Үкіметтік сейсенбі: геологиялық барлау бойынша жаңа мемлекеттік бағдарлама, электрондық сауда және бюджеттік шығындарды қысқарту

Сейсенбі, 18 Ақпан 2020, 17:42:06

Сейсенбі күні, 18 ақпанда, Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның тұжырымдамасы, электрондық сауданы дамыту мәселелері қаралды, сондай-ақ басым емес бюджеттік шығыстарды қысқарту шаралары талқыланды. Кулуарда журналистер коронавирус бойынша ағымдағы жағдай туралы сұрақтарға жауап алды.

Бірінші сұрақты қарау барысында ҚР Премьер-Министріне әзірленіп жатқан 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан аумағының геологиялық зерделенуін қамтамасыз етуге, минералдық-шикізат базасын толықтыруға (пайдалы қазбалар қорларының өсімі), жер қойнауын геологиялық зерттеуді ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз етуге, автоматтандыру мен цифрландыруға, инфрақұрылымды дамытуға және геологиялық саланы кадрлық қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталатын болатыны баяндалды. 

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев хабарлағандай, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 200 млрд теңгеге жуық қаражат бөлу, сондай-ақ шамамен 800 млрд теңге жеке инвестициялар тарту көзделіп отыр.

«Мемлекеттік бағдарламаны орындау алаңдарды геологиялық жете зерттеуді 94,5%-дан 100%-ға дейін, тереңдік, геологиялық-минерагендік картаға түсіруді 25,8%-дан 37%-ға дейін арттыруға, қатты пайдалы қазбалардың 50-ге жуық перспективалы алаңын анықтауға, шөгінді алаптардың геологиялық зерделенуін қамтуды: игерілгендерді – 60%-ға дейін, аз зерттелгендерді 10%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», — деді М. Мырзағалиев.

Қазақстан мұнайшылар-геологтар қоғамының президенті Б. Қуандықов ҚР-да геологиялық барлауды дамыту тәсілдері мен мәселенің өзектілігі туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, Тұжырымдамада республика үшін негізгісі мұнай-газ және металлургия салалары екені, оның негізі минералды база екені ескерілген. Еліміздің кейбір өңірлерінде мұнай-газ саласының келесі 10-15 жылда тоқтау қаупі туындауы мүмкін. Сондықтан қазірдің өзінде геологиялық барлау жұмыстарын мақсатты түрде арттыру, терең көкжиектерді игеру маңызды.

Өз кезегінде «Шелл Қазақстан» компаниясының коммерциялық мәселелер жөніндегі бас менеджері Э. Мерфи Шелл минералдық және мұнай-газ ресурстарын тұрақты толықтыру және дайындау үшін жағдай жасау бойынша Республика алға қойған міндетті толық қолдайтынын айтты.

«Біз үшін тұжырымдаманың Үкіметтің жер қойнауын пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасын инвесторлар құқықтарының сақталуына кепілдік беру, олардың күрделі инвестицияларын қорғау, сондай-ақ әкімшілік рәсімдерді оңайлату тұрғысынан жетілдіру жөніндегі міндетін, мысалы, инвесторлар үшін “бір терезе” қағидатын енгізу бөлігінде айқындайтыны өте маңызды», — деді Э, Мерфи.

Оның айтуынша, Қазақстанның мұнай және газ өндіруші ірі елдер арасында өз позицияларын жақсарту әлеуеті бар, бұл өз кезегінде ең озық технологияларды енгізумен белсенді геологиялық барлау жұмыстарына елеулі инвестиция тартуды талап етеді.

«Қазақмыс Барлау» бас директоры Ғ. Нұржанов «Қазақмыстың» негізгі өнеркәсіптік нысандары Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш моноқалаларының аумақтарында орналасқан, олардың тыныс-тіршілігі мен дамуы геологиялық барлау қызметінің табысына және оған салынған инвестицияларға тікелей байланысты. 2015 жылдан бастап «Қазақмыс» геологиялық барлауға шамамен 11 млрд теңге инвестициялады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов осы тұжырымдаманы әзірлеуге қолдау көрсетіп, ұлттық операторды ұйымдастыру тетігін заң жобасымен жұмыс істеу кезінде ескеру қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р. Скляр республиканың минералдық-шикізат базасының қазіргі жағдайына талдау жүргізілгенін хабарлады. Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, геологиялық барлаудың басым бағыттары қажетті инвестициялар мен шығыстардан күтілетін нәтижелерін айқын көрсете отырып ұсынылды.

«Жалпы моноқалаларда геологиялық барлау жұмыстарын шоғырландыру жоспарланған. Бұл жергілікті тұрғындардың жұмыс орындарын сақтау мақсатында қала құраушы өнеркәсіп кәсіпорындарының минералдық-шикізат базасын кеңейту жолымен жүзеге асырылатын болады. Тұжырымдама Парламент депутаттарын шақыра отырып, Үкіметте қаралды. Тұжырымдаманың ұсынылған барлық бағыттары экономикалық дамудың негізгі бағыттарына сәйкес келеді. Дұрыс жүзеге асырылған жағдайда тұжырымдама республиканың дамуына елеулі үлес қосады», — деді Р. Скляр.

Премьер-Министр баяндамашыларды тыңдағаннан кейін, Геологиялық барлаудың мемлекеттік бағдарламасын тиімді іске асыру салынған 1 теңгеге 4 теңгеге дейін қосымша жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Еліміздің, әсіресе моноқалалардың маңында минералдық-шикізат базасын молықтыру экономикаға оң әсерін тигізіп, өнеркәсіп салаларын дамыту үшін нақты негіз болады. Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне осы жылдың 31 мамырына дейін Мемлекеттік бағдарламаның жобасын Үкіметке енгізуді тапсырды.

Екінші мәселе — электрондық сауданы дамыту туралы Асқар Маминге ҚР сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов баяндады.  

Оның айтуынша, Қазақстанның электрондық сауда нарығы 2019 жылы 1,8 есеге артып, 700 млрд теңгеден асты. 

«Сатып алулар саны 40,5 млн-ға дейін өсті. Бұл ретте ішкі нарықтың негізгі өсімі 2,5 есеге асып, 22 млн дананы құрады», — деді Б. Сұлтанов.

Электрондық сауданың тағы да бір тренді – бұл көбінесе смартфондар арқылы сатып алу. Смартфондардың көмегімен тапсырыстарды рәсімдеуші сатып алушылардың үлесі бүкіл әлемде 54%-ды құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 65%-ға жақындады.

2019 жылы электрондық саудада 36,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Қазақстандық тауарлардың электрондық сауда арқылы экспорты $5 млн-ға жетті.

Пошта инфрақұрылымының жай-күйі жайлы «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы С. Сәрсенов баяндады. Оның айтуынша, пошта инфрақұрылымын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар биылдың өзінде ел ішіндегі пошта жөнелтілімдерінің 85%-ын екі күн ішінде жеткізуге мүмкіндік берді. 

Электрондық коммерция орталықтары жұмыстарын жалғастыруда. Осы орталықтарда шағын және орта бизнес өкілдерін интернет-дүкендерді құруға, ішкі нарықта тауарларды сатуға үйретеді. Бүгінгі таңда Е-ком орталықтары Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында ашылған. 2019 жылы осы орталықтарда 2 400-ден астам ШОБ өкілдері оқудан өтті. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев цифрлық кеңістікте жағдайлардың жасалуы туралы айтып берді. Мәселен, қазіргі уақытта 117 қала және 250 адамнан астам тұрғыны бар 3100-ден астам ауыл кең жолақты мобильді Интернетке қосылған. Жыл соңына дейін тұрғындар саны 250-ден асатын 1000-нан астам ауылды жылдамдығы жоғары мобильді Интернетпен қамту жоспарланған.  Өткен аптада байланыс операторлары мобильді байланыс желісін бірлесіп құру туралы меморандумға қол қойған. Еліміз үшін маңызы зор жобаны операторлар өз қаражаты есебінен іске асырады.

2021-2022 жылдары 250 адамнан аз тұрғыны бар 877 ауылды кең жолақты Интернетке 3G/4G теxнологиясымен және қалған 930 ауылды спутниктік Интернетке қосу жоспарда бар.

Асқар Мамин электронды алаңдар арқылы қазақстандық өнім экспортын кеңейту бойынша шаралар әзірлеуді, инфрақұрылымды дамыту тетіктерін пысықтауды, сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту мен біліктілікті арттыру жұмыстарын жалғастыруды және кәсіпкерлерді электронды сауданы тиімді жүргізу аспектілеріне оқытуға баса назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар бір апта мерзім ішінде өткен жылы қабылданған Электрондық коммерцияны дамыту жөніндегі 2025 жылға дейінгі жол картасын өзектілендіру тапсырылды. 

Бұл күн тәртібіндегі талқылаудың соңғы тақырыбы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы басым емес шығыстарды қысқартуға қатысты болды. 

Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Ә. Смайылов баяндады. 

Мемлекеттік бюджет бойынша оңтайландыруға мынадай шығыстар ұсынылды: семинарлар, конференциялар өткізуге, автокөлік, жиһаз сатып алуға арналған шығыстар – 4,2 млрд теңге, іссапар, өкілдік шығыстар, талдамалық зерттеулер – 15,7 млрд теңге, өзге де өнімді емес шығыстар – 29,7 млрд теңге. 

Асқар Мамин жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша әкімдіктер мәслихаттар арқылы осы шығыстарды қысқарту жөнінде бюджеттердің тиісті деңгейлерінде шешім қабылдауы қажет екенін атап өтті. 

Үкімет басшысы ұлттық холдингтер мен компаниялардың басшыларына директорлар кеңестері мен басқарма отырыстарының аясында ұсынылған шығыстарды қысқарту жөнінде тиісті корпоративтік шешімдерді қабылдауды тапсырды.

Кулуарларда ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жапония жағалауында жабық лайнердің бортында қалған қазақстандықтардың денсаулығы жайлы ақпарат берді. 

«Біз Жапонияның денсаулық сақтау министрлігімен байланысып отырымыз. Олардың мәліметінше, қазіргі сәтте олардың сырқаттанғаны туралы ақпарат жоқ. Сонымен қатар біздің азаматтармен де тікелей байланыс бар. Олардың жағдайы жақсы, араларында науқас жоқ. Қазір біз Сыртқы істер министрлігімен біздің азаматтарды Қазақстанға қайтару бойынша мәселені пысықтиап жатырмыз», — деді министр.

Сонымен қатар  Е. Біртанов журналистердің мемлекеттік бюджеттен коронавируспен күресуге бөлінген қаражаттың жұмсалуына өатысты сұрақтарына жауап берді. 

«1 млрд теңгеге жуық қаражат санитарлық қызмет аясында медициналық қамсыздандыруға және санитарлық қорғауға жұмсалады. Ол – қорғаныш материалдарын, жеке қорғаныш құралдарын, зертханалық және диагностикалық құралдарды, кейбір жабдықтарды, оның ішінде тепловизорларды сатып алу және азаматтарды эвакуациялау. Қаржының бір бөлігі өңірлерге көмек ретінде, яғни, жергілікті денсаулық сақтау басқармаларының қосымша өтінімдері бойынша медицина қызметкерлерін қорғауға, жергілікті ауруханаларды және емханаларды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге бөлінді. Тағы бір бөлігі басқа мемлекеттік органдарды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталды», — деп түсіндірді денсаулық сақтау министрі. 

Өз кезегінде, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А. Смадияров карантин аяқталған соң Жапониядағы лайнер бортында қалған қазақстандықтар өз беттерінше үйлеріне орала алатынын айтты. 

«Кемеде карантин режимі жарияланғандықтан, әрине, қозғалыс шектелген. Олар өздерінің каюталарында жатыр, барлық қажетті медицина құралдарымен, сондай-ақ толыққанды тамақпен қамтамасыз етілген. Біз олармен үнемі байланысып отырмыз. Карантин аяқталған соң, адамдар құрлыққа түсірілген соң тағы бір тексеруден өткізіледі. Жапония билігі әрбір адамды тексеруді ұйғарып отыр. Егер біздің азаматтардан коронавирус анықталмаса, олар өз бетінше отанына қайта алады», —  деді А. Смадияров. 


Жаңалықтар тізбегі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
22 Наурыз 2020, 13:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №53
21 Наурыз 2020, 16:09
Қ. Тоқаев коронавируспен күрес жұмыстарын үйлестіру және мониторинг жасау жөніндегі Шұғыл әрекет ету орталығына барды
21 Наурыз 2020, 14:50
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті
21 Наурыз 2020, 12:34
Асқар Мамин қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:06
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады
21 Наурыз 2020, 09:01
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21 Наурыз 2020, 08:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
21 Наурыз 2020, 08:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №126 Қаулысы
20 Наурыз 2020, 17:52
А. Мамин әкімдерге ірі кәсіпорындармен және ШОБ-пен бірлесіп жұмыс орындарының сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды
20 Наурыз 2020, 12:00
Карантин енгізу қазақстандықтарды барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз етуді шектемейді — Е. Тоғжанов
20 Наурыз 2020, 11:53
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшірілді
20 Наурыз 2020, 11:29
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 32 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді
20 Наурыз 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді 
20 Наурыз 2020, 07:55
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі
19 Наурыз 2020, 20:56
ҚР аумағында COVID-19 таралуына жол бермеу шаралары туралы брифинг өтеді
19 Наурыз 2020, 19:34
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады
19 Наурыз 2020, 19:15
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды
19 Наурыз 2020, 12:48
Қазақстан Президенті Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
18 Наурыз 2020, 21:17
Әлеуметтік маңызы бар өнімдерді импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды
18 Наурыз 2020, 18:59
Үкімет азық-түлік бағасының тұрақтылығын және үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді
18 Наурыз 2020, 13:17
Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды
18 Наурыз 2020, 13:15
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдерімен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді
18 Наурыз 2020, 11:22
Мемлекет басшысы Премьер-Министр, Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы Асқар Маминді қабылдады
17 Наурыз 2020, 20:36
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына кіруді және шығуды шектеу туралы
17 Наурыз 2020, 18:50
2020 жылы «Бәйтерек» холдингі 19 мыңнан аса ШОБ жобасына қолдау көрсетеді
17 Наурыз 2020, 16:10
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия биылғы 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін енгізді
17 Наурыз 2020, 15:46
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Расул Жұмалыны қабылдады
17 Наурыз 2020, 14:13
Р. Дәленов уақытша жабылған нысандарды қолдау шаралары туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 13:50
Баға өткен аптаның басындағы деңгейде болуы тиіс — Б. Сұлтанов сөзін қазақстандық кәсіпкерлерге бағыттады
17 Наурыз 2020, 13:41
ҚР-да жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салу енгізіледі — М. Әбілқасымова 
17 Наурыз 2020, 13:13
Әлихан Смайылов ТЖ кезеңінде бюджетті қалыптастырудың ерекше тәртібі туралы айтып берді
17 Наурыз 2020, 12:52
Қазақстанда 200 мың жұмыс орны ашылады — Б. Нұрымбетов азаматтарды жұмыспен қамту шаралары туралы
17 Наурыз 2020, 11:36
Қазақстанда ішкі нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толықтыру үшін қажетті жағдайлар жасалған — ҚР АШМ 
17 Наурыз 2020, 11:22
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін техникалардың дайындығы 100%-ды құрайды — ҚР АШМ
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі