Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «11» желтоқсандағы № 134-ө өкімі

Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарында кезекшілікті ұйымдастыру туралы

Елді мекендердің, экономика объектілерінің, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның тыныс-тіршілігін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өңірлерде қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалға жедел ден қою, орталық атқарушы органдардың іс-қимылын үйлестіру мақсатында:

  1. 1. 2015 жылғы 16 желтоқсанда – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы Е.Ж. Қошановтың, 2015 жылғы
    17 желтоқсанда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары С.Ғ. Райымбековтің, 2016 жылғы 1 қаңтарда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің меңгерушісі М.Е. Толымбековтің, 2016 жылғы 2 қаңтарда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары
    А.К. Қабыкеновтің, 2016 жылғы 3 қаңтарда – Қазақстан Республикасы
    Премьер-Министрінің Кеңсесі Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі А.С. Жәкеновтің, 2016 жылғы 4 қаңтарда – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі
    Е.Н. Жиенбаевтың кезекшілігі ұйымдастырылсын.

  2. 2. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының бірінші басшылары 2015 жылғы 16 – 17 желтоқсан және 2016 жылғы 1 – 4 қаңтар аралығында:

  3. 1)жауапты қызметкерлердің тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырсын;

  4. 2)төтенше жағдайларды жою жөніндегі жергілікті штабтармен, елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін

  5. өңірлік ұйымдардың басшыларымен және диспетчерлік қызметтерімен байланыс орнатсын;

  6. 3) шұғыл жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына (717-2) 750003 телефоны, 745745 факсы бойынша жедел ахуалды бірден баяндасын.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Премьер-Министр                                                             К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу