ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Маңғыстау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

2019 жылғы 18-19 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барып қайтты.

  • Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин және Әзербайжан Премьер-Министрі Али Асадов Ақтау қаласында өткен Каспий теңізінің түбінде екі ел арасындағы байланыстың талшықты-оптикалық желісін (ТОБЖ) салу бойынша «Trans Caspian Fiber Optic» (TCFO) салуды бастау салтанатты рәсіміне қатысты.

  • Екіжақты кездесу барысында А. Мамин және А. Асадов екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, ауыл шаруашылығы, ғарыш және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын талқылады.

  • Сондай-ақ, өңірде Премьер-Министр А. Мамин метанол және олефин өндіретін зауыт құрылысы жүргізілетін жерге капсула салу рәсіміне қатысты.

  • Үкімет басшысы «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешеннің салыну барысымен, сондай-ақ «КазАзот», «Mangystau Oil Refining» кәсіпорындарының және «Maga-Bread» нан-тоқаш зауытының жұмысымен танысты.

  • Жұмыс сапарының соңында Асқар Мамин Ә. Кекілбаев атындағы мәдени орталыққа барып, Қазақстанның халық жазушысының музейі мен мемориалын аралады. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу