20 Ақпан 2015, 13:29
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №143-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесіне:
реттік нөмірі 961-жол алып тасталсын;
реттік нөмірлері 957, 963, 964 және 966-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
957 | Мемлекеттік энергетикалық тізілімді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ИДМ |
2015 жылғы наурыз |
»;
«
963 | Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | бұйрық | ИДМ |
2015 жылғы наурыз |
964 | Ғимараттардың, құрылыстардың, үйлердің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы | бұйрық | ИДМ |
2015 жылғы наурыз |
»;
«
966 | Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы оқу орталықтары қызметінің қағидаларын айқындау туралы | бұйрық | ИДМ |
2015 жылғы наурыз |
».
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу