Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Роман Скляр Қазақстан-Франция инвестициялық форумына қатысты

Сәрсенбі, 09 Қазан 2019, 09:50:03

Францияның іскерлік орталарының 150-ден астам өкілі қатысқан маңызды халықаралық іс-шараның барысында Қазақстан-Франция серіктестігін мемлекеттік деңгейде ғана емес, екі елдің іскерлік орталары мен азаматтарының ынтымақтастығын кеңейту әлеуеті талқыланды.

Форумға қатысушылар Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын талқылап, еліміздің инвестициялық ахуалына баға берді.

Премьер-Министрдің орынбасары өз сөзінде атап өткендей, қазіргі таңда Қазақстан-Франция қатынастарын «стратегиялық серіктестік» ретінде сипаттауға болады, ол достық пен өзара қолдау дәстүрлеріне сүйенген тиімді және өзара толықтыратын ынтымақтастықтың үлгісі. Мәселен, бүгінгі күнде кең шарттық-құқықтық база құрылған, онда 2008 жылы қол қойылған Стратегиялық серіктестік туралы шарт ерекше орын алады.

Бұдан өзге, Қазақстан француз бизнесі үшін Орталық Азия өңіріндегі сенімді серіктес болып табылады. Қазақстан Еуропа елдерінің өңірдегі экономикалық мүдделерінің таратушысы бола алады. Машина жасау, жер қойнауын пайдалану, мұнай өңдеу, энергия үнемдеу, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, фармацевтика және басқа да салаларда өзара тиімді ынтымақтастықтың дәстүрлі тәжірибесі қалыптасты.

Форумға қатысушылар атап өткендей, француз компаниялары Қазақстанға капитал салу мәселесіне жоғары қызығушылық танытуда, бұл Еуразия континенті елдерін байланыстыратын стратегиялық дәліз. Француз іскерлік орталарының өкілдері берген бағаға сәйкес, Қазақстан Францияның Орталық Азиядағы сенімді серіктесі, екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастық тәжірибесі қалыптасқан.

Инвестициялық форум барысында AirLiquideKarabatanTechGases және KazakhstanPetrochemicalIndustries (KPI) арасында техникалық газды жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылды. Келісімшарт «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА аумағында құрғақ сығылған ауа мен азотты өндіретін қондырғының құрылысын және оны Біріктірілген газ-химиялық кешенге жеткізуді көздейді. Осындай құжатқа қол қою, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қазақстандық мұнай компаниясымен бірлескен кәсіпорын шеңберінде AirLiquide компаниясының Қазақстандағы қызметін дамытуда кезекті қадам болды.

Сондай-ақ, форум шеңберінде энергетика, мал шаруашылығы, минералдарды өндіру, мұнай-газ өнеркәсібі, өндірістерді цифрландыру мен автоматтандыру салаларын қамтитын компаниялармен 10-ға жуық екіжақты кездесулер өткізілді, оның ішінде: IDEMIA, AIRBUS GROUP, CNCR Group, ORANO MINING, BureauVeritas, IFP EnergiesNouvelles және тағы басқалар.

Бүгін Франция Қазақстанның негізгі сауда-инвестициялық серіктестерінің бестігіне кіреді. Осы жылдары өзара тауар айналымы $50 млрд дейін жетті. Сонымен қатар, уран, мұнай-газ, титан өнеркәсібінде, көліктік машина жасау, құрылыс материалдарын, азық-түлік өнімін өндіру және басқа да салаларда бірқатар ірі бірлескен инвестициялық жобалар іске асырылды, бұл соңғы 14 жылда $15,6 млрд көлемінде француз инвестицияларын тартуға мүмкіндік берді. Қазақстанда француз капиталының қатысуымен барлығы 130-дан астам компания жұмыс жасайды.

Осындай жақсы нәтижелерге қарамастан, экономикалық саладағы екіжақты серіктестікті кеңейтіп тереңдету үшін айтарлықтай әлеует бар, әсіресе Қазақстан мен Франция Президенттері айқындаған үш басым секторда: баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру.

Сөзін қорытындылай келе, Роман Скляр Қазақстан бүгін — бұл бизнесті тиімді жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер мен зор әлеует екенін атап өтті. Біздің ел инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған дәйекті түрде реформалар жүргізуде, кәсіпкерлермен ашық диалог қамтамасыз етуде және инвестицияларды тарту үшін инфрақұрылымды жетілдіруде. Бұдан өзге, Қазақстан бизнес жүргізу үшін ең жақсы шарттар ұсынады және сауда-саттық жасап, жоғарғы қосылған құнымен экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті өндірістерді құруға инвестиция салуға дайын француз серіктестерін тартуға мүдделі.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
24 Мамыр 2020, 08:25
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
24 Мамыр 2020, 08:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтауы
23 Мамыр 2020, 21:43
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Алматы облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
23 Мамыр 2020, 18:51
ШОБ, инвестициялар және экспорт: Алматы облысында қай салаға баса көңіл бөлінген
23 Мамыр 2020, 17:26
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Алматы облысында гидротехникалық құрылыстардың жай-күйімен және өңірді дамыту бағдарламаларының іске асырылуымен танысты
22 Мамыр 2020, 16:24
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
22 Мамыр 2020, 10:43
Мемлекет басшысы Филиппин мен Аустралиядағы елшілерді тағайындады
22 Мамыр 2020, 08:28
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Қарағанды облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру барысымен танысты
21 Мамыр 2020, 12:44
Елорда барлық өңірге үлгі болуы тиіс — А. Мамин 
20 Мамыр 2020, 18:11
Мемлекет басшысы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты қабылдады
20 Мамыр 2020, 18:00
Р. Скляр германиялық компаниялармен машинажасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
20 Мамыр 2020, 15:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №305 Қаулысы
20 Мамыр 2020, 15:27
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:25
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қайрат Келімбетовты қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:22
Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
20 Мамыр 2020, 15:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 18:25
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
19 Мамыр 2020, 17:35
ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020
19 Мамыр 2020, 17:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №302 Қаулысы
19 Мамыр 2020, 15:22
Жыл басынан бері 118 мың адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты — Б. Нұрымбетов
19 Мамыр 2020, 14:08
Р. Дәленов: Кешенді жоспардың басты мақсаты тұрғындарды жұмыспен қамту
19 Мамыр 2020, 13:53
Жыл сайын мемлекет 365 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімін кепілдендірілген түрде сатып алады
19 Мамыр 2020, 12:36
«5-10-20» жаңа бағдарламасымен тұрғын үйді кім ала алады
19 Мамыр 2020, 11:49
2020 жылдың соңына дейінгі кешенді жоспар экономикалық белсенділікті жандандыруға ықпал етеді — Р. Дәленов
19 Мамыр 2020, 10:02
Үкімет Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.