ҚР Үкіметінің отырысы, 14.06.2022

14 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Бірінші мәселе бойынша еліміздің биылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. ҚР ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасады.

— Премьер-Министр инфляция мәселесіне ерекше назар аударып, оның жеделдеуіне әсер ететін басты факторлардың бірі азық-түлік тауарларына әлемдік бағаның өсуі екенін айтты. Мамыр айының қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция 14%-ды құрады. Оның ішінде азық-түлік инфляциясының деңгейі 19%-ға жетті. «Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен әкімдер инфляцияны тежеу жұмысын күшейтіп, пәрменді шаралар қабылдауы тиіс», — деді Премьер-Министр.

— Әрі қарай медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері қаралды. Бұл тақырыпта денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және «Нобел Алматы Фармацевтикалық фабрикасы» АҚ бас директоры Сельчук Танрыверди баяндама жасады.

— Ә. Смайылов Денсаулық сақтау министрлігіне Қазақстанда дәрілік заттар өндірісін толық локализациялау, олардың номенклатурасын кеңейту бөлігінде ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын бекіту критерийлерін жетілдіруді пысықтауды; Қазақстанда өндірісті жолға қою үшін Big Pharma-ның ішінен ірі трансұлттық компанияларды тарту жұмыстарын жандандыруды; өзектендірілген Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарының жобасын Үкімет қарауына енгізуді тапсырды.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу