Қазақстанда әзірге гендік-модификацияланған ауыл шаруашылық өнімін шығаруға қажеттілік жоқ,  деп хабарлады бүгiн ОКҚ брифингi барысында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов.

«Көптеген елдер осы жолмен жүріп келеді, сондықтан бұл өнімділікті барынша арттырудың бір жолы болып табылады. Әсіресе бұл рапс, жүгері сияқты дақылдар. Біздің негізгі дақылдар үшін мұндай қажеттілік жоқ», - деді С.Хасенов. 

Сонымен қатар, ол болашақта Қазақстанда гендік-модификацияланған өнім шығару мүмкін екендігін атап өтті.

«Жыл сайынғы өнім сұранысын ескерсек, бұл мәселе ерте ме, кеш пе туындауы мүмкін. Яғни, бұл мәселені ретке келтіру қажет, тек бақылаумен жұмыс жасау керек, өнімді сатып алатын кез-келген адам оны сатып алу керек пе, жоқ па білуі керек», - деп басып айтты ол. 

Бұдан өзге, Комитет басшысы азық-түлік өнімі қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтау қажеттігіне назар аударды.