Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2015 жылғы «28» мамырдағы № 48-ө өкімі

Киіктердің Бетпақдала популяциясының жаппай қырылуына байланысты қалыптасқан ахуал бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы

 

1. Киіктердің Бетпақдала популяциясының жаппай қырылуына байланысты мынадай құрамда жұмыс тобы (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрылсын:

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, басшының орынбасары

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы, хатшы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Департамент басшысы (келісім бойынша)

Ақмола облысы әкімінің орынбасары

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Қостанай облысы әкімінің орынбасары.

2. Жұмыс тобы екі апта мерзімде киіктердің Бетпақдала популяциясының жаппай қырылуына байланысты қалыптасқан ахуал бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаевқа жүктелсін.

 

Премьер-Министр                  К. Мәсімов

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу