Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» ақпандағы № 14-р өкімі

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

1. Қоса беріліп отырған «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы металдар мен асыл тастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары (келісім бойынша):

1) нормативтік құқықтық және құқық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу