Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Салық жүктемесін азайту және ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру: Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» қалай іске асырылуда

Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2019, 19:04:29

2018 жылы көктемде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев қазақстандықтарға арнап өзінің «Бес әлеуметтік бастамасын» жариялады. Бұл — маңызды әрі өзекті міндеттер қойылған ауқымды бағдарламалық құжат. PrimeMinister.kz редакциясы бес бастаманы іске асыру нәтижелері туралы шолу материалдарының топтамасын жариялайды, бұл материалдарда студенттерге арналған жатақханалардың, Қызылорда облысынан Қазақстанның орталық өңірлеріне, және ең алдымен елордаға тартылатын магистралды газ құбырының қалай салынып жатқаны, қанша жаңа жұмыс орны құрылғаны, «7-20-25» бағдарламасы аясында қанша қазақстандықтың баспана жағдайларын жақсартқаны және т.б. туралы айтып береміз. 

Елбасының екінші бастамасы: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту» бастамасының іске асырылу қорытындыларынан бастайық. 

Нұрсұлтан Назарбаев жалақы көлемі біршама төмен жұмыс істейтін қазақстандықтарды қолдау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге — 1%-ға дейін төмендетуді ұсынды. 

«Ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдету керек. Ал осылайша салықты азайтудан шығатын қаржы олардың жалақысын көбейтуге жұмсалуы қажет. Нәтижесінде, еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, бұл 2 млн-нан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады. Әрі қарай Үкімет табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуі керек», — делінген «Бес әлеуметтік бастамада».

Іске асырылу тетіктері

Екінші бастаманы іске асыруға жауапты болып Ұлттық экономика министрлігі белгіленген. 

ҚР ҰЭМ хабарлағандай, осы бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тірлескен жұмысы жүргізілді. 

Жұмыс қорытындысы бойынша жалақы көлемі төмен жұмыскерлерге жеке табыс салығын салу тәртібі айқындалды. Сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін күшіне енгізу туралы» ҚР Заңына түзетулер енгізілді, олар республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржылық жылдың 1 қаңтарында қолданыстағы ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен асатын жұмыскер табысы анықталған жағдайда жұмыскердің салық салынатын табысын — осындай табыс сомасынан 90% көлемінде түзетуді қолдауды қарастырады. Бұл норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. 

Мәселен, 2019 жылдан бастап егер жұмыскердің табысы 25 АЕК аспайтын болса, онда жұмыскердің салық салынатын табысының сомасынан 90% көлемінде түзету қолданылады, тиісінше, жұмыскердің табысы көрсетілген түзету шегінен жоғары болса, оған 10% мөлшерлемесі бойынша ЖТС салынуы тиіс. Егер жеке тұлға түрлі жұмыс берушілерде бірнеше жұмыста істейтін болса және әрбір жұмысында жұмыскердің табысы 25 АЕК аспайтын болса, онда жұмыскердің салық салынатын табысының сомасынан 90% көлемінде түзетуді әрбір жұмыс беруші қолданатын болады. 

Мәселен, салық салынатын табыс 90%-ға азайтылады. Қалған жалақыға 10% мөлшерлемесі бойынша ЖТС салынады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендетіледі. 

2019 жылға қарапайым мысалмен ЖТС ұсынылатын есебін қарастырайық. 

Мәселен, жұмыскердің жалақысы айына 63 125 теңге (25 АЕК) деп алайық. Осы сомадан 10% көлемінде міндетті зейнетақы жарналарының сомасы алынып тасталады, яғни 6313 теңге, қалғаны — 56 812 теңге. 1 ең төменгі жалақы мөлшері – ең төменгі салық салынатын табыс — 42 500 теңге шегеріледі. Салық салынатын табыс болып саналатын 14 312 теңге қалады. Қолданыстағы тетік бойынша салық сомасы салық салынатын табыстан 10% құрайды, яғни 14 312*10% = 1 431 теңге.

Ұсынылатын жаңа тетік бойынша салық салынатын табыс сомасы 90%-ға кемітіледі: 14 312 — (14 312*90%) = 1 431 теңге. Бұл сомаға 10% көлемінде ЖТС мөлшерлемесі бойынша салық салынады. Осылайша, 1 431*10% есебімен ЖТС 143 теңгені құрайды. 

Бұл тетікті қолдану жұмыскерлердің лезде әрі кепілдендірілген қосымша табыс алуын қарастырады (негізгі жалақыны алған кезінде) және жұмыс берушіге қаржылық жүктемені арттырмайды. 

Сонымен қоса, жұмыс берушінің әкімшілік шығындары барынша азайтылған. 

Жалпы, еліміз бойынша жұмыскерлер 29 млрд теңгеге жуық қосымша жалақы алатын болады. 

 

Жұмыскерлердің жалақысын көтеру

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының 2018 жылы 5 қазандағы Жолдауында берген тапсырмаларына сәйкес, ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге немесе 42,5 мың теңгеге дейін көтерілді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 28 284 теңгені құрағанын айта кеткен жөн, 2017 жылмен салыстырғанда оның көлемі 15,6%-ға артты. 

Ең төменгі жалақы мөлшерінің артуы 1,3 млн астам жұмыскердің жалақы мөлшерінің ұлғаюына ықпал етті. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлағандай, жұмыскерлердің жалақыларындағы разрядаралық теңгерімді қамтамасыз ету мақсатында, ең төменгі жалақы мөлшерінің көбейтілуі мен олардың біліктілігін ескерумен, жұмыскерлердің төменгі жалақы төленетін санаттарын анықтау бойынша талдау жүргізілді. 

Талдау нәтижелері 2 250 ірі кәсіпорында 1 млн-ға дейін жұмыскерлердің, сондай-ақ 441 мың орта және шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарындағы 1,9 млн жұмыскердің ең төменгі жалақы мөлшерінен жоғары, бірақ ел бойынша жалақының орташа мөлшерінен төмен еңбекақы алатынын көрсетті. 

Қазір аталған компаниялар бойынша әкімдіктер ұйымдармен жұмыскерлердің жалақысын көтеру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Атқарылған жұмыстарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен әкімдіктердің жанында құрылған республикалық және өңірлік штабтар мониторинг жүргізеді. 

Әкімдіктердің мәліметінше, биылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде 200 мың жұмыс беруші (жұмыскерлердің жалпы саны 2,5 млн адам) 1,1 млн жұмыскердің жалақысын көтерген, оның ішінде 1 916 кәсіпорын — ірі кәсіпкерлік субъектісі, 2 910 — орта және 195 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі бар. 

Талдау көрсеткендей, жоғарыда көрсетілген кәсіпорындарда ең төменгі жалақы төленетін жұмыскерлердің орташа жалақы мөлшері 31%-ға арттырылды (46,5 мың теңгеден 61 мың теңгеге дейін).

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
25 Маусым 2020, 18:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды таныстырды
25 Маусым 2020, 18:20
Алексей Цой ҚР денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 16:18
2020 жылдың 5 айындағы әлеуметтік сала қорытындылары: жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және қолдаудың жаңа түрлері
25 Маусым 2020, 08:58
Роман Скляр неміс компанияларымен ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылады
24 Маусым 2020, 18:00
Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді 
24 Маусым 2020, 17:06
Қазақстан Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парадқа қатысты
24 Маусым 2020, 10:25
Роман Скляр кәсіпкерлік мәселелерi бойынша Жобалық кеңсенің отырысын өткізді
23 Маусым 2020, 18:59
Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
23 Маусым 2020, 15:02
Мемлекет басшысы BIZ BIRGEMIZ жалпыұлттық онлайн форумына қатысты
23 Маусым 2020, 14:04
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.06.2020
23 Маусым 2020, 13:21
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы №381 Қаулысы
23 Маусым 2020, 13:18
2020 жылдың екінші жартысында Қазақстан мұнай өндіруді қысқартуды жалғастырады 
23 Маусым 2020, 13:03
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «BIZ BIRGEMIZ» жалпыұлттық онлайн-форумында сөйлеген сөзі
23 Маусым 2020, 12:58
ШОБ несие бойынша төлемді кейінге қалдыруға қайта жүгіне алады — М. Әбілқасымова
23 Маусым 2020, 10:59
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:24
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандық полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады
23 Маусым 2020, 10:21
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуді тапсырды
23 Маусым 2020, 10:11
Үкімет елдегі бизнес ахуалды жақсарту шараларын қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.