А. Маминнің Түрікменстанда І Каспий экономикалық форумына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест

  • 12 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин І Каспий экономикалық форумына қатысу үшін жұмыс сапарымен Түрікменбашы қаласына барды. Экономикалық форумды өткізу 2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда өткен Саммит кезінде қол жеткізілген, Каспий маңы мемлекеттері басшыларының уағдаластықтарын іске асыру болып табылады.  

  • Форум жұмысы аясында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың жұмыс кездесуі өтті. Тараптар шекара маңы аймақтары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталып өтіп, машина жасау, химия өнеркәсібі, металлургия, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік, газ салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтудің үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.

  • Қазақстан Үкіметінің басшысы форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Каспий маңы мемлекеттерінің сауда-инвестициялық, көлік, энергетика, туризм және экология салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастығын жандандыруға қажет бірқатар бастаманы ұсынды.

  • Сонымен қатар Асқар Мамин Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Эсхак Джахангиримен келіссөздер өткізді, онда екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

  • Күннің екінші жартысында Асқар Мамин Түрікменбашы қаласының теңіз портындағы Халықаралық Каспий инновациялық технологиялар көрмесіне барды.

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу