Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2017 жылғы «23» қаңтардағы № 10-ө өкімі

«Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы

«Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 11-ө өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген өкіммен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссияның құрамында:

мыналар:

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі;

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;

«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары (келісім бойынша);

«Kazakhstan Bar Association» коммерциялық заңгерлер алқасы» республикалық қоғамдық бірлестігі басқарма кеңесініңмүшесі (келісім бойынша);

«Құқықтық медиа-орталық» қоғамдық қорының заңгері (келісім бойынша);

«Стратегиялық бастамалар орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға серіктесі (келісім бойынша) енгізілсін;

мына:

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы;»;

«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры (келісім бойынша);»

деген жолдар алып тасталсын.

Премьер-Министр       Б. Сағынтаев

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу