Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «28» желтоқсандағы № 159-ө өкімі

Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарды бекіту туралы

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспар (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.

  1. 2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, Ұлттық жоспардың орындалуына жауапты өзге де мемлекеттік органдар:
  2. 1) Ұлттық жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
  3. 2) жыл сайын, 25 маусымға және 25 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
  4. 3.Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын, 25 шілдеге және 25 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
  5. 4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.
  6.  

Премьер-Министр                                                                                К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу