ҚР Үкіметінің отырысы, 19.05.2020

19 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. 

— Үкімет отырысында 2020 жылдың соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар қаралып, қабылданды. 

— Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Қазақстан ет-сүт одағы қауымдастығының басқарма төрағасы И. Сауэр, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Р. Баталов, Қазақстан машинажасаушылар одағының төрағасы М. Пішембаев, «KazakhmysCopper» басқарма төрағасы Б. Крыкпышев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов баяндама жасады. 

— Үкімет басшысы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына, өңірлер әкімдеріне Жоспардың іс-шараларын белгіленген мерзімде сапалы түрде іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленовтің, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұловтың, ҚР ауыл шаруашылығы министрі С. Омаровтың, сондай-ақ ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетовтың қатысуымен брифинг өтті. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу