04 Шілде 2019, 11:41
25 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шаралары, сондай-ақ АT-саласындағы инновациялық экожүйені дамыту мәселелері қаралды.
— Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында азаматтардан алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау шаралары туралы Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - қаржы министрі Ә. Смайылов пен Премьер-Министрдің Орынбасары Ж. Қасымбек баяндады.
— Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық экожүйені дамыту мәселелері туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев баяндады.
— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
— Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-қимыл жоспарының шаралары туралы баяндады.
— Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру шаралары туралы баяндады.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу