Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «19» қарашадағы № 108-ө өкімі

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Жауапты орталық мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

Премьер-Министр                                                                        К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу