Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «9» наурыздағы № 15-ө өкімі

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке инвестицияларды пайдалану тетіктерін кеңейте отырып, салалар мен өңірлер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

1.Қоса беріліп отырған Мемлекеттік-жекешелік әріптестік пен жеке инвестицияларды пайдалану тетіктерін кеңейте отырып, салалар мен өңірлер бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі 2016 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

2.Жоспарды орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдары:

1)Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2)жыл сайын, 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

3.Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жыл сайын, 25 шілдеден және 25 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4.Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                                                               К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу