Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «18» желтоқсандағы №144-ө өкімі

«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

  1. 1. Қоса беріліп отырған «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» 2015 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2.   Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша) тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.

 

Премьер-Министр                                                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу