ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

Биыл 15 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды, онда индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен танысты, сондай-ақ бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралады. 

Үкімет басшысы еліміздегі бірден бір метил-трет-бутил эфир және полипропилен өндірісі – «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-на, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ озық Деректерді өңдеу орталығына барды.

Премьер-Министр 200 төсек-орындық облыстық онкологиялық диспансер мен тәулігіне 100 келуге арналған емхананың құрылысы барысымен танысты.  

Павлодарда ҚР Премьер-Министрі «Спорт Сити» қалашығының салыну барысымен танысты.

«Инвесторлар үйінде» А. Маминге Павлодар облысына инвестициялар тарту жұмыстары таныстырылды.

Ақсу қаласында Премьер-Министр «Еуразиялық энергетика корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясының реконструкцияланған №5 энергоблогына барды.

Премьер-Министр «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытында №6 цехтың №64 пешінің реновациясы барысымен танысты.

А. Мамин Ақсу қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын —  «Ақсу» балалар эко-техно орталығын тексерді, сонымен қатар қалалық жылу қазандығының салыну барысымен танысты. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу