Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Үкіметте Қазақстанның жоғары оқу орындарын оңтайландыру жөніндегі комиссия отырысы өтті

Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2019, 11:14:55

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке "дипломдарды басып шығарып беретін кеңселерге" айналған жоғары оқу орындарына қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Бүгінде елімізде 132 ЖОО жұмыс істейді, оның 43%-ы жекеменшік. Оларда 600 мыңнан аса студент оқиды, оның ішінде 191 мыңы - мемлекеттік тапсырыс аясында білім алады. Өкінішке орай, білім беру сапасы туралы біз еңбекке орналасу деңгейі бойынша ғана тұжырым жасай аламыз - әрбір төртінші түлек - жұмыссыз», - деді Б. Сапарбаев.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, биыл 34 ЖОО-да тексеру жүргізілді, оның ішінде 22-сі жоспардан тыс тексеру болды. 

«Талдау көрсеткендей, көптеген ЖОО-ларда заңнама талаптарын бұзуға жол беріледі. Кең тараған проблемалар - штаттық бірлік пен оқытушылық-профессорлық құрамның дәрежесінің жеткіліксіздігі, түлектердің еңбекке орналасуының төмен деңгейі, білім алушылардың минималді контингентіне талаптардың сақталмауы, оқу алаңдары мен жатақханалардың жеткіліксіздігі. Бұл проблемалар ЖОО-лардың төмен әлеуетімен тікелей байланысты, яғни, оларға жоғары білім берудің белгіленген стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді», - деді министр.

Сонымен қатар шекті балл алмаған абитуриенттерді, бейінді пәндерді ескермей қабылдау, білім туралы құжаттары, ҰБТ тапсыру сертификаттары болмағандарды қабылдау және басқа да өрескел бұзушылықтар орын алған. 

Тексерулер нәтижесінде бес жоғары оқу орнының лицензиясы тоқтатылып, әкімшілік айыппұлдар салынды, тағы бес ЖОО бойынша шешімдер қабылдануда.  

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-лардың лицензияларын қайтарып алу және алып қою құзыретін беру мәселесі пысықталуда, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен жоғары білім беру сапасын жақсарту бойынша нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде.  

«Алайда, мұндай практика барлық жоғары оқу орындарында байқалып отырған жоқ. Біздің елімізде шетелдік оқу орындарынан кем түспейтін мықты ЖОО-лар жеткілікті», - деді А. Аймағамбетов.

Отырыста «Қайнар» академиясының, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының, Каспий қоғамдық университетінің, «Алматы» университетінің, Орталық Азия университетінің, Алматы экономика және статистика академиясының, Қазақ жол қатынастары университетінің ректорларының баяндамалары тыңдалды, оларды тексеру кезінде бұзушылықтар анықталған болатын. 

Осыған байланысты министрлік ЖОО-лардың басшылығымен бірлесіп оқу орындарын біріктіру немесе оларды колледж ретінде қайта құру мәселелерін пысықтауда. Егер ЖОО-лар бұзушылықтарын жоймаса, онда лицензияларын қайтарып алу және жабу үшін мәселе олармен сот тәртібінде шешілетін болады.  

Кеңесті қорытындылаған вице-премьер жоғары білім беру саласындағы бірқатар проблемалық мәселелерді атап айтты. Олардың қатарында оқытудың төмен сапасы, сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нашар дамуы, кәсіпорындармен байланыстың нашарлығы, оқытушылардың жалақы деңгейінің төмен болуы, мемлекеттік білім беру тапсырысының жасалу және орналастырылуының ашық еместігі және т.б. бар.  

«Жоғары білім беру сапасын арттыру - бұл біздің еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі негізгі мәселе. Сондықтан біз оған барынша байыппен қарауымыз керек. Бізге құзыреті төмен, сұранысқа ие емес мамандарды даярлайтын университеттер не үшін қажет, жұмыссыздар қатарын кезекті рет көбейту үшін бе? Оларға қатысьы лицензияларын қайтарып алуға дейін өте қатаң шаралар қолданылатын болады!», - деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
07 Сәуір 2020, 13:12
Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлем: төтенше жағдай кезінде мемлекет қандай шаралар қабылдауда
07 Сәуір 2020, 11:10
Қазақстанның ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту барысында 88 мың жұмыс орны құрылады
07 Сәуір 2020, 11:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №173 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 11:04
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 06 сәуірдегі №171 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №166 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №165 Қаулысы
07 Сәуір 2020, 10:07
2020 жылы 12 600 отбасыны жалға берілетін тұрғын үймен қамту көзделген — ҚР ИИДМ
07 Сәуір 2020, 09:59
Ирригациялық инфрақұрылымды жаңғырту АӨК-ті дамытуға серпін береді — А. Мамин
07 Сәуір 2020, 09:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды
06 Сәуір 2020, 15:30
7 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
06 Сәуір 2020, 10:49
Мемлекет басшысы медицина саласындағы ғылыми орталықтардың қызметкерлерін құттықтады
05 Сәуір 2020, 20:19
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №55
04 Сәуір 2020, 16:39
Электронды үкімет порталының жұмысы қазір тұрақты - А. Жұмағалиев
04 Сәуір 2020, 15:17
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің тұрғындарының тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларға импорттық баж салығы жойылды
03 Сәуір 2020, 13:47
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №160 Қаулысы
03 Сәуір 2020, 13:17
Нұр-Сұлтан мен Алматыда жұмыссыз режим бір аптаға ұзартылды, Шымкентте карантин енгізілді
02 Сәуір 2020, 20:40
Растаушы құжаттарды тапсырмай төлемді кейінге шегеру - төтенше жағдай кезінде тұрғындар мен бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
02 Сәуір 2020, 15:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №153 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:44
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №152 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №147 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:22
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №126 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 15:03
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 наурыздағы №124 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:14
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №123 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 14:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №122 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:52
Қазақстан Республикасы Үкіметініңі 2020 жылғы 16 наурыздағы №116 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 13:27
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №115 Қаулысы
02 Сәуір 2020, 11:51
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру 7 мың жобаны қамтиды — ҚР ЕХӘҚМ 
02 Сәуір 2020, 10:42
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыруға жұмсалатын шығындар 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылады — ҚР Қаржы министрлігі 
02 Сәуір 2020, 10:20
Үкімет азаматтар мен бизнесті қолдаудың қосымша шараларын қабылдады
02 Сәуір 2020, 10:13
ШОБ биылғы 1 қазанға дейін салық пен әлеуметтік төлемдерден босатылады — ҚР ҰЭМ
01 Сәуір 2020, 20:17
Шарттар өзгертілді — қазақстандықтар 42 500 теңге мен «азық-түлік жиынтығын» қалай алады 
01 Сәуір 2020, 10:32
2 сәуірде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
31 Наурыз 2020, 21:40
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі
30 Наурыз 2020, 16:55
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлеріне төленетін үстеме ақы көлемі бекітілді
30 Наурыз 2020, 15:20
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №54
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы №154 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №143 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №142 Қаулысы
30 Наурыз 2020, 08:30
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 Қаулысы
28 Наурыз 2020, 12:15
Машина жасау саласындағы бір жұмыс орны іргелес салаларда 7-8 жұмыс орнын құруға жол ашады
28 Наурыз 2020, 11:56
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин мен ӨР Премьер-Министрі А. Арипов Қостанайда жаңа автомобиль модельдерінің бірлескен өндірісін ашты
27 Наурыз 2020, 13:01
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
27 Наурыз 2020, 08:30
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерге төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде қосымша құжаттарды талап етпей жүзеге асырады
26 Наурыз 2020, 18:42
ҚР Президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейтті
25 Наурыз 2020, 16:56
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық биотехнология орталығына барды
24 Наурыз 2020, 22:41
ҚР Президенті ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті
24 Наурыз 2020, 15:11
Үкіметте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шаралары қаралды
24 Наурыз 2020, 14:34
«Birgemiz» Қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесінің құрамы жарияланды
23 Наурыз 2020, 13:36
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзі
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.