«Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 2014 жылдан бастап ұн мен тұзды міндетті йодтауды енгізу жоспарланған, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов Қазақстан Республикасының Үкіметі отырысы барысында.

«Бүгін Үкімет бұл ойдымызды қолдады, егер барлық есептерімізді мақұлдайтын болса, келесі жылдан бастап біз ұн мен тұзды міндетті йодтауды бастауға дайынбыз»,- деді Е. Байжүнісов.

Өз кезегінде, БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының Қазақстандағы өкілі Джун Кукита Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде бұл балалардың және сәбилердің өлім-жітімінің азаюына, сонымен қатар қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын арттыруға септігін тигізетінін айтып өтті. 

«Біз йод, А және В дәрумендері жетіспеушілігінің алдын алуға инвестиция тартуды ұсынып отырмыз. Егер біз йод пен басқа да дәрумендерді ұнға қосатын болсақ, адамдар бұл дәрумендерді нан арқылы ала алады, бұл анемияны азайтып, бала тууды көтереді. Анемия босану кезінде әйелдердің өліміне алып келеді», - деп басып айтты балалар қорының өкілі.

«Қазақстан бұл бастамаға кірісіп кетті, алайда халықтың 100-пайыз қамтылғаны жөн. Бұл жүктілік кезінде баланың дұрыс жетілуінекөмектесіп, және де балалардың IQ 10 пунктін қамтамасыз етеді, осылайша, балалардың дені сау болып өседі»,- деп еcептейді Д.Кукита.

«Осының бәрін жүзеге асырудың құны онша көп емес, алайда бұл сіздің елге үлкен пайда әкеледі. Осы арқылы қаншама баланың өмірін құтқарып, медициналық қызметтерге шығындарды қысқарта аласыздар», - деп қортындылады ЮНИСЕФ балалар қорының Қазақстандағы өкілі.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты елдің орнықты әлеу­мет­тік-демография­лық дамуын қам­тамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақ­сарту бо­лып табылады.