10 Наурыз 2015, 11:05
Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз тарту бойынша жұмыс тобын құру туралы
Республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін қарыз тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
Қазақстан Республикасының Қаржывице-министрі, басшы;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры, басшының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті Мемлекеттік сыртқы қарыздар басқармасының басшысы, хатшы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Инвестициялық жобалар және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту департаментінің директоры;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Қаржы департаменті директорының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Халықаралық қатынастар және коғаммен байланыс департаментінің директоры (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша);
Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия бойынша бас экономисі (келісім бойынша);
Дүниежүзілік Банктің Қазақстан бойынша бас экономисі (келісім бойынша);
Азия Даму Банкінің портфельді басқару жөніндегі маманы (келісім бойынша).
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу