Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «26» мамырдағы № 44-ө өкімі

Әкімшілік заңнаманың тиімділігін арттыру мәселелерін пысықтау бойынша жұмыс тобын құру туралы

Әкімшілік заңнаманың тиімділігін арттыру мәселелерін пысықтау мақсатында:

1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Имашев

Берік Мәжитұлы

- Қазақстан Республикасының Әділет министрі, басшы

Баймолдина

Зәуреш Хамитқызы

- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, басшының орынбасары

Бұзырбаев

Ерлан Маркленұлы

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментініңдиректоры, хатшы

Қожахметов

Қуат Бәкірұлы

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Коржова

Наталья Артемовна

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы

Калашникова

Ирина Анатольевна

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (келісім бойынша)

Шындалиев

Әсет Қазақбайұлы

- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаментінің бастығы (келісім бойынша)

Лепеха

Игорь Владимирович

- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы

Бейсен

Назарбек Есіркепұлы

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы

Сейдахметов

Бекен Кәнелұлы

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы

Асавбаев

Әсет   Асанұлы

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы

Ержанов

Аманияз Қасымұлы

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы

Қанешев

Біржан Бисекенұлы

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы

Сәрсенов

Сәкен Сейітжаппарұлы

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы

Саламатов

Есқали Амангелдіұлы

-

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызметі басшысының орынбасары

(келісім бойынша)

Пернебаева

Жұлдыз Үсенқызы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаментінің директоры

Жүрсінов

Рустам Манарбекұлы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша).

 

2. Жұмыс тобы 2015 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде әкімшілік заңнаманың тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлесін және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметіне енгізсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу