Арыста 7034 тұрғын үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірілді

 

19 тамыздағы жағдай бойынша Арыс қаласында 7034 тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның 751-інде әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 56 әлеуметтік нысан тапсырылды, оның ішінде 50 - білім беру нысаны, 4 - денсаулық сақтау нысаны және 2 - спорт нысаны.

Қалада 7,5 мың адам жұмыс істеуде, оның 5 мыңы тұрғын үй қорын қалпына келтіріп жатыр. Бүгінгі таңда апатты жағдайдағы 33 саман үйдің орнына құрылысшылар кірпіш үйлер салды.

Сарапшылардың қорытындысы бойынша барлығы 455 жеке тұрғын үй нысаны бұзылуы тиіс. Барлық күштер қазір оларды қалпына келтіруге жұмылдырылған.

Меншік иелерінің келіспеуіне байланысты 34 үйде жөндеу жұмыстар әлі басталған жоқ. Даулы мәселелер 17 секторда бекітілген әкімдіктердің өкілдерімен бірлесіп пысықталуда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу