С. Жұманғарин А. Оверчукпен екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

2022 жылғы 22 қыркүйекте Мәскеуге жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселелерін талқылау үшін РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчукпен кездесті.

Келіссөздер барысында экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері көтерілді. Қазақстан тарапынан көтерілген ең маңызды мәселелердің бірі – «Астрахань-Маңғышлақ» су таратқышын қайта құру жобасы, РФ-ға болат өнімдерін жеткізу, қазақстандық көмір мен темір кені шикізатының транзиті, сондай-ақ Қазақстанға тауарларды кедергісіз жеткізу кезіндегі шектеулер мәселесі. Барлық мәселелер бойынша кездесуге қатысушылар оларды пысықтау және жедел шешу үшін тығыз өзара ынтымақтастыққа дайын екендерін білдірді.

Тараптар екі ел арасындағы өзара сауданың оң динамикасын да атап өтті. 2022 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы $13,7 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға жоғары ($13,2 млрд).

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу