Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «30» қарашадағы № 119-ө өкімі

Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттенің Қазақстан Республикасына ресми сапарын дайындау және өткізу туралы

  1. Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттенің 2015 жылғы 1-2 желтоқсан кезеңінде Қазақстан Республикасына ресми сапарын (бұдан әрі – сапар) дайындау және өткізу мақсатында:

    1. 1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сапарды дайындау және өткізу жөніндегі протоколдық-ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
    2. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім  бойынша) қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен «1+6» форматы немесе өзара түсіністік қағидаты бойынша Нидерланд Корольдігінің ресми делегациясының басшысы мен мүшелеріне жоғары деңгейде қызмет көрсету жөніндегі ұйымдастыру шараларын қабылдасын, сапарды өткізуге арналған шығыстарды 2015 жылға арналған республикалық бюджетте 001 «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер», 003 «Республикалық деңгейде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы» және 004 «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» бағдарламалары бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
    3. 3.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Нидерланд Корольдігінің ресми делегациясының басшысы мен мүшелерінің Астанақаласының әуежайындағы, тұратын және болатын орындарындағы   қауіпсіздігін, жүретін бағыттары бойынша бірге жүруді, сондай-ақ арнайы ұшақты күзетуді қамтамасыз етсін.
    4. 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен сапардың бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуін қамтамасыз етсін.
    5. 5. Астана қаласының әкімдігі Нидерланд Корольдігінің ресми делегациясын әуежайда қарсы алу және шығарып салу жөніндегі ұйымдастыру   іс-шараларының орындалуын, әуежайды және көшелерді безендіруді, баратын орындарға бірге жүруді, сондай-ақ мәдени бағдарламаларды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
    6. 6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (келісім бойынша) Нидерланд Корольдігінің Премьер-Министрі Марк Рюттені қарсы алу және шығарып салу ресми рәсімдеріне қатыссын.
    7. 7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісім бойынша) және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Нидерланд Корольдігінің ресми делегациясын Астана қаласының әуежайында қарсы алу және шығарып салу кезінде тиісті жәрдем көрсетуді қамтамасыз етсін.
    8. 8. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жүктелсін.

     

  2. Премьер-Министр                                                                 К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу