ҚР Үкіметінің отырысы, 22.12.2020

—  Үкімет отырысында вегетациялық кезеңде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі және  ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды. 

— Вегетациялық кезеңде су ресурстарын пайдалану туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов баяндама жасады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин трансшекаралық өзендерді өзара тиімді пайдалануды қамтамасыз ету бойынша шектес мемлекеттердің салалық ведомстволарымен жұмысты күшейтуді, су шаруашылығы объектілерін салу мен реконструкциялау жобаларын іске асыруды, сондай-ақ су үнемдеу технологиялары мен суды есептеудің цифрлық жүйелерін енгізу жөніндегі жұмысты одан әрі жүзеге асыруды тапсырды.

— Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2021 жылға арналған Жоспар жобасы туралы әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады. 

— Премьер-Министр заң жобаларының сапалы дайындалуын және олардың Үкімет пен Парламентке уақытылы ұсынылуын қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу