Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады 

Мәскеуде екінші Каспий экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. 

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың жай-күйін, өнеркәсіп және мұнай-газ салаларындағы өзара іс-қимылды талқылады, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөз қорытындысы бойынша Үкімет басшылары ынтымақтастықтың барлық басым бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды нығайтуға дайын екендіктерін айтты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу