Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «28» желтоқсандағы № 153-ө өкімі

Қазақстан Республикасының «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы             заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажетнормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актіні қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

Премьер-Министр                                                                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу