Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «28» мамырдағы № 47-ө өкімі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар:

1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қабылданған шаралар туралы хабарласын.

 

Премьер-Министр                  К. Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу