Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «21» мамырдағы № 42-ө өкімі

Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельдің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельдің  2015 жылғы 21 – 23 мамыр кезеңінде Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу мақсатында:

  1. 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
  2. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен қосымшаға сәйкес «1+7» форматы немесе өзара қағидаты бойынша Люксембург Ұлы Герцогтігі ресми делегациясының мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2015 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»,
    003 «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
  3. 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Люксембург Ұлы Герцогтігінің ресми делегациясы мүшелерінің Астанақаласының әуежайында, тұратын және болатын орындарындағы қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
  4. 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
  5. 5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельдің құрметіне берілетін қабылдау кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастыруды және іс-шараларға қажетті техникалық қолдау көрсетуді (дыбыстық, жарықпен қамтамасыз ету және сахнаны безендіру) қамтамасыз етсін.
  6. 6. Астана қаласының әкімдігі Люксембург Ұлы Герцогтігінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының орындалуын, әуежайларды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
  7. 7. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттельді қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
  8. 8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Люксембург Ұлы Герцогтігінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
  9. 9. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                                  К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу