Президент тапсырмаларын орындау: Павлодар облысында негізгі макрокөрсеткіштердің оң динамикасы байқалады

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз Жолдауында ең алдымен қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар қосымша бастамаларды атап өтті. Еліміздің ірі индустриялық орталықтарының бірі – Павлодар облысында әлеуметтік сала мәселелері қалай шешіліп жатыр, шағын және орта бизнеске қандай қолдау шаралары көрсетіледі, жалпы осы жылдың 7 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары қандай — материалдан оқыңыздар.

Көрсеткіштерге сәйкес, биыл 7 айдың қорытындысы бойынша Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады және экономиканың барлық негізгі салалары бойынша көрсеткіштер өскен. 

Өңір көп салалы өнеркәсіптік кешені бар елдің ірі индустриялық орталығы болып табылады.

Жыл басынан бері облыста 1 901,6 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өңір өңдеу өнеркәсібінің көлемі бойынша көш бастап тұр (Қарағанды облысынан кейін 2-орын) - 1 258,3 млрд теңге.

Республикалық көмір өндірудің 60%-ы, ферроқорытпа өндірісінің 57%-ы және мұнай өнімдерінің 30%-ы қамтамасыз етіледі.

Өңделмеген алюминий мен сазтопырақ елімізде толығымен Павлодар өңірінде өндіріледі. Облыстың энергия өндіретін кәсіпорындары электр энергиясының 40%-дан астамын қамтамасыз етеді.

Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнім көлемі 120,8 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 2,5%-ға жоғары. Осы жылы егіс алқабы 6,1%-ға ұлғайтылып, 1,6 млн гектарды құрады.

Құрылыс саласы белсенді дамып келеді. Биыл 7 айдағы жұмыс көлемі 100,7 млрд теңгені немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,9% құрады. 140 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға артық. Сондай-ақ инвестициялық белсенділік артып отыр. Өңір экономикасына 303,1 млрд теңге инвестиция тартылды, оның 86%-дан астамы – жеке қаражат. Перспективада 601,1 млрд теңгеге 16 жобадан тұратын пул қалыптастырылады.

Ішкі тауар айналымы 1,8%-ға өсті, бұл көрсеткіш 2022 жылдың басынан бері 598,8 млрд теңгені құрады. Бөлшек сауда 0,7%-ға, көтерме сауда 2,1%-ға артты. 

Өңірде 48 мың шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, онда облыстың 138 мыңнан астам тұрғын еңбек етеді. Жыл басынан бері ШОБ кәсіпорындары 199,2 млрд теңгеге өнім шығарды, бұл 2021 жылғы деңгейге қарағанда 108,6% артық.

Павлодар кәсіпорындарының өнімдері жыл сайын әлемнің 40 еліне экспортталады. Облыс қоспасыз (бастапқы) алюминий, алюминий оксиді, жіксіз құбырлар, полипропилен, ТЖ кластері өнімдері (дөңгелектер, бағыттамалы бұрмалар), сондай-ақ мыс концентраты экспорты бойынша көш бастап тұр.

Жыл басынан бері жалпы экспорттық жеткізілімдер көлемі $1,4 млрд-ты құрады (2022 ж. 4 ай), оның ішінде шикізаттық емес өнім экспорты $1 млрд-тан асты, тауарлардың шикізаттық емес экспорт көлемі шамамен $3 млрд болады деп күтілуде..

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, әл-ауқатын және табысын арттыру мақсатында азаматтардан келіп түскен 2,5 мың ұсыныстың негізінде облыста 2022 жылға арналған қысқа мерзімді іс-қимыл бағдарламасы қабылданды.

Жұмыспен қамту орталықтарының жұмыс қағидаттары өзгерді, кәсіпорындардың HR-қызметтерімен ынтымақтастық орнатылды. Шалғай ауылдарда мобильді жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істейді. 19 білім беру мекемесі жанынан орталықтар ашылды. Онда жастар кеңес беру, құжаттарды ресімдеу, жұмысқа немесе тағылымдамаға орналастыру түрінде көмек алады.

Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыс орталығының оқу-өндірістік комбинаты базасында салалық кәсіптік бағдар беруді дамытудың өңірлік пилоттық жобасы іске қосылады. Сонымен қатар былтыр мектептерде 7-11 сынып оқушыларына болашақ мамандығын анықтауға көмектесетін кәсіби бағдар енгізілді.

«Облыстың жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы» қалыптастырылып, оған 15 жаңа мамандық енгізілді. Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылармен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні 166 отбасына құжаттарды ресімдеу, жәрдемақы және жұмысқа орналастыру түрінде көмек көрсетілді.

Мемлекет басшысы белгілеген балалар жылы аясында балабақшалар мен мектептерде тегін ыстық тамақты қаржыландыру 1,8 есеге артты. Сондай-ақ биыл 1 мамырдан бастап өңір қалаларында барлық оқушылар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған.

Ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту үшін инфрақұрылымды кеңейту мәселелері шешіліп жатыр. Аутистік спектрі бұзылған, оңалту және ерте араласу орталықтары ашылатын болады.

20 мыңнан астам баланы спорт және шығармашылық тапсырыспен қамту жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. «2025 жылға дейінгі дене шынықтыру және спорт Жол картасы» аясында облыста спорттық инфрақұрылым кеңейтіліп, 80-нен астам спорт нысанының құрылысы жүргізілуде.

Азық-түлік бағасы тұрақты бақыланады. Тұрақтандыру қоры 1,7 млрд теңге сомасына 5 мың тонна өнім сатты. 1,1 млрд теңге «айналым схемасы» аясында іске қосылды. Жыл соңына дейін облыс орталығында «фермерлік базар» іске қосылады, Бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей тауар өндірушілерден делдалсыз өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Халықтың жайлы тұруы үшін жағдай жасау мақсатында биыл 200 аула абаттандырылып, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары қолға алынды. Облыс орталығының автобус паркін 100 бірлік көлікке жаңарту көзделген. 

Облыс орталығында «Жастар» шағын ауданын құру бойынша тұжырымдама әзірленді, онда қаланың 11 мыңнан астам тұрғыны тұратын болады.

Павлодар облысының өнеркәсібі – өңір экономикасының негізі

Павлодар облысы – Қазақстанның ең дамыған индустриалды аймақтарының бірі. Өнеркәсіп – облыс экономикасының негізі.

Өңдеудің өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлесі 66%-дан асады. Бүгінгі таңда мұнда өңдеу өнеркәсібінің 986 кәсіпорны жұмыс істейді. Салада 56 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Өңдеу өнеркәсібін қалыптастыратын салаларға металлургия, мұнай өңдеу, машина жасау, химия және мұнай химиясы және басқалары жатады.

Машина жасау (102,1%), химия өнеркәсібі (105,4%), дайын металл бұйымдары (123,8%), тамақ өнімдері (105,8%), жеңіл өнеркәсіп (100,4%), жиһаз (130,1%), өзге де дайын бұйымдар (145,3%) салаларында өндіріс көлемі артты. 

Облыстағы аса маңызды тауар түрлері: ферроқорытпалар, мұнай өңдеу өнімдері, сазтопырақ, бастапқы алюминий, кабель-өткізгіш өнімдер, жіксіз болат құбырлар, т/ж арналған өнімдер (тұтас таптамалы дөңгелектер, жүк вагондары, бағыттамалы бұрмалар және т.б.), хлор, полипропилен, каустикалық сода және химиялық өнімнің, металл конструкциялардың басқа да түрлері.

2022 жылдың 7 айында облысқа 300 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

2017-2021 жылдар аралығында өңір экономикасына шамамен 2,5 трлн теңге инвестиция тартылды. Алдағы бес жылға тағы 5 трлн теңгеден астам қаржы салу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда 9,6 мың жұмыс орнын құрумен 2,2 трлн теңгеден астам сомаға 143 жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Олардың ішінде 1,2 трлн теңге сомасына 85 жоба іске асырылып жатыр, 1 трлн теңгеге 58 жоба пысықтау сатысында.

Облыста инвестициялық жобаларды іске асыру, проблемалық мәселелерді шешу және жаңа бастамаларды көтеру кезінде бастамашыларға жәрдем көрсететін өңірлік инвестициялық штаб жұмыс істейді.

Осы жылдың 7 айында облысқа 300 млрд теңгеден астам қаржы тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7,5%-ға артық. Биылғы жоспар - 697,7 млрд теңге. Бүгінгі таңда 10,9 млрд теңгеге 14 жоба іске қосылды. Жыл бойынша барлығы 44,5 млрд теңгеге 66 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Бұдан басқа, қазіргі уақытта 2023-2024 жылдарға арналған бірқатар ірі жобалар бейімделіп жатыр. Олардың ішінде «Mineral Product» ЖШС және «EkibastuzFerroAlloys» ЖШС ферроқорытпалар өндірісі, «Intertrans C. A.» ЖШС алкилат өндірісі, «Railcast systems» ЖШС теміржол жолдарына арналған осьтер мен бандаж өндіру бойынша цех құру бар.

Көмір өндіру саласында республика бойынша өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 59,5%-ы алынады

Тау-кен өндіру саласының өңір өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі үлесі – 21,4%. Шамамен 97 кәсіпорын (ірі және ШОБ) жұмыс істейді. Бұл салада 12 мыңнан астам адам еңбек ететін көмір өндіруші кәсіпорындар мен металл кендерін өндіретін кәсіпорындар бар.

Көмір өндіру саласында республика бойынша өндірілетін көмірдің жалпы көлемінің 59,5%-ы алынады. Салада келесі кәсіпорындар жұмыс істейді: «Богатырь Көмір» ЖШС (тас көмір), «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ (тас көмір), «Майкубен-Вест» ЖШС (қоңыр көмір), «Ангренсор Энерго» ЖШС (тас көмір), «Гамма Сарыкөл» ЖШС (қоңыр көмір), «Гамма Талдыкөл» (қоңыр көмір), «Директ» ЖШС (тас көмір), «Қайнама Көмір» ЖШС (тас көмір).

Көмірдің негізгі көлемі (80%-дан астам) екі ірі кәсіпорында өндіріледі - «Богатырь Көмір» және «Еуроазиялық энергетикалық корпорация». Көмір өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қуаты – 80,3 млн тонна көмірді (КСН маркалы тас көмір – 70,3 млн тонна, 3Б маркалы қоңыр көмір – 9,4 млн тонна, Т маркалытас көмір – 0,6 млн тонна) құрайды.

Көмір өндіруші кәсіпорындар өнімді энергетикалық кәсіпорындарға, өңір және республика халқына, сондай-ақ Ресейге, Өзбекстанға, Қырғызстанға, Украинаға, Белоруссияға, Арменияға экспортқа жөнелтеді. Көмір экспортының жылдық көлемі жылына шамамен 18 млн тоннаны құрайды.

Саланы дамыту мақсатында «Богатырь Көмір» ЖШС инвестиция көлемі шамамен 80 млрд теңгені құрайтын циклдық-ағындық технология жобасын іске асыруда. Аталған жоба 2023 жылы «Богатырь» кенішінің өндірістік қуатын 8 млн тонна көмірге (жылына 32-ден 40 млн тонна көмірге дейін) ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Металл кенін өндіру саласында «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС (мыс кенін өндіру және қайта өңдеу, мыс концентратын өндіру), «Майқайыңалтын» АҚ (полиметалл кенін өндіру, қайта өңдеу және байыту, өңделмеген мыс концентратын, алтын мен күмісті өндіру), «Fonet ErTai Ak Mining» ЖШС (мыс кенін өндіру және байыту) жұмыс істейді.

«KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС – жылына 30 млн тонна кен өңдеу және 100 мың тонна мыс концентратын өндіру қуаты бар ашық типтегі ірі ауқымды мыс кеніші. Кәсіпорынның байыту фабрикасында әлемдегі ең ірі шар диірмендері және көлемі бойынша екінші, редукторсыз жетекті жартылай өздігінен ұнтақтайтын диірмен орнатылған.

«Майқайыңалтын» АҚ құрамында алтыны бар полиметалл кендерін жерасты өндіру, қайта өңдеу және байытуды жүзеге асырады. Қуаттылығы – жылына 400 мың тонна кен өңдеу.

«Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС Аяқ-Қожан кен орнында (Павлодар облысының Екібастұз ауд.) сульфидті мыс кенін (төменгі қабаттар) өндіру және өңдеу бойынша қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорынның қуаттылығы – жылына 500 мың тонна мыс концентраты.

Металлургиялық кешен – облыс экономикасындағы басым сала

Металлургияның өңірдің өңдеу өнеркәсібіндегі үлес салмағы – 71,1%, өнеркәсіптің жалпы көлемінде – 47%. Бұл салада келесі кәсіпорындар жұмыс істейді: «Қазақстан алюминийі» АҚ (сазтопырақ), «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (бастапқы алюминий), Ақсу ферроқорытпа зауыты – «Қазхром» ТҰК АҚ филиалы (ферроқорытпалар), «KSP Steel» ЖШС (жіксіз құбырлар), «Кастинг» ӨФ ЖШС (болат құю, прокат). Металлургия кәсіпорындарында 21 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Металлургия өнеркәсібін дамыту технологиялық жабдықты жаңғырту шеңберінде жүзеге асырылады. Мысалы, хром, кремнийлі және марганец қорытпаларын өндіру бойынша әлемдегі жетекші металлургиялық кәсіпорындардың бірі – Ақсу ферроқорытпа зауыты №6 цехты реновациялау жобасын (пештерді жаңғырту) жүзеге асырып жатыр. Жоба ферроқорытпа өндірісін 35%-ға арттыруға, атмосфераға эмиссиялар көлемін және электр энергиясының меншікті шығынын 25%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Облыс аумағында машина жасау саласында 20-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді

Өңірде жалпы өндіріс көлемінің шамамен 5%-ын машина жасау құрайды. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлес салмағы – 7,6%. Облыс аумағында жұмыс орындарының саны 4600-ге жуық 20-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Кәсіпорындар кабельдік-өткізгіш өнімдер, бағыттамалы бұрмалар, теміржол көлігіне қосалқы бөлшектер, жүк вагондары, жүк көтергіш машиналар, мамандандырылған техника, энергетикалық жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер, жоғары қысымды түтіктер, ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектер, әртүрлі стандартталмаған жабдықтар, абразивтік құралдар және т. б. шығарады.

Саладағы ірі кәсіпорындар – «Казэнергокабель» АҚ, «Проммашкомплект» ЖШС, «ERG Service» ЖШС, «Format Machcompany» ЖШС, «Павлодарский завод Темірмаш» ЖШС, Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС.

Бұдан басқа, облыста ауыл шаруашылығы машинасын жасау үшін өнім шығаратын бірқатар ШОБ кәсіпорындары жұмыс істейді: «Дафа» ЖШС, «ТПБ Агромир» ЖШС, «Песчан ЖМЗ» АҚ, «Еңбек Павлодар» РМК, «Технологиялық желілер» ЖШС (аспалы жабдық, қосалқы бөлшектер, сервистік қызметтер және т.б.).

Сондай-ақ өңірде теміржол кластері құрылды. Оған т/ж жолдарының жоғарғы құрылысы мен вагон жасауға арналған өнім шығаруды меңгерген «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «Проммаш.КЗ» ЖШС, «Format Machompany» ЖШС, «Технологические линии» ЖШС, «РВС Байдинг» ЖШС, «РВС Вилсет» ЖШС, «РВС Конкрит» ЖШС кіреді.

2021 жылы шамамен 211 жұмыс орнын құрумен жалпы инвестициялар сомасы 17 млрд теңгеге екі жоба іске қосылды:

– серпімді клеммалар, рельстік бекіткіштерге арналған жол бұрандасын өндіру цехы – «ФерроТрансТрейд» ЖШС.

– Теміржолға арналған дөңгелектердің жылына 300 мың данасын өндіру кешені – «Проммашкомплект» ЖШС.

Қазіргі уақытта жалпы инвестиция көлемі 70,1 млрд теңгені құрайтын «Railcast System» ЖШС-нің «бандаждар мен темірден соғылған бұйымдарды өндіру кешені» жобасы іске асырылуда.

Жобалық қуаттылығы:

- локомотивтерге арналған бастапқы құрсаулар – 54,5 мың дана;

- үлкен тісті доңғалақтардың дайындамалары – 27 мың дана;

- темірден соғылған бұйымдар – 20,5 мың дана.

Жаңа өндірістерді іске қосу жыл сайын машина жасау саласы көлемінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

АӨК саласында тұрақты өсім байқалады

АӨК саласында 2022 жылдың 7 айында тұрақты өсім байқалады. Облыста экономикалық қызметтің барлық түрлері бойынша негізгі жұмыста жұмыспен қамтылған халық 380,8 мың адамды құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 59,7 мың адам, бұл жұмыспен қамтылған халықтың ең көп үлесі – 15,7%.

2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 120,2 млрд теңгені құрады, АӨК НКИ – 102,5%. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар 2021 жылға қарай 109,7%-ға өсіп, 55 млрд теңгені құрады.

2022 жылдың 1 тамызына ет – 55,6 мың тонна немесе 105%, сүт – 257 мың тонна немесе 101,2% өндірілді, жұмыртқа – 6,8%-ға төмендеп, 138,8 млн дананы құрады.

2022 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 121,1 мың тонна өнімді құрады, ақшалай мәнде – $63,3 млн немесе 180%.

АӨК саласын мемлекеттік қолдау субсидиялар мен несиелер беру түрінде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттік қызметтер толықтай автоматтандырылған.

2022 жылдың 7 айында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау көлемі 17,9 млрд теңгені немесе жылдық жоспардың 57,3%-ын (32,9 млрд теңге) құрады, оның ішінде келесі бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға – 4 млрд теңге;

- мал шаруашылығын дамытуды қолдауға – 4,9 млрд теңге;

- инвестициялық салымдарға – 5,2 млрд теңге;

- лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 3,4 млрд теңге.

- қайта өңдеуді субсидиялау – 0,4 млрд теңге;

2022 жылдың 7 айында облыстың 1,1 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары субсидиялаумен қамтылды. 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелері 14 млрд теңгеге 603 АШТӨ қаржыландырды, оның ішінде:

- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 7,5 млрд теңгеге 302 несие, оның ішінде:

- «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 5,7 млрд теңгеге 239 несие берілді;

- «Кең дала» бағдарламасы бойынша 1,6 млрд теңгеге 62 несие берілді;

- «Кең дала» бағдарламасы бойынша (АНК бас кеңсесі арқылы) 200 млн теңгеге 1 кредит.

- «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға 6,5 млрд теңгеге 301 несие берілді.

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ арқылы форвардтық сатып алу шеңберінде «Павлодар» ӘКК» АҚ кепілдігімен 2022 жылдың 7 айында 846,8 млн теңгеге 8 АШТӨ қаржыландырылды.

Агроөнеркәсіптік кешеннің басты міндеті – елді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз ету

Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында (01.09.2021 ж.) «Жалпы агроөнеркәсіптік кешеннің басты міндеті – елді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз ету» деп айтты.

Президент тапсырмаларын іске асыру аясында өңірде бірқатар шаралар қабылданды. Бүгінгі таңда тамақ өнімдерін өндіру облыстың өңдеу өнеркәсібі құрылымында 6,5%-ды құрайды. 2022 жылдың 7 айында 82,3 млрд теңгеге азық-түлік өндірілді (2021 жылдың сәйкес кезеңіне 105,8%).

Өңірде дәнді дақылдар (бидай, қара бидай, арпа, қарақұмық), бидай ұны, картоп, көкөніс және бақша өнімдері, барлық түрдегі ет, жұмыртқа, шұжық өнімдері және жартылай фабрикаттар, сүт, қайта өңделген сүт өнімдері (сары май, ірімшік, сүзбе) және басқа да өнімдер өндіріледі.

Ішкі нарықты молықтырумен қатар, АӨК өнімдері экспортқа да шығарылады. Қарастырылып отырған кезеңде өнімнің келесі түрлері экспортталды:

- $14,2 млн сомасына 58,7 мың тонна астық жиналды;

- $2,4 млн сомасына 6,8 мың тонна бидай ұны;

- $4,6 млн сомасына 4,3 мың тонна жарма;

- $0,4 млн сомасына 2,3 мың тонна картоп;

- $2,2 млн сомасына көкөніс пен бақша өнімдері – 5,2 мың тонна;

- $8,6 млн сомасына 16,1 мың тонна күнбағыс майы;

- $1,9 млн сомасына 1,5 мың тонна ұн өнімдері;

- $1,4 млн сомасына 1,7 мың тонна барлық ет түрлері, ет жартылай фабрикаттары және шұжық өнімдері;

- $0,1 млн сомасына 0,2 мың тонна жұмыртқа ;

- $2,7 млн сомасына 1,9 мың тонна сүт, күнбағыс майы және басқа да өнімдер.

Өткізудің негізгі нарықтары – Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Қытай, Украина, Ауғанстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Германия, Польша, Австрия.

Негізгі экспорттаушылар – «Фуд мастер Трейд компаниясы» ЖШС, «Best Milk» ЖШС, «МолКомПавлодар» ЖШС, «Павлодар құс» ӨК ЖШС, «Ет-Бастау» ЖШС, «Рубиком» ЖШС, «Павлодар Смак» ЖШС, «Мяском» ЖШС, «Абай» ЖШС, «Аквамарин ПВ» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Колос» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС, «Пахарь» ШҚ» ЖШС.

Облыста өңіраралық интеграция белсенді дамып жатыр

Павлодар облысында былтырдан бастап инвестициялық жобаларды іске асыруда, проблемалық мәселелерді шешуде және жаңа бастамаларды тартуда бастамашыларға жәрдем көрсететін Өңірлік инвестициялық штаб жұмыс істеп келеді.

Ресей өңірлерімен өңіраралық интеграцияны дамыту шеңберінде 2022 жылғы 19-20 сәуірде Павлодар қаласына губернатор А. Бурков бастаған Омбы облысының делегациясы келді. Облыс әкімі Ә. Сқақовпен және салалық басқарма басшыларымен кездесу өтті. Өңірлердің инвестициялық тартымдылығы және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, цифрландыру, медицина, спорт және туризм салаларындағы перспективалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Меймандар өнеркәсіп, АӨК, спорт және мәдениет кәсіпорындарымен танысты.

12-13 мамырда чех кәсіпкерлері екіжақты іскерлік ынтымақтастықты дамыту мәселесі бойынша сапармен келді.

Биыл 17 мамырда облыс әкімі Ә. Сқақов Екібастұз қаласының индустриялық аймағы аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі бойынша «Canarax Trading LLP» компаниясының басшылығымен кездесті.

Сондай-ақ бейнеконференцбайланыс режимінде Арменияның (ү. ж. 15 сәуір) және Алтай өңірінің мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының өкілдерімен (ү. ж. 18 мамыр) кездесулер өткізілді.

2022 жылғы 4-7 шілдеде мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар өкілдерінен тұратын Павлодар облысының делегациясы Екатеринбург қ. (РФ) «ИННОПРОМ» XII Халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты.

Форум аясында «Қазэнергокабель» АҚ мен «Уральский завод пластификаторов» ЖШҚ арасында шамамен 3,3 млрд теңгеге ПВХ кабельдік пластикатын жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

21 шілдеде инвесторлар үйінде «Планета Центр» ЖШҚ ресейлік компаниясының құрылтайшыларымен (бояулар мен қаптама материалдарын өндіру) және стратегиялық бастамалар агенттігінің (РФ) талдау орталығының директорымен кездесу өтті. Қонақтарға өңірдің инвестициялық климаты, АЭА-ға барып, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының жеңілдіктері мен преференциялары таныстырылды. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды және Павлодар облысының аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі қаралды.

Осы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісінің Павлодар қаласына сапары жоспарлануда. Сапар барысында ол облыс әкімі Ә.Б. Сқақовпен, өңір кәсіпкерлерімен кездеседі, сондай-ақ «Компания Нефтехим LTD» ЖШС және «Павлодар» АЭА барады.

1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 48 мыңнан асты

1 тамыздағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 48 240 бірлікті құрайды, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 1 826 бірлікті немесе 103,9%-ды құрады (1.08.2021 жылға-46 414 бірлік).

Биылғы қаңтар-наурызда ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 133 567 адамды құрады, өсім 2 563 адамды немесе 102%-ды құрайды (2021 жылғы 1-тоқсан-131 004 адам).

Сонымен қатар, 2022 жылы қаңтар-наурызда ШОБ субъектілерінің өнім шығаруы 199,2 млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 31,7 млрд теңгені немесе 108,6% – ды құрады (2021 жылғы 1-тоқсан-167,5 млрд теңге.).

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде бүгінгі таңда шағын және орта бизнес саласында 657 жоба (БЖК 637 жоба, ЭБЗ 20 жоба) мақұлданды. Несиелеудің ең көп көлемі өңдеу өнеркәсібіне, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда жүйесіне тиесілі. Жобалардың салалық құрылымы (657 жоба) келесідей:

1. Көтерме және бөлшек сауда – 226 жоба немесе 34,3%;

2. Өңдеу өнеркәсібі – 196 жоба немесе 29,8%;

3. Өзге де қызметтерді ұсыну – 56 жоба немесе 8,5%.

4. Көлік және қоймалау – 53 жоба немесе 8,1%;

5. Тұру бойынша қызметтер – 53 жоба немесе 8,1%;

6. Ауыл, орман шаруашылығы – 43 жоба немесе 6,5%;

7. Құрылыс – 20 жоба немесе 3%;

8. Білім беру – 6 жоба немесе 1%;

9. Ақпарат және байланыс – 4 жоба немесе 0,6%;

Осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 141,7 мың шаршы метрді құрады

Павлодар облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда. Бағдарламада тұрғын үй құрылысы және тұрғын үймен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары шоғырландырылған. Мемлекеттік бағдарлама республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бірыңғай тұрғын үй саясаты ипотекалық тұрғын үйді несиелеу және сатып алу құқығынсыз әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй бағдарламалары бойынша іске асырылады. Мемлекеттік бағдарламалар аясында салынып жатқан тұрғын үйлер негізінен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға арналған, олар – халықтың әлеуметтік осал топтары, көп балалы аналар, жетім балалар, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері.

Биыл мемлекеттік қаражат шеңберінде 200 мың шаршы метрден астам аумақты енгізу жоспарлануда. Мәселен, «Сарыарқа» ш/а 5 тұрғын үйдің (28, 33, 39, 40, 41) құрылысы жалғасып жатыр. Осы жылы «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Ол 42 көп қабатты тұрғын үйден, яғни 3500-ден астам пәтерден тұрады.

Бүгінгі таңда Достық шағын ауданының бірінші кезегінің құрылысы белсенді жүргізілуде. Бұдан басқа, Екібастұз және Ақсу қалаларында тұрғын үйлер салынып жатыр. 

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1 шаршы метрі үшін 160 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді, алайда жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 200 мың теңгеден асады. Осыған байланысты 1 шаршы метрі үшін жетіспейтін қаражат жергілікті облыстық бюджеттен қарастырылады.

2022 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 141,7 мың шаршы метрді құрады, өсім өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішке қарағанда 16,6%-ды құрады.

Облыста «Нұрлы жол» бағдарламасының автожол жобалары қалай дамып жатыр

Павлодар облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісінің жалпы ұзындығы – 3 842 км, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдар – 1010 км және аудандық маңызы бар жолдар – 2 832 км.

2021 жылғы жол-жөндеу жұмыстарының қорытындылары бойынша нормативтік жай-күйдегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі – 3 458 км немесе 90%. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында күрделі және орташа жөндеу бойынша ұзындығы 266 км 29 жоба іске асырылып жатыр, оның сомасы – 8,3 млрд теңге, оның ішінде ұлттық қордан – 5,6 млрд теңге, облыстық бюджеттен – 2,7 млрд теңге.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан реконструкциялау жобалары жоқ.

Осы жылдың 7 айында өңірде кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба аясында 10 314 адам қамтылды

Биылғы 7 айда облыс бойынша 12 559 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 6 979, уақытша – 5 580. Тұрақты жұмыс орындарының ең көп саны ауыл шаруашылығы (23,3%), сауда (18,0%), өнеркәсіп (11,0%) салаларында құрылды. Ұлттық жобалар аясында 5 035 жұмыс орны, жеке бастамалар есебінен 7 524 жұмыс орны құрылды.

4 923 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Осы жылдың 7 айында кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жобамен 10 314 адам қамтылды, оның ішінде 892 адам оқытудан өтті (304 жұмыссыз адам жұмыс берушілердің сұрауы бойынша оқытылды, 75 адамды жұмыс орнында жұмыс берушілер оқытты, 513 адам онлайн-оқудан өтті) 

Жұмысқа орналастыру шараларымен 8 903 адам қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 4 923 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына 3 980 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 450, жастар практикасы бойынша 284, қоғамдық жұмыстарға 3 118 адам жұмысқа орналастырылды.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 74, «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша 7, «Күміс жас» жобасы (зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыру үшін) аясында 47 адам жұмысқа орналастырылды.

«Өз ісін ашу үшін жағдай жасау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 394 адам оқытылды, 2 адам шағын несие алды, 123 грант берілді.

В рамках Национального проекта «Сильные регионы – драйвер развития страны» организовано переселение 1427 человек, в том числе переселенцы – 1247 чел., кандасы – 180 чел.

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 1 427 адамды көшіру ұйымдастырылды, оның ішінде 1 247 адам қоныс аударып, 180 қандас елге оралды.

Халықты жұмыспен қамту және NEET санатындағы жастарды қолдау мақсатында биылғы сәуір айынан бастап барлық қалалар мен аудандарда Өзекті мамандықтар орталықтары жұмыс істейді. Орталықта ізденушілер психологиялық портретті анықтаудан бастап әрі қарай жұмысқа орналасуға және бизнес-идеяларды іске асыруға дейін «бір терезе» қағидаты бойынша қажетті көмек ала алады. Орталық менеджерлері қысқа мерзімді курстар, тағылымдамалар және еңбек нарығындағы бос орындар мәселесі бойынша ізденушілерге көмек көрсетеді. Барлық ізденушілер «Таңдау» ақпарат жүйесінде тіркеуден өтеді. Осы жылдың өткен кезеңінде орталықтар 1 000 адамға көмек көрсетті (201 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 156, уақытша жұмысқа 45 адам орналастырылып, 9 адам бизнес ашты, 35 адам қысқа мерзімді оқытудан өтті, 755 адам тағылымдамадан өтті).

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. 2022 жылдың 2-тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды (2021 жылдың 2-тоқсанында – 4,8%). Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеп, 2,8%-ды құрады.

Павлодар облысында апатты мектептер жоқ

381 мектепке дейінгі ұйымда 37,6 мыңнан астам бала тәрбиеленіп жатыр. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 83,5%-ды, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 91,1%-ды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%-ды құрайды.

2022 жылы Екібастұз қаласында 260 балаға арналған балабақша ашу жоспарланып отыр, бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 83,8%-ға, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды 92%-ға дейін қамтуға мүмкіндік береді.

Павлодар облысында апатты мектептер жоқ. Облыс мектептерінің 83%-ы жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталған. 2019 жылдан бастап оқушы орындарының тапшылығы 11 мыңнан 7 мыңға дейін қысқартылды, 2025 жылға қарай тапшылық толық жойылатын болады. Облыста 2021-2025 жылдарға арналған оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу үшін 22 орта білім беру объектісін салу және пайдалануға беру көзделген, оның ішінде биыл нысаналы құрылыс есебінен 5 объект (2 066 оқушы орны) салу жоспарланып отыр.

  1. Павлодар қаласының Теміржолшылар кентіндегі 210 балаға арналған мектептер, 2022 жылғы тамызда пайдалануға беріледі.
  2. Павлодар қаласындағы №9 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясын қосымша 312 балаға арнап кеңейту. Құрылыс жұмыстары биылғы мамыр айында басталды, жұмыстарды орындау мерзімі – 10 ай.
  3. Павлодар қаласының «Достық» шағын ауданындағы 1 200 оқушыға арналған мектеп. Құрылыс басқармасы конкурстық рәсімдерді жүргізіп жатыр.
  4. Железин ауданы Моисеевка ауылындағы 80 білім алушыға арналған мектеп. Оның мектеп жасына дейінгі 20 балаға арналған шағын орталығы бар. Қазіргі уақытта құрылыс компаниясымен келіссөздер жүріп жатыр.
  5. Павлодар қаласындағы №34 жалпы орта білім беретін мектебі қосымша 264 балаға арнап кеңейтілмек. Құрылыс басқармасы жобалық-сметалық құжаттаманы қайтадан ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жіберді, мемлекеттік сараптаманы биылғы қыркүйек айында алынады деп болжанып отыр.

Барлық білім беру ұйымдары қажетті компьютерлік техникамен жабдықталған, атап айтқанда, ұйымдарға 39 мыңнан астам компьютерлік техника берілген. Компьютерлермен қамтамасыз ету 100% болып отыр. «Күнделік» жүйесіне облыстың барлық мектептері  (100%) қосылған. Облыс мектептерінде білім беру платформаларының цифрлық білім беру ресурстары қолданылады. Атап айтқанда, «Online mektep.kz» – 307, «Daryn.online.kz» – 18, «Edupage» – 3, «1.Sabak.kz» – 1. Сонымен қатар қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін Khan Academy, Opiq.kz, Google Classroom, Microsoft Teams, Quizizz-Free, Online Test Pad, LearninqApps.orq және т.б., түрлі мессенджерлер, Zoom конференц-байланыс қызметі білім беру платформалары пайдаланылды.

Облыстың барлық 359 (100%) мектебі кең жолақты интернет желісіне қосылған. Облыс мектептерінің 100%-ы Wi-Fi-мен қамтылған.

Осы жылдың соңына дейін жеке меншік ұйымдарда мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру есебінен балаларды қамтуды 22 394 балаға дейін арттыру жоспарланып отыр. Аталған мақсаттарға 1,6 млрд теңге қарастырылған.

Анықтама: бүгінде 21 спорт түрі бойынша 130 00 балаға арналған спорттық тапсырыс 86 жеке ұйымда орналастырылған.

21 бағыт бойынша 6 174 балаға арналған шығармашылық тапсырыс 42 жеке ұйымда орналастырылған.

Жыл сайын 2025 жылға дейін жалпы сомасы 1 717 779,0 мың теңгеге 7 бағыт бойынша 1 110 балаға арналған білім беру мемлекеттік тапсырысын 15 жеке ұйымда, оның ішінде 2022 жылы 190 210,0 мың теңгеге 2 220 балаға арналған білім беру мемлекеттік тапсырысын орналастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ үйірмелер бойынша робототехника, IT, STEM-оқыту және басқа да жаңа әрі сұранысқа ие бағыттар енгізіліп жатыр.

Анықтама: 205 домбыра кабинеті ашылды, онда 6 811 мың бала ұлттық аспапты тартып үйренеді, сондай-ақ шахмат кабинеттері ашылған.

Балалар жылы аясында облыста балаларды әлеуметтік қолдауға бағытталған бастамалар жүзеге асырылып жатыр. 1-4 сыныптардың 4 4521 оқушысына тегін бір мезгіл ыстық тамақ беру ұйымдастырылды. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап ыстық тамақ бағасы 315-тен 450 теңгеге дейін өсті, бұған 4,0 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Анықтама: облыс бойынша 59 387 оқушы немесе облыс оқушыларының 52,6%-ы жергілікті бюджет және демеушілер қаражаты есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған.

Балабақшаларда әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан 5 322 бала тегін тамақпен қамтылған (көп балалы, аз қамтылған).

Биылғы 1 мамырдан бастап қалалық қоғамдық көлікте 1-11 сыныптардың 83 мыңнан астам оқушысы тегін жол жүреді. Анықтама: Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында (6) 7 жастан бастап мектеп бітіретін жасқа дейін оқушылар тегін жол жүреді.

1 маусымнан бастап 113 мың оқушыға Ахмет Байтұрсынұлы картасы берілді. соның арқасында балалар жыл соңына дейін облыстағы барлық мұражайларға тегін бара алады.

2021 жылы жыл сайынғы «Тәуелсіздік ұланы» жобасы іске қосылды, ол 50 АЕК (145 850) теңге мөлшерінде біржолғы сыйақы төлей отырып, 300 дарынды бала мен қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттер жасаған балаларды қолдауға бағытталған.

Психологтар қатарынан кәсіптік бағдар берушілер институты енгізіліп жатыр, 338 педагог арнайы оқудан өтеді, осы мақсатқа ERG компаниясының демеушілік қаражаты есебінен 105,9 млн теңге бөлінді. Биыл кәсіптік бағдар беру жұмысымен 62 мыңнан астам оқушы қамтылатын болады.

Балаларды сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында 2 520 230,3 теңге сомасына 46 мектеп автобусы сатып алынады.

Бүгінгі таңда «Мектепке жол» акциясы аясында 3 мыңнан астам оқушыға 20 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Бұл акция қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Кәсіптік техникалық білім беруге келетін болсақ, облыста бүгінде 21,9 мың студентке білім беретін 44 колледж (30 – мемлекеттік, 14 – жеке) жұмыс істейді. Оның ішінде 14,6 мың адам мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды.

Соңғы 5 жылда мемлекеттік тапсырыс көлемі 3 905 орыннан 5 600 орынға дейін ұлғайды, оның ішінде республикалық бюджеттен 1 000 орын бөлінді.

2025 жылға дейін студенттерді тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамту жоспарланып отыр (9 сынып негізінде). 2020 жылмен салыстырғанда инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына мемлекеттік тапсырыс көлемі 2 есе артты (1 916-дан 3 255 орынға дейін).

15 колледжде 1 000-ға жуық студент өңірлік «Жаңа кәсіптер атласының» 15 мамандығы бойынша білім алып жатыр. 2022-2023 оқу жылынан бастап 25 жаңа мамандық бойынша тағы 3 000 студент білім алмақ.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқытылатын студенттерінің үштен бірі 146 кәсіпорында қосарлы оқыту жүйесімен білім алып жатыр.

30 маусымда оқу бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы 58% болып отыр.

«Жас Маман» жобасы аясында 10 колледж базасында Құзыреттілік орталықтары құрылды.

Президенттің тапсырмасы бойынша облыстың 27 кәсіпорны 27 колледжді өз қамқорлығына алды, оның ішінде ірі бизнес өкілдері бар: «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ және т.б. Колледждердің зертханалары мен шеберханаларын жабдықтау, студенттер мен түлектерді тәжірибеден өткізу және жұмысқа орналастыру қарастырылған.

Қазірдің өзінде тиісті нәтижелер бар. ERG компаниясы 400 студентке арналған 2 жатақхана салды, кәсіпорындарда 250 мың теңгеге дейін жалақы төленіп жатыр. Биыл компания колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға 500 млн теңгеден астам қаражат бөлді.

Биылғы 1 қыркүйекке қарай ғылыми-білім беру орталығын ашу жоспарланып отыр.

Облыста «Өзекті мамандықтар орталығы» жобасы жүзеге асырылуда.

Орталықтарда жұмыссыз жастар психологиялық портретті анықтаудан бастап жұмысқа орналасуға және бизнес идеяларды іске асыруға дейін «бір терезе» қағидаты бойынша қажетті көмек алады. Жастардың жұмыспен қамтылуына мониторинг жүргізу үшін «Tandau» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда 1,3 мыңнан астам адамға қызмет көрсетті, оның ішінде 256 адам жұмысқа орналастырылды, 1010 жас өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті.

Соңғы үш жылда денсаулық сақтауды дамытуға 34 743,1 млн теңге бөлінді, оның ішінде 2022 жылға 9 946,7 млн теңге (2020 жылға – 12 030,2 млн теңге, 2021 жылға – 12 764,4 млн теңге) бөлінген.

Павлодар облысында 35 мемлекеттік медициналық ұйым, 285 мемлекеттік медициналық нысан және 82 жеке медициналық мекеме жұмыс істейді, олардың 32-інде мемлекет тапсырысы бар.

Бағытталған қаражат есебінен келесі көрсеткіштерге қол жеткізілді:

- облыс бойынша медициналық техникамен жабдықталу 87,37%-ды құрады;

- инфекциялық қызмет инфрақұрылымының желісі кеңейтілді – Модульдік инфекциялық орталық және Облыстық аурухананың инфекциялық бөлімшесінің корпусы (тері-венерологиялық бөлімше) салынды, Екібастұз қаласында жұқпалы аурулар бөлімшесінің ғимараты қайта жаңартылды;

- №1 қалалық аурухананың жаңа қабылдау бөлімшесі пайдалануға берілді, онда пациенттерді триаж жүйесіне сәйкес медициналық сұрыптау жүргізіледі.

- Жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан болатын өлім-жітім көрсеткіші биылғы бірінші жартыжылдықта 8,1%-ға төмендеді (2021 ж. 6 ай – 87,1, 2022 ж. 6 ай – 80);

- жедел жәрдем станциясының автопаркі толық жаңартылды. 109 жаңа реанимобиль сатып алынды. 2022 жылы Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы Қазақстан Республикасы бойынша үздік деп танылды;

- 2019 жылдан бастап жаңадан салынған облыстық онкологиялық диспансер жұмыс істейді. 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша облыста қатерлі ісікпен ауыру көрсеткіші 2%-ға өскені байқалады (2021 ж. 7 ай – 311,1, 2022 ж. 7 ай – 317,4). Көрсеткіш аурудың жаңа жағдайлары белсенді түрде анықталғанын көрсетеді. Өлім-жітім көрсеткіші жыл басынан бері 3%-ға төмендеді (01.01.2022 ж. - 110,2, 01.08.2022 ж. - 106,8).

- 2021 жылы облыстық кардиологиялық орталық базасында 20 науқасқа арғналған төртінші инсульт орталығы ашылды. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 12,6%-ға төмендеді (2021 ж. 6 айда – 254,3, 2022 ж. 6 айда – 222,2). Стационарлық көмек көрсетуді дамыту да – маңызды бағыт. Жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы 2025 жылдан кейінгі уақытқа ауыстырылуына байланысты Павлодар қаласындағы №1 қалалық аурухананың ғимараттарына заманауи гибридті ота залдарын енгізе отырып, реконструкциялау жүргізу жөніндегі жоба басталды. 

Стратегиялық көрсеткіштері бар келесі бағыт – босандыру және балалық шақ. Босандыру мекемелерінің жабдықталуы жалпы 90,3%-ды құрайды. 2022 жылы 484,07 млн теңгеден астам сомаға 46 медициналық жабдық сатып алынды. 2022 жылдың қыркүйек-қазан айларында Қазан қаласында (Татарстан, Ресей) УДД мамандарын оқыту үшін облыс әкімдігі жалпы сомасы 24 млн теңгеге бюджеттік қаражат бөлінді. «ERG Көмек» КҚ бөлген 22 млн теңге көлеміндегі демеушілік қаражатқа Екатеринбург клиникалық перинаталдық орталығының көшпелі біліктілікті арттыру циклы жоспарланған. Бұдан басқа, Облыстық балалар ауруханасының ғимараттары қайта жаңартылып, ауруханаға жаңа корпустар  (соматикалық және хирургиялық корпустар) қосылмақ. Жобада кардиологиялық қызмет көрсетуді дамыту үшін бір ауысымда 480 адамды қабылдай алатын Павлодар облыстық кардиологиялық орталығының консультациялық-диагностикалық бөлімшесі салынады. Консультациялық-диагностикалық бөлімшенің құрылысы көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және кезек мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Облыстың ересек тұрғындары мен балаларына оңалту бойынша көмек көрсету үшін 2023 жылы қажетті жабдықтаумен Облыстық оңалту орталығының ғимаратын реконструкциялау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар осы жылдың соңына дейін жаңа туған нәрестелерге арналған Ерте араласу орталығы (Қамқорлық) ғимаратын реконструкциялау аяқталады.

Облыста халыққа толыққанды оңалту көмегін көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Ауылдық жерлердің тұрғындары үшін 6 жылжымалы медициналық кешен (1 «КАМАЗ» және 5 мамандандырылған «Автобус» көлігі) жолға шығады. Аудандық ЖМК аралау кестесі 2022 жылдың сәуір айынан басталды. жоспардың 61,6%-ы қаралды (2022 жылға жоспар – 32 781 адам).

2021 жылы Ақсу қаласы Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория салынды. Облысты дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары аясында ауылдық аймақта 15 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 2023 жылы Набережное, Пограничник, Ә. Марғұлан ауылдық елді мекендерде 3 медициналық нысан салу жоспарланып отыр. 

Биыл республикалық және облыстық бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізуге, сондай-ақ 16 нысанға жөндеу жүргізуге 8 медициналық объектіге ЖСҚ әзірлеу жоспарланған. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін кадрлық әлеуетті дамыту басымдыққа ие. Облыстың мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінде 2 066 дәрігер, 5 456 орта медициналық қызметкер жұмыс істейді. 163 дәрігер жетпейді (Павлодарда – 85, Екібастұзда – 8, Ақсуда – 14, аудандарда – 56). 2022 жылы 157 жас маман, оның ішінде жергілікті бюджет есебінен грант бойынша оқытылған 14 резидент келеді деп күтілуде. 2021 жылы анестезиология, гинекология, офтальмология, онкология бағыттары бойынша 84 медицина қызметкерінің шетелдік клиникаларда біліктілігін арттыру үшін жергілікті бюджеттен 210 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Павлодар облысында цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта облыстың қалалық және аудандық деңгейдегі 35 медициналық ұйымы интернет желісіне қосылған, 6 620 жұмыс орны компьютерлік техникамен жабдықталған. Облыстың барлық медициналық ұйымдары медициналық ақпараттық жүйелерде жұмыс істейді («Infomed Kazakhstan», «Damumed», « InFoDonor», «Авиценна», «Комек»).

Облыста 9 297 медицина қызметкері ақпараттық жүйелерде жұмыс істеуге оқытылды. 747 мыңнан астам (747 012) электрондық денсаулық паспорты әзірленіп, облыс халқының 98,6%-ын қамтыды.

Емханалық қызметтерде электрондық рецептілерді жазып беру жүйесі енгізілді. Сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдарында диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін цифрлауға және ЭДП (электрондық денсаулық паспорты) сақтауға мүмкіндік беретін PASS жүйесі белсенді енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 25 медициналық ұйым PACS жүйесіне қосылған.

Енгізілген ЗЗЖ (зертханалық-зерттеу жүйесі) зертханалық талдауышпен МАЖ (медициналық ақпараттық жүйе) деректерін автоматты түрде енгізуге мүмкіндік береді.

Жедел медициналық жәрдем станциясында «Көмек» МАЖ жұмыс істейді, ол ҚР ДСМ «Бекітілген халық тіркелімі» АЖ (БХТ), ҚР ДСМ «Ресурстарды басқару жүйесі» АЖ (ТБЖ), ӘМСҚ АҚ «Бірыңғай төлем жүйесі» АЖ (ЕСЖ), «Damumed» КМАЖ, «Авиценна» КМАЖ жүйелерімен интеграцияланған.

Жедел медициналық жәрдемнің 70 бригадасы 100% планшеттермен және смартфондармен жабдықталған. Жедел медициналық жәрдем станциясының барлық санитарлық көлігі GPS-навигаторлармен жабдықталған. Жедел медициналық көмек қызметі пациенттердің электрондық денсаулық паспорттарына қол жеткізе алады. Стационарлардың қабылдау бөлмелерінде бригаданың статустары (шақыруда, бос, тасымалдайды, қай стационарға тасымалдайды және шақырудың қандай санаты бойынша), шақыру және бригада құрамы туралы ақпарат көрсетілген GPS-датчиктердің мобильді нұсқасы орнатылған. Осы нұсқаның арқасында қоңырау туралы барлық ақпарат бір қосымшада қол жетімді.

Өңірде тұрақты негізде туризм саласында инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр

Павлодар облысының туристік әлеуеті зор. Онда бір уақытта 8 610 қонақты қабылдай алатын 123 орналастыру орны бар.

2016-2019 жылдардағы статистикалық деректерді талдау туристер санының жыл сайын өсіп отырғанын көрсетеді (2016 ж. – 114 057 адам, 2017 ж. – 147 485 адам, 2018 ж. – 150 537 адам, 2019 ж. – 163 450 адам).

2022 жылдың 3 айында облысқа 23 158 адам келді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 120,9% (19 151 адам) болып отыр.

2022 жылдың 3 айында 432 411,9 мың теңгеге қызмет көрсетілді, бұл көрсеткіш 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 127,5%-ға өсті (338 941,8 мың теңге).

Павлодар облысында тұрақты негізде туризм саласында инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр.

Қазіргі уақытта Баянауыл курорттық аймағында 4 нысанның құрылысы жүріп жатыр: «Айдабол» ЖШС – мансарда, бассейн, мейрамханасы бар 100 адамға арналған 2 қабатты корпус, инвестиция сомасы – 1,0 млрд теңге; «Тұлпар-2021» ЖШС – 250 адамға арналған демалыс үйі, монша, демалыс үйіне арналған гараж, инвестиция сомасы – 1,0 млрд теңге; «Кожин» ЖК – 30 адамға арналған демалыс үйі, инвестиция сомасы – 220,0 млн теңге; «Төлеубеков» – жыл бойы жұмыс істейтін Сабындыкөл жағасындағы 2 қабатты кемпинг, 33 адамға арналған, инвестиция сомасы – 150,0 млн теңге.

Павлодар қаласында 3,0 млрд теңге инвестицияға аквапарк және 800,0 млн теңге инвестицияға «Pride» көпфункциялы отбасылық кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Павлодар қаласының орталық жағажайын абаттандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді: 120,0 млн теңгеге қалқалар, жатақтар, себезгі, киім шешетін бөлмелер, айлақ, таза субұрқақтары, санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылды.

Шарбақты ауданының Маралды демалыс аймағында биыл қосымша шатырлар, жазғы кафелер, қазандық, күркелер салынды, 35,0 млн теңгеден астам сомаға жатақтар сатып алынды.

Аққулы ауданының Тұзқала көлінде 7,5 млн теңге инвестицияға 4 демалыс аймағын абаттандыру жүргізілді, демалыс орындарына электр беру желісін тарту бойынша жұмыс жүріп жатыр.

2022 жылы облыста ТКШ нысандарын салу және реконструкциялау бойынша 10 жоба іске асырылып жатыр

2020-2021 жылдары облыс орталығын сумен жабдықтау және су тарту бойынша инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге 15 жоба іске асырылды. Жобалар аясында 1,8 км сумен жабдықтау және 7,4 км су тарту желілері қайта жаңғыртылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 2 нысан іске қосылды, қалған нысандар – іске асырылу сатысында.

Анықтама: 2020 жылы жалпы сомасы 3 030 млн теңгеге 5 жоба іске асырылды (РБ – 2 522,5 млн теңге, ОБ – 507,5 млн теңге). Жобалар аясында 5 км су тарту және 0,7 км сумен жабдықтау желілерінің құрылысы мен реконструкциясы орындалды. Жыл қорытындысы бойынша 2 нысан іске қосылды.

2021 жылы 2 946,5 млн теңге (РБ – 2 297,2 млн теңге, ОБ – 649,2 млн теңге) сомасына 4 жоба (3 өтпелі және 1 жаңа) іске асырылды. Жобалар аясында 2,4 км су тарту және 1,1 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңғыртылды. Жыл қорытындысы бойынша нысандар іске қосылмаған.

2022 жылы 16,7 км су тарту және 3,5 км сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау бойынша 6 010,5 млн теңге (РБ – 4 574,6 млн теңге, ОБ – 1 435,9 млн теңге) сомасына 10 жоба (4 өтпелі және 6 жаңа) іске асырылуда. Жыл қорытындысы бойынша 7 нысанды іске қосу жоспарланған.

  • жылумен жабдықтау бойынша 4,9 млрд теңге сомасына 3 жоба іске асырылды, 8,1 км желі қайта жаңартылды.

2022 жылы 1,8 млрд теңгеге ТМ-31 жылу магистралінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру аяқталады, оның ұзындығы –1,4 км, сондай-ақ  2,1 млрд теңгеге ТК-227 жылу магистралінің құрылысы жүргізілуде, оның ұзындығы – 1,3 км.

Бұдан басқа, қызмет көрсететін кәсіпорындардың қаражаты есебінен 2020-2021 жылдары 13,7 км жылумен жабдықтау желілеріне, 10,6 км сумен жабдықтау және су тарту желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

2020-2021 жылдар аралығында 2 680 жарықтандыру тіректерін орнату бойынша абаттандыру жұмыстары аяқталды (2021 жылы – 2 550 жарықтандыру тірегі, 2022 жылы – 130 тірек), М. Горький көшесі, 31 (№39 ЖОМ) аула ішіндегі аумақты жөндеу және қалпына келтіру, Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіт аумағын абаттандыру, «Үшінші мыңжылдық» саябағын (Благовещенск соборы) және Мемлекеттік рәміздер алаңын күрделі жөндеу жұмыстары орындалды.

Көгалдандыру бағдарламасы бойынша сегіз мыңнан астам ағаш мен бұта отырғызылып, сегіз жүз метр бұтамен қоршалды, 35 мың м2 алаңда гүлзарлар мен көгалдар орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, 40 мыңнан астам ағаш санитарлық кесуден өтті.

2021 жылы тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында В. Иванов көшесіндегі 62/1 тұрғын үйге күрделі жөндеу аяқталды (жалпы сомасы 55,8 млн  теңге) және қайтарымды негізде 19,1 млн теңге сомасына Н. Назарбаев даңғылы, 89 тұрғын үйде пайдалану мерзімі өтіп кеткен екі лифт ауыстырылды. Ә. Бектұров, 71 мекенжайы бойынша ремонт аяқталды. Сондай-ақ Естай, 38 және Майра, 1 мекенжайлары бойынша екі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Н. Назарбаев даңғылы, 81 (4 лифт), М. Жүсіп, 284 (2 лифт), Академик Шөкин, 31 бойынша жеті лифт (68,6 млн теңге сомасына 1 лифт) ауыстырылды. 

Цифрландыруды дамытуға арналған инвестициялар көлемі 40-50%-ға өсті

Бүгінгі таңда өңірде қолайлы жағдай жасау және халықтың билік органдарымен өзара іс-қимыл жасауы мақсатында Цифрлық бастамалар белсенді түрде іске асырылып жатыр. Жыл сайын өңірде цифрландыру саласында 2-ден 4-ке дейін жоба жүзеге асырылады. Цифрландыруды дамытуға салынған инвестициялар көлемі 40-50%-ға өсті.

Бүгінде облыс орталығы мен өңірдің моноқалаларының жер қоры толық көлемде цифрландырылды, цифрлық бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары жасалды, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызметтер электрондық форматқа ауыстырылды.

WEB-технологиялар негізінде толық құрылған әмбебап кітапхана жүйесі әзірленіп жатыр, ол өңірдегі кітапханалық іс жүргізу қызметін кешенді автоматтандыруды қамтамасыз етеді, нәтижесінде процестер оңтайландырып, ашық болады, өңірдің кітап қоры туралы шоғырландырылған деректер және басқалар қамтамасыз етіледі.

Шағын және орта бизнес субъектілері үшін ақпараттық платформа әзірлеу басталды. Бастама бір кеңістікте бизнес жүргізу үшін жаңа web-құралдарды ұсыну мақсатында іске асырылады.

Павлодар облысының Өзекті мамандықтар орталығының ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталды. Осы жүйенің арқасында өңір халқы қосымша білім ала алады, қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді курстардан өтіп, тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға өтініш бере алады.

Павлодар облысы әкімдігінің үдерістерін бюрократиядан арылту шаралары аясында E-akimat 365 жүйесінде бюджетті жоспарлау, стратегиялық жоспарлау және бюджетті атқару үдерістері цифрландырылды. Бүгінде ауылдық елді мекендер (АЕМ) бойынша деректерді цифрландыру есебінен жүйе өңірлік стандарттар мен салалық нормативтер жүйесіне сәйкес әрбір АЕМ-нің тиісті әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қажеттілігін автоматты түрде айқындайды.

Өңірде Торайғыров университетінің базасында құрылған екі цифрлық технопарк және ақпараттық технологиялар колледжі жанынан құрылған «Jylyjai-Teplitsa» IT-хабы табысты жұмыс істеп жатыр. Өңірлік хабтар  цифрландыруды дамыту және IT-стартаптарды қолдау мақсатында Astana Hub халықаралық технопаркімен ынтымақтастықта жұмыс істейді. 

Хабтар базасында IT саласында білікті кадрларды даярлау үшін ТМД өлшемдері бойынша заманауи және бірегей білім беру инфрақұрылымы, оның ішінде Lab 3d print, Smart Systems, Design Studio, Graphic Design Lab цифрлық зертханалары және басқалары құрылды. Студенттерді WORLDSKILLS және Junior Skills чемпионатына дайындау жүріп жатыр, олардың арасында киберқауіпсіздік саласындағы республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар.

Бүгінгі таңда студенттер мен технопарктердің бизнес-серіктестерінің коммерциялық тапсырысы бойынша бірлескен бизнес-жобалар кеңінен жүзеге асырылып жатыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу