергия кәсіпорындарының негізгі жабдықтарының жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды. 2018 жылмен салыстырғанда 3 энергоблокқа, 7 қазандық пен 1 турбинаға артығырақ жөндеу жүргізілді. Осы жылы 8 энергоблокты, 59 қазандықты және 44 турбинаны жөндеу жоспарланған», — деді Н. Ноғаев. 

Өткен жылыту кезеңінде станциялардың жылу желілері жұмысының температуралық кестесін сақтамауының 48 фактісі тіркелді, бұл 2018-2019 жылдардағы өткен жылыту кезеңінің деңгейінен 20%-ға төмен. Электр станцияларында 3 млн тоннадан астам көмір және 120 мың тонна мазут көлемінде отынның нормативтік қоры қамтамасыз етілді. 2019 жылы Қазақстан БЭЖ-де 3996 технологиялық бұзушылықтарға жол берілген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтар саны 34-ға немесе 1,3%-ға азайған.

Сонымен қатар, халыққа, өнеркәсіптік тұтынушылар мен Қазақстан Республикасының кәсіпкерлеріне қолдау көрсету үшін ҚР Энергетика министрлігі тауарлық газға шекті көтерме бағалардың өсуіне жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізді.

Өңірлер үшін тауарлық газға шекті көтерме бағаларды ағымдағы деңгейде сақтау туралы шешім қабылданды.

«Ағымдағы деңгейде бекітілген тауарлық газға шекті көтерме бағалар халық, кіші және орта бизнес, бюджеттік ұйымдар үшін тауарлық газға бөлшек сауда бағаларын тежеуге әкеледі және мультипликативті әсер ретінде жылу энергиясын өндіретін және электр энергиясын шығаратын отын-энергетикалық кешені үшін тарифтерді тежеуге ықпал етеді», — деді энергетика министрі. 

Бұрын 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Министрлік тауарлық газға шекті көтерме сауда бағаларын өңіріне қарай 3,8-ден 17,5% шегінде төмендетті. Бұл еліміздің барлық газдандырылған өңірлерінде электр энергиясы мен жылуға түпкілікті бағаны төмендетуге мүмкіндік берді. 

Министрлік бекіткен тауарлық газға шекті көтерме сауда бағасы 2019 жылғы 1 шілде – 2020 жылғы 30 маусым аралығында да ағымдағы деңгейде сақталды.

 

Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге арналған 235 келісімшарт тіркелген, оның ішінде: «барлауға» – 54, «бірлесіп барлау мен өндіруге» – 96, «өндіруге»– 74, «өнімді бөлу туралы келісім» бойынша – 11. Уран бойынша 25 келісімшарт тіркелген.

Геологиялық барлау жұмыстарына инвестиялардың көлемі 158,4 млрд теңгені құрады.

 

 

Қазіргі уақытта министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі жұмыстарды жүргізіп отыр.

Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша міндеттемелері жер қойнауын пайдалануға арналған 163 келісімшартта (барлығы – 260) көзделген.

2019 жылғы қорытынды бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы 9,9 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру бойынша міндеттемелері жер қойнауын пайдалануға арналған 256 келісімшартта (барлығы – 260) көзделген.

2019 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруы 21,0 млрд теңгені құрады. Жыл қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 144 мыңнан астам қазақстандық маман оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау рәсімінен өтті. 

 

 

Жаңартылатын энергия көздерін дамыту 

Н. Ноғаевтың айтуынша, жаңартылатын энергетика көздері жыл сайын қарқынды дамуда, 2019 жылы 2,4 млрд кВтч «жасыл» энергия өндірілді, 2018 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда өсім 77,8% құрады.   

Электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК үлесі — 2,3%.

 

Өткен жылы 21 ЖЭК нысаны пайдалануға берілді. 2020 жылыдң І тосқанында 9 ЖЭК нысаны пайдалануға берілді. ЖЭК жобалары бойынша тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 103,4 млрд теңгені құрады. 

Осылайша, биылғы І тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы қуаттылығы 1361 МВт болатын 99 ЖЭК құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК өндіру 3,15 млрд кВтс электр энергиясын құрайтын болады. 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.