Қазақстанда ӘМАТ-қа баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жұмыстары күшейтілді — Е. Қазанбаев

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Онда бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай мен ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев жауап берді.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай өз сөзінде ведомство апта сайын ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізіп отырғанын атап өтті.

«Әкімдіктердің жедел деректеріне сәйкес, 12 наурыздағы жағдай бойынша республикада шамамен 1,3 млн тонна ӘМАТ бар, оның ішінде ұн 144 мың тонна, қант шамамен 90 мың тонна, күріш 39,3 мың тонна, макарон 21,5 мың тонна және шамамен 900 мың тонна көкөніс өнімдері», — деді Ж. Өсербай.

Оның айтуынша, азық-түлік қоры күн сайын жаңартылып, қажет болған жағдайда толықтырылып отырады. Бүгінгі таңда республикада жарма, ұн және басқа да тауарлар өндіру үшін шикізат жеткілікті, сондай-ақ ет және сүт өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы малдарының басы жеткілікті.

«Азық-түлік тауарларының барлық дерлік түрлері бойынша халықтың қажеттілігі өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі, ал кейбір түрлері бойынша өндіріс қажеттіліктен едәуір асып түседі. Мысалы, 1,6 млн тонна тұтыну кезінде жыл сайын орта есеппен 3 млн тоннадан астам ұн өндіріледі. 95 мың тонна күріш қажет болған жағдайда оның өндірісі 200 мың тоннаны құрайды», — деп атап өтті Ж. Өсербай.

Осылайша, оның айтуынша, өндіріс пен тұтынудың ағымдағы қарқыны сақталған жағдайда, тұтыну көлемі мен дәстүрлі маусымдық өсімді ескере отырып, елімізде азық-түлік тапшылығының туындауына негіз жоқ.

Ж. Өсербай сондай-ақ астық пен ұнды өндіру және жеткізу мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Оның айтуынша, Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сәйкес 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республика бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоры 9,1 млн тоннаны құрайды.

«Бүгінгі таңда республика бойынша 7,4 млн тонна бидай, оның ішінде 6 млн тонна азық-түлік және 300 мың тонна жемшөп, 1,1 млн тонна арпа, дәндік жүгері 144 мың тонна, қара бидай 22,9 мың тонна көлемінде бар. Азық-түлік бидайының қоры ішкі тұтыну үшін де, қайта өңдеу үшін де жеткілікті», — деп сендірді Ж. Өсербай.

Соңғы күндері елімізде қантқа қатысты дүрлікпенің бары байқалуда. Осы мәселе бойынша вице-министр аталған әлеуметтік маңызы бар өнімнің қорлары, қажеттіліктері және өндірісі туралы толық айтып берді. Оның айтуынша, 2022 жылғы 14 наурыздағы жағдай бойынша республикада қант қоры шамамен 90 мың тоннаны құрайды, оның ішінде:

● тұрақтандыру қорларында, сауда объектілерінде, қоймаларда – 42 мың тонна;

● қант зауыттарында – 47 мың тонна.

«Республикадағы ай сайынғы тұтынуды есепке алғанда – шамамен 44 мың тонна қант, зауыттар шамамен 50 мың тонна өндіре алады. Яғни, зауыттар елдің қантқа деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді», — деді Ж. Өсербай.

Оның айтуынша, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ қазіргі уақытта өтінім қабылдап, өңірлерге қант сатуды жүзеге асыруда. Қазақстан кондитерлері қауымдастығының деректері бойынша кондитерлік фабрикалар да таяу уақытқа қажетті қант көлемімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, ЕЭК Кеңесінің шешімімен Қазақстан Республикасына ақ қант пен құрақ шикі қантын 250 мың тонна көлемінде бажсыз әкелу құқығы берілді.

«Осылайша, қорлар мен квоталар көлемін ескере отырып, республика толығымен қантпен қамтамасыз етілген», — деді Ж. Өсербай.

Егер нарықты күнбағыс майымен қамтамасыз ету туралы айтатын болсақ, вице-министрдің айтуынша, 1 наурыздағы жағдайға сәйкес, республикада шамамен 650 мың тонна күнбағыс бар, ол қайта өңдеуге жіберіледі. Күнбағыс майының қоры өңірлерде 30 мың тоннаны құрайды. Осылайша, ішкі нарық толығымен күнбағыс майымен және оны өндіруге арналған шикізатпен қамтамасыз етілген.

«Көкөніс дақылдары мен картоптың қоры да халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Сонымен қатар қазіргі таңда майдың, күнбағыс тұқымының және картоптың экспортына шектеу бар», — деп түйіндеді өз сөзін Ж. Өсербай.

Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті.

Өз кезегінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев министрлік ӘМАТ бағаларына мониторинг жүргізу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Мониторингтің негізгі арналары — статистика мен фискалдық деректер операторларының деректері.

«Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Бәрінен бұрын қырыққабат 1,6%-ға, қант 0,6%-ға және картоп 0,5%-ға қымбаттады», — деді Е. Қазанбаев.

Өңірлер бөлінісінде бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуіне Маңғыстау облысында 0,8%-ға, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға жол берілген. ФДО мәліметтері бойынша бір аптадағы баға 0,6%-ға өсті.

Комитет басшысының айтуынша, 12 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары – Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың басшылығымен ӘМАТ мәселелері бойынша кеңес өткізілді, онда барлық өңірлерге, оның ішінде бағалардың барынша өсуіне жол берген өңірлерге нақты тапсырмалар берілді.

Бұдан басқа, ЖАО-мен бірлесіп азық-түлік өнімдерінің әрбір атауы бойынша бағаларды бақылау, оның ішінде сауда субъектілерінің рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауын бақылау бойынша жұмыс тұрақты жүргізіледі. Сондай-ақ бағаларды бақылау бойынша БҚДА да жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ӘМАТ-қа бағаларды арттыру бойынша бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдар белгілері бойынша бұрын бастамашылық жасалған 7 тергеп-тексеру бойынша жұмыс жалғасуда.

«Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі, сондай-ақ оларды іске асыру кезінде ӘМАТ-қа сауда үстемесін 15-тен 10%-ға дейін төмендету бөлігінде жасалды», — деді Е. Қазанбаев.

Оның айтуынша, тиісті шаралар қабылдай отырып, баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейтілді.

Сонымен қатар спикер Министрлік атынан қант бойынша жағдайға түсініктеме беріп өтті.

«Менің АШМ-дегі әріптесім атап өткендей, бүгінде елімізде жеткілікті қант қорының көлемі бар. Бүгінгі таңда елімізде бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына тапшылық жоқ. Елдегі қорлар үнемі толықтырылып отырады. Яғни, үш айдан кейін қорлар таусылып, қант тапшылығы болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп сендірді Е. Қазанбаев.

Сондай-ақ комитет басшысы сауда орындарында ӘМАТ бағасын көтеру фактілерін анықтау мәселелері бойынша журналистер мен тұрғындар тарапынан көптеген өтініштер келіп түсетінін атап өтті. Оның айтуынша, мұнда жүгінуге болатын әкімдіктер, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, СИМ Сауда комитеті немесе БҚДА сияқты бірнеше арналар бар.

Е. Қазанбаев ӘМАТ бағасының неліктен 0,2%-ға қымбаттағаны туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, біріншіден, жекелеген өңірлердің әкімдіктері тарапынан бақылаудың жөнді болмағанын айтты. Осыған байланысты бағаның өсуінің әрбір жағдайы бойынша тексеру, барлық баға тізбегін бақылау жұмыстары жүргізілді. Желі сату нормасынан 15%-дан асты. Тұрақтандыру қорларында бағаны тұрақтандыру үшін жеткілікті қорлар бар. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар бағаны тегістеу үшін нарыққа неғұрлым арзан өнімнің интервенциясы бойынша тиісті шаралар қабылдайтын болады

Сондай-ақ журналистерді соңғы жылы қант өндірісін субсидиялау мәселесі қызықтырды. Осыған орай, ауыл шаруашылығы вице-министрі Ж. Өсербай бекітілген ұлттық жоба аясында министрлік 6 өнімнің, оның ішінде қанттың импортын алмастыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

«Басты міндет – қант өндірілетін қант қызылшасы өндірісін арттыру. Қазіргі уақытта елімізде Жамбыл және Алматы облыстарында төрт зауыт жұмыс істейді. Оларды жаңғырту және Жамбыл облысында жаңа зауыт салу жоспарлануда. Жыл сайын бір тоннасына шамамен 10 мың теңге бөлінеді. Жыл сайын елімізде 350 мың тоннаға дейін қант қызылшасы жиналады. Фермерлерді ынталандыру үшін жерді суару бойынша үлкен бағдарлама жүргізілуде. Жаңбырлатқыш машиналарға қаражат бөлінеді», — деді Ж. Өсербай.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу