Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №69

2020 жылғы 13-19 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

13 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин пандемия құрбандарын үнсіз еске алу рәсіміне қатысты. 

Сенбі күні А. Мамин Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуымен күрес мәселелері жөніндегі селекторлық отырысқа қатысты. 

Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында Мемлекет башысының 2020 жылы 10 шілдеде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша шаралар қаралды.   

А.ж. 17 шілдеде Минск қаласында ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңесті отырыстарына қатысты

ЕҮАК жұмысы аясында Қазақстан Премьер-Минисмтрі Асқар Мамин және Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко екіжақты кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық, индустриялық, ауыл шаруашылығы, цифрлық салалардағы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екі елдің ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.  

Отырыс әдеттегідей шағын және кеңейтілген құрамдарда өтті. 

Отырыста ЕАЭО ішкі нарығының жұмысы аясында кедергілерді жою, арнайы қорғаныш, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану тетіктерін жетілдіру, сәйкестендіру құралдары арқылы тауарларды таңбалау жүйесін одан әрі дамыту, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру, сондай-ақ басқа да мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы қарастырылды. 

Отырыс қорытындысы бойынша «Жерді қашықтан зондтау ұлттық деректер  көзінің негізінде ғарыштық және геоақпараттық өнімдер мен қызметтерді өндіру және ұсыну бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кіріктірілген жүйесі» мемлекетаралық бағдарламасы қабылданды. 

ЕҮАК ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында COVID-19 коронавирус инфекциясының және басқа да инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеу бойынша тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын және денсаулығын сақтау саласындағы іс-шаралардың кешенді жоспарын бекітіп, ЕАЭО агроиндустриясын дамыту және индустрияландыру картасын әзірлеу туралы өкім жасасты, сондай-ақ 2021 жылдың 1 наурызынан бастап кеден операцияларын электронды түрде жасаған жағдайда көлік, коммерциялық және басқа да құжаттарда кеден органдарының белгілерін қоймау туралы шешім қабылдады. 

ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Беларусь Премьер-Министрі Р. Головченкомен, Қырғызстан Премьер-Министрі К. Бороновпен, Ресей Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен және Молдова Премьер-Министрі И. Кикумен екіжақты келіссөз өткізді.    

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу